Мәдени бос уақытты ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 21:27, курсовая работа

Описание

Қазіргі кезде бала өміріндегі маңызды қажеттілік мәдени бос уақыт,психологиялық және эмоционалдық сфераларындағы қиын жағдайларға қарсы тұра білу жолдарын іздестіру болып табылады.Балалық өмір шығармашылық әлемнің жан жақтылығы мен оның байлығын көрумен өту керек, себебі дәл мектепке дейінгі балалық шақта балалардың эстетикалық сезімге,көркем мәдениетке,мідени іс әрекетке деген қажеттіліктер қаланады.

Работа состоит из  1 файл

курсовой.docx

— 25.24 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Қазіргі кезде бала өміріндегі маңызды қажеттілік мәдени бос уақыт,психологиялық және эмоционалдық сфераларындағы қиын жағдайларға қарсы тұра білу жолдарын іздестіру болып табылады.Балалық өмір шығармашылық әлемнің жан жақтылығы мен оның байлығын көрумен өту керек, себебі дәл мектепке дейінгі балалық шақта балалардың эстетикалық сезімге,көркем мәдениетке,мідени іс әрекетке деген қажеттіліктер қаланады. Баланың өмірін өнермен сусындату керек,оны музыка,ертегі,театр,би әлеміне кіргізу керек. Ең басты,біздің ойымызша,қазақ халқының жан жақты мәдениетін қалыптастыру,сонымен бірге бос уақытты әлеуметтік маңызды нәрселерге жұмсау,мектепке дейінгі ұйымдар мен басқада баланың өнерін қалыптастыру мекемелерінде осы мәселенің басты шешімі баланың өзіндік жұмысы.

Мектеп жасына дейінгі  балалардың жаңа өмір мен тәрбие және білім алу үрдісіндегі мәдени құндылықтарға үйренудегі маңызды  ресурстардың бірі, мәдени бос уақытты ұйымдастыруды пайдалана отырып баланың мәдениетін тәрбиелеу,бұл өнерге негізделген қиялшылдық,өзіндік іс әрекет ету қабілетін қалыптастырады. Бұл мәдени іс әрекетті,ұйымдастырылған оқу іс әрекеті мен бос уақытты  жүйелей білуде, отбасы және басқада әлеуметтік институттардың көмегімен баланы мәдени ауқымда дамыту үрдісінде жүзеге асады.

Әлбетте, көп нарсе әлеуметтік мәдени ортаның тірбиесіне,яғни үлкендерден не үйренгеніне байланысты.Әр отбасында баланың бірінші күннен бастап жақсы ортада тәрбиеленуі маңызды рөл атқарады. Бос уақытты ұйымдастыру туралы көп деген педагогтар өздерінің ғылыми еңбектерінде айтып кеткен. Олар: Н.К.Крупская,В.А.Сухомлинский,Т.И.Осокина,Н.П.Сакулина,Н.А.Ветлугина,Т.С.Комарова және т.б.Олардың зерттеулері бойынша бос уақытты ұйымдастыру мекемелері баланың өздерімен таңдалған әр түрлі жаттығулар үрдісінде жан жақты дамуына негіз болады,сонымен қатар ұйымдастырылған оқу іс әрекетінен қабылданған білімдері бекіп,қызығушылығы қалыптасып,өнері дамиды.Балалардың бос уақытын әлеуметтік маңызды мақсатты пайдалану ортақ мәдениетпен,педагогтың,тәрбиешінің,музыка жетекшісінің білімі мен шығармашылығы және,ең бастысы,ата ананың эстетикасымен тығыз байланысты.

Қазіргі мектепке дейінгі  білім беру ұйымдарында бос уақытты  ұйымдастыру -көңіл көтеру,мейрамдар,утренниктар  және т.б. қызықты іс- шаралар арқылы жүзеге асады.

Мәдени бос уақытты  ұйымдастыру білім беру жүйесі мен  әлеуметтік білім және тәрбие институттарының  қосымша білім беру мекемелері,яғни балабақшадағы үйірмелер мен  студияларда жүзеге асады.Қосымша білім беру тұлғаның мәдениет арқылы өнерге тартылуының негізгі жолы болып табылады,өйткені қосымша білім беру мекемелерінің мақсаты- әлеуметтік тәрбие және білім беру бағдарламаларының мазмұнын жасау,іздеу,жаңарту, білім беру және әлеуметтік тәрбиеде,әлеуметтік педагогика және психологияда,мәдениеттануда жаңа ғылыми жетістіктерді пайдалану.Сондықтан да олар балалардың бос уақыттағы әр түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыра алады.

Мәдени бос уақытты  ұйымдастырудың көп деген түрлері  баланың өмірінде мектепке дейінгі  ұйымдар мен отбасында қалыптасады. Олар бала мен жасөспірімдердің мінез құлқын,жекелігін қалыптасттыруда маңызды рөл атқарады.

 

            Балабақшада мәдени бос уақытты ұйымдастыру

                                        Бағдарлама

 «Балабақшада білім беру және тәрбие бағдарламасындағы» бос уақыт баланың шығармашылығы мен мәдениетін дамытуда мекеменің негізгі бағыты ретінде қарастырылады.

Мәдени бос уақытты  ұйымдастыру көңіл көтеру,мейрамдар, сонымен қатар баланың көркем материалдармен өзіндік жұмысы үрдісінде  жүзеге асады.Бұл баланың қабілетінің, ақыл іс әрекетінің, мінезінің дамуын қамтамасыз етеді.

Мәдени бос уақытты  ұйымдастыру мекемелеріне тек қана музыка жетекшілері ғана емес, сонымен  қатар тәрбиешілер, ата аналар, қосымша білім беру педагогтары, балабақша басшысы, кейде мектепке дейінгі мекемелердің жұмысшылары қатысады.

Бағдарламада балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы  мұндай подход бірінші рет орын алуда. Ол баланың бос уақытын әлеуметтік маңызды мақсаттарға жұмсау,оның көркем эстетикалық тәрбиесі мен жалпы дамуын да маңызды рөл атқаратындығы туралы ғылыми зерттеуге негізделіп жасалынған.

Бірінші сәбилер  тобы

(2-3жас аралығы)

Балабақша мен топта эмоционалдық жақсы климаттың болуына, балалардың өзін еркін,жеңіл,қорғаулы сезінуіне  көмектесу керек. Балаларды ойындарға,театрлық көріністерге,көңіл көтерулерге, мейрамдарға  қатыстыру керек. Ақылын ойыншықтардың,ертегі кейіпкерлерінің іс әрекетін қадағалай  отырып,оларға бірқалыпты ықпал етуге  дамыту.

 Көңіл көтерулер мен  мейрамдардың тізімдері:

Тақырыптық.  ........................

Спорттық.  .......................

     Ойындық өлеңдер

...........................

Театрлық көріністер. Қуыршақ театры:..................

Әндік көріністер. ..................

Қызықтар. ..............

Музыкалық көрнекіліктермен жасалған әңгімелер. ....................

     Мейрамдар

..................................

 

Екінші сәбилер  тобы

( 3-4  жас аралығы)

Демалыс

Балалардың мәдени бос  уақытын эмоционалдық тұрақтылығы  мен демалысына сүйене отырып құрастыру.

Балалардың ақылын өзін ойынмен,бақылаумен қамтамасыз етуге бағыттау.

Қозғалыс ойындары үрдісінде  балалардың физикалық күштері мен  жылдамдығын қалыптастырудағы өзіндік  іс әрекетін дамытуға көмектесу.

Көңіл көтеру

Күнде көңіл көтеру уақыттарын ұйымдастыру (5-10мин).Аптасына бір-екі рет театральдық көріністер ұйымдастыру,телебағдарламалар тыңдату;балаларды мерекелерге қатыстыру (20-25мин).

Физкультуралық бос уақыттар өткізу,әр түрлі тақырыптарға байланысты көңіл көтерулер өткізу. Балалардың көңіл көтеру кезінде көргендері мен естігендерінен рахат ала  білуіне жағдай жасауға үйрету.

Мейрамдар

Балаларды қазақ мәдени мейрамдарына қатыстыру( Республика күні,жаңа жыл, 8 наурыз, отан қорғаушылар күні),күнтізбелік  халық мейрамдары,топтағы балалардың туған күндерін ұйымдастыру. Топта  жақсы көңіл-күйді, туыстарына,үлкендерге махаббат сезімін оятуға көмектесу.

Өзіндік көркем іс-әрекет

Балаларға өзіндік ән тыңдауға,қолөнермен айналысуға,достарымен әңгімелесуге,кітаптар мен суреттер қарауға,әр түрлі ойындар  ойнауға мүмкіндік беру.

Балаларды шағын көлемді  ертегілер айтуға,тақпақтар оқуға  қатыстыру.

Тәрбиешінің көмегімен балаларға  ертегілер бойынша қойылымдар көрсетуге,халық әндерін,тақпақтар айтуға,ойыншықтар мен фигураларды пайдалана отырып бала өмірінен үзінділер қоюға үйрету.

Балалардың өлең айтуға,билеуге,музыкалық  ойыншықтармен ойнауға деген  қалауларын қолдау. Өзіндік сурет  салуға, суреттерді бояға деген мақсаттарын  қанағаттандыру.

Көңіл көтерулер  мен мейрамдардың мүмкін тізімдері

    Көңіл көтеру

Танымдық-тақырыптық.  ........................

Әдебиеттік музыкалық. .......................

Спорттық.  .................

Көңіл көтерулер. .................

Сиқырлар. ..........................

Театрлық көріністер. ...............................

   Мейрамдар

............................

Ортаңғы топ

(4-5 жас аралығы )

Демалыс

Ақылын дамыту,шаршаған уақытында  тренингтермен айналысу, бос уақытында  өзіне ұнайтын нәрсемен: музыка тыңдау, сурет салу және т.б. Спорттық көңіл  көтерулерге, серуендерге қызығушылықтарын дамыту. Уақытын қызықты өткізуге қызығушылықтарын дамыту.

Көңіл көтеру

Көңілді орта қалыптастыру,балаларға  демалуға және жаңа әсер алуға мүмкіндік  беру. Қазақ халқының салты мен  дәстүрін, қазақ мәдениетімен танысуға деген танымдық әуестігін дамыту. Үрдіске әр түрлі көңіл көтерулерді: қуыршақ театрларына қатысуға,музыкалық және әдебиеттік композицияларға,концерттерді қосу. Спорттық және ойындық жарыстарды ұйымдастыру. Көңіл көтеру үрдісін ұйымдастыру мен жүргізуде қызықты және мағыналы іс әрекетпен айналысуға деген ниеттерін қадағалау.

Ұжымдық,бір-біріне және үлкендерге деген жақсылық тілеу қасиеттерін тәрбиелеу.

Патриотизмге тәрбиелеуді  іске асыру, көркемөнер мәдениетіне,эстетикалық -эмоционалдық өнерге қатыстыру.

Мейрамдар

Балаларды қазақ халқының мәдени мерекелеріне қатыстыруды жалғастыру.Мерекелік іс- шараларға қатысуға ұмтылыстары мен ниеттерін тәрбиелеу. Балабақшадағы, отбасындағы,мемлекеттегі болып жатқан оқиғаға қатысу сезімін қалыптастыру. Жақындарына,Отанына деген махаббат сезімін тәрбиелеу.Жаңа жылға,8 наурызға, күнтізбелік халық мейрамдарына, күз бен көктемге арналған таңертенгіліктер ұйымдастыру.

Өнер

Балаларды шығармашылық іс әрекеттерге, эстетикалық эмоционалдық шығармашылығын және эстетикалық тәрбие беру студияларына,балабақшадағы даму мен шығармашылық орталықтарға баруға деген ниеттерін дамыту.

Көңіл көтерулер  мен мейрамдардың тізімдері

  Демалыс

Ата аналармен саябақта,көкте,қаланы аралап қыдыру. Балабақшаның ауасы  мен топтың қызығушылықтарына байланысты ойын әрекеттері. Табиғаттың әдемі  көріністері,қоршаған ортаның заттарын көріп,түсіну. Кітаптар оқу,музыка тыңдау,мультфильмдер  көру.

  Көңіл көтеру

Театрлық көріністер мен мейрамдар. .............................

Музыкалық әдебиеттік композициялар. ..................

Танымдық тақырыптық кештер. .........................

Концерттер. .......................

Қазақ халық шығармашылығы. ......................

Спорттық. ....................

Көңіл көтерулер. ............................

Сиқырлар. ............................

  Мейрамдар

............................................................................

Өнер

Қызығушылықтарына қарай  көркем студиядағы жаттығулар. Өзіндік  шығармашылық іс әрекет. Музыкалық, театрлық іс әрекет.

 

Ересектер тобы

(5-6жас аралығы)

Демалыс

Күшін танымдық,физикалық  еңбек пен демалысқа бөлуге мүмкіндіктерін дамыту;алдына мақсат қойып оған жетуге,ал содан кейін демалуға үйрету.

Бос уақытында қызықты  және мағыналы іс әрекетпен айналысуға, мәдени бос уақытын ұйымдастыру(ойнау,кітап  оқу,сурет салу,құрастыру,жабыстыру,серуендер ұйымдастыру)

Көңіл көтеру

Әңгімеге араласу және өтінішін білдіру сезімін қалыптастыру;мимика мен жестты пайдалану; адамгершілігі  мол болу; қасындағы адамды тыңдай білу.Спортқа қызығушылығын,спортпен айналысуға деген ниетінің пайда болуына көмектесу.Мәдени танымдық қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, сұрақтары мен қалауларын көрсететін мүмкіншілік жасау, сонымен қатар алған білімін әлеуметтік маңызды мақсаттардағы бос уақытқа жұмсауға үйрету.

Әдемілік пен ұсқынсыздықты  көріп,айыра білуге тәрбиелеу.Баланың қызығушылығын және қоршаған ортаны танып білудегі жылдамдығын,шығармашылық іс әрекеттерге қатысуға,жаңа нәрсені білуге деген талпынысын қанағаттандыру.

Мейрамдар

Жай және мейрам күндері  туралы түсініктерін қалыптастыру.Мейрамдардың шығу тарихымен таныстыру,халық  мейрамдық салт дәстүрлері мен әдет ғұрыптарына таза қарай білуге үйрету.Мейрамдарға эмоционалдық жақсы қарым қатынаста болуға үйрету, балаларды бүкіл халықтық мейрамдарға қатыстыру.

Қорщаған ортаға көңіл  бөлу мен  махаббатқа тәрбиелеу,үлкендер мен достарын уақытылы мейрамдарымен  құттықтауға, өз қолдарымен жасалынған сыйлықтар беруге үйрету.Мерекелер  өткізу,оларға дайындалу,топты,музыка залын,балабақша ауласын безендіруге  қатыстыру; халықаралық, мемлекеттік,халық және отбасылық мерекелерді атап өту.

  Өзін-өзі қалыптастыру

Оқу үрдісінде алынған  білімін толықтыру мен тереңдетуге  деген ұмтылысын қалыптастыру. Жеке қабілеттерін дамытуға жағдай жасау,қызығушылықтары  мен әуестігінің пайда болуына көмектесу. Мәдени ортаны пайдалана отырып, балаларды қоршаған ортаны таныға ұмтылыстарын дамыту. Бақылау,эксперимент жасау,кітап оқу,көркемөнер іс-әрекетімен айналысу арқылы,телебағдарламалар қарау, радио тыңдау және т.б. іс-әрекеттер арқылы білім алуға үйрету.Заттар жинауға, дидактикалық ойындар ойнауға қызығушылықтарын дамыту.

  Өнер

Өнер іс-әрекетіне қатысуға ұмтылыстарының пайда болуына көмектесу. Өлең айтуда, сурет салуда көркемдік қабілеттерін дамытуды жалғастыру. Өнерді түсіне білуге,сурет салу, құрастыру,ән,өлең,би құрастыру үрдістерінде жаңа шешімдер табуға үйрету.Балалардың қызығушылықтарын мақұлдау және қосымша кружоктарда, студияларда білім алуға жағдай жасау.

 Мейрамдар мен көңіл  көтерулердің мүмкін тізімдері

   Демалыс

Саябақ,орман,қала аралау саяхаттары мен қыдырулар.Қызығушылықтарына  қарай топта немесе ауладағы ойын іс-әрекеттері.Әдемі заттарды,табиғат  құбылыстарын,топ бөлмелеріндегі және балабақша ішіндегі заттарды бақылау. Телебағдарламалар көру, радио тыңдау. Көркемөнер іс әрекетімен айналысу( музыкалық,қолданбалы),кітап  оқу және т.б.

  Көңіл көтеру

Көлеңке,саусақ,үстел  үсті,қуыршақ театрлары. Қойылымдар, музыка опералары,музыкалық қойылымдар көрсету.Ертегілер,тақпақтар және басқада әдеби шығармалар,сонымен қатар әндер айту.

Музыкалық әдеби  шығармашылықтар. .......................................

Танымдық тақырыптық кештер. .................................

КВН көріністері...................................

Қазақ халық өнері. .............................

Спорттық................................

Музыкалық кештер..........................

Көңіл көтерулер. Сиқырлар,халық ауыз әдебиеті,бояулар мен карандаштар арқылы көңіл көтерулер.

  Мейрамдар

...................................................................; балалардың туған күндері,балабақшаның  дәстүрлік мейрамдары.

  Өзін-Өзі қалыптастыру

Су,қар,құмға тәжірибелер  жасауға жағдай жасау; заттар жинау. Үлкендермен көркем студияларға  бару арқылы өзіндік таным іс-әрекеттерін қалыптастыру.

  Өнер

Студиялар мен үйірмелерде  қосымша білім алу.Өзіндік өнер іс- әрекеті (қолданбалы,музыкалық,театрлық).

Мектепке даярлық  тобы

(6-7 жас аралығы)

Демалыс

Тұлға денсаулығы мәдениетін қалыптастыру,денсаулықты сақтауға қатыстыру,Қызықты және пайдалы  денсаулық іс әрекетіне көңіл  бөлуін дамыту(ойын,спорттық қызығушылықтар,кітаптар оқу,сурет салу,жабыстыру,тігу және т.б.)

Информация о работе Мәдени бос уақытты ұйымдастыру