Кашыктыктан окыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 17:34, курсовая работа

Описание

Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Работа состоит из  1 файл

кашыктыктан окыту.doc

— 189.00 Кб (Скачать документ)

 техникасы  мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде  білімді өз бетімен толықтыру  негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен  бірге нәтижелі түрде оқу үшін  жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

 

Сонымен, қашықтықтан  оқыту — адамның білім алуға  және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын  негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.  Қазақстан  Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін  білім беру ұйымдарында қашықтықтық  нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру  ережесі

 

 

 

1.3.1.Жалпы ережелер

 

         1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген.

 

         2. Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа  арналған оқыту) - оқытудың әлектрондық және телекоммуникациялық  құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі  басшылықтың  бір түрі.

 

         3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

 

·        тьютор (Tutor) – білім алушылардың  өзіндік жумысына басшылық жасауды  жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;

 

·        контент – ақпараттық толықтыру  – мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;

 

·        тьюторлық сыныптар – компьютерлермен,  бейне мониторлармен және  басқа  да ақпараттық коммуникативтік құралдармен  жабдықталған сыныптар.

 

         4. Қашықтықтықтан оқыту: 

 

·        ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтықтан оқыту технологияларын іске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;

 

·        әлектрондық тасымалдағыштарға  арналған  мамандықтар бойынша  білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны);

 

·        білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы мүмкін.

 

         5. Қашықтықтықтан оқыту нысаны  негізгі үш технологиялар бойынша  жүзеге  асырылуы  мүмкін:

 

·        желілік технология (автономды желілік  курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);

 

·        кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;

 

·        ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.

 

    6. Қашықтықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін (күндізгі және қашықтықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтықтан оқыту, кешкі және қашықтықтықтан оқыту, әкстернат және қашықтықтықтан);

 

7. Білім беру  ұйымдарының білім алушылары  мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері  болып табылады. 

 

 

 

1.3.2.Қашықтықтық  нысаны бойынша оқу процесін  ұйымдастыру

 

·        Қашықтықтықтан  оқыту  технологияларын  қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

 

a)     оқытуды даралау;

 

b)    оқытудың  тиімділігін  (сапасын) арттыру;

 

c)     дәстүрлі оқыту нысаны  қолайсыз  болып табылатын тұлғалар үшін        білім беру қызметін ұсыну  болып табылады.

 

·        Білім  беру   ұйымдарында  қашықтықтықтан  оқыту  жүйесін  ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін  мынадай функцияларды орындау қажет:

 

a)     оқу курстарын қолдау;

 

b)    білім  алушыларға  оқу материалдарын   жеткізу;

 

c)     кеңестер беру;

 

d)    білім  алушылармен  кері байланысты  ұйымдастыру;

 

e)     білім алушылардың  білімдерін бақылау.

 

·        Білім беру  ұйымдарында:

 

a)     білім алушылар үшін оқу-әдістемелік  және оқу-әкімшілік ақпараттарынан  тұратын  беттері бар білім  беру Интернет-порталының;

 

b)    телекоммуникациялық  желіге шығатын (Интернет, спутниктік  теледидар) жабдықтардың;

 

c)     әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық  сыныптардың, әлектрондық оқу  залдарының;

 

d)    CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің  ( жеке меншік және/ немесе сатылып  алынған);

 

e)     желілік оқу мультимедиа контентінің  (жеке меншік және сатылып алынатын);

 

f)      тестілеу кешендерінің;

 

g)     тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы,  оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;

 

h)     жеке меншік контентін (локалдық  және желілік) құру үшін мультимедиа  зертханаларының; 

 

i)       желілік тестілеу кешендерінің;

 

j)       оқытуды  басқарудың желілік   жүйелері (Learning Management Systems - LMS);

 

k)     оқыту контентін басқару жүйелерінің  (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы  қашықтықтықтан оқыту нысаны  кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады. 

 

·        Қашықтықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтықтан оқытудың  жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында  мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:

 

a)     оқу процесін ұйымдастыру және  басқару;

 

b)    қашықтықтықтан  оқытудың дидактикалық құралдарын  әзірлеу;

 

c)     ақпараттық-техникалық қамтамасыз  ету.

 

·        Оқу процесін ұйымдастыру және басқару  қызметі қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,  қашықтықтықтан оқытумен байланысты құжаттамаларды жүргізеді, қашықтықтықтан оқыту орталықтарының қызметін бақылайды, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыру мен сертификаттауды ұйымдастырады.

 

·        Қашықтықтықтан оқытудың  дидактикалық тәсілдерін әзірлеу қызметі қашықтықтықтан оқытудың әлектрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарды, әдістемелік  құралдар мен басқа да әдістемелік  құралдарды әзірлеуді, сатып алуды  және игеруді жүзеге асырады,  тестілеу жүйелері  мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын,  қашықтықтықтан оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.

 

·        Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету  қызметі қашықтықтықтан оқытудың  бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және оларды пайдалануды қолдайды.

 

·        Оқу процесі базалық жоғары оқу  орнының басшысы бекіткен  қашықтықтықтан оқытудың оқу жұмыс жоспарының негізінде  ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес  үлгілік оқу жоспарларының негізінде жасалады. Жоғары оқу орны білім беру процесінде кезінде қашықтықтықтан оқытудың таңдаған технологияларына сәйкес  келетін оқу сабақтарын өткізу түрлерін  пайдаланады.

 

·        Жеке оқу жоспарына сәйкес жылдар мен семестрлер бойынша пәндерді бөлуді өзгертуге  мемлекеттік жалпыға  міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келетін таңдаған мамандықтары бойынша пәндер тізбесінің шеңберінде мүмкіндік беріледі.

 

·        Қашықтықтықтан оқытудың толық курсы  мемлекеттік жалпыға міндетті білім  беру стандарттарына сәйкес  білім  беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген мамандықтардан басқа  барлық  бағыттар (мамандықтар) бойынша  ұйымдастырылуы мүмкін.

 

·        Тиісті бейін бойынша кәсіптік орта білімі немесе түрлі  деңгейдегі кәсіптік жоғары білімі бар тұлғалар қашықтықтықтан оқыту бойынша жеделдетілген  оқу мерзімінің қысқартылған білім  беру бағдарламалары бойынша кәсіптік жоғары білім алуы мүмкін.

 

·        Білім беру бағдарламаларын жеделдетілген  мерзімде толық көлемде меңгеру  қашықтықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орнының басшылары бекіткен тиісті оқу жұмыс жоспарлары бойынша  жүргізіледі.

 

·        Жеке оқу жоспарын білім алушы  жасайды,  жоғары оқу орны белгілеген тәртіппен қашықтықтықтан оқытудың жетекшісімен келісіледі және бекітіледі.

 

·        Қашықтықтықтан оқыту нысанына түсуші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейін  қашықтықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде кіріспе курстарын өткізеді.

 

·        Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі  белгілеген оқу  мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше  белгілейтін   академиялық кезеңдерден тұрады. Қашықтықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс.

 

·        Базалық жоғары оқу орны  мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру стандарттарының  талаптарына сәйкес білім сапасын  қамтамасыз ететін  қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын  қолдануға құқығы бар.

 

·        Білім беру ұйымы қашықтықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда  қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар   болмаған жағдайда  білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.

 

·        Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына  өткізу мүмкіндігі  кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін  коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.

 

·        Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны  күніне 3 сағаттық жұмыс және  2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.

 

·        Білім беру ұйымы білім алушылардың  мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың  өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік  көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтықтық кеңестерін алуды ұсынады. Студенттің өзіндік жұмысына әлектрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).

 

·        Қашықтықтықтан оқыту технологияларын  қолдана отырып білім беру бағдарламаларын  іске асыру кезіндегі консультациялар  жүйесі  бірнеше түрдегі консультацияларды  қарастыруы мүмкін:

 

a)     жеке күндізгі  (білім алушылардың  бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);

 

b)    жеке  қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау  жұмыстарына арналған рецензиялар,  телефон,  e-mail, чат, форум бойынша);

 

c)     топпен қашықтықтықтан (чат арқылы,  Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).

 

·        Қашықтықтықтан оқытудың нысандары:  бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары  бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер);  компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.

 

·        Телеконференцялар   өкізу   үшін   білім беру ұйымының  жабдықталған студиясы мен тиісті бейне  және проекторлық аппаратуралары болуы  керек.

 

·        Жоғары оқу орны білім алушылардың  ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау  жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі.

Информация о работе Кашыктыктан окыту