Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:29, курсовая работа
Ғылым, техника, мәдениет, спорт және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеуімнің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үдерісінде оқушыларды салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жетілдіруді жүзеге асыру үрдісі, сондай-ақ дене мәдениетін қалыптастыру мәселесін теориялық сараптау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Кіріспе: түсінік..................................................................................................................3б
I-тарау.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене
тәрбиесінің ролі.
1.1. Дене мәдениеті............................................................................................................7б
1.2. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері...........................................................................................................11б
1.3 Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері....................................................................................................14б
II-тарау.
Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
2.1. Психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер.........................................................................................................16б
2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер....................................................................................................................17б
III-тарау
Зерттеу бөлімі
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы......................................................19б
Қорытынды. .....................................................................................................23б
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................26б
Зерттеулер мәліметтеріне сүйенсек, елiмiзде соңғы жылдары халықтың табиғи өсу деңгейi және туу көрсеткiштерi төмендеп, денсаулық жағдайларының нашарлауы көрініс тапқан. Әсiресе, балалар денсаулығы өте алаңдатарлық жағдайда, елімізде екi миллионнан астам балалар мен жасөспiрiмдер асқынған ауру түрлерi бойынша диспансерлiк есепке тiркелген.
Тәуелсіз еліміз үшiн адамның денесінің сау болуы үлкен маңыздылыққа ие. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi есер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектептеріндегі оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бiрiншi сынып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының талап деңгейінен 4-5 есе төмен екенiн байқалады.
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді, оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында ұлттық психологиямыз бен ұлттық ерекшеліктерімізге тоқтала келе, «кемел адам» ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында мынадай қасиеттер: жомарттық, саламаттылық, білімділік, ақылдылық, бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді.
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады.
Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т.б. дене мәдениеті мәселелерін халықтың дәстүрлерімен байланыстырып, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.
Курстық жұмыстың негізгі өзегі мәдениет болғандықтан, “мәдениет” терминіне, түсінігіне тоқталып, саралап өткенді жөн санадық.
Мәдениет ұғымына ғылыми
тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л.
Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде «мәдени әрекет» деп түсіндіріледі.
Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет.
Бiрiншiден, дене мәдениеті — адамның денсаулығын нығайтып, күш — жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.
Қазақтын ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «дене мәдениетіне жеңіл қарауға болмайды, дененiң канша керегi бар деп ойлау дұрыс емес. Дене - жанның қабы. Қап берiк болса iшiндегi зат та берiк болмақ. Дене - жанның құралы. Құрал мықты болса, иесi де мықты» деп пайымдауы өте орынды.
Дене мәдениетінің көптеген аурулардан және зақымданған кезден кейiн жұмысқа қабiлеттiлiктi қайтадан қалпына келтiруде және әрмен карай денсаулықты жақсартуға көмегi зор екенi белгiлi.
Екiншiден, әрбiр мемлекеттiң өсiп-өркендеуi мен даму көрсеткiштерiнiң бiрi дене мәдениетінің жүйесi, спорт. Мемлекеттi немесе белгiлi бiр ұлтты күллi әлемге танытатын да спортшылар мен олардың жетiстiктерi, көрсеткiштерi. Әлемдiк қауымдастықта елеусiз мемлекет жазушылары, ғалымдарымен ғана емес, сонымен катар осы спорттың арқасында да бүкiл елге танылады.
Үшiншiден, дене мәдениетінің тағы бiр атқаратын аса маңызды қоғамдық қызметi бар. Ол - қоғамда салауатты өмiр салтын калыптастырудың ең басты құралы болып табылады.
Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушыларының қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.
Жалпы орта мектептердегі «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген бағыт-бағдарын жасау қажеттілігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене мәдениеті тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әрине, мәдениет теориясының құбылыстары және олардың түрлеріне сай, жасалып жатқан қандай да теориялық ережелер, тұжырымдамалар көп және олар әлі де жүргізілу үстінде.
«Дене мәдениеті» деген ұғым жалпы мәдениеттің жеке бір бөлігі. Тұжырымдап айтқанда дене мәдениеті жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға қызмет етуі тиіс.
Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене сапаларын жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-қозғалыс қабілеттерін, дене сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштерімен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы, яғни дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі қолданылады(Сурет 1). Дене тәрбиесінің міндеті әрбір адам өзінің мүмкіндігі жететін дене мәдениетінің мазмұнын игеруден тұрады. Сонымен, адам дене тәрбиесі арқылы дене мәдениетінің жетістіктерін өзінің жеке игілігіне айландырады (денсаулығын жақсартады, дене салаларын дамытады, спорттық шеберлігін жетілдіреді).
Дене мәдениеті- қоғамдық өмірдің өзге салаларымен байланысты, әртүрлі функциялар атқаратын күрделі қоғамдық құбылыс болып табылады. Сондықтан, адамның жан-жақты жарасымды жетілуіне негіз болып табылатын дене мәдениеті жөнінде айтқанда біздің назарымызды оның спицификалық маңызы - дене тәрбиесі, жеке адамды қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын денені шынықтыруға ғана аударып қоймайды. Бұл дене тәрбиесін зерттеуші ғалымдар айтатындай, адамның дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған педагогикалық қызмет аясын ғана емес, сонымен бірге жеке адамның еңбек, мінез, ақыл, ой, эстетикалық, отан сүйгіштік, интернационалдық, саяси тәрбиесін де қамтуы тиіс. Ол мәдениеттің бір түрі ретінде қандайда бір дене көріністеріне жатқызылмауы керек, оның элементтерін тұтас күйінде білдіруі тиіс. Бұл, біз жоғарыда жасаған зерттеу феноменінің сан қырлылығы жөнінде жасаған қорытындылардың дұрыстығын дәлелдейді.
1.2. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері
Білім беру
жүйесінде дене тәрбиесінің
Сурет 1 – Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі
оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыруынан оның жалпы мәдениетінің барлық құрылымдық элементтері көрінеді: жеке тұлға ретіндегі мәдени дамуының деңгейі; осы деңгейге жету тәсілдері; мәдениет деңгейінің жетістіктерін көрсететін әр түрлі іс-әрекеттер.
Жалпы орта мектептерде оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру тұтасымен оның жас ерекшелік және басқа да қасиеттерімен сәйкес дене сапасы, қабілет, мүмкіндік жүйелерін дамытудың ең жоғарғы дәрежесіне мақсатқа бағытталған, біртіндеп және бірізді жақындау дегенді білдіреді.
Жалпы орта мекептерде оқушылардың
дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі
жағдайы мен мүмкіндіктерін теориялық,
ғылыми-әдістемелік тұрғыда
Сурет 2 - Оқушыларда дене мәдениетін қалыптастырудың бағыт-бағдары
Бүгінгі таңдағы жалпы орта мектептерде
оқушылардың денсаулық
Мектеп оқушыларының
дене мәдениетін
1.3 Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері
Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері бұл психологиялық-педагогикалық күрделi жүйе. Бұл көрсеткіштерді, мақсат-бейне ретiнде қарастырамын. Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері мазмұндылық сипатымен бiрге, құрылымдық сипатымен де толықтырыла түседi. Мұнда мектеп оқушысының жеке басының дамуының теориялық негіздерiне сүйене отырып, дамуды негізгi үш саласын: танымдық (когнитивтi), мінез-кұлық, мотивациялық белгiледiк.
Жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдаулар, мұғалімнің дене тәрбиесі құралдарын пайдалана отырып, дене тәрбиесі жұмысына әзірленуін, оқыту мен тәрбие шеңберінде психологиялық, теориялық, практикалық, әдістемелік, дене даярлығын қалыптастырудың біріктіруші үдерісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мәліметтерге сүйеніп, жалпы орта мектеп оқушыларында дене мәдениетінің қалыптасуының келесі компоненттерін көрсеттім: мотивациялық-еріктік, мазмұндық-операциялық және рефлексиялық-бағалау
Дене тәрбиесі арқылы жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың негізгі құрамдас бөліктері, өлшемдері мен деңгейлері зерттелініп, танымдық саласы, мінез-құлық саласы, мотивация саласы компоненттері анықталды. Көрсетілген компоненттерінің өлшемдеріне сәйкес, даярлықтың деңгейлері (төменгі, орта, жеткілікті, жоғары) анықталып, ғылыми тұрғыда негізделген сипаттамасы берілді.
Жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру деңгейінің жоғарыда баяндалған сипаттары, мектеп оқушыларының зерттеліп отырған іс-әрекеттің диагностикасы бойынша тапсырмалар жүйесін іріктеу қажеттілігін көрсетеді.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай іс-әрекеттер атқарылды:
-денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту;
-өмірлік мәнді қозғалыс
қабілеттері мен дағдыларын
-қозғалыс қабілеттерін дамыту және үйлестіру;
-дене мәдениеті және
спорт саласында қажетті
-денені шынықтыру
жаттығуларымен өз бетінше
Информация о работе Орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру