Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:17, реферат
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі ен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.
ЭТНОПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТУУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН
Ғ.С. Мерғалымова, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жалпы орта білім беру мектебі №18 (Павлодар қаласы)
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі ен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.
Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.
Міне, сол себептен де халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың өзара сабақтастығы және ұстанымдық – идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі ғылыми педагогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми теориялар тұрғысынан жан – жақты зерттеп, өз керегіне пайдалануда. Әр халықтың қалыптасу, даму тарихында сол халықтың зиялы қауымы шешуші рөл атқарса, ал бүкіл бір мемлекеттің дамуында этностардың өзара байланысының мәні зор.
Әр этностың өзіне тән материалдық мәдени байлықтары және олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Археологтар тапқан мәдени қазба ескерткіштер көмегімен этностар мәдениетінің гүлденуін немесе құлдырауын анық аңғаруға болады. Этнологиялық, этнографиялық тұрғыды қарастырылған зерттеулерге сүйене отырып, этностар мәдениеті жөнінде бүгінгі ұрпаққа тәлім – тәрбие беруге болады.
Сондай зерттеу қорытындылары арқылы әр ұлттың мәдениетіндегі, салт – дәстүріндегі ерекшеліктерді айқын байқау қиын емес. Ал ұлт мәдениеті арқылы келер ұрпақты жан –жақты дамыту мен тәрбиелеу ісі этнопедагогика ғылымының негізгі мақсаты.
Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Г.Волков, К.Кожахметовалардың басқаруымен жарық көрген «Қазақстан халқыныңэтнопедагогикасы» авторлар ұжымы еңбегінде «Біз этнопедагогиканы педагогикалық ғылымдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Ол этнография, этнофилософия, этникалық мәдениет және этнопсихология ғылымдарының тоғысында қалыптасқан педагогика ғылымының бір саласы. Этнопедагогиканың зерттеу пәні отбасі өмірінде және білім беру мекемелеріндегі ұздіксіз іске асатын этникалық сананы, ұлттың психикалық ерекшелігін, мәдениеті, тілі мен дәстүріндегі өзіндік ерекшеліктерді есепке алу деп түсіндіреді. Демек, қазақ этнопедагогикасы ғылым саласында қазақ этносының тарихи даму сатысында оның наным-сенім, мәдениет, тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі әсерінен қалыптасқан, қазақтың этникалық тәрбие ерекшеліктерін зерттеу деп түсінуіміз керек екен.
Осындай байланыс тұрғысында білім беру үрдісі күрделі тарихи және этнопедагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Ол тарихи, әлеуметтік, психологиялық, этномәдениеттік құбылыстар бірлігі, оқушы тұлғасынан қалыптасуы өз этносы және өзіндік ұлттық ерекшеліктері негізінде әлемді қабылдауы болып табылады.
Ең бастысы, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелерімен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған. Демек, қай ғылымның болсын, логикалық құрылымымен бірге тұрақты ғылыми терминдері бар. Олар – шәкірт, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелеу, үлгі-өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, әдеттендіру, жаттықтыру және т.б. ал тәрбие түрлеріне мыналар кіреді: дене, еңбек, экономикалық, ақыл-ой, әсемдік, экологиялық, адамгершілік, ерлікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл және қыз тәрбиесі.
Профессор С.Қалиев
қазақ этнопедагогикасының
Сонымен бірге ғылым бұл
талаптармен қатар тарихи-
«Этнос» гректің – ethnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» тетминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Сондай-ақ, біз ғылыми дәйекті анықтама берген таризшы ғалым Л.Гумилев екеніне көз жеткіздік. Л.Гумилев соңғы уақытқа дейінгі этнос ұғымына берілген әр түрлі анықтама-түсініктердің болғанын айта келіп, оларды төмендегідей алты топқа жіктейді.
Біреулер «этнос – тілдің бірлігіне негізделген мәдениеттің тууы» дейді. Үшіншілері «этнос – бір – біріне ұқсас адамдар тобы» дейді. Ал бесіншілері «этнос – белгілі бір қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы» десе, алтыншылары «этнос – табиғаттың сыйы, этнос – әлеуметтік категория» деп жіктеп береді. Тоқтала отырып, халық тәлімінің тарихи кезеңдері шартты түрде 8 кезеңге бөліп қарастырған дұрыс деген пікір білдірген.
Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие. Мұнда тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипатқа ие болады.
Екінші кезеңді сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері кезеңі деп атаған. Онда өз ұрпақтарын ерлікке және қол-өнер еңбегіне тәрбиелеуге басымдық танытқан.
Үшінші кезең – Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік-танымдық мұрагерлері, бұл кезең 6-9 ғ.ғ. қамтиды деп көрсеткен.
Төртінші кезең – Араб-шығыс
мәдениетінің Қазақ даласына тарауы
орта ғасыр оқымыстыларының
Бесінші кезең – Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие, яғни жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар.
Алтыншы кезең – Ресей
отаршылдығына қарсы қазақ
Жетінші кезең – Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
Сегізінші кезең – Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жандауы.
Қазақ этнопедагогикасының
ғылыми-теориялық мәселелерін
Өйткені, ұлттық тәлім-тәрбие туралы әңгіме қозғағанда халықтық педагогика деп көп айтамыз. Ал осы халықтық педагогика дегеніміз не? Осыған тоқталып көрелік. Педагогикалық энциклопедияға жүгінсек, онда «халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр. Олар: 1) халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен); 2) әр халықтың педагогикалық тәжірибесі; 3) халықтың педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі; 4) халық тәрбиесі туралы ғылым.
Халық педагогикасы дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау үрдісінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы.
Халық педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру» деп жазылған.
Белгілі ғалым Е.Христова өзінің «Об уточнения понятиного аппарата этнопедагогики» деген мақаласында «халық педагогикасын – халықтың таптық, педагогикалық санасы деп, ал дәстүрлі педагогиканы – белгілі ұлттық педагогиканың санасы ретінде қарастырған орынды» деген пікір айтады. Г.Виноградов пікірінше, халық педагогикасынпедагогикалық теория емес, педагогикалық практика, халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастырған жөн.
Этнопедагогика ұғымына тұңғыш рет дәйекті, ғылыми анықтама берген ғалым Г.Волков «халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы»... «Халық педагогикасы – халық қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы» дейді.
Этикалық сөздікте
«Әдет-ғұрып дегеніміз –
Яғни бір қоғам ішндегі адамдардың еңбек ету тәсілдері мен әдістерінің жалпыға ортақ болуын, олардың саяси-қоғамдық іс-әрекетінін және күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынасында немесе көзқарасында бірінғайлылық әрекеттін болуын талап етеді. Осының бәрі әдет-ғұрыптың, салттың жиынтық көрінісі болып табылады. Ал дәстүр дегеніміз – әдет-ғұрыптың өмірдегі өсіп жетілген әр түрлі формасы. Ол адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқынын ұрпақтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі» деген анықтама берілген.
Халқымыз ғасырлар
бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа,
отансүйгіштікке тәрбиелеп
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.
Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.
Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қағамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды.
Мәселен, қазақтың
жаугершілік заманында құрдас батыр
жігіттердің ұлы жорыққа
Мысалы, қөп жылдар бойы «діни мейрам» деген жаңсақ көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз мүлде атаусыз қалдырып келсе, қазіргі демократия кезінде ол қайта жаңғыртылып, жалпы халық мейрамына айналды.
Салт-дәстүр халықтың
белгілі бір әдет-ғұрыптары
Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.
Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.
Информация о работе Этнопедагогика ғылымының туу және қалыптасу тарихынан