Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 11:54, реферат
Тәрбие жүйесінде сыныпта және сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі балалардың тұлғалық және жас ерекшелігіне қарай анықталады. Сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаты − сабақ үстінде жүзеге асырылатын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, қоршаған ортаға қызығушылығын ояту, қоғамдық белсенділігін шыңдау, бос уақытын ұйымдастыруды көздейді.
Мектептен тыс тәрбие жұмысында қойылатын негізгі талаптар
Тәрбие жүйесінде сыныпта және сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі балалардың тұлғалық және жас ерекшелігіне қарай анықталады. Сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаты − сабақ үстінде жүзеге асырылатын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, қоршаған ортаға қызығушылығын ояту, қоғамдық белсенділігін шыңдау, бос уақытын ұйымдастыруды көздейді.
Мұғалім оқушыларды сабақтан тыс уақытта қарым-қатынас жасауға, әртүрлі жағдайда баланы зерттеп, ол туралы мәлімет жинауға мүмкіндік алады.
Педагогикалық энциклопедияда «мектептегі тәрбие жұмысының барлығы сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылып, сыныптан тыс тәрбие жұмысы» деп аталады.
Бүгінгі
таңда тәрбие жұмыстары оқушы
тұлғасын тәрбие субъектісіне айналдырып,
педагогикалық талаптарды орынды, белсенді
қабылдап, өзінің сапалық қасиеттерін
жетілдіру мақсатын көздейді. Сыныптан
тыс ұйымдастырылатын үйірмелер
және тәрбие жұмыстарында балалардың
өз бетімен жұмыс істеуіне кең
мүмкіндіктер жасалады. Өздігімен басқаруға
және дербестікті дамытумен
Мектеп практикасында сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына тек белсенді оқушыларды тарту әдетке айналуы кемшіліктердің бірі болып келеді. Неғұрлым қиын балаларды қызықты тәрбие сағаттарына тарту − олардың дұрыс өмір жолына түсуіне, ұжымдық іс-әрекетке қатысу ынтасының тууына ықпалын тигізеді. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың бұқаралық сипатта немесе жаппай оқушыларды қамту тұрғысында жүргізілуі басты ерекшелік болуы тиіс. Бірақ сыныптан тыс тәрбие жұмысының топпен және жеке оқушылармен ұйымдастырылатын түрлері бірін-бірі толықтыра түседі.
Сыныптан тыс
тәрбие жұмыстарының элементтері мен
компоненттері туралы бірнеше көзқарастар
қалыптасқан. Ғылыми-әдістемелік
Сыныптан
тыс тәрбие жұмыстардың құрылымдық
компоненттері және элементтері
Сыныптан
тыс жұмыстардың компоненттері |
Сыныптан тыс жұмыстардың құрылымдық элементтері |
Жеке-топтық компонент |
1. Сынып жетекшісі
2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы 3. Оқушылардың ата-аналары 4. Тәрбие үдерісіне және сынып ұжымының күнделікті әрекетіне қатысатын оқушылар |
Мазмұндық компонент |
1. Сыныптан
тыс жұмыстың мақсаты мен
міндеттері 2. Тәрбие жұмысының мазмұны 3. Тәрбие жүйесінің құрылымы |
Іс-әрекеттік компонент |
1. Бірлескен
әрекет пен қарым-қатынасты
ұйымдастыру формасы мен әдістері 2. Тәрбие жүйесінің барысы 3. Сынып оқушыларының өзін-өзі басқаруын және педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету |
Ал, бірқатар зерттеулерде сыныптан тыс тәрбие жұмысының формасын сипатына және ұйымдастырылуына қарай жіктелінген.
Ізденіс жұмысының нәтижесінде сыныптан тыс тәрбие жұмысын − тәрбиелеу мақсаты, оқушы, сынып жетекшісі, ата-аналар, тәрбие мазмұны, формалары мен әдістері, процестері компонентерінің бір-бірімен тығыз байланысындағы тәрбие жүйесінің бір бөлігі деп тұжырымдадық. Жүйенің әрбір компоненті тәрбиелеуде белгілі бір рольді атқарып, сынып жетекшісі өз алдына белгілі мақсат қоятын, әлеуметтік-ұйымдастырушы тұлға ретінде басты компонент болып саналатынын дәлелдей түстік.
Енді осы сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың инновациялық технологиялары туралы түсініктерді анықтауға көшсек.
Cонымен, сыныптан тыс жұмыстарда салауатты өмір сүру дағдысын тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулерде, тәжірибелік бағдарламалар мен оқу-әдістемелік оқулықтарда атап көрсетілген эмпирикалық мәліметтерді талдау бізге төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндіктер берді:
-
оқушылардың салауатты өмір
- оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын тәрбиелеудің негізгі міндеттері − салауатты өмір салтын қалыптастыруға игі ықпал ететін қазақ халықтық педагогикасының құралдарын қолдану;
- ауылдық жердің ерекшеліктерін ескеру;
- оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуді ұйымдастырудың оптималды психологиялық-педагогикалық жағдайларын жасау;
- оқушыларға салауатты өмір салты туралы түсініктерді дарыту;
- оқушыларды салауатты өмір салтын саналы түрде ұстануға ұмтылдыру;
- оқушылардың салауатты өмір салтына өздерін өздері тәрбиелеуге көмек көрсету;
- оқушылардың өз денсаулықтарын сақтауға, нығайтуға деген жеке бастың жауапкершілігін және салауатқа қызығушылығын қалыптастыру;
- оқушылардың салауатты өмір салтының тәрбиелілігінің құрылымдық үлгісін құру, оның негізгі және өзара байланысты элементтеріне салауатты өмір салты туралы сауаттылығы, оны сезінуі және соған сәйкес мінез-құлқы жатады. Осы құрылымдық үлгі негізінде сыныптан тыс қызмет барысындағы эксперименталдық жұмысқа дейінгі және одан кейінгі оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиеленуінің деңгейін атап көрсетуге болады;
- сыныптан тыс қызмет барысында оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуді ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық жағдайларын атап бөліп көрсетуге болады, олар: ауылдық жерлердің этникалық, демографиялық ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық және жеке бастың қызметтік жағдайлары, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны
Информация о работе Мектептен тыс тәрбие жұмысында қойылатын негізгі талаптар