Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық әдістері мен әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 16:14, доклад

Описание

Бұл жұмыстың мазмұнының әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Ол әрекеттің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің обьективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдері мен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы - мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық әдістері мен әдістемесі.doc

— 52.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

Тақырыбы:  Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық әдістері мен әдістемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ӘЖ-31 тобының

                                                                      студенті Касенова Н.А.

                                                                    Тексерген: Абилов Д.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

 

Әлеуметтік  жұмыстың педагогикалық әдістері мен  әдістемесі

Бұл жұмыстың мазмұнының әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Ол әрекеттің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің обьективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдері мен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы - мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.

Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің  еңбектерінде "мектептік-отбасылық тәрбие" ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады. Мектеп - отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.

Ең бірінші талап - бүкіл педагогикалық  ұжым әрекетінің мақсаттылығы. Ата-аналармен жұмыс деген мүлде жалпы үғым. Оның орнына мықты педагогикалық проблемаларды шешу үшін ата-апа жиналысын өткізу, лекция оқу, ата-анаға, отбасына жекелеп ықпал жасау қажет.

Екінші талап - мұғалімнің кәсіптік біліктілігін, педагогикалық мәдениетін көтеру. Оның жолдары әртүрлі болуы  мүмкін. Мысалы: сынып жетекшілері  секциясының жұмысы, "Отбасылық педагогика" немесе "Отбасы тәрбиесін жетілдіру" сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы; мектеп тәжірибесінде анықталған формальды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктерін есепке алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргізген жұмыстарының тиімділігін анықтау, олардың озық тәжірибелеріне педагогикалық талдау жасау.

Үшінші талап - педагогикалық ұжымның  сынып жетекшісі мен мұғалімдердің  ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына  бірыңғай талап жүйесін жасау. Бұл талап негізді, әдепті, заңды болуы тиіс. Асығыстық, талапты бұрмалаушылық ата-аналармен келіспеушілікке апарып соғады.

Төртінші талап — ықпалды  қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру.

Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады. Әдістемелік жұмыс білім беру мекемелерінде оқытушылар мен тәрбиешілердің үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу әдістемелік процесті жоғары деңгейге жеткізу мен сол дәрежеде ұстауға бағытталған. Ол оқу жылы бойы жүргізіледі және педагогтердің күнделікті тәжірибесімен шектес орындалады. Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық зерттеулердің дамуына ықпал етеді. Әдістемелік жұмыстың мақсаты: оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ең оңтайлы әдістері мен жолдарын игеру; педагогтің оқу-тәрбие жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін көтеру; педагогика ұжымы мүшелерінің тәжірибе алмасулары және озық педагогика тәжірибені анықтап, оны насихаттау. Ал педагогика әдіснамасы дегеніміз - педагогикалық білім және оны игеру процесі, яғни, педагогикалық таным туралы ілім. Ол:

  • педагогикалық білімнің, оның ішінде педагогикалық проблематиканың;
  • құрылымы мен қызметі жөнінде ілімді қамтиды;
  • әдістемелік мәні бар бастапқы, өзекті, іргелі философиялық теорияларды; тұғырнамаларды, болжамдарды;
  • педагогикалық танымның әдістері жөнінде ілімді қамтиды.

Педагогикалық зерттеу әдістері педагогикада шындық өмірді теориялық және эмпирикалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керісінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмпирикалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор.

Әдіс – рационалды зерттеу, шындықты тудырушы және мақсатқа жетудегі ең қысқа жол. Әлеуметтік жұмысқа байланысты екі әдіс топтарын айтуға болады. Олар – ғылыми білім түріндегі және практикалық әрекет түріндегі әдістер.

Әлеуметтік жұмыс әдістері клиенттің өмірлік қажетті мәселелерін  шешуге бағытталған.

Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі  жағымсыз жағдайлардың тікелей әсерін өткеріп отыр. Әлеуметтік-тұрмыстық шым-шытырық, стрестік жағдайлар адамның әлеуметтік, психикалық көңіл-күйін нашарлатады. Бұл жағдайлар халықты әлеуметтік қорғаудың формалары мен әр түрлі әдістерін дамыту қажеттілігін жоғарылатады.

Әлеуметтік жұмыста  маман ретінде клиентке оның жағдайын түсініп, оның ішкі әлемін көзбен түсініп, сезу қажет. Содан кейін әлеуметтік ғылымның кең спектрлі білімін пайдалана отырып, клиентке көмек беру әдісін іздеу қажет.

Әлеуметтік қызметкер барлық ғылым  аймағын, соның ішінде, ең бастысы, адам мен қоғам жөнінде білуге міндетті. Сонымен қатар білім жүйесінде қате жіберу өте қауіпті...

Әлеуметтік жұмыстың мақсаты – жеке тұлғаны қоғамның барлық жүйесіне қатыстыру, әлеуметтік салаға (еңбекке, билікке, отбасы, мәдениетке) жүргізу, сол ортаға өзін-өзі сезінуге өз ықпалын тигізу.

 


Информация о работе Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық әдістері мен әдістемесі