Кәсіптік білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 15:25, лекция

Описание

Нейро лингвистикалық бағдарламалаудың негізін салушы Американдық Джон Гриндер, америка университетінде математикалық лингвистикадан дәріс берген оның шәкірті Ричард Бендер. НЛБ ғылыми пән есебінде зерттелуі жас алғашқы кітап жетпісінші жылдары жарық көрді. Бұл ғылымның Ресейге келуі 1989 жылы болса, ал Қазақстан жеріне 1998 жылы яғни жиырмасынщы ғасырдың соңғы жылдары келді. НЛБ алғашқы қалыптасуы модельдеу деп аталды. Адамдар қалай ойлайды, оларл қалай қимылға келеді көмектесетін аймақтардың түсінуді қарастырды, ол нейро деген физиологиялық және лингвистикалық сөздік бағдарламалау алгоритм және модельдеу болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

коммун срсп 4.doc

— 57.00 Кб (Скачать документ)

 

 

Нейро лингвистикалық бағдарламалаудың негізін салушы  Американдық Джон Гриндер, америка  университетінде математикалық  лингвистикадан дәріс берген оның шәкірті  Ричард Бендер. НЛБ ғылыми пән есебінде зерттелуі жас алғашқы кітап  жетпісінші жылдары жарық көрді. Бұл ғылымның Ресейге келуі 1989 жылы болса, ал Қазақстан жеріне 1998 жылы яғни жиырмасынщы ғасырдың соңғы жылдары келді. НЛБ алғашқы қалыптасуы модельдеу деп аталды. Адамдар қалай ойлайды, оларл қалай қимылға келеді көмектесетін аймақтардың түсінуді қарастырды, ол нейро деген физиологиялық және лингвистикалық сөздік бағдарламалау алгоритм және модельдеу болып табылады. 

Нейролингвистикалық (жүйкелік-тілдік) бағдарламалау — бұл адамның  субьективтік тәжірибе құрылымын зерттейтін, оны сипаттау тілін құрастырумен, тәжірибені модельдеуді жетілдіру және анықталған моделдерді басқа адамдарға беру мақсатында оның механизмдері мен тәсілдерінің мәнін ашумен айналысатын білім аумағы. ЖТБ-ның ең алғашқы атауы «Метабілім» болды, яғни біздің біліміміз бен тәжірибеміздің қалай құрылғандығы туралы ғылым.

«ЖТБ» атауындағы «Нейро (жүйкелік)»  бөлігі адам тәжірибесін сипаттап жазу үшін «ми тілдерін» білу және түсіну керектігін көрсетеді – яғни ақпараттың сақталуына, өңделуіне және берілуіне  жауапты сол нейрологиялық процесстер. ЖТБ ішкі қабылдау құрылымын түсінуде ерекше жетістіктерге жетті. «Лингвистикалық (тілдік)» ойлау және мінез-құлық механизмдері, сондай-ақ қарым-қатынасты (коммуникацияны) ұйымдастыру процесстерінің ерекшеліктерін сипаттаудағы тілдің маңызын атап көрсетеді. «Бағдарламалау» ойлау мен мінез-құлықтық процесстердің жүйелілігін анықтайды: «программа» грек тілінен аударғанда «қандай да бір нәтижеге жетуге бағытталған қадамдардың мүлтіксіз реттілігі» дегенді білдіреді.

Демек, бұл атау ЖТБ-ның  өмірге және адамдардың субьективтік тәжірибесіне өз жеке құрылымы бар жүйелі процесстер ретінде қарайтындығын білдіреді. Дәл осы біздің көбіне түйсік (интуиция), талант, табиғи дарын деп атайтын ең табысты тәжірибені зерттеуді және анықтауды мүмкін етеді. ЖТБ-ны білімнің ғылыми аумағы деп те, өнер деп те қарастыруға болады, өйткені ол практикалық құралдар мен технологиялар деңгейінде де, сондай-ақ руханилық деңгейінде де ұсынылуы мүмкін.

ЖТБ адам тәжірибесін ақыл-ойдың, дененің (тәннің) және жанның (рухтың) бірлігі  концепциясынан біртұтас қарастыруға негізделген. ЖТБ ұлы психотерапевттер - Фриц Перлздің, Вирджини Сатирдің, Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесін зерттейтін адамдардың пәнаралық өзара әрекет етуінің негізінде дүниеге келді. ЖТБ-ның негізін қалаушылар - кәсіби лингвист Джон Гриндер (PhD) мен қызығушылық көкжиегі ерекше кең болған психолог және математик Ричард Бэндлер (кейінірек PhD). ЖТБ-ның қосымша авторларына сонымен қатар Лесли Кэмеронды, Джудит Делозьені, Дэвид Гордонды, Роберт Дилтсті, Фрэнк Пьюселикті жатқызуға болады.

Қазіргі кезде ЖТБ күшті  дамуда және барынша жаңа туындылармен толығуда, ал қосымша авторлар шеңбері  ұдайы өсуде. Білімнің жеке дара интегративтік аумағы ретінде ЖТБ қолданбалы тұрғыда өн бойына ең бар жақсыны сіңіріп, практикалық психологияның әр түрлі модельдерінен өніп шықты. Алдында ЖТБ барынша электикті болды, бірақ уақыт өте келе көбіне Грегори Бэйтсонның эпистимологиясына және оның трансформдар теориясына, ақыл-ой экологиясы бойынша жұмыстарына, қарым-қатынас (коммуникация) теорияларына, сондай-ақ ЖТБ-ның логикалық деңгейлерінің прообраздарына айналған Бертран Расселдің логикалық түрлер (типтер) теориясына негізделген мықты әдістемені (методологияны) иеленді. ЖТБ өз дамуының алғашқы кезеңінде гештальт-психологияның барлық негізгі тұрғылары мен үрдістерін (принциптерін) ескеріп, гештальт-терапияның негізін қалаушы Фриц Перлздің модельдеуінен басталды.

 

Сондықтан, ЖТБ  көбіне-көп гештальт-тәсілмен сабақтас мінез-құлықтық және ойлау шаблондары тәрізді қаралады. Тағы бір «модель» ретінде олар әр түрлі тереңдіктегі транстық жағдайларды құрастырған ерекше лингвистикалық паттерндерді өз жұмысында қолданған танымал гипнотерапевт Милтон Эриксон болды. Джон Гриндердің лингвистикада Ноам Хомскийдің жұмыстарын пайдаланып, докторлық дәрежеге қолы жетті, сондықтан ЖТБ-ның ғылыми тамырларына лингвистиканы да жатқызу керектігі толығымен түсінікті болады. ЖТБ авторлары субъективтік тәжірибенің ішкі процесстері тілде және лингвистикалық құрылымдарда көрінеді деген ойдан (идеядан) нәр алды.

Бұдан басқа ЖТБ-ның ғылыми негіздеріне бастауын орыс академигі А.П.Павлов қалаған мінез-құлықтық психология ойластыруларын және әсіресе шартты рефлекторлық қызметті зерттеуді жатқызуға болады. ЖТБ зерттеушілері өз зейіндерін дәл нақты рефлекстер іске қосатын механизмге емес, шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылықтарына және олардың сыртқы ынталарын, стимулдарын (тригерлерін) зерттеуге шоғырландырды. ЖТБ-да бұл тақырып «Зәкірлеу» деп аталады.

Сондай-ақ мінез-құлықтық психологтардың ойлап тапқан кейбір модельдері пайдаланылды. Мәселен, Т.О.Т.Е. (Карл Прибрам және басқ.) ЖТБ-да мінез-құлықтық және ойлау стратегияларын сипаттаудың тәсілі ретінде бейімделді (адаптацияланды). ЖТБ-ның негізін қалаушылар біздің ішкі тәжірибемізді «қара жәшікпен» салыстырған мінез-құлықтық психологтардан ілгері кетті, олар адам тәжірибесі мен «кіруде» (бізге сыртқы әлемнен келетін ақпарат) не жатқанын және оның «шығумен» (өңделген ақпараттың сыртқы мінез-құлықта және коммуникацияда қалай жүзеге асатынын) қандай байланысты екендігін түсінуді зерттеуді алға жылжытты.

ЖТБ зерттеушілері бұл  «қара жәшіктің» ішіне үңілуге  тырысты және микродеңгейде адам тәжірибесінің ұсақ құрамдас бөліктерін – оның құрылымын сипаттауға мүмкіндік  беретін субмодальдықтарды аңғарды. Субмодальдық теориясы жай-күйдегі айырмашылықты сипаттауға және қажетті жай-күйді табысты ұстап тұру мен оларды өзгертудің ұтымды жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді. Бұл негізде субъективтік тәжірибенің микросипаттамасы ұсынылды және қабылдаудың көптеген ерекше құбылыстары (феномендері) мен ықпалдары (эффекттері) түсіндірілді.

ЖТБ-ның негізінде  когнитивтік ғылымдар жатыр деп  белгілі бір дәрежеде айтуға болады. Жасанды интеллекттің модельдерін ойластыра отырып, когнитивистер есте сақтаудың және ойлаудың қызмет атқаруының әр түрлі модельдерін: голографиялық, синергетикалық және көптеген басқаларын ұсына отырып, ең маңызды биокомпьютер – ми қалай құралған дегенді түсінуде ілгеріледі. ЖТБ соның негізінде өз мінез-құлқымызды құратын, әлемнің өз жеке моделін біз қалай ұйымдастырамыз? деген сауалдан басталды. Сондықтан когнитивистердің ойластырулары ойлау стратегиялары деген не және когнитивтік карталарды құрастыру қалай өтеді дегенді түсіну үшін пайдаланылды.

ЖТБ өз даму үрдісінде  экзистенцалдық психологияның зерттеу  аумағында жатқан сауалдарды қамтыды. Миссияны (Жаратушыны) саналы тану адамның бар өміріне қалай әсер етеді? Жеке өз ерекшеліктерін («Мен-концепцияны») түсіну өзін жүзеге асыру мүмкіндігімен қалай байланысқан? Наным-сенімнің құрылымы қандай? Адамдардың мінез-құлықтары мен ниеттерінің арасындағы айырма неде? Бұл сауалдарға жауап бере отырып, ЖТБ-ерлер адамның өзімен-өзі және айналадағы әлеммен үйлесімділікке (гармонияға) қол жеткізуі үшін құндылықтар иерархиясын және нанымдар құрылымын өзгертуге мүмкіндік беретін құралдар құрастырды.

Соңғы жылдары  ЖТБ-ны зерттеу аймағына архетипиялық психологияның идеялары енгізілген болып шықты. Бір кездері Карл Юнг соның негізінде адамдардың өзара әрекет етуінің белгілі бір түрлері (типтері) түсіндірілетін архетипиялық типологияны тұлғаны және мінез-құлықты сипаттау үшін ұсынды. Бұл идеялар «портреттік» тұрғылар деп аталатын көптеген басқа, мысалы Изабель Майерс пен Катрин Бриггстің әдістемелерінде, соционикада және с.с. жатыр. ЖТБ-ерлер өздерінің аяғына тұрар бастапқы кезінде сондай-ақ өз кешендік мінез-құлықтық паттерндерін енгізді. Жеке алғанда, Вирджини Сатирдің «плакатер», «блаймер» және соған ұқсас санаттары (категориялары) белгілі. Кейінірек, Сатирдің санаттарын, Юнгтің, Майерстің және Бригстің архетиптерін ірілендіріп, зерттеушілер архетиптерді жалпы құрамдасқа, теңеулік (метафорлық) тілмен айтқанда, солардың көмегімен барлық «аккордтар» және реттіліктер құралатын сол «ноталарды» бөліп көрсетуге және бөлуге тырысты.

Сонымен ЖТБ-да «метабағдарлама» тақырыбы менмұндалап  шықты және типологизацияны практикалық  қолдануда барынша ыңғайлы динамикалық  тұрғы дамытылды. Негіздік (базалық) метабағдарламалар тек статикалық «портретті» құрастыруға ғана емес, сонымен қатар метабағдарламалық «бейнені (профильді)» құруға және оның өзгерісін адаммен қатынас жасау немесе мәтінмен жұмыс істеу кезінде қадағалауға мүмкіндік береді. ЖТБ-ның ғылыми тамырлары жүйелер теориясында да және жүйелік ойлау үрдістерінде де жатыр.

Жүйелік үрдістерді қолданумен ғана ЖТБ-дағы мынадай тақырыптардың, қазіргі замандағы ЖТБ-да тәжірибені көп шамада сипаттау, әр түрлі техникалар мен технологиялардың құрылымын  түсіну, өзгеріс стратегияларын қатарластыру үшін қолданылатын көптік сипаттауды (негіздік-базалық модель — үш позициялық сипаттау, Д. Гриндер мен Д. Делозьенің жұмыстары), ЖТБ "кубик-рубиктері" - Т.О.Т.Е., S.C.O.R.E., S.O.A.R. модельдерін дамыту (Р. Дилтстің жұмыстары) ойлап табумен түсіндіріледі. Барынша ықпалды модельдер мен технологияларды интегрирлеу мен дамыту арқылы ЖТБ коммуникацияларда, оқытуда, өнерде, творчествода, терапияда, бизнесте және ұйымдастырушылық консультацияда – яғни адами ойлау мен мінез-құлық ресурстары барынша қарқынды (интенсивті) іске қосылған барлық жерде кең қолданыс иеленді.

Нейролингвистикалық бағдарламалау [70 бет]

Нейро-лингвистикалық Бағдарламалаудың (НЛБ) негізін салушы Американдық Джон Гриндер , америка  университетінде математикалық  лингвистикадан дәріс берген ,оның шәкірттерінің бірі Ричард Бендлер . НЛБ ғылыми пән есебінде зерттелуі жас , алғашқы кітап жетпісінші жылдары жарық көрген . Бұл ғылымның Ресейге келуі 1989 жылы болса ,ал Қазақстан жеріне 1998 жылы , яғни 20 ғасырдың соңғы жылдары келген. НЛБ –ның алғашқы қалыптасуы моделдеу деп аталды. Адамдар қалай ойлайды, олар қалай қимылға келеді көмектесетін аймақтарын түсінуді қарастырды ,ол (Нейро) деген физиологиялық және ( лингвистикалық) сөздік ( бағдар- ламалау) алгоритм және модель болып табылады. Алғаш НЛБ американдық психотерапевтерде жұмысты моделдерге бөлуге арнайы қолданылды. НЛБ- ның алғашқы модель – техникалары формалы тәсілдер құрады. Бұл НЛБ арқылы психологияға енуге жылдам көмек. Кейінірек НЛБ мен айналысқандар Аристотельден бастап , Уолт Диснеймен аяқталады.

НЛБ –дегеніміз не….. Оған көптеген түсініктер берілген . Соның қазіргі таңда төрт түрі қолданылуда:

1. Психокоррекцияға  техника жиынтығы .« Де-факто»  көп таралған түрі , нарықтық заманда  «НЛБ-практик» , «НЛБ- мастер», «НЛБ-бизнес»  Бұл техникалар психокоррекциялық дамыту болып табылады .

2. Манипуляцияға  тәсілдер жиынтығы. Семинарларда  психокоррекциялық техникалар айла- амалдары,қысқа мерзімді мән беретін  жағдайлар . Оның стратегиясы  қатынас сипатына жаман әсер  етеді және мәселелер туғызады, алдымен өздері қорқа бастайды бізді де басқарып кетпесе деген ой туындайды.

3. Когнитивті  психологияға бағыт. Назар аударатын  жайт моделдеу идеясымен байланыста  адамдардағы когнитивті стратегия  ,сол моделдерді пайдалана отырып ,түрлі аймақтарда жетістікке  жете білуі.

НЛБ тәртіп аралық тілде бейнелеуі ,әлеуметтік –экономикалық  және гуманитарлы технология. Топтың ішкі және сыртқы мәнді жетістікке көтерілуі, топ ішінде ұзақ мерзімді қатынастың қалыптасуы. Оның мақсаты  төмендегідей

• Ішкі және сыртқы коммуникацияда мәнділікті және ойлауды көтеру.

• Келісім шартқа отырарда коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру.

• Жеке коммуникациялық  дағдыларды дамыту.

Жалпы жүйе координаты.

Нейро- Лингвистикалық Бағдарламалау (НЛБ)- жалпы математика пәніне жақындау келеді. Математика тілі модель жасауға ыңғайлы (химия ,физика, астрономия),сондықтан да осындай тілді меңгерген адамдарға ,бұл аймақты меңгеру түсінігі оңай болады.

НЛБ- бірыңғай жүйеде түрлі  коммуникацияны береді.

( маркетинг, психология ,педагогика  т.б) Менеджмент ,бизнес құрылымында :келіссөз, сату, жарнама т.б терминдер –ішкі коммуникацияда басқару тактикасы мен стратегиясы. Кез-келген


Информация о работе Кәсіптік білім беру