Модульдік технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:22, реферат

Описание

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру дің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді . Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған . Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық –бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

moduldik tehn.doc

— 171.00 Кб (Скачать документ)

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде 
Оқулықтың негізгі қызметтері: 
үйлестіруші; 
жүйелендіруші; 
дидактикалық қызметтерін толық іске асыратындай болуы тиіс.  
Оқулықтың дидактикалық қызметін: 
ақпараттық; 
түрлендіруші; 
бекіту және өзін-өзі бақылау; 
өз бетімен білім алу; 
кіріктіруші; 
дамытушылық-тәрбиелік 
М.Ж.Жадрина 
Педагогикалық технология - білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті. 
Ф.А.Фрадкин 
Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал ретінде бағалайды. Яғни, технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалім-дердің қабілеттілігі деген анықтама береді. 
Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі. 
С.И.Ожегов 
Оқу модулi – оқу ақпаратының бiршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi, әдiсте-мелiк нұсқаулар, шамамен алған-дағы iс-әрекеттер негiзi, оқу қызметiн атқару жетiстiгiн бақылау (өзiн-өзi бақылау) құралдары енедi.  
Интерактивті процесс дегеніміз — педагогикалық процеске қатысушы-лардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр. 
«Интерактивтік» деген сөз энциклопе-дияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, олардың шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамта-масыз етеді.  
Мақсаты: 
 
оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу. 
Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деп тұжырымдауға болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының проблеманы көре білуі, өз іс–әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады. 
Шығармашылық проблемалық сипа-ты бар, барлық ішкі байланыс-тарды біріктіретін, нәтижесінде жаңа материалдық және идеялық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті.  
Оқушылардың шығармашылығын дамыту процесінің даму кезеңдері: 
I. Даярлық кезеңi. 
а) пәнге деген тiкелей қызығушылық; 
ә) оқушының қандай да бiр оқу пәнiнiң әлеуметтiк және практикалық мәнiн бағалауы; 
б) оқушының оқу пәнiнiң өз жоспарындағы және болашақтағы рөлiн бағалауы. 
II. Практикалық кезең. 
а) жайлы көңiл-күй; 
ә) танымдық қызметтегi өз тәжiрибесiн қолдану және жағымды өзгерту қажеттiлiгi. 
III. Шығармашылық кезең. 
Берiлген оқу пәнi материалдары бойынша бiлiмiн топтау және бағалау қажеттiлiгi. 
IV. Қорытынды 
V. Релаксация (босаңсу, еркiн сезiну).  
Міндеті: 
жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру; 
таным процестерін дамыту; 
танымдық қабілеттерін дамыту; 
сөздік қорын дамыту; 
оқу себептілігінің өзгеруі. 
Маслоу парадигмасы 
Таным процестері 
Бейімділігі бастапқысы салынған, дамытуға беріледі 
Темперамент тұрақты 
Мінез-құлқы тұрақты 
Бақылау локусы пайда болу процесінде өзгереді 
Мотивациялық қажеттілік сферасы өзгереді 
Ерік дамиды 
Ес дамиды 
Ойлау дамиды 
Қиял дамиды 
Елестету дамиды 
Зейін дамиды 
Қабылдау дамиды 
Танымдық қызмет мақсатының категориялары: 
В.М.Монахов технологиясының негізгі қағидалары: 
мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне сенім білдіру; 
оқушы жұмысының физиологиялық-гигиеналық нормаларын міндетті түрде сақтау; 
оқу процесінің кез келген бөлігінде оқушылардың міндетті дайындығына кепілдік беру; 
оқушы мен мұғалімге жайлы жағдай жасау. 
П.А.Юцявиченің модульдiк оқыту идеясын жасаудағы дидактикалық қағидалары: 
модульдiк; 
оқыту мазмұнын оқшау элементтерге құрылымдау; 
әрекетшiлдiк; 
шапшаңдық; 
икемдiлiк; 
болашағын түйсiну; 
тепе-теңдiк. 
М.М.Жанпейісованың нұсқасындағы ерекшелік: 
Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру; 
Сыныпта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру; 
Мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.); 
Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру; 
Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру; 
Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту; 
Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы т.б.) жүргізу. 
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы 
Кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары: 
визуалдық лекция; 
лекция – консультация (кеңес); 
лекция - өзара сөйлесу; 
проблемалық лекция. 
Интерактивті процесс оған қатысушы-лардың қарым-қатынас жасауының жоғары қарқындылығымен, өзара қызмет алмасуымен, қызмет түрлерін ауысты-руымен және түрлендіруімен, процес-суалдылықпен (қатысушылар жағдайы-ның өзгеруімен), олардың өз қызметін мақсатқа бағыттау түріндегі рефлек-циясымен сипатталады. 
Интерактивті процестің мақсаты – педагогикалық өзара ықпалдастық әрекетіне қатысушылардың мінез-құлық және қызмет үлгілерін өзгерту және жақсарту. Өз әрекетін және серіктесінің әрекетін талдай келе, әрбір қатысушы өз мінез-құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы түрде меңгереді. 
Интерактивті процесті ұйымдастырудың жетекші қағидалары: 
ойлау қызметін ұйымдастыру; 
мазмұн шығарушылық қызметті ұйымдастыру; 
таңдау еркі; 
рефлексияны ұйымдастыру. 
С.В.Белованың зерттеулерінде оқушылардың үш тобы айқындалған: 
сұқбаттасуға тек формальды түрде қатысушылар; 
өз ұстанымын қорғауға ұмтылуы басым оқушылар; 
шын мәнінде сұхбаттаса алатын оқушылар тобы, олар өз ұстанымын қайта қарап, оны байыта түсуге ұмтылады. 
Диалог бөлімінiң оқушының шығармашылығын дамытуға бағытталған iс-әрекет қадамдары: 
Сөйлесу бөлімінде ойындарды ұйымдастыру жүйесі 
меңгерту; 
дамыту; 
пысықтау; 
қорыту; 
бекіту. 
Сөйлесу бөлімін ұйымдастырудың белсенді формалары: 
1. Жалпы немесе құрылымдық: 
топтық немесе жеке топтық; 
жұптық; 
ұжымдық; 
2. Нақты немесе арнайы: 
семинар; 
оқу конференциялары; 
диспут; 
топтық пікірталас және т.б. 
Диалог бөлімінде ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жүйесі 
Оқушының журналға түсетін бағасы: 
Қорытынды бөлімде оқушының білімін бақылау формалары: 
Тест: 
толықтыруды қажет ететін; 
еске салушы; 
балама жауаптары бар; 
таңдамалы; 
сәйкестілік; 
реттілік немесе бірізділік; 
құрама 
Сынақ: 
релелік; 
айналмалы; 
қарапайым; 
блиц-турнир 
Жазбаша бақылау жұмыстары: 
диктант; 
шығарма; 
мазмұндама; 
бақылау жұмысы; 
мәнжазба және т.б. 
ЧАРЛЗ ДЕМНІҢ ПАРАДИГМАСЫ 
Оқыту әдiстемесi мен оқыту технологиясын салыстырмалы талдау

 

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС - МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ БІР ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛШЕГІ

Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп  отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.  
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл талап мұғалімдер қауымына да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сол себепті біздер де әр кез үлкен ізденісте жүріп, әр сабаққа жан жақты дайындалуымыз қажет  
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деп өткен ғасырда айтқан сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы, көп нәтижеге жетуге болады.  
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамытуда М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі, өзгені де бағалай білуге үйретеді.  
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін: есту, көру, қимыл, ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.  
Модуль арқылы оқыту технологиясының тиімді белгілерінің бірі – оқышының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі - сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.  
Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге айналдыру сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде, өз ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу арқылы беруге болады. Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.  
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:  
• кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу);  
2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру);  
3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест);  
М. Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез-келген әрекет емес орындау әрекеті екенін ескере отырып, оқушының танымдық қызметпен айналысуына, ақыл-ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасаймын. Модульдердің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, әртүрлі белсенді формаларды пайдалану арқылы іске асырамын. Олар:  
1. топтық;  
2. жұптық;  
3. жеке топтық;  
4. ұжымдық:  
Оқыудың басты ерекшелігі – оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тілін дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау.  
Оқушы оқушымен, топпен, ұжыммен, мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары арқылы ауысып отырады. Мысалы: сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық, бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты қолданамын. Топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуын, жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлемін.  
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тілін құрметттеуге, Отанды сүюге баулу.  
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:  
• Дыбыстармен жұмыс;  
2. Сөздіктермен жұмыс;  
3. Сөздік қорларын жетілдіру;  
4. Тіл дамыту;  
5. Ережемен жұмыс;  
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру;  
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:  
• Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;  
2. Мәтінмен жұмыс кезеңі;  
3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;  
• Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б.) меңгерту.  
• Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.  
3) Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу.  
Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:  
1. Логикалық сұрақтар  
2. Сөздік жұмыстар  
3. Фонетикалық жаттығулар  
4. Сөйлем құру  
5. Мәтінге жоспар құру  
6. Аударма  
7. Мәтінге ат қою  
8. Диалог, ситуация құру  
9. Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту  
Осы аталған іс әрекеттерді жүзеге асыруда оқушылар өзара тілдік қарым қатынасқа түседі. Тілдік қарым қатынасқа түсу деген сөз - біз оқытудың коммуникативтік технологиясын да іске асырдық деген сөз. Коммуникативтік оқыту технологиясын жүзеге асыру негізін Сент-Экзепюридің сөзімен айтқым келеді: «Жер бетіндегі ең үлкен байлық – бұл қарым-қатынас байлығы». Шынымен де бізге бұл қатынас жеткіліксіз. Өйткені біз балалармен тек қана 45 минут кездесеміз, сұхбаттасамыз. Сол себепті коммуникативтік оқыту технологиясының элементтері ретінде мәтінмен жұмыс түрін ерекше атап өтуімізге болады. Сонымен қатар мәтінді оқытудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолдану мұғалімнің жеке зерттеушілік жұмыстары үшін өте пайдалы:  
1. Дауыстап оқыту арқылы - оқушының сөйлеу элементерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі – оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.  
2. Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей шапшаң оқу үшін бір мәтін беріліп, қай жерге дейін оқу керектігін белгіленеді. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Осылайша оқушылардың оқу шапшандықтарының мөлшерін мұғалім өзі белгілеп отырады.  
Қорыта келе, оқушының құзырлылығы коммуникативтік оқыту технологиясы арқылы дамиды. Оның ішінде мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:  
1. Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”. // 12 жылдық білім, 2006-№1.  
2. Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту”. Ғаламтор желісі  
3. “Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру”. Ғаламтор желісі


 

 

«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін  құраушылардың бірі болып табылады.  
Мектептік информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың рөлі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.  
Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.  
Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.  
 
Мектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға болады:  
- ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;  
- ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;  
- информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты іргелі ұғымдарын оқушыларға меңгерту;  
- әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үдерістердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың рөлі;  
- оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;  
- мектептің оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.  
 
Бұл мақсаттарға жету келесі мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:  
ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру (ғылыми-әлемдік бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда ақпараттық үрдістердің мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнын өзгертуде информатика мен есептеуіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету);  
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту);  
оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау (компьютермен жұмыс жасау ұстанымдары, ақпаратты беру тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру).  
Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру тәсiлдерiн үйрету аса маңызды болып табылады.  
 
Информатиканы тереңдетіп оқығысы келетін оқушылардың саны жеткілікті көп болған жағдайда мектеп базистік оқу жоспарында бағдарлы курстарға бөлінген сағат саны есебінен информатиканы оқытуға бағдарлы деңгейде бөлінген 1 сағатқа аптасына қосымша 2 сағат қоса алады. Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар сәйкес деңгейлер үшін білім беру стандартымен анықталады.  
Жоғары сыныптарда информатиканы оқыту кезінде мектептің оқу жоспарына таңдау курстарын енгізу қажет. Бұл келесі мазмұндағы таңдау курстары болуы мүмкін: Объектілі-бағдарланған программалау тілі», «ЭЕМ операторы», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізуші», «Компьютерлік графика», «Web-дизайн», «Ақпараттық жүйелер», «Flash-программалау» және т.б.  
Оқушылардың таңдауы бойынша оқу пәні ретіндегі информатиканы оқыту, сондай-ақ оны факультативті сабақтарда тереңдетіп оқыту жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбынан басталуы мүмкін.  
 
Жоғарыда аталған оқу бағдарламалары мен оқулықтар информатиканы оқыту үшін негізгі материалдар болып табылады. Сонымен бірге оқу үдерісінде информатика пәнін тереңдетіп, не факультативтік сабақ ретінде оқыту үшін қосымша оқу құралдары қолданылады. Бағдарлы мектептерде, физика-математикалық және техникалық лицейлерде, физика мен математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде «Арман-ПВ - 2008», «НЦИ - 2008», «Атамұра-2005», «Аруна Ltd – 2008» және т.б. баспалардан шыққан қосымша оқулықтар мен электрондық оқу құралдарын қолдануға болады.  
 
Информатиканы оқыту бағдарламаларын арнайы жабдықталған мультимедиялық кабинетте және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, қолданбалы программалық құралдар, мультимедиялық электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар және т.б. бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

 


Информация о работе Модульдік технология