Этнос туралы ұғым. Этностың пайда болу заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 14:38, контрольная работа

Описание

“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды.
Адам баласының әлеуметтiк дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал халық тарихы жөнiндегi (бiз ендiгi жерде оны шатастырмас үшiн “этнос” деп алып қараймыз) зерттеулер түсiнiксiз, шатастырулық көп.

Работа состоит из  1 файл

этнопедагогика .doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

Екібасұз Иновациялық Еуразиялық Университетінің колледжі

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

 

Нұсқа № 2

Этнопедагогика пәні бойынша 

Тақырып 1: Этнос туралы ұғым

Тақырып 2: Этностың пайда болу заңдылықтары

__IV__ курс ЗДВ-419 тобының оқушысы  Омарова Б.Т.

Мамандығы  Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру

Баға_______________

Оқутышы: Султанбекова Қ.Қ.

 

 

 

                                 

2011-2012 оқу жылдары

“Этнос” гректiң –  еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен  шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi  – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады. Сондай-ақ, біз ғылыми дәйекті анықтама берген таризшы ғалым Л.Гумилев екеніне көз жеткіздік. Л.Гумилев соңғы уақытқа дейінгі этнос ұғымына берілген әр түрлі анықтама-түсініктердің болғанын айта келіп, оларды төмендегідей алты топқа жіктейді.

Адам баласының әлеуметтiк  дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал халық тарихы жөнiндегi (бiз ендiгi жерде оны шатастырмас үшiн “этнос” деп алып қараймыз) зерттеулер түсiнiксiз, шатастырулық көп. Шын мәнiсiнде, этностан тысқары бiрде-бiр адам өмiр сүрмейдi. Кiмге де болса, “сен кiмсiң?” деген сұрақ қойса, ойланбастан “орыспын”, “французбын”, “ағылшынмын”, “немiспiн”, “парсылықпын” немесе “түрiкпiн” деп жауап бередi. Олай болса, адамның санасындағы этнос жайындағы түсiнiк көпке ортақ. Ал жоғарыдағы сұраққа жауап берушi әрбiр этнос мүшесiне: “Сен неге ол халықты немесе ұлтты өз ұлтым деп санайсың?” деп сұрақ қойса, оған анықтама беруге қиналады. Әсiресе, “сенiң ұлтыңның басқа ұлттан қандай айырмашылығы бар?” деген сұраққа бұрынғы Кеңес Одағында, бүгiнгi ТМД елдерiнде тiршiлiк ететiн ұлт өкiлдерi тиянақты жауап бере алмайды.

Л.Гумилев “этнос”  туралы соңғы уақытқа дейiн әр түрлi түсiнiк-анықтамалардың болғанына  тоқталады. Айталық, бiреулер “этнос дегенiмiз — шығу тегi бiр халықтар” десе, екiншiлер “этнос — тiлдiң бiрлiгiне негiзделген мәдениеттiң тууы” дейдi. Ал үшiншiлерi “этнос — бiр-бiрiне ұқсас адамдар тобы” десе, төртiншiлерi “этнос – сана-сезiмдерi бiр адамдар тобы” дейдi. Бесiншiлерi “этнос” – белгiлi бiр қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы” десе, ал алтыншылары “этнос — табиғаттың сыйы, этнос — әлеуметтiк категория” дейдi.

Тарихтан белгiлi болғандай әр түрлi халықтар белгiлi бiр аймақта пайда  болып, сол аймақтың өзiндiк ерекшелiгiне (климатына, өсiмдiгiне, жер бедерiне, географиялық аймақтың хайуанаттары мен жәндiктерiне) бейiмделiп, тiршiлiк етедi. Өзiндiк мәдени және рухани мұрасын жасап қалдырады. Осы ерекшелiктерiне сүйене отырып, көрнектi тарихшы-этнограф Лев Гумилев: “Этнос дегенiмiз – жер бетiндегi белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк ортаның бiлiгiнде жатқан салт-дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы, тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы” деген анықтама бередi. Бiз осы анықтаманы басшылыққа алған жөн деп есептеймiз.

Этностардың бiр-бiрiнен этногенездiк  айырмашылығы олардың нәсiлiне, тiлiне, дiнiне, бiлiмiне байланысты емес, тек  мiнез-құлқы мен жер бедерiнiң  табиғатына үйренiп, бейiмделуiне байланысты деп қарауды география ғылымы қуаттайды. Мысалы мұхит жағалауындағы ұлттар мен ұлыстардың салқын қанды болуы, олардың балық аулап, бұғы өсiрiп, ет  жеп тiршiлiк етуi, ал оның керiсiнше, Оңтүстiк Африка халықтарының ыстық қанды болып келуi және тропикалық өсiмдiктермен қоректенуi географиялық - климаттық жағдайға бейiмделуiне байланысты ерекшелiк.

Әр ұлттың өзiне тән мiнез-құлық  құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа көшкен сайын  өзгерiп отырады. Мысалы ХVIII-ХIХ ғ.ғ. қазақтар мен бүгiнгi қазақтардың мiнез-құлқы бiрдей емес. Тiптi қазақстандық жергiлiктi қазақтар мен Иран, Түркия, Моңғол қазақтарының мiнез-құлқындағы айырмашылық бiрден сезiледi. Ол – этникалық топтардың жергiлiктi халықтың психологиясы мен кәсiби ерекшелiгiне қарай бейiмделуiне байланысты.  
“Этнос мүшелерiнiң мiнез-құлық құрылымының бiрiздiлiгi қарым-қатынас нормасына негiзделген. Олар:

1) жеке адам мен ұжымның арақатынасына; 

2) жеке адамдардың өзара қатынасына;

3) этникалық топтардың арақатынасына;

4) этностар мен этникалық топтар  арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Алайда этностың дамуы бiркелкi болмайды. Ол доға iспеттi дамуды бастан кешiредi. Себебi, этностың қоғамдық мәдени-экономикалық және географиялық жағдайға байланысты бiрде шапшаң, бiрде баяу дамуы мүмкiн. Адам өмiрi оны қоршаған табиғатпен, ғарыштық кеңiстiкпен, күн сәулелерiмен және радиацияның жер бетiндегi тiршiлiкке, соның iшiнде адамға да тигiзетiн әсерiмен биосфералық жағынан тығыз байланыста өтедi. Адам үнемi табиғат құшағында өмiр  сүрiп, тiршiлiк ететiн болғандықтан, күн сәулесiнiң де адамдардың психикасына ықпалын тигiзетiнi көпке аян. Яғни адамдардың өз еркiн билеу әрекетi де табиғатпен тығыз байланысты. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы жиi-жиi болатын соғыс, қан төгiс, қақтығыстарды бiр жағынан экономикалық үстемдiк үшiн күрес деп қарасақ, екiншiден, ұлттар мен ұлыстарды басқарушы хандар мен патшалардың мiнез-құлық әрекетiне, мемлекеттi басқарушы адамдардың нерв жүйесiнiң қызметiне байланысты құбылыс деп ұғуға тура келедi. Мысалы, Гитлердiң немiс ұлтын үстемдiкке жаралған ақ нәсiл деп қарап, бүкiл Еуропаны басып алуды мақсат еткенi, еврейлердi кемсiтiп, асып-атуы Мальтустiң теориясына негiзделген фашистiк-диктаторлық iс-әрекет едi. Ал бiреулер мұны адамның физиологиялық жағымсыз қасиетi демей, “Алланың жiберген iсi” деп қарап, фашистiк iс-әрекеттi ақтамақ болады.

Этностардың тегi жеке адамдардың табиғи ортадағы тiршiлiктi қабылдауымен анықталады, ал қоршаған орта ол фактiнi бекiтедi. Олай болса, адамның белгiлi бiр этносқа қатысын анықтау сезiмге негiзделген. Ал адам сезiмi оның өзiндiк ойлауы және мiнез-құлық ерекшелiгiн бiлдiредi. Адамның бiр этносқа тән қасиетi оның бойына сәби кезiнен бастап ата-анасының қарым-қатынасы, мiнез-құлқы, iс әрекетi арқылы дарып, қалыптасады. Олай болса, “этнос” дегенiмiз белгiлi бiр жүйеге негiзделген мiнез-құлық, iс-әрекетi бiрыңғай топ-ұжым екен. Ал әлеуметтiк жүйенiң көпшiлiкке ортақ түрi – отбасынан басталады. Отбасы – бiр үйде тұратын адамдар жиынтығы.  Жүйенiң элементiне отбасы мүшелерiнiң күнделiктi тұрмысында қолданатын заттары да енедi. Яғни олардың үй-мүлкi, баспанасы, ыдыс-аяғы, киiм кешегi, көрпе-жастығы, құрал-сайманы т.б. тұрмыстық тұтыну заттары және олардың жасалу үлгiлерi түгел кiредi. Этностық тайпалар (топтар) күнделiктi тұрмысындағы, мiнез-құлқындағы, көзқарасындағы айырмашылық-тары арқылы ерекшеленедi.

Біреулер «этнос –  тілдің бірлігіне негізделген мәдениеттің  тууы» дейді. Үшіншілері «этнос –  бір – біріне ұқсас адамдар  тобы» дейді. Ал бесіншілері «этнос – белгілі бір қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан  тобы» десе, алтыншылары «этнос – табиғаттың сыйы, этнос – әлеуметтік категория» деп жіктеп береді. Тоқтала отырып, халық тәлімінің тарихи кезеңдері шартты түрде 8 кезеңге бөліп қарастырған дұрыс деген пікір білдірген.

Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие. Мұнда  тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипатқа ие болады.

Екінші кезеңді сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік  тәрбие дәстүрлері кезеңі деп атаған. Онда өз ұрпақтарын ерлікке және қол-өнер еңбегіне тәрбиелеуге басымдық танытқан.

Үшінші кезең –  Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік-танымдық мұрагерлері, бұл кезең 6-9 ғ.ғ. қамтиды  деп көрсеткен.

Төртінші кезең –  Араб-шығыс мәдениетінің Қазақ даласына тарауы орта ғасыр оқымыстыларының  тәлімгерлік ой-пікірлері деп  топтап, бұл 10-15 ғ.ғ. қамтиды делінген.

Бесінші кезең – Қазақ  хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие, яғни жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар.

Алтыншы кезең – Ресей  отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы  ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық  –демократиялық идеялардың өрген жаюы.

Жетінші кезең – Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының  ғылым ретінде дамып қалыптасуы.

Сегізінші кезең –  Егеменді Қазақстан Республикасында  ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жандауы.

Қай халықтың болса да мәдениетiнiң шарықтауы мен құлдырауы  – табиғи заңды процесс.

Қазақтар этногенезiнде  басқа тайпалар да, мысалға қазақ  халқының қалыптасуында аса iрi бөлiк  болып табылатын наймандар мен  керейттер (керейлер) де үлкен орын алады. Түрiк тайпаларының халық болып бiрiгуiне моңғолдар шапқыншылығы кедергi жасады. Қазақстан жерлерi үш моңғол ұлысының құрамына: ең үлкен бөлiгi – Жошы ұлысының құрамына; Оңтүстiк және Оңтүстiк-шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетiсудың солтүстiк шығыс бөлiгi – Үгедей ұлысының құрамына ендi.

Ендi “қазақ” атауының төркiнi жайын сөз етсек, ол жөнiнде сан алуан пiкiрлер бар. Зерттеушiлердiң бұл жөнiндегi болжам-пiкiрлерiнiң бастыларын үш топқа бөлуге болады. Қытай қоғамдық академиясының этнография институты құрастырған “қазақтың қысқаша тарихы туралы деректер жинағы” атты еңбекте: “қазақ деген атау XV ғасырда жарыққа шыққан. Жәнiбек пен Керей бастаған көшпелi тайпалар XV ғасырдың 60-жылдарында Әбiлхайыр ханның үстемдiгiне қарсы шығып, Шығыс Дештi қыпшақтан Батыс Жетiсуға, Шу өзенi бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар “қазақ” деп аталған. Мұның мағынасы: “өз ұлысынан бөлiнiп шыққан, қашақтар” деген сөз. Бұл сөз кейiн келе қазақтардың атына айналды”,— дейдi. 
Ал  қытай   зерттеушiсi Жан  Ши-Манның  “Батыс  өңiрi тарихындағы ұлттарды зерттеу” деген еңбегiнде ежелгi қытай жылнамаларындағы “үйсiн”, “ұсын”, яки “асу” деген ұлыс аттары “қазақ” атауларының дыбыстық баламасы дегендi айтады. “Қазақ” атауы “Таң патшалығы тарихында” (VII -VIII ғасырда) “қаса”, “хаса” түрiнде жазылған. Бұл атаулардың тарихи деректемелерде жарық көруi тым ертеде деп есептейдi.  Жеке деректерге жүгiнсек,  үшiншi тұжырымның шындыққа    бiр    табан    жақындығы    байқалады.    Араб    саяхатшысы   және жазушысы Мұхаммед Әл-Ауфи  1228 жылы Үндiстанда “Таңдаулы әңгiмелер мен аңыздар жинағы” (“Жәмихәлхикаят О Доам Әлраүт”) атты кiтап жазған. Осы кiтапта: “Алтайды мекендеген   қарлықтар... тоғыз ұлысқа бөлiнген, бұлардың  iшiнде үш тайпа шығыл, үш  ұлыс қазақ бар”, - дейдi. қарлықтардың Жетiсудағы   үкiмет  билiгiн  қолына  алып, қарлық қоғамдастығын құруы 766 жылдардың шамасында болған.

Ал қазақтың белгiлi қоғам  қайраткерi М. Шоқай өзiнiң “Түркiстан”  атты еңбегiнде қазақ тарихына шолу жасай келiп: “...Түркiстан – түркiлер  елi деген сөз сонау VI ғасырдың өзiнде-ақ моңғол дәуiрiне дейiнгi көшпелiлер империясын, түркi жұрты қанатын жая қоныстанған кең-байтақ аймақты сасанид әулиетi кезiндегi (III—VII ғ. ғ.) ирандықтар осылай деп атаған екен. Бұл көшпелiлер империясының территориясы қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейiн созылған, – дейдi.

Бiз жоғарыдағы жазба деректер мен дәлелдерден “қазақ” атауының IX— X ғасырлардан  бұрын-ақ  төңiректiң  төрт  бұрышына  таныс,   әлемге  әйгiлi  ат болғанын  көремiз,   бұл атау оныншы ғасырдан кейiн тiптi де  кең тараған.

Демек   “қазақ” атауы  тек  XV ғасырда  ғана  жарыққа  шыққан дейтiн   пiкiр дәлелсiз.

Ежелгi “усин”, “үйсiн” “үки”, “асо” деген ұлыс аттары “қазақ атауының баламасы” дейтiн  пiкiр де орынсыз. Өйткенi, “үйсiн”, “қазақ”  атауы дыбыстық жағынан тым алшақ, оның үстiне, қазiргi қазақ арасында үйсiн ұлысының аты сақталып отыр. Егер үйсiн мен қазақ бiр сөз болса, ол сөз қазiр сақталмаған болар едi. “қазақ” — жалпы халық аты, “үйсiн” — қазақтың құрамындағы ұлы жүз ұлысының аты. Қазақ атауы “Таң патшалығының тарихында” (7-8-ғасырда) “қаса”, “хаса” түрiнде жазылған деген пiкiр өте дәлелдi. “Иран патшалығы тарихындағы аудармаларға қосымша” атты кiтапта: “Түрiктер мейлiнше күшейген кезде... олардың батыс бөлiгiн қаса яки хаса деген ұлыстар қоныстанады. Батыс елдерiнiң ежелгi деректерiнде бұл ұлыс — қазақ деп аталған.

Батыс елдерiнiң ежелгi деректерiнде бұл ұлыс — қазақ  деп аталған. Қаса мен хаса деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы”,— дейдi. Ханзу (қытай) тiлiнiң дыбыстық жүйесiнiң дамуы мен өзгеруiне байланысты, ханзу иероглифтерi әр дәуiрде әр түрлi дыбысталып (оқылып) отырған. Сондықтан, қытай тарихшылары бiр ұлттың атын түрлi дәуiрде түрлiше әрiптермен таңбалаған, демек,VII-VIII ғасырлардағы көне жазу тiлiнде тарихтардағы “қаса”, “хаса”, “аса”, “кiса”, “хса”, “касо” деген халық аттары “қазақ” атауының сол замандағы көне ханзу тiлiндегi дыбыстық баламасы екенi анық. Жоғарыда баяндалған Батыс пен Шығыс тарихшыларының деректемелерiнде, оныншы ғасырдан бұрын пайда болған “қазақ” атауы осы пiкiрдiң дұрыстығын дәлелдейдi. Алайда “қазақ” атауы деректемелерде жарыққа шығысымен халық атына айналған емес, ол алғашқыда жеке ру-тайпаның аты ретiнде айтылған, содан соң тайпалар одағының бiрiккен ортақ атына айналған. Мысалы, кiшi жүз алшын ұлысының құрамындағы жетi ру (кердерi, керейт, табын, тама, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары “қарт қазақ” деп те аталып жұрген. “Казақ” атауы кейiн келе кеңейiп, халық - ұлт атына айналған.

Сөздiң шығу төркiнiн, мән-мағынасын  зерттейтiн тiл ғылымының саласын  этимология дейдi. Этнография ұлттар мен ұлыстардың шығу тегiн қарастырса, этимология жер-су, ел-жұрт, тайпалар атауларының шығу тегiн, мән-мағынасын зерттейдi (оны ғылым тiлiнде ономастика деп те атайды). 
“Қазақ” деген терминнiң шығу тегiн, мән-мағынасын этимологиялық тұрғыдан қарастырсақ, ... ол жөнiндегi бұрын-соңғы болжамдар мен тұжырымдарды мынадай үш салаға бөлуге болады:

1. Қазақ халқы арасына  тараған тарихи аңыздардың айтуынша  “қазақ” деген сөз “қаз”  атауынан пайда болған деп  есептейдi.

2. “Қазақ” деген  сөздiң  көне түркi тiлiндегi  мағынасы, яки  қолданылу дағдысы “өз елiнен бөлiнiп шығып,  еркiн жүрушiлер”,  “ер жүрек ерiктiлер”, “көтерiлiс жасап, өз еркiмен кетушiлер” деген мағыналарды бiлдiредi. Демек, “қазақ” атауының арғы тегi “ерiктiлер” дегеннен шыққан дейдi.

Информация о работе Этнос туралы ұғым. Этностың пайда болу заңдылықтары