Мектептен тыс тәрбие жұмысында қойылатын негізгі талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 07:52, курсовая работа

Описание

Тәрбиелеу дегеніміз адамның сана-сезіміне және қылықтарына белгілі мақсат
А.С.Макаренконың сабақтан тыс уақытта оқушылармен ешқандай ерекше тәрбие
Сабақтан тыс уақыт оқушылар өмірінде едәуір орын алады.Сабақтар
Мектептегі әрбір оқушы қызықты істің бірімен шұғылдануға, клубқа,
Мектепте еңбек пәні бойынша оқушылардың сарамандық жұмысын дұр

Содержание

Кіріспе
І.Сыныптан тыс жұмыс формалары және міндеттері
ІІ.Оқушыларды үлкендер еңбегімен таныстыру
ІІІ.Жұмысты есепке алу
І.Еңбек, техника бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар мен
Оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар
І.Мектеп – оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастырушы
ІІ.Мектепте еңбек пәні,техника бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
ІІІ.Жазда жүргізілетін тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы
ІХ.Жазда жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың мазмұны мен формалары
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

FQFDFGJHDS.doc

— 192.00 Кб (Скачать документ)

М а  з м ұ н ы  
Кіріспе  
І.Сыныптан тыс жұмыс формалары және міндеттері  
ІІ.Оқушыларды үлкендер еңбегімен таныстыру  
ІІІ.Жұмысты есепке алу  
І.Еңбек, техника бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар мен 
Оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар  
І.Мектеп – оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастырушы  
ІІ.Мектепте еңбек пәні,техника бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастыру  
ІІІ.Жазда жүргізілетін тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы  
ІХ.Жазда жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың мазмұны мен формалары  
Қорытынды  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  
Кіріспе  
Тәрбиелеу дегеніміз адамның сана-сезіміне және қылықтарына белгілі мақсат 
А.С.Макаренконың сабақтан тыс уақытта оқушылармен ешқандай ерекше тәрбие 
Сабақтан тыс уақыт оқушылар өмірінде едәуір орын алады.Сабақтар 
Мектептегі әрбір оқушы қызықты істің бірімен шұғылдануға, клубқа, 
Мектепте еңбек пәні бойынша оқушылардың сарамандық жұмысын дұрыс 
балалардың еңбекке тәрбиелеудегі олардың ролі аса зор болмақ. 
І.Сыныптан тыс жұмыс формалары және міндеттері.  
Оқушылармен оқу және тәрбиелеу жұмыстарының оқытушылардың басшылығымен берлілі 
Сыныптан тыс жұмыс оқу сабақтарының қарапайым жалғасы деп 
Сыныптан тыс сабақтар оқушыларды ақыл-ой қабілетіне, әрі физикалық 
Техникалық творчество және еңбек бойынша сыныптан тыс жұмыстың 
1) оқушылардың өзіндік жұмысы;  
2) техника мен еңбектің белгілі бір түрлеріне қызығатын 
3) көп оқушылар санынан құралған жаппай ұйымдар.  
Өзіндік жұмыс үйірмелерді ұйымдастыруда алғашқы баспалдақ болып табылады.Ол 
Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың жетістікті түрде өткізілінуінің маңызды 
1) мектепте құрылған немесе құрылуға тиісті үйірмелер тізімі 
2) үйірмелерді жабдықтармен, материалдармен және оқу құралдарымен қамтамасыз 
3) жұмыс істеу орны тұрақты көрсетілген әрбір үйірменің 
4) жаппай сыныптан тыс үйымдарының өткізілу графигі  
Еңбек және техникалық творчество бойынша сыныптан тыс жұмыстардың 
1) пәнді-техникалық немесе жай ғана пәндік;  
2) творчестволы, құрастырылымды;  
3) үйірмелер- курстар (автомобилистер, мотоциклистер, киномеханиктер).  
Пәнді-техникалық үйірмелердің мақсаты – пән бойынша оқушылар білімі 
Творчестволық құрастырылымды үйірмелерге оқушылар оқу құралдарын, жабдықтарды, 
Оқу-техникалық үйірмелері немесе үйірмелер-курстар қандай да техника 
Оқу-техникалық үйірмелер пәндік және құрастырылымды үйірмелерге қарағанда мейлінше 
Техникалық творчествомен барлық оқушылар бірдей ұзақ айналыспайды.Олардың көбісі 
Мектептерде оқушыларды ғылым мен техника тарихымен таныстыру бойынша 
Техникалық насихаттың маңызды құралы оқушылардың өндіріс жаңашылдарымен, ойлап 
Техникалық творчествоның насихатының ең кең тараған формаларының бірі 
Мектептерде ең әр түрлі көрмелер ұйымдастырылады.  
Негізінен, оқу жылы соңында техникалық үйірмелердің есептік көрмелері 
Көрмелер дайындау – жауапты іс.Мұнда экспонаттарды дұрыс таңдауға 
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жаппай формаларының арасында 5-9 
Олимпиядалар мен байқаулардың өткізілуі және ұйымдастырылуы үшін арнайы 
Әділ қазы алқалары оқушылар үшін тапсырма реттеп, жарыс 
Байқаулар мен олимпиядалар әділ қазылар алқасы протоколымен жарияланатын 
ІІ. Оқушыларды үлкендер еңбегімен таныстыру  
Ересектердің еңбектегі кызметімен таныстыру бойынша арнайы жұмыс жүргізбеінше, 
Еңбек туралы білімнің мазмұны мен көлемі оқу программасымен 
Бұл білімдерді алу жолдары әр қилы.Балалар негізгі білімді 
Алайда бұл білімдер үздік-үздік, толық емес.Мектептің міндеті – 
Еңбек туралы білімді жинақтауға сыныптан тыс жүргізілетін тақырыптық 
Балалардың оқығандарды қабылдау әсерлілігін арттыру үшін кейбір жеке 
Еңбек адамдары туралы білімді жинақтаудың қайнар көзі өндіріске 
Мұғалім экскурсия кезінде еңбектің эстетикалық жағына назар аударады, 
Ересектер еңбегі туралы алған білімдерін балалар өздерінің творчестволық 
ІІІ. Жұмысты есепке алу  
Техникалық үйірмелердің жұмысын үйірмелердің жаңа жетекшілері мен техникалық 
йірме жұмысын есепке алу қарапайым түрде жүргізілуі тиіс.Әрбір 
Мұндай есепке алу алдағы оқу жылында сабақтың сапасын 
Жұмысты есепке алыдың тағы бір формасын пайдалану ұсынылады.Әдетте 
Немесе шұғылданғандығымен таныстырудың зор тәрбиелік маңызы бар.  
І.Еңбек, техника бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар мен 
Еңбек бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмысқа жалпы 
Еңбек,техника бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмысты ұйымдастыруда, 
.Оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар  
Оқушылардың сабақтан тыс уақытын балаларды бір іспен шұғылдандырса 
Осы талаптардың кейбіреулерін толығырақ қарастырып көрелік.  
Оқудан және сабақтан тыс жұмыстардың оқушылармен етене бірлігі.  
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың белгілі мақсаттағы іс-әрекеті бүкіл 
Сынаптан тыс тәрбие жұмысы едәуір дәрежеде сабақ үстінде 
Мұндай жүйені жүзеге асыруда жалпы мектептік жұмыс жоспарының 
Мурманскінің №38 мектебінде, мәселен, оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы 
Әрбір оқушы сабақтан бос уақытта пайдалы іспен шұғылданатын 
Мектеп пен оның төңірегі қашан да пайдалы істерге 
Липецк мектептерінің бірінде 5-8 сыныптардағы “қиын” оқушыларымен әнгіме 
Сайып келгенде мұның бәрі де балалар төңірегіндегі ақылшы-стаздарға 
Сыныптан және мектептен тыс істердің қоғамға пайдалы 
Сыныптан және мектептен тыс жұмыс көбінесе мектептің спорт 
Сыныптан және мектептен тыс істердің алуан түрлілігі мен 
Қандай да болсын сыныптан және мектептен тыс істерге 
Егер де мектепте тек пәндік үйірмелер ұйымдастырылып, мұндағы 
Бір мектепте үйірмелердің әлде біреуі, ал көшелелерде – 
Мектеп пен мектептен тыс мекемелер жұмысының өз ара 
Сыныптан және мектептен тыс істерге мектеп оқушыларының өз 
Жекелеген оқушылар көбінесе мектептегі және мектептен тыс мекемелердегі 
Оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға жұртшылықтын қатысуы.  
Жалпы орта білім беретін мектептің уставында былай делінген:“Қамқорлыққа 
Көптеген мектептер оқушыларды сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға шебер 
байланыс орнатады.  
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың іс-әрекетін қадағалауда да жұртшылық 
І. Мектеп – оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастырушы  
Оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру, оларды пайдалы іспен 
Оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастырудың күрделілігі мынада.Әрбір мектепте 
Әрине, сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде балалар творчествосының 
Сабақтан тыс жұмыстардың барлығы да белсенді, өскелең болып, 
Оқушыларды саяси жағынан тәрбиелеуде өлке танудың маңызы өте 
Өлке тану мен туризмге тән қасиет мынада: балалар 
Оқушылардың мектептегі өз қолдарымен жасаған өлке тану музейлері 
Оқушылар денешынықтыру және спорт ісімен әуестене шұғылданады.здік мектептерде 
Ата –аналар жанұядағы дене тәрбиесінің міндеттерімен және формаларымен, 
Ойын әрбір мектептің тәрбие жұмысының етене бөлігі болуға, 
Мектептер, тек сабақ үстінде ғана емес, сондай-ақ сабақтан 
Мектеп кітапханаларына үлкен қамқорлық жасап, олардың жанында балалар 
Бағалы кітаптардың балалар арасында таралуына түрлі әдеби үйірмелер 
Кез келген жастағы оқушылардың тестр өнері еліктіреді.Оқушыларды жан-жақты 
Бірқатар мектепте театрға барардың алдында әр жолы әңгіме 
Практикада мектептің музыкалық-вокальдық сыныптан тыс сабақтарының барлық түрінен 
Елімізде мектеп оқушыларының күшімен опералар даярлап, оған оқушылардың 
Мектеп хорлары – ең лайықты іс саналады.Сондықтан да 
Сабақтың сыныптан тыс формалары оқушыларды аса ірі актерлердің, 
Музыкалық өмірдің түрлі оқиғалары – орындаушылардың халықаралық конгрестері, 
Оқушыларды музыка өнеріне тартуда мектеп радиоторабы үлкен роль 
Мектеп кештеріндегі билер, сахнаға арналған хореографиялық орындаулар, салтанатты 
Эстетикалық тәрбиенің сан алуан формаларына байланысты сабақтан тыс 
Озат тәжірибе мектептерде көркем өнер советтерін құру тиімді 
Сабақтан тыс уақытта техникалық творчество үлкен орын алады.Оқушылардың 
Техникалық үйірмелердің барлық түрлерін шартты түрде төрт негізгі 
1. Жалпы техникалық дайындық “Шебер қолдар”, техникалық модельдеу, 
2. Творчестволық конструкторлық.Жалпы техникалық немесе ауыл шаруашылық техникасы 
3. Пәндік (ғылыми-техникалық): физикалық, физика-техникалық, химиялық, агрохимиялық, астрономиялық 
4. Өндірістік (пәндік) : ағаш ұстасы, слесарьлық, токарьлық, 
Техникалық үйірмелер оқушылардың тек бір бөлігін – техникамен 
Мұндай формалардың бірі өткізу әдістемесі және тақырыбы жағынан 
Жеке әңгімелер мен техникалық кештерді ғалымдар мен өнертапқыштардың 
Әңгімелерді өткізу үшін қамқорлыққа алған ұйымдардың өкілдерін, инженерлерді, 
Сондай-ақ техникалық ойлау, конструкторлық тапқырлық пен өнертапқыштықты дамытуға 
Бірқатар мектептерде оқу жылының аяғында бүкіл пәндік және 
Бұл көрме оқушылардың техникалық өнерпаздығынің ерекше қоғамдық байқауы 
Әдетте мектептің техникалық үйірмелері оқушылар техникалық творчествосының аудандық, 
Жаппай техникалық насихаттың маңызды элементі - ғылыми-көпшілік және 
Тәрбие мақсатын көздеп, оқушылардың сабақтан тыс уақытын пайдалануға 
Мектеп жұмыстарын инспекциялау жұмысын жетілдіру қажеттігі де туады.Инспектор 
Білім беру органдары оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру 
Мұндай жағдайлар оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекет ұйымдастыруға жеткілікті 
Сабақтан тыс уақытты ұйымдастыруда мектепке көмек көрсетуде жұртшылықтың, 
ІІ. Мектепте еңбек пәні, техника бойынша оқушылардың жұмысын 
Мектепте физика, еңбек сабағын оқыту неғұрлым жақсы жолға 
Еңбек пәні,техника бойынша кластан және мектептен тыс жұмысты 
Жеке жұмыс - үйірмелер ұйымдастырудың алғы шарты 
йірмелер ғылыми-техникалық әрекеттің нақты түрлеріне ынта қоюшы оқушыларға 
Көпшілік шаралар оқушыларды ғылым мен техника дамуының негізгі 
йірме жұмысы  
Оқушылардың еңбек пәнінен,техникадан өз беттерінше жұмыс істеуінің негізгі 
Ойдағыдай жұмыс істеу үшін әрбір жеке үйірмені білім 
йірме арнаулы бағдарлама негізінде жұмыс істейді. Мұндай бағдарлама 
Әрбір үлгі бағдарлама танымдық және теориялық мәліметтердің белгілі 
Осыдан келіп үлгі бағдарлама бойынша әрбір тақырыпқа берілген 
Жұмыс жоспарында бағдарлама тақырыптарын атап көрсетіп, әрбір осы 
Кейде белгілі бір творчестволық қоғамдық пайдалы міндетті шешу 
йірме жұмысын жоспарлауда жетекші тек техникалық міндеттермен шектеліп 
йірмеде оқушылар үшін ережелерді, қатаң, саналы тәртіпті сақтау, 
Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білулері де тәрбиелік 
йірме жетекшісінің негізгі әдістемелік міндеті – практикалық жұмысты 
Теориялық түсіндірмелердің негізгі мақсаты – белгілі бір прибордың, 
йірме мүшелеріне осы прибордың, машинаның немесе модельдің құрылысы 
Кез келген техникалық үйірменің бағдарламасы оқушыларда Отан сүйгіш 
Жоғары сынып оқушыларын біріктіретін үйірмелерде көпшілікке арналған әңгіме 
Теориялық мәселелер бойынша әңгімелерге сабақтың алғашқы 15-20 мминуты 
Ол – лекция емес, тек қана әңгімелер болуы 
Жоғары сынып оқушыларына арналған үйірмелерде теориялық білімдер жас 
йірме жұмысын факультативтік сабақтармен ұштастыру – перспективалы іс. 
Алғашқы бірнеше сабақты теорияға арнау әдетте, ойдағыдай нәтиже 
Мұнымен қатар модельдер мен приборларды, бұйымдарды жасау мақсатсыз 
Педагогикалық жұмыс процесінде жас техниктер саймандар мен жұмысқа 
Жетекші сабақ үстінде әңгімеден кейін практикалық жұмысты жұмыстың 
Модельдер мен приборлар, бұйымдар жасағанда, олардың орындалуын жеке 
Практикалық жұмыс толық түсінікті болуы тиіс, сондықтан жұмыс 
йірме жетекшілерінің алдындағы міндет – жұмысты ұйымдастыра білудің 
Белгіленген модельдерді, приборларды немесе бұйымдарды дайындау технологиясындағы сатылыққа 
Байыпты істелген жұмыс ең болмағанда қарапайым есептеулерді талап 
- сызуды білмейінше меңгеруге болмайды.²тілі²Техниканы оның  
Жұмыстың мазмұны туралы айтылғанның техникалық,еңбек үйірмелердің барлығына да 
ІІІ.Жазда жүргізілетін тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы  
Мектептер сабақтан тыс уақытта, демалыс күндерінде , күзгі, 
Жыл асқан сайын мектептердің жазғы істерінің мазмұны байи 
Жазда оқушылар ұжымы мектеп “ауласынан шығып”, өмірмен, халықтың 
Жаз тәрбие жұмысына кітап, ерзімді баспасөз, радионы пайдалануға 
Жаз айлары табиғатты зерттеп білу, жаратылыс циклындағы биология, 
Жазғы жорықтар мен экспедициялар, мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде және 
Жазды балалардың денелерінің дамуы, денсаулықтарын шынықтырып, нығайтуға, мінезінде 
Жазда барлық оқушыларды түрлі спорт, қимыл және әскери 
Жазда денешынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын жүзеге асыруда педагогикалық 
Оқушыларды алдағы жаз дайындығына қатыстыру (белсенділер, туристер отрядтары 
Кейбір мектептерде жазғы жұмыстың бар салмағын сыныптан және 
ІХ.Жазда жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың мазмұны мен формалары.  
Оқушылардың жазда жүргізілетін жұмысының көбінесе мақсатқа сәйкес және 
Табиғатты тануға көмектесу, оған суйіспеншілікті тәрбиелеу, Отанның табиғат 
Педагогикалық ұжымдар оқушылардың жерге деген сүйіспеншілігін, диқандардың еңбегін 
Оқушыларды жазғы уақытта шамалары келетін еңбекке,  
Қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларын мектеп, интернат, спорт 
Экспедициялар мен жорықтар – мектептің жазғы жұмысының ең 
Оқушылар экспедицияның басты ерекшеліктері – олардың ғылыми-зерттеу, шаруашылық 
маңызы бар әр түрлі зерттеулер жүргізіледі.Жорықтың басты міндеттерінің 
Оқушылардың геологиядан, археологиядан, гидрологиядан, геофизикадан, ботаникадан, су көздерін 
Иркутскінің жас туристері Сибирь тайгасындағы бағалы пайдалы қазбаларды 
Экспедиция кезінде оқушылардың орындайтын күрделі тапсырмаларының қоғамдық маңызы, 
Мектеп экспедициясы бір қалыпты болуы мүмкін немесе комплекстік 
Оқушылардың алуан түрлі тақырыптық жорықтары мен экскурсияларының танымдық 
Оқушылар мектеп спорт-туристік лагерьлерінде қызықты дем алады.Мұндаға жұмыстар 
Көптеген мектептер, мектеп-интернаттар ауылдық жерде тұрақты лагерьлер салады, 
Мектептердің жазғы балалар алаңдары мен лагерьлері негізінен кіші 
Мектептер, кәсіподақ, шаруашылық лагерьлердің жұмысына белсене қатысуға міндетті.Кәсіподақтарының 
Қорытынды  
Жазғы үш ай мектептің оқу-тәрбие белсенділеріне еніп, уақытында 
Жазғы жұмысты жоспарлауда ұйымдастырушының ролі зор – жазғы 
Мұғалімдер оқушылармен жазда істелетін жұмысты жоспарланғанда, оның оқу-тәрбие 
Жазға тән жұмыс формаларымен (жорық, экспедиция, лагерьдің әр 
Мұнымен қатар педагогтар мен оқушылар ұжымының тәжірибесіесіндегі жинақталған 
Алаңдар мен мектептер жанындағы қалалық лагерьлерде киноға бару, 
Жазда балалар мен жеткіншектердің жастары мен қызығуларына сәйкес 
Тапсыпмалардың көп тараған түрлерінің бірі – коллекция, күнделік 
Әрбір оқушы дене шынықтырудан жазға тапсырма алуы тиіс.Дене 
Мектептің жазғы жұмысты тікелей ұйымдастыруында оқу-тәрбие прцесін дұрыс 
Кейбір мұғалімдер жазғы лагерьлер мен жорықтарда оқушылардың өзін-өзі 
Жазғы жұмысты әзірлеп өткізудің жоспарын жасауға оқушылардың өздерін 
Дайындық кезеңі ең алдымен оқушыларға нұақау беріп, үйрету 
Мектеп оқушыларға жазда өзінің материалдық базасын барынша пайдалануға 
Балалар өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, кез келген 
Суға тісетін жерді белгілеу ерекше маңызды, оның түбін 
Лагерь ұйымдастырғанда оларды өрттен қауіпсіздендіру қажет, лагерьде ауыз 
Егер мектептің жазда жүргізетін тәрбие жұмысының ұйымдастыруға, әзірленуге 
Еңбек пәні бойынша оқушылардың сарамандық жұмысы қызықты да 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  
1.Савин Н.В. Педагогика – Алматы: Мектеп, 1990  
2.Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу /В.П.Кыркалов, П.Э.Шпитальник 
3.Хамзин Б.Н. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу – Алматы: Мектеп, 
4.Құдайқұлов М. Қабілеттілік дағды шеберлік - 
5.Атутов П.Р. Политехнический принцип в обучении школьников 
6.Бабанский Ю.К. Как оптимизировать процесс обучения – 
7.Вордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика – Сант-Петербург, 
8.Жұмабаев М. Педагогика – Алматы: Мектеп, 1990  
9.Қожахметова К.Ж., Мухамбетова С.Қ. Педагогика және психология.Негізгі ұғым 
10.Мухамбетова С.Қ. Педагогика және педагогикалық технологиялар – Ақтобе: 

Оқытуды ұйымдастырудың нысандары 
Тақырыптың жоспары: 
1. Оқу жұмысын ұйымдастыру нысандарының тарихы. 
2. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. 
3. Сабақ, оған қойылатын талаптар. 
4. Сабақтың типтері мен құрылымы. 
5. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары. 
6. Мұғалімнің сабаққа әзірленуі, оны жоспарлауы. 
7. Сыныптан тыс жұмыстар, экскурсия, практикумдар. 
1. Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді. 
Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады. 
Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді. 
Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды. 
Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйіндеорындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады. 
Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан. 
Жекелеп оқытудың жақсы жақтары: 
•    Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды. 
•    Оқушының қатесін уақытында түзетеді. 
•    Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.  
Кемшіліктері: 
•    Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі. 
•    Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды. 
•    Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады. 
Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, "түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың кез келген уақытында келді. 
Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады. 
X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский. 
Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды. 
XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті. 
Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді. 
Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде жоспардың кейбір жерлері қолданылады. 
Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау. 
Дальтон жоспары. Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мұғалімі Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп беріп отырды. 
Бірақ көптеген оқушылар мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады. Сондықтан дальтон жоспарымен Оқыту мүмкін болмады. 
Оқушының әр түрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші пән бойынша 5-сыныпта оқиды. 
Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не екі пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар. 
1.    Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі — сабақ. 
Сыныл-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері. 
•    Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді. 
•    Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді. 
•    Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады. 
•    Жұмыстың негізгі түрі – сабақ. 
•    Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі. 
•    Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды. 
•    Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі; 
•    Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі. 
Сынып – сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді. Кемшілігі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты кемшілігі "орташа" оқушымен жұмыс істеудің, жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы. 
Сондыңтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде. 
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды. 
Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады. 
2.    Сабаққа қойылатын талаптар 
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн: 
•    жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру; 
•    тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; 
•    сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау; 
•    қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету; 
•    баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу; 
•    алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек; 
•    өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді. 
I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: 
•    білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау; 
•    оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру; 
•    оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру; 
•    оқыту принциптерін қолдану; 
•    оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау. 
II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар: 
•    оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау; 
•    оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу; 
•    оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы; 
•    білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру. 
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру: 
•    жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау; 
•    оларға жеке тапсырмалар беру; 
•    әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау. 
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар: 
•    қалыпты температуранық болуы; 
•    ауаны тазартып түру; 
•    жарықтың болуы; 
•    балаларды шаршатпау; 
•    іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады; 
•    сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу; 
•    оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары; 
•    сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы. 
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар: 
•    сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы; 
•    сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі; 
•    мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру; 
•    мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс. 
Тәрбиелік талаптар: 
•    оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау, орындалатын тәрбиелік мақсат қою; 
•    оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер қою; 
•    оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ: табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты, өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты тәрбиелеу; 
•    балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу' 
•    ізгілендіру, әрбір баланың жеке ерекшелігіне сүйеніп тәрбиелеу. 
Сабақ арқылы оқушыны дамыту талабы: 
•    балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту, шығармашылық бастамаларын және белсенділіктерін қолдау; 
•    оқушылардың даму деңгейін зерттеу және есепке алу; дамудағы сапалы, жаңа өзгерістерді қуаттау. 
4. Сабақтың типтері және құрылымы: 
Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортаң бір белгіні табу үшін оларды "жіктеу" керек. 
Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді. 
Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау, аралас сабақтар деп бөлінген. 
Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді бекіту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету. 
Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар. 
Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі. 
Жаңа оқу материалын оқу сабағы 
Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек. 
Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады. Бір сабақта бірнеше, мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады. 
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету үшін проблемалық әдіс, қызықты мысалдар, фактілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және техникалық құралдар пайдаланылып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі және бекітіледі. Кейбір жаңа оқу материалын өткен оқу материалын білмей меңгеру мүмкін емес. "Таза" күйдегі жаңа оқу материалын оқу орта және жоғары сыныптарда қолданылады. Себебі жаңа материал көп, оқушылар белгісіз оқу материалдарымен ұзақ жұмыс істей алады. Бастауыш мектепте тек жаңа материалды оқыту қиын, себебі оқушылар әлі күрделі оқу жұмыстарына әзір емес. Аралас сабақ жаңа материалдың шағын бөлігін бекітумен ұштасады. 
Оқылатын материалды бекіту сабағы жекелеген тақырыптарды, бөлімдерді өткен соң, материалды терең түсіну және меңгеру мақсатында өткізіледі. Мысалы, қазақ тілінде "Зат есім" тақырыбына көптеген сабақтар арналып, соңғы сабақта оқылған материал бекітіледі. Оқушылардың сабақтың өтетін уақытын және оның негізгі міндеттерін білгені жақсы. Мұғалім бекітетін негізгі сұрақтарды бөліп, білім тексеруді ауызша, жазбаша, тәжірибелік жұмыстармен, өздік жұмыстармен ұштастырады. Осы жұмыстар бекіту сабақтарының құрылымына кіреді. Ол өткен оқу материалын әрбір оқушыдан немесе бәрінен сұраудан басталады. Содан кейін білім тексеру тақырыптың күрделі жерлерін бекіту үшін жаттығулар жүргізумен ұштасады. 
Сабақ соңында шағын өздік жұмыс өткізіледі. Математика, физика, химия сабақтарында ол есептер және мысалдар шығарумен байланысты. Тіл сабақтарында диктанттың алуан түрлері, шығарманық қысқаша мазмұны жазылып, оларды мұғалім тексереді және бағалайды. Әдісі: ауызша, жазбаша жаттығу, білім тексеру, бағалау. Тәсілдер: перфокарта, карточкалармен жұмыс, кесте жасау. 
 
Білімді тәжірибеде қолдану 
Оның кезеңдері: 
•    ұйымдастыру; 
•    мақсат қою; 
•    үй тапсырмасын тексеру; 
•    білімді еске түсіру; 
•    білім, іскерлік, дағдыларды тәжірибелік міндеттерді шешу үшін қолдану; 
•    оқушылардың орындаған жұмыстары жөнінде есеп жазуы; 
•    үй тапсырмасын беру. 
Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп тәжірибелік жұмыстар жасайды, алдымен үй тапсырмасы тексеріледі. 
Мысалы, экскурсия кезінде жинаған материалдарға сүйеніп, мектеп жанындағы алаңға егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды. Шет тілі сабағында түрлі тақырыптарға диалог құрастырады. Осылайша оқытудың өмірмен байланысы жүзеге асады. 
Жаппай, топтың және жеке жұмыстар жүргізіледі. 3 оқушыдан тұратын бөлім мектеп алаңында егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды. 
Түрлі ұжымдық жұмыстар оқушылардың арасындағы ізгі қатынастарға жақсы әсер етіп, білімдерін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдану оқушыны дамытады. 
Практикум мақсаты – зертханалық жұмыстар өткізу. 
Кезеңдері: 
•    ұйымдастыру; 
•    мақсат қою; 
•    білімді еске түсіру; 
•    нұсқау; 
•    құрал-жабдықтарды іске қосу; 
•    эксперимент және оны бақылау; 
•    бақылау нәтижелерін талдау және безендіру; 
•    есеп жазу; 
•    есепті мұғалімге тапсыру. 
Ол жоғары сыныптарда бағдарламанық бөлімдерін, курсты оқып біткеннен кейін өткізіледі. Бұл сабақ оқушылардан бағдарламаны жақсы білуді, дамыған іскерлік пен дағдыларды талап етеді. 
Оқушылар аппараттарымен, приборлармен, өлшеуіш техникамен жұмыс істеп, эксперимент барысын жазады, талдайды, қорытынды жасайды, күнделік жүргізеді. 
Мұғалім эксперимент кезінде оқушының білімін қолдануына көмектесіп, оқушының жұмысына бақылау жасап, керек болса түзетеді. 
Тәжірибелік сабақтар шеберханаларда, оқу цехтарында, оқу-тәжірибе учаскелерінде өтеді. 
Кезеңдері: 
•    ұйымдастыру; 
•    мақсат қою; 
•    білімді еске түсіру; 
•    нұсқау; 
•    тәжірибелік жұмыс; 
•    жұмыс нәтижесін шығару. 
Сабақтың көп уақытында оқушылар тәжірибелік жұмыспен айналысады. Мысалы, шеберханада түрлі бұйымдар жасайды. 
Оқу-тәжірибе учаскесінде жерді өңдеп, өсімдік өсіреді, өнім жинайды. Репродуктивтік және ішінара ізденіс әдістері қолданылады. 
Әр оқушыға тапсырма, технологиялық карта беріледі, сол бойынша ол жұмыс істейді. 
Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі. 
Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама, есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік (зертханалық), сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т.б. Осы сабақ түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі. Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі - емтихан. Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, ісқорлік, дағдыларын танымдық-тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы айқынырақ көрінеді. 
Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы кемшіліктер анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді, оқушылардың және мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер енгізіледі. 
Әдістері: түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу, бағалау.  
Тәсілдері: бақылау жұмысын жаздыру, қорыту. 
Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы: 
•    оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің, заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенді арттыруға баса назар аудару; 
•    есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту; 
•    есте сақтауға және ұзаң уақыт есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасау; 
•    оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай топтастыру; 
•    мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту; 
•    есте сақталған мәліметтерді анықтау; 
•    қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді, үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану; 
•    білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға көмектесетін тірек мәліметтерді жиі қолдану. 
Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы: 
•    сабақтың басын ұйымдастыру; 
•    оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған міндеттерді айту; 
•    іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып үйрену; 
•    біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілер бойынша жұмыс істету; 
•    білімді және біліктілікті шығармашылықпен қолдану; 
•    дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру; 
•    үйге тапсырма; 
•    оқушылардың жұмыстарына баға беру және сабақты қорытындалау. 
Білім, іскерлік және дағдылары дамыту сабақтарының құрылымы. 
•    оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау; 
•    оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын естеріне түсіріп қолдануы; 
•    оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы; 
•    олардың орындаған жұмыстарын тексеру; 
•    қателерді талдау және оларды түзету; 
•    қажет жағдайда үйге тапсырма беру; 
•    қайталау сабағының құрылымы; 
•    ұйымдастыру бөлімі; 
•    білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою; 
•    негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды (тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру. Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру; 
•    тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін тексеру; 
•    үйге тапсырма. 
 
Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы: 
•    сабақтың мақсатын қою; 
•    жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды қайталау; 
•    бұрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру; 
•    жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету; 
•    жаңа іскерлікті меңгеру үшін оқушыларға түрлі жаттығулар жасату; 
•    іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жұмыстарын жүргізу; 
•    үлгі, алгоритмге, нұсқау бойынша машықтану; 
•    іскерлік пен дағдыны ұқсас жағдайларда қолдануға жаттығу; 
•    шығармашылық жаттығулары; 
•    сабақтың қорытындысы; 
•    үйге тапсырма. 
Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту. 
Түсіндіретін бөлік мұғалім нұсқауы, оқушыларды оқу жұмыстарына психологиялық жағынан әзірлеп, есептер шығару, шығарма, диктант, шығармашылық жұмыстар жазу. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне және бірқалыпты жұмыс істеуіне мұғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оқу қай бағытта жүретіні айтылады. 
Кейде сабақтың осы типінің мынадай элементтері болады: 
•    мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі; 
•    оқушылардың сұрақтарына жауап; 
•    оқушыларға тапсырма беру; 
•    тапсырманы тексеру; 
•    үйге тапсырма, сабақтың аяқталуы. 
Қорытынды – жинақ сабақтың құрылымы: 
•    ұйымдастыру бөлімі; 
•    тақырыптың маңызы, сабақтың мақсаты және жоспары туралы мұғалімнің кіріспе сөзі; 
•    жеке оқушыларға, сыныпқа, топтарға ауызша және жазбаша түрде орындалатын тапсырмалар беру; 
•    оқушылардың жұмыстарын тексеру, қажет болса түзету; 
•    оқылған материалды қорытындылау; 
•    сабақтың нәтижелеріне баға беру; 
үйге тапсырма.


Информация о работе Мектептен тыс тәрбие жұмысында қойылатын негізгі талаптар