Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 18:19, контрольная работа

Описание

мектепке дейінгі балабақшаларда табиғатпен таныстыра отырып экалогия негіздерімен таныстыру

Работа состоит из  1 файл

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудалогикалық тапсырмалардың пайдалануы..docx

— 793.63 Кб (Скачать документ)

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы.

Оқытушы: А.Б.Сарсенгалиева

 

                     

Қазіргі таңда жас  ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақ-сат  ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған  жерін сүйе бі-летін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, руха-ни ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне  басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің  Қазақстанның бәсе-кеге нақты қабілеттілігіне  қол жеткізудегі негізгі міндет-тері - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-баевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлем-дегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стра-тегиясы” атты Қазақстан халқына  жолдауы” негіз болады.

Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет  етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.                          

Мектепке дейінгі шақта  бала бойына білім мен білік-тілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек  сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді  жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мнандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.

Міндеттері: 1. Болашақ  табиғат  жанашыры болатын ұрпақ  тәрбиелеу.

                       2. Мектепке  дейінгілердің  экологиялық  көз қарастарын    

                           кеңейту және жүйелеу.

                       3. Тәжірибелер  жасау және алған  нәтижеден

                           тұжырым шығаруға үйрету.

                       4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды   дамыту.

Баланы мектеп жасына дейінгі  кезеңнен өзі өсіп-өне-тін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің  маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл  үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты  мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға жауаптар іздейді.

Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін  жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке  қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті  түсініп, оның мәнін түсі-неді, әсемдікті  танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды  гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.

                       

Жоспарлы  – прогностикалық оқыту үрдісінің  біріккен сұлбасы

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлі және тірі табиғат нысандарына  деген қызығушы-лық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін  байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі  кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы  ұяларды т.б.

Балалардың көңілін табиғаттағы  маусымдық өзгерістер, түстердің  ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.

 

Баланың айнала қоршаған табиғатқа  қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты  тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы  біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық  тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте  тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәр-биешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.

Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға  болады. Жалпы экология барлық оқыту  – тәрбиелеу үрдісімен байланысты.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы оқу іс-әрекеттерді тиімді дұрыс пайдалануы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып, білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу іс-әрекетінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.

Мектепке дейінгі  экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін  ойын арқылы дамыту

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады. К.Ушинский бұл жөнінде былай деген: “Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органы-мен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек”.

Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс  – көкөністермен таныстырып болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр”  т. б. ойындар ойналады. “Егерде мен  үлкен болсам” ойыны балаларды  шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.

Сонымен қатар экологиялық  сәттер оқып беру арқылы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамыта-мыз. Ойын барлық сабақпен тығыз байланысты, ойынсыз сабақ өтпейді десем  жаңылмаймын. Ойын баланы жан-жақты  дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде  өз септігін молынан тигізеді. Жиі  сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса алама және қатысуға тиісті ме? Әрине  құқық қа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үлкендердің  ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ережесін бұзбай ойнай  алса ғана іске асады.

Көркем шығармаларды сахналауды балалар өте қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: “Аңшы мен бала”, “Гүлдер  туралы аңыз” бойынша сахналауда олар жағым-ды және жағымсыз кейіпкерлерді  тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған ба-лаларға  ұқсағысы келетіндері байқалды.

Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда бола-ды. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен  таныстыруда түрлі ойындар мен  тәжірибелер жасалады. Мысалы: “Кім тез үреді?”, “Толқын”. Көптеген ойындар  таза ауада ойналады, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі ойындар ойнауға болады. Мақсатты серуендерде ағаштарды бақы-лау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т.б арқылы балаларды еңбек сүйгіштікке, сұлулық-ты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.

Ойын алаңында қимылды  ойындарда ұйымдастырылады “Аю  мен түлкілер”, “Қасқыр мен қояндар” т.б ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, даусын сала-ды. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы да-мыды. Олар ойындарда бірнеше  құбылысты біріктіреді, жаңасын  қосады, кейде өмірден, ертегіден  қосып алады. Мысалы: Орманшы, зообақтағы аңдар т.б олар өз ой-ындарына қосып  біреуі орманшы болып, қалғандарына өз ақылын айтады, оған қаладан зообаққа аң қоюға адам келеді.

Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамытуда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.

Ата-аналармен  жүргізілетін жұмыстар

Ата-ана баланың бірінші  ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке тұлғаны тәрбиелеуде оның ықпал  күші айырықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың қалтықсыз сүйіспеншілігі, қамқорлығы болып табылады.

 Ата-аналар А.С.Макаренконың “Балаларды тәрбиелеу – біздің өміріміздегі ең жауапты сала.  Дұрыс тәрбиелеу–бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу–бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жа-сымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз” – деген пікірінің мағынасын түсінуі тиіс.

Балаларды тәрбиелеудегі  ата-аналармен бірлесіп жасаған  жұмыстарым балалардың бойында дұрыс  мінез-құлық қалыптасуын қамтамасыз етті, дағдыларды, білімдерді, іскерліктерді  меңгеру үрдісін тездетті.

 Мұндай бірліктің негізі  ата-аналардың педагогикалық білімділігі,  олардың мектепке дейінгі ұйым  жұмысымен хабардар болып табылды. “Баланың экологиялық мәдениеттілігі”, “Отбасындағы бала тәрбиесі” т.б кеңестер дайындайға болады. Ата-аналарға арналған кештер: “Кітап бала өмірінде”, “Бала және табиғат”, “Әжелер мектебі”, “Әкелер мектебі” т.б. өте қызықты өткізіп, нәтежеде бала тәрбиесіне үлкен көмегін тигізеді.

Сонымен қатар ата-аналармен  бірігіп экология мұражайларына, саябақтарға, әр түрлі мезгілде орманға мақсатты серуендер мен саяхаттар өз өлкеміздің табиғатын балаларға таныстыруға бағытталу қажет. Табиғатта қызықты ойындар ойналып, бақылаулар жүргізіліп, таза ауаның жанға берер рахатын бірлесе түсіндіру, экологиялық тиым сөздермен таныстыруға болады.

Қорытынды:
  1. Балалардың дамуында экологиялық тәрбиенің маңызы зор. Балалардың барлық іс-әрекеті, ақыл-ойы осы айнала қоршаған ортамен тығыз байланыста және экологиялық тәрбие балабақшамен шектелмейді, мектепте осы білімдерін одан әрі өрбітіп, байытады.
  2. Экологиялық саяхаттар, серуендер, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттердің барлығы ойындар арқылы өрбіп, дамиды, түйсікте сақталады. Бала алған білімді көру, ұстап қарау арқылы тез қабылдайды. Балалармен өткізген ойындарым көп жетіс-тіктерге жеткізді.
  3. Балалар алған білімдерін іс жүзінде тәжіребие, басқа оқу іс-әрекеттерде көрсете біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы