Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 19:15, реферат

Описание

Жалпы бұл стандартты қолдану мынадай мақсаттарға қол жеткізуді қарастырады:
- білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын міндетті талаптар есебінен білім беру сапасын арттыру және техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың жұмысының тиімділігін бақылау жүйесін құру;
- білім алушыларды даярлауды бағалау жүйесінің әділділігі мен ақпараттылығын арттыру;
- техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарды оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын жақсарту;
- еңбек рыногында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңартуда дербестік беру;
- оқу орындарында білім алушылар құзыреттілігін бағалауды негізгі білім беру нәтижелері түрінде әзірлеу;
- білім беру бағдарламаларының бірізділігін және білім берудің келесі деңгейінде оқытуды жалғастыруды қамтамасыз ету [1].

Работа состоит из  1 файл

Канаткызы КарГТУ тезис.doc

— 53.00 Кб (Скачать документ)

ӘОЖ 378:006=512.122 Қанатқызы А.- ҚарМТУ студенті (ПО-10-2тобы)

     Альмагамбетова А.Б. - ҚарМТУ студенті (ПО-10-2 тобы)      

     Ғылыми жетекшісі.- х.ғ.к., доцент Нурмағанбетова М.С.

 

 

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК  ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ

 СТАНДАРТЫНЫҢ  МӘНІ

 

Қазақстан  Республикасының   2030 жылға  дейінгі  стратегиялық даму бағдарламасында  көрсетілгендей, білім  беруді  инновацияландыруға  сай  икемдеу  үшін, білім   беру  жүйесін ақпараттандыру  талабы  қойылып  отыр. Қазір еліміз жоғары қарқынмен елу елдің қатарына қосылуды алдына мақсат етіп отыр. Осы мақсатқа жету үшін еліміз алдына біршама міндеттерді қойып отыр. Осы мақсатқа жетуге зор үлесін қосатын ең біріншіден еліміздің білімді де, дарынды, алғыр жастары. Егемен елімізде жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына баса мән берілуде. Жыл сайын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында да жастардың заман талабына сай білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктер жасалатыны жөнінде айтылып, тиісті орындарға тапсырмалар жүктелуде. Қазіргі таңда білім  беру жүйесінің  басты  міндеті - ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері  негізінде жеке  адамды  қалыптастыруға, дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған білім алу үшін  қажетті жағдайлар жасау, оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу, білім  беруді  ақпараттандыру. Осы орайда білім беру  жүйелерінде қайта құру  жүріп жатыр, білім беру  жүйелерінің жаңа  ұлттық  моделі  құрылуда.

Осының бір көрсеткіші 2008 жылы 14 шілдеде қабылданған «ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты». «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және техникалық, кәсіптік білім саласында мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын айқындайды. Стандарт оқу орындарында модульдік оқытуды пайдалану мүмкіндігін  қарастырады. Осы стандартқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу үдерісі дәстүрлі оқыту жүйесіне, сол сияқты кредиттік оқыту жүйесіне негізделді. Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты оқу жүктемесінің барынша көп көлеміне және білім алушының даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды [1].

Жалпы «Стандарт» дегеніміз (ағ. standard – өлшем, үлгі, өлшегіш) – басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель. «Стандарт» термині білім жүйесінде тұңғыш рет американдық мұғалімдердің ұлттық кеңесінің ұсынуымен 80-жылдардың ортасында қолданыла бастады.

Мемлекеттік жалпы  міндетті білім беру стандартында сәйкес терминдер мен анықтамалар пайдаланылады. Оларға қосымша түсініктер мен олардың анықтамалары белгіленген [2].

Жалпы Қазақстандағы барлық білім беретін (орта, жоғары, кәсіптік) оқу орындары осы стандартқа сәйкес білім беруде. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университеті де, осы стандартқа сәйкес жас мамандар дайындау үстінде. Модульдік оқыту процессі, кредиттік оқыту технологиясы арқылы жыл сайын жоғары квалификациялы, сұранысы жоғары мамандар шығаруда. Жалпы осы стандартты құрастырушылардың мақсаты егемен елімізде заман  талабына  сай  бәсекеге  қабілетті, білімді, іскер, ойлау  жүйесі  дамыған, адамгершілігі  жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін  ойлай  алатын  жеке   тұлғаны қалыптастыру.

Жалпы бұл стандартты қолдану мынадай мақсаттарға қол жеткізуді қарастырады:

- білім  алушыларды даярлау деңгейіне  қойылатын міндетті талаптар  есебінен білім беру сапасын  арттыру және техникалық және  кәсіптік білім беретін ұйымдардың жұмысының тиімділігін бақылау жүйесін құру;

- білім алушыларды даярлауды бағалау жүйесінің әділділігі мен ақпараттылығын арттыру;

- техникалық  және кәсіптік білім беретін  ұйымдарды оқу-әдістемелік қамтамасыз  етудің сапасын жақсарту;

- еңбек рыногында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; 

- техникалық  және кәсіптік білім беретін  ұйымдарға білім беру оқу бағдарламаларының  мазмұнын жаңартуда дербестік  беру;

- оқу  орындарында білім алушылар құзыреттілігін  бағалауды негізгі білім беру  нәтижелері түрінде әзірлеу;

- білім  беру бағдарламаларының бірізділігін  және білім берудің келесі  деңгейінде оқытуды жалғастыруды қамтамасыз ету [1].

Міне  осындай мақсатты алдыға қойып осы стандартты жүзеге асыру үстіндеміз. Жалпы осы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты арқылы біз біздің болашағымыз жарқын болатынына кепілдіміз. Осы стандартты еліміздегі барлық оқу орындары берілген шарттарға, ережелерге сүйене отырып іске асырса бұл жобаның арты жақсы боларына сене аламыз.

Болашақ бізідің – жастардың қолында. Елімізді дамыған, жетілген елу елдің  қатарына қосу тек біздің қолымызда. Осындай мақсатты, ұранды алдыға тарта  отырып, осы үшін жасалып жатқан осындай білім беру, оқыту жүйесін дамыта отырып біз қолға алған мақсатымызға жете аларымыз хақ.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіби білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы № 9 бұйрығы.
  2. Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік стандарты  туралы  ережесі. 1996, 2000.

 

 

ӘОЖ 378(574):006=512.122      Қанатқызы А.- ҚарМТУ студенті (ПО-10-2тобы)

     Альмагамбетова А.Б - ҚарМТУ студенті (ПО-10-2 тобы)      

      Ғылыми жетекшісі.- х.ғ.к., доцент Нурмағанбетова М.С.

 

 

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК  ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ

 СТАНДАРТЫНЫҢ  МӘНІ

 

Қазақстан  Республикасының   2030 жылға  дейінгі  стратегиялық даму бағдарламасында  көрсетілгендей, білім  беруді  инновацияландыруға  сай  икемдеу  үшін, білім   беру  жүйесін ақпараттандыру  талабы  қойылып  отыр. Қазір еліміз жоғары қарқынмен елу елдің қатарына қосылуды алдына мақсат етіп отыр. Осы мақсатқа жету үшін еліміз алдына біршама міндеттерді қойып отыр. Осы мақсатқа жетуге зор үлесін қосатын ең біріншіден еліміздің білімді де, дарынды, алғыр жастары. Егемен елімізде жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына баса мән берілуде. Жыл сайын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында да жастардың заман талабына сай білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктер жасалатыны жөнінде айтылып, тиісті орындарға тапсырмалар жүктелуде. Қазіргі таңда білім  беру жүйесінің  басты  міндеті - ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға, дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау, оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу, білім  беруді  ақпараттандыру. Осы орайда білім беру  жүйелерінде  қайта  құру  жүріп  жатыр, білім  беру  жүйелерінің  жаңа  ұлттық  моделі  құрылуда.

Осының бір көрсеткіші 2008 жылы 14 шілдеде қабылданған «ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты». «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және техникалық, кәсіптік білім саласында мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын айқындайды. Стандарт оқу орындарында модульдік оқытуды пайдалану мүмкіндігін  қарастырады. Осы стандартқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу үдерісі дәстүрлі оқыту жүйесіне, сол сияқты кредиттік оқыту жүйесіне негізделді. Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты оқу жүктемесінің барынша көп көлеміне және білім алушының даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды [1].

Жалпы «Стандарт» дегеніміз (ағ. standard – өлшем, үлгі, өлшегіш) – басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель. «Стандарт» термині білім жүйесінде тұңғыш рет американдық мұғалімдердің ұлттық кеңесінің ұсынуымен 80-жылдардың ортасында қолданыла бастады.

Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартында сәйкес терминдер мен анықтамалар пайдаланылады. Оларға қосымша түсініктер мен олардың анықтамалары белгіленген [2].

Жалпы Қазақстандағы  барлық білім беретін (орта, жоғары, кәсіптік) оқу орындары осы стандартқа сәйкес білім беруде. Қарағанды Мемлекеттік


Информация о работе Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мәні