Мне нАққу» бөбекжай-балабақшасы КМҚК аттестаттау комиссиясының №1 хаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 15:06, практическая работа

Описание

Мне нАққу» бөбекжай-балабақшасы КМҚК аттестаттау комиссиясының №1 хаттамасы
Күн тәртібі:
1. Педагогтардың аттестаттау комиссиясына біліктілік санаттарын көтеруге берген өтініштерін қарау, зерделеу.
2. Аттестаттау комиссиясының жылдық жұмыс жоспарын белгілеп, бекіту.
3. «Педагог қызметкерлердің аттестаттау Ережесін бекіту туралы» ҚР білім және ғылым министрлігінің жылғы Ережесімен таныстыру.
4. Аттестаттаудан өткен педагогтардың санаттарының сәйкестігі.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша аттестаттау комиссиясына біліктілік санаттарын көтеруге өтініш берген педагогтар өтініштерін қарап, зерделенеді.

Работа состоит из  1 файл

аттестаттау комиссиясы.docx

— 38.01 Кб (Скачать документ)

«Аққу» бөбекжай-балабақшасы КМҚК аттестаттау комиссиясының №1 хаттамасы

Қатысқандар:                                                                 2010жыл

Төрайымы: Иманбаева Шырын  Кенжебекқызы

Орынбасары: Мадениет Айнагүл

Хатшы: Мадениет А.

Комиссия мүшелері: Саттарова  Дина Жолдыбаевна

                           Сапаргалиева Аманбала Егинбаевна

 

Күн тәртібі:

  1. Педагогтардың аттестаттау комиссиясына біліктілік санаттарын көтеруге берген өтініштерін қарау, зерделеу.
  2. Аттестаттау комиссиясының жылдық жұмыс жоспарын белгілеп, бекіту.
  3. «Педагог қызметкерлердің аттестаттау Ережесін бекіту туралы» ҚР білім және ғылым министрлігінің                                           жылғы Ережесімен таныстыру.
  4. Аттестаттаудан өткен педагогтардың санаттарының сәйкестігі.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша аттестаттау  комиссиясына біліктілік санаттарын көтеруге өтініш берген педагогтар өтініштерін  қарап, зерделенеді.

Сөз алды:

       Аттестаттау  комиссиясының хатшысы-Смагулова  Г.О.

Аттестаттау комиссиясына біліктілік санаттарын көтеруге өтініш берген педагогтар:

  1. Екінші санатты растауға өтініш берген педагогтар:
    1. Иманбаева Шырын Кенжебекқызы-тәрбиеші, еңбек өтілі 11жыл,
    2. Мадениет Айнагуль-тәрбиеші, еңбек өтілі 5жыл,
    3. Малдыбаева Ақылгүл Құрманиязовна-тәрбиеші, еңбек өтілі 2жыл,

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша аттестаттау комиссиясына өтініш берген педагогтардың міндеттерін  анықтап, жылдық жоспарын бекіту.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау-біліктілік деңгейін, кәсіби құзырлығын, іс-әрекеттерінің  нәтижелілігін және сапасын талдау, оның әдістемелік тәжірибелік жұмыстарына  қатысунегізінде зерделенеді, әрі  пәндерге сәйкес пәндерден негізгі  лауазымы бойынша бірдей санат берілуімен өткізіледі.

Күн тәртібіндегі үшіншімәселе бойынша педагог қызметкерлерді аттестаттау

Ережесімен таныстыру.

     Педагог қызметкерлерді  аттестаттау Ережесі бойынша  ҚР «Еңбек Кодексінің» 233 бабы  және ҚР «Білім туралы» Заңының  5 бабының 37 тармағына сәйкес әзірленген. Бұл ережеде мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарының педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі анықталған.

        Ережеге сәйкес аттестаттаудың алдыңғы аттестатау мерзімі аяқталғаннан кейін, 5жылда кемінде бір рет өткізіледі.

 

Педагогикалық қызметкерлерді аттестациядан өткізу негіздері:

  • Алдыңғы аттестаттау мерзімі аяқталуы;
  • Педагог қызметкердің кезекті мамандық санатын көтеруге өтініш;
  • Педагог қызметкердің санатын көтеру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініші;

Білім мен тәрбие беру ұйымдарының  педагог қызметкерлерді аттестаттау  ағымдағы оқу жылының 10 қазаннан 30 наурыз аралығында өткізіледі.

Аттестаттаудан өту тәртібі:

Педагог қызметкерлерді аттестаттау  екі кезеңнен тұрады:

І-кезең. Кәсіптік тестілеу

ІІ-кезең Педагог қызметкерлер қызметінің қорытындысын талдау.

А) тест 100сұрақтан құрылған

1. ҚР Заңнамасын білу-20сұрақ

2. Педагогика және психология  негіздері-20сұрақ

3. Негізгі пән бөлімі-40сұрақ

4. Оқыту әдістемесі және  білім беру технологиясы-20сұрақ

Тестілеу уақыты 150 минут 60/-дан жоғары дұрыс жауап-оң нәтиже

Екінші кезеңге мыналар  кіреді:

Берілген материалдар негізінде талдау.

Әдістемелік шеберлік және мәдениет деңгейін анықтау. Балалардың үлгігерімі мен жетістігіне салыстырмалы талдау жүргізу, мониторинг жасау.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша аттестаттаудан өткен  педагогтардың біліктілікке сәйкестігі. Балабақшамыздағы даму бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында базистік оқу  жоспарына қосымша курстары, жеке және жұмыстар оқу сағаттары балалардың қызығушылығы мен таңдауы бойынша  жұмыстар ұйымдастырылады.

Шешімі:

  1. Өтініш берген педагогтардың іс-құжаттары сараптаудан өткізіліп, өтініштер қабылдансын.
  2. Аттестаттау комиссиясының жылдық жұмыс жоспары бекітілсін.

 

 

 

 

 

 

Аттестаттау комиссиясының  төрайымы:                                Ш.К.Иманбаева

Хатшы:                                                                                         А.Мадениет

 

 

 

 

 

 

 

КМҚК «Аққу» бөбекжай-балабақшасының аттестаттау комиссиясының №2 хаттамасы

Қатысқандар:

Төрайымы: Иманбаева Шырын Кенжебекқызы

Орынбасары: Мадениет Айнагүл

Хатшы: Мадениет А.

Комиссия мүшелері:

Д.Ж.Саттарова

Г.О.Смагулова

А.Е.Сапаргалиева

 

Күн тәртібі:

І. Аттестаттаудан өтуге  өтініш берген педагогтардың психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік бөлімдері мен дағдыларының игеруін;

- оқу әдістемелік жұмыстарына  қатысуын;

- шығармашылық қызметін;

- балалардың практикалық  дағдылары мен біліктілік деңгейі  нәтижесінде талдамалық қорыту  жүргізу.

 

Тыңдалды:

Аттестаттаудан өтетін педагогтардың  жұмыстарына комиссия мүшелері төмендегідей талдау жасады.

      Балабақша  меңгерушісінің орынбасары-Мадениет  А.

 

 

  1. Тәрбиеші-Иманбаева Шырын Кенжебекқызы балалардың танымдық белсенділігін, шығармашылығын арттыру үшін үнемі ізденіп, жас жеткінщектерді отан сүйгіштікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Оқу іс-әрекетінде ақпараттық технологиялардың элементтерін, электронды оқулықтарды ұтымды пайдаланады. Топтағы әр баланың жеке өзіндік көзқарасының қалыптасуына көп ізденеді.

Дүниені тануы, жаратылысты  білуі, лингвистикалық білімі, тілдің сауаттылығын арттыру, сөйлеу әдептерін  үйрету міндеттерін алдына қойған.

Педагог оқу-тәрбие жұмысында  жаңашыл, балабақшаға жанашыр, тынымсыз еңбекқор, ізденімпаз, екінші санатты  растауға лайық педагог.

 

  1. Тәрбиеші-Мадениет А. Білімі жан-жақты, терең, оқыту әдістері жетік, кәсіби шебер, білімділігі мен мәдениеттілігі бір-бірімен ұштасқан қоғам өміріне белсенді араласатын педагог. Әр баланың эмоциялық жай-күйін жеке танып, топтың арасында психологиялық жағымды ахуалдың қалыптасуына жағдай тудыра біледі.

Педагог дәстүрлі, жүйелі сабақ  жүргізумен қатар шығармашылық, ізденіс  түріндегі оқыту мазмұнына ерекше көңіл бөледі. Әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуынаәсер ететін жағдайлармен қамтамасыз етуді және баланың өзін-өзі сыйлауға өзгені құрметтеуге үйрету басты мақсаттарының бірі санайды.

Мадениет Айнагүл еңбекқор, білімді ұстаз ретінде екінші санатты растауға лайық педагог.

 

  1. Тәрбиеші-Малдыбаева Ақылгүл Құрманиязовна білімді әрі жаңашыл педагог. Әрбір оқу іс-әрекетін өзінше жаңашыл әдіс-тәсілдер қолдану арқылы өткізеді. Жаңа технологияларын пайдалана отырып, балаларға білім мен тәрбие беруде. Өзінің біліктілігінің арқасында педагогтар арасында беделді. Өскелең жасұрпаққа тәрбие беруге өз үлесін қосуда.

Алға қойған мақсаттарына жетуді көздейтін педагог. Малдыбаева Ақылгүл Құрманиязовна еңбекқор, жаңашыл педагог ретінде екінші санатты растауға лайық педагог.

 

 

 

 

Шешімі:

 

  1. Аттестаттауға ұсыныс берген төмендегі педагогтардың
  2. Иманбаева Шырын Кенжебекқызы
  3. Мадениет Айнагүл
  4. Малдыбаева Ақылгүл Құрманиязовна

Іс-әрекеттері, пәндік психологиялық, дидактикалық-әдістемелік білімдері  мен дағдыларын игеру жұмыстарына  қатысуы, шығармашылық қызметі, біліктілік нәтижесінде жүргізілген талдамалық қорытынды қанағаттанарлық деп  табылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аттестаттау комиссиясының  төрайымы:                              Ш.К. Иманбаева

Хатшы:                                                                                      А.Мадениет

 

 

 

 

 

 

КМҚК «Аққу» бөбекжай-балабақшасының Аттемтаттау комиссиясының №3 хаттамасы

                                                                                                    наурыз 2011жыл

Қатысқандар:

Төрайымы: Иманбаева Шырын 

Орынбасары: Мадениет.А.

Хатшы: Мадениет.А.

Комиссия мүшелері:

Д.Ж.Саттарова

А.Е.Сапаргалиева

Г.О. Смагулова

 

 

Күн тәртібі:

  1. Аттестаттауға өтініш берген педагогтардың санаттарын  бекіту.

Тыңдалды:

Аттестаттау комиссиясының  төрайымы: Иманбаева Шырын Кенжебекқызы-екінші санатты растауға өтініш берген мұғалімдердің  санаттарын бекітуді ұсынды.

 

Сөз алды:

Саттарова Дина Жолдыбаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

технологияларды жоспарлы түрде  енгізіліп, балалардың шығармашылығын жетілдіру жұмыстарын жүргізеді.

          Марина Эдильбайевна зерттеу,  іздене білу жұмыстары арқылы  балалардың дербес іс-әрекетін  ұйымдастырып, тұлғаның танымдық  мүмкіндіктерін қалыптастыруға  өз үлесін қосуда. Тәрбие бағыттары  бойынша атқарылған жұмыстары  арқылы Марина Эдильбаевна болашақ  азаматтың патриоттық сезімі  мен Отанына деген сүйіспеншілігін  қалыптастырып, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.  «Ертөстік» тобының тәрбиеленушілеріне  азаматтық тәрбие берудегі педагогикалық  жобасы нәтижелі жүзеге асырылып, тәжірбиеде қолдануда.

         Педагогтың кәсіби және жеке  тұлғалық қасиеттерін анықтау  барысында жүргізілген сауалнама  нәтижесі: әріптестерінің арасында, ата-аналармен тәрбиеленушілер арасында  педагогтың психологиялық-педагогикалық  құзыреттілігінің жоғары деңгейде  екенін көрсетті.

 

Білім беру ұйымының аттестаттау  комиссиясының тұжырымы: бірінші  санаттың біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

 

Білім беру ұйымының басшысы:                    Иманбаева Шырын Кенжебеккызы

Комиссия мүшелері:                                        Саттарова Дина Жолдыбаевна

                                                                           Сапаргалиева Аманбала Егінбаевна

 

 

Жұмыс туралы пікірмен және тұжырымдамамен таныстым: 20-наурыз 2010жыл

 

Аттестаттау комиссиясының  шешімі: 2010жыл__30 ___ наурыз

Тәрбиешінің бірінші біліктілік санатын растау

 

Аттестаттау комиссиясының  төрайымының орынбасары:

                                                                                          Есжан Гүлдара Болатқызы

 

Хатшы:                                                              Смагулова Гүлмира Окметхановна

Комиссия мүшелері:                                        Саттарова Дина Жолдыбаевна

                                                                           Сапаргалиева Аманбала Егінбаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

топтың ашық оқу іс-әрекеттері мен оқу сағатынан тыс оқу іс-әрекетінде тақырыптар бойынша жұмбақтар мен жаңылтпаштар дайындады.

Балаларды тәрбиелеуде, дамытуда ізденімпаздықпен жұмыс атқаратын  педагог. Тіл дамытуда жұмыстарын халық  фольклоры және көркем әдебиет арқылы  жүргізуде әдістемелік әзірлеме дайындады оны балабақашда іс-тәжірбиеден  өткізуде.

           Наталья Васильевнаның қолға  алып жүрген проблемасы-топпен  жұмыс жүргізе отырып, балалардың  білімі мен белсенділігін арттыру,  ойлау қабілетін дамыту. Жаңа  технологияларды күнделікті сабақта  пайдалану үшін, педагог алдында  отырған бүлдіршіндердің жас  ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық  мақсат-мүддесіне сай, өзінің  шеберлігіне орай таңдап алады.  Өз ісін, өз кәсібін жетік білетін ұйымшыл да ұшқыр, берекелі де берік педагог жаңашыл педагогтардың озық тәжірбиелері элементтерін пайдалана отырып жұмыс істеуде. Оның нәтижесін педагогикалық кеңеске арналған ашық оқу іс-әрекеті тек қана сабақ кестесімен ғана жүріп қоймай, оқу сағатынан тыс уақытта да балалардың білімдеріне байқау жүргізуді жиі қолданады. Үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқоршылық көрсетуге тәрбиелеу мақсатында ата-аналармен бірлесе өткізген шара балаларға туыстық атаулар, отбасы мүшелері туралы түсінік берумен қатар, туыстық сыйластыққа тәрбиелейді.

        Наталья  Васильевна алдағы уақытта жас  ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаздық  етудің сан қырлы сырларын  ашып, басқаға үлгі бола біледі.

 

 

 

Білім беру ұйымының аттестаттау  комиссиясының тұжырымы: бірінші  санаттың біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Информация о работе Мне нАққу» бөбекжай-балабақшасы КМҚК аттестаттау комиссиясының №1 хаттамасы