Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 19:34, реферат
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады . Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі ( Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас.
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
жайлы түсінік. Оқытуды жүзеге асыруда
білім мен оқытуды
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың
тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың
әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып,
жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының
талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың
түрлері негізінен былай жіктеледі:. Оқушының
саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының
ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі
былайша бөлінеді:
• жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
• жеке –жұптық (оқушы- оқушы, мұғалімнің
оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда
оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының
әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады
);
• жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді,
бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың
жасы әр шаманы құрайтын топ болады ((оқытудың
бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
• Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту
жүйесі Англияда пайда болған,атауы-беланкастер
жүйесі);
• Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың
қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі);
• Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада
алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады,
есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі
ХХ ғасырдың 20-жылдарына тән);
• Американдық «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар»
және т.б.
• Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді,
ұжымдық жұмыс және т.б.).
Оқыту түрлерінің сыныптық-сабақ жүйесі
ХҮII ғасырда туысқан тәуелсіз мемлекеттердің
Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің
мектептерінде ең көп тараған және үш
жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр.
Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай
тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы,
бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын
сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы
орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық
тағылымын ХҮІІ ғасырда-атақты чех педагогы
Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың
түрлерімен салыстырғанда, сыныпты-сабақ
жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап
өтуге болады; сабақ құрылымын тиімді
етіп құру, барлық оқу тәрбие үрдісін тәртіптеуді
қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде
басқару, оқу мәселесін талқылағанда,
оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа
түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді
шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау,
уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының
рухани санасын арттыруға құлшынысының
бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік
реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі
дамуына, білімсіздіктен білімділікке
жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың
түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ
жүйесі үлгірімі орташа деңгейдегі оқушыға
бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі
нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін
күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан
өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған
оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке
қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім
осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты
ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді
және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін
дәл межелей алу шеберлігі болуы талап
етіледі.
Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық-
сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық
іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз
бар. Жастары бір шамадағы сынып оқушыларын
бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы- ол
оқушылардың ұйымдасқан анықтықты және
үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар
міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты
қамтамасыз етеді.
Сыныптық - сабақ жүйесі өзіне кғөптеген
оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар
кешендерін қосып алады. Оған жататындар:
экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар,
тәжірибелер, еңбек жіне өндіріс түрлері,
сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән
үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада,
байқаулар, конференциялар).
Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың
ұжымдық, топтық, жеке даралап және саралап
оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері
ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық оқушыларға
бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша,
зертханалық және тәжірибешілік немесе
практикалық сабақтар), онда саралап оқыту
жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар
әртүрлі тапсырмалар орындаса, бір мәселені
шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты
меңгереді, міне сол арқылы жұмысты әрі
ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске
асады.
Жоғарыда жіктелген оқытуды ұйымдастырудың
түрлеріне жататын ерекшеліктің бірі
– кез келген оқушының оқу еңбегіне үйретеді:
тыңдауға, ұжымдық іс-әрекетте берілген
сұрақты талқылауға, өзінің жұмысын ұйымдастыруға,
өзінің пікірін айтуға, басқаны тыңдауға,
олардың жасаған ой тұжырымы мен дәлелдемелерімен
келісетінін, немесе оған өздерінің дәйектемелерін
дәлелдеп қарсы тұжырым құруға, басқаның
ой түйінін толықтыруға, конспект жазуға,
баяндама мәтіндерін жинақтауға, библиография
құрастыруға, білім көздерімен жұмыс істеуге,
өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға,
берілген уақытта жұмысын аяқтай білуге
және т.б. топтық жұмыста оқушылар көш
басылық қызметкерлік, бағынбаушылық
іс-әрекетті ұйымдастыру элементтерін
меңгереді, үлкендер ортасымен, жалпы
өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас тәжірибесін
қалыптастырады-табиғи іскерлікке, өндірістік
және әлеуметтік қарым-қатынасқа, өмірге
бейімделеді. Оқытуды ұйымдастырудың
түрінде оқушылардың тәрбиесі үлкен рөл
атқарады, мұндай іс-әрекетте тұлғаның
өзін-өзі басқару жағы басымдылыққа ие
болады.
Сыныптық –сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың
ең қайнар көзі болып табылады. Оқытудың
бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан
құрылған және оқытудың бірдей бағдарламасы
құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ
үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың
бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда
іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан
ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін
қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер,
ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның
дидактикалық элементтері. Сабақтың мңызы
мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық
динамикалық жүйеге саяды, сөйтіп, ұжымдықтан-
жеке, яғни мұғалімнің оқушыға, нәтижесінде,
оқушының білім меңгеруі оның икемі мен
қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде
тәжірибеде сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас
мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың
қабілеттілігі шыңдалады. Нәтижесінде,
сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін
алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды
ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады,
мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі
талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік
оқытудың заңдары мен прицинциптерін
тұйындайды. Сабақ – педагогтік шығармашылықта
құрылады және сондықтан да ол біртұтастық
жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің
өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар
мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір
тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.
Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге
байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға
қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының
қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты,
міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа
алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын
айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде,
бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, болып
қарауға олатын жіктеме төмендегідей:
(И.П.Подласый)
- ғылым жетістіктерінің жаңа түрін озық
іс тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің негізгі
заңдарына құрылған сабақты;
- сабақты өту үрдісінде, барлық дидактикалық
принциптер мен ережелер;
- оқушылардың санасын қалыптастыруға
әсер етерлік, пәнаралық байланысты;
- бұрынғы білімнің байланыстыруға, оны
меңгеруде икем-қабілетін және оқушылардың
білім сапасын арттыру барысындағы тіректік
ұғымдарға сілтеме жасау;
- тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді
және түрінің қажеттілігі;
- педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы;
- алған білімнің, өндірістік қызметпен,
оқушының жеке іс-тәжірибесімен байланысты
жүзеге асыруы;
- білімнің, икемнің, қабілетін тәжірибеде
қалыптастыру, оны ойлау – амалы мен іс-әрекетке
тиімді қолдануы;
- сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау
және болжау алуы.
Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің
функциясын жүзеге асыруға бағытталған:
оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде
сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі
болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының
ерекше көп тараған түрі болып келуі мүмкін.
Сабақ құрылымының ерекше көп тараған
түрі барлық дидактикалық міндеттерді
шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды
зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау,
оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма
берумен байланысты.
Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы
кездейсоқ болмайды, ол оқыту үрдісінің
заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты
меңгерту логикасын ішкі психологиялық
құбылыс ретінде, оқушының өзіндік ойлау
іс-әрекетінің заңын,жеке таным қабілеті
сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін
және оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі
ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара
бөліктердің өзара біртұтастығында аталған
заңдар жүзеге асады, өзектілігі анықталып,
оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер
қалыптасады, сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін
меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді.
Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың
кезеңдері сияқты, негізгісі, өзгертуге
болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі
міндеттерді жинақтап, сабақтың дидактикалық
құрылымының компоненті сапасында келеді.
Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті
шарттар мен бағдарламалық материалдарды
меңгеруге жеткілікті біліктілік пен
икем, қабілеттерді және оқушылардың ойлау
әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру,
олардың өмірге бейімделуге және интеллектуалдық
қабілетін дамыту - оқушыларды өмірге
бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға
тиісті қадам.
Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру.
Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру
бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді
қызметі, оның өзі белгілі бір пен тәртіп
талабынан құрылады. Мынандай бағыттарға
бөлінеді: фронтальды - мұғалімнің барлық
оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын
басқаруы, жеке- өзіндік
Жұмыс әр оқушының топтық және жұптық
қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді
ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің
бірлікте болуын басқару, яғни барлық
оқушылар бірдей тапсырманы орындайды,
жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды,
нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл
тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді
нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді,
пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның
ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады,
қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге
қойылатын басты талап оқушылардың ішінен
ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі,
оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын
туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап
іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы
оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени
тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті
сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының
мүмкіндігіне жол ашу.
Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық,
ақпараттық және түсіндірмелі иллюстративті
мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық
тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық
негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын
тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл
түрі барлық оқушылардың белсенділікпен
іс-әрекетте болуына жағдай туғызады.
Бірақ, сабақтың бұл түрінде көптеген
кемшіліктер бар, жұмыс барысында оқушылар
әр түрлі деңгейде өз мүмкіндігіне қарай
білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі
бір мөлшерде оқшауланбайды, әсіресе,
нашар үлгеретін оқушыға мұғалімнің көмегі
үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары
оқушыда уақыт артық қалады.
Сол себепті сабақтың тиімділігін арттыру
үшін сабақтан басқа түрлері де пайдалану
керек.
Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр
оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп,
оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу
мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады:
әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен
жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу,
реферат жазу.
Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі
түрлі тапсырма орындалады: жеке және
жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі
ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген
тапсырманы орындайды, басқа оқушымен
қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс
қарқынын бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі,
ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда
өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді,
атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің
режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді.
Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде
жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру
көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген
білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп
отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау
үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады.
Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік
іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа,
ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға
таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта
оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі,
оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға,
топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.
Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін
ұйымдастыру негізінде құруға мыналар
жатады:
оқу міндетін анықтау үшін сынап екі топқа
бөлінеді;§
әр топ тапсырма орындайды (не бірдей,
не саралап, даралап берілген), ол топ ішінен
бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің
басқаруымен өтеді;§
топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар
іріктеледі;§
топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай
өзгереді; ең жоғары деңгейдегі оқушының
мүмкіндігін ескеру қарастырылады;§
топтың және құрамның әр түрлі деңгейлікке
орай оқушылардың қауымдастық құрамы
сұрыпталады және мұның өзң оқушыларға
байланысты.§
Сабақтың топтық жұмыс түрінде оқушы саны
көбейеді және жеке жұмыс барысында оқушыға
не топ басшысының, не мұғалімнің көмегі
қажет болып отырады (фронтальды және
жеке жұмыс кезінде мұғалімнің оқушыға
көмек беруі қиындай түседі, сондықтан
олар жеке жұмысқа көшкенге дейін кезек
күтуге мәжбүр).
Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды,
зертханалық және жаратылыстану ғылыми
тақырыптардағы практикалық жұмыстарды,
сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде,ауыз
екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және
еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді.
Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау
қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік
параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс
тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда
жақсара түседі.
Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру
түрлері оқушылардың сабақ барысындағы
өзіне тән оқу-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре
түседі. Олар өзара, бірін-бірі толықтырып,
дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін
көрсетеді.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Мұғалімнің
сабаққа дайындығы өзара байланысты екі
кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша
жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір
сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке
сабақтың жоспарын терең ойластыру мен
құрастыру.
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының
белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша
өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу
жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік үрдісі білім
беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін
іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау
үшін қажет. Бұл жүйеге, негізгі дидактикалық
мақсатына байланысты, сабақтың әр алуан
тұрпаты және түрлерімен қоса оқушылардың
сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының
басқа түрлері де кіреді. Тақырыптық жоспарлаудың
ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе мұғалімнің
оқушылар нені білулері керек, т.б. деген
сияқты мәселелерді қаншалықты терең
ойластырғанына байланысты болып келеді.
Сондықтан мұғалім тақырыптық жосапрлауды
пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру
стандарттымен мұқият танысудан, пәнді
оқыту кезіндегі және берілген тақырып
бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі
негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды
дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы
қажет.
Бір сабақты жоспарлау-мұғалімнің тиянақты
бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау,
тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа
сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі
мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін
сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын
терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ
жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне,
білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің
деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін
қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар,
бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің
оқушыларды және олардың дайындық деңгейін
білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты
жоспарлауда және оны өткізу технологияларын
дайындауда екі өзара байланысты бөліктер
бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын
терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ
жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.
Сабақтың мақсаты бағдарлама материалының
мазмұны негізінде, мектептің материалдық
базасының және оқушылардың белгілі бір
оқу жағдайына сәйкес ұйымдастыруға болатын
оқу материалымен жұмысының мазмұны негізінде
анықталады. Сабаққа дайындалудың бұл
бөлімінде мұғалім болашақ сабақтың өту
барысын болжайды, оны ой-санасынан өткізіп,
өзінің оқушылармен бірлесіп жасайтын
іс-әрекеттерінің өзіндік бір сценарийін
дайындайды.Өзінің және оқушылардың сабақтағы
әрекеттерінің негізгі мазмұны мен бағыттылығын
анықтағаннан кейін барып мұғалім оқушылар
меңгеруге тиісті қажет және жеткілікті
материалды таңдайды, сабақта талданатын
жаңа түсініктерді енгізудің жүйелілігін
анықтайды. Мұғалім оқушылардың белсенділігін
арттыратын қызықты материалды таңдайды,
оған оқушылардың назарын жалпылама сұрақтар,
есептер арқылы аударатын, сабақтың құрылысын
алдағы жұмыстың көлеміне қарай алдын
ала анықтайды.
Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы
дегеніміз- тек оқу материалының тиянақты
талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес
құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың
осы материалмен жұмысы кезінде пайда
болуы мүмкін сұрақтары, ауаптары, пайымдаулары
- оны қабылдауы, түсінуі, т.б.Сабақтың
осындай алдын ала талдасмасы неғұрлым
тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында
кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі
біртұтас педагогикалық процесте солғұрлым
аз болады.
Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың
құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін
мұғалім сабақтың жоспарын жасайды. Сабақтың
конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін,
толық және жан-жақты жасалады. Мұндай
конспект мұғалімге тек бір сыныптағы
ғана емес, сонымен бірге барлық қосарқы
сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет
болады.
Алайда, сабақтың ойдағыдай өтуі тек мұғалімнің
мұқият дайындығына ғана емес, сонымен
қатар оның оқушыларды алдағы сабақтағы
жұмысқа әзірлеуіне және оқушылардың
өздерінің сабаққа деген психологиялық
дайындығына байланысты. Ол үшін оқушыларды
келер сабақтағы жұмыс жоспарымен таныстырып,
оларды оқулықтың немесе әдеби шығарманың
жекелеген тараулары мен тақырыптарымен
алдын ала таныстыруға бағыттап, жаңа
материалды меңгеруге септігін тигізетін
бақылау мен күрделі емес сынақтар өткізу
қажет.
Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы,
сабақ өткізілетін сынып бөлмесі және
дидактикалық міндеттері нақтыланған
сабақтың мақсаты, сабақта өтілетін материалдың
қысқаша мазмұны, оның міндеттері көрініс
табады. Сондай-ақ, сабаққа қатысатын оқушылардың
өзара қатынасын ұйымдастыру, оқушылардың
оқу-танымдық қызметін дамытатын тапсырмалар,
білім беру әдістері мен дидактикалық
әдіс-тәсілдері анықталады. Тапсырмалар
арқылы алға қойылған міндеттерге қарай,
ал ол міндеттерді орындау барысында бұған
дейінгі алған білімдері толықтырылады,
жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы
кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла
алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады,
оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен
түзету жүзеге асады, олар білімсіздіктен
білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай
қадам жасайды.
Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе,
мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері
мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты.
Өз жұмысына талдауды сабақ өткізе салысымен
және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың
конспектісінің негізі дайын болған кезде
жүргізуі тиімді. Бұндай жағдайда мұғалім
өткен сабақтың нәтижелеріне сүйене отырып,
келесі сабаққа дайындығы кезінде осының
барлығы ескерілуін ойластырады. Өзін-өзі
бағалау өткен сабақтың талдауына негізделеді,
яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы қайтара
талдап, сәтсіздіктерінің себебін табуға
тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды
тұстарын қайталауға тырысады.
Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың
мектепте білім алуын ұйымдастыру түрінің
ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың
нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне,
оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра
алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін
болжай алуына байланысты.
Сабақтың типтері, құрылымы. Әрбір сабақ белгілі объективті
элементтерден құрылады, біржағынан сан
алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт
аралығындағы өзара қарым-қатынаспен
ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың
типологиясы (типтері) сан алуан.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі
ретінде қарастырсақ, олардың жеке және
тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек,
онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді
(немесе дидактикалық міндеттер):
1. Жаңа білімді игерту.
2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту,
бақылау функциялары).
3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс
және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың
дидактикалық құрылымы мен типологиясының
негізі.
Сабақтың құрылымы деп «сабақтың әртүрлі
варианттар элементтерінің өзара байланысы,
оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты
пәрменділігін қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов
1,19).
Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын
ұйымдастыру негізінде варианттардың
тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің
бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа
жеткізеді.
Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер
мен сабақта педагагогикалық процеске
қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс
әрекетінде шешіледі.
Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан
алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі
дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге
әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен
ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың
түрі:
- дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
- дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
- оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
- сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары
(М.И. Махмутов) және т.б.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың
типтері:
1. Аралас сабақ – практикада алуан түрлі
элементтері және өзара әрекеті арқылы
кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың
басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың
тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп
оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау
мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық
жағдайда оқу материалын игеру сапасын
бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың
тиімділігін арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде
меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды
белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп,
топ арқылы тапсырманы жедел орындау.
Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық
танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау.
Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді:
лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме,
бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша
экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу,
білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың
мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау
және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру
және бағалау. Бұл
аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс
істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум,
сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар
алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды,
бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі
жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды
тапсырманы орындау).
Сабақтың құрылымы мен сабаққа қойылатын талаптар:
Сабақтың нәтижелі болуы
мұғалім мен оқушының іс-әрекетіне,ынтасы
мен жігеріне,белсенділігіне,
Мұғалімнің білімі,тәжірибесі
сабақты ұйымдастыру
Сабаққа қойылатын талаптар:
Сабақты тиімді ұйымдастыру үшін,оған қойылатын талаптарды білген жөн.
-сабақтың тақырыбы бойынша оның білімділік ,дидактикалық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау;
-сабақтың түрін анықтау,жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру;
-оқушының білімін бекіту,
-үй тапсырмасының көқлнмін,
Түсіндіру сабақтары:
жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу
т.б.
Пысықтау сабақтары:
бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс,
конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары:
сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.
Жаңа сабақ –
жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ
– жаңа білім мен өткенді және пәндер
арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы
– іздендіру мақсатында.
Панорамалық
сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін
іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы
– білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ
– танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ
– оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы
– пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ
– оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция
сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін
қалыптастыру.
Сынақ сабақ
– білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ
– білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ
– оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы
– оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы
– ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген
қателерін арнайы талдау.
Дәстүрлі емес сабақтар
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты
жетілдіру мақсатына байланысты пайда
болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты
түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады.
Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты
- оқу материалдарын байланыстырып, сабақта
оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін
дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға
сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың
жан-жақты тұтас, терең және берік білім
алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл
сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас
оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән
аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық
жоспар жасайды. Ондағы материалдарды
дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді
етіп іске асырады.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты
өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің
өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ
беруі, яғни әдістемесін көпке тарату.
Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге
қойылатын ең бірінші талап оның сабақ
берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің
болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең
көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі
неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек.
Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың
бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі
талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ
бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ
арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін
көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты
сыныпта екі команда білімдері бойынша
сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем
талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен
қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен
қай команданық жеңгені анықталады. Екі
команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып,
олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан
қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы
өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен
сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру,
зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде
сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты
ол туралы көп білетін оқушы сатып алады.
Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен
материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық
жұмыс істеуіне баса назар аударылады.
Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды
таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы,
10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол
тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың
оқушылары олардың жауабын айтады. Бір
тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем
немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар
алқасы әрбір топқа баға қояды.
Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б машиналар
арқылы өткізіледі. Сабақ құрылымы:
• үйге берілген тапсырманы тексеру 10
минут;
1. Жаңа сабақ;
2. Бекіту;
3. Үйге тапсырма.
5. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Мұғалім оқушымен жекелей, топтап, сыныппен
жұмыс істейді. Жаппай жұмысты ұйымдастырғанда
барлық оқушылар мұғалімнің басшылығымен
жұмыс істейді. Топта 3-6 оқушы бірге жұмыстанады.
Жаппай жұмыста оқушылар бір оқу жұмысын
атқарып, мұғалім нәтижелерін қорытындылап,
тақырыпты түсіндіреді, оны талқылауға
барлық оқушыларды қатыстырады.
Мұғалім оқушылар орындай алатын жұмыстарды
тауып, пікір айтқысы келетіндердің бәрін
тыңдап, әдептілік көрсетеді. Оқушы өз
білгенін ортаға салып, басқалардың жауаптарын
тындап, оларды өз білімімен салыстырады,
қате, толық емес жауаптарды көреді. Жаппай
жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға
түсіндіреді.
Сонымен жаппай жұмысқа тән белгілер:
• оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы
барлық оқушылармен тікелей іскерлік
қарымқатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді,
оқушыларды проблема талдауға қатыстырады,
оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау
береді;
• мұғалім оқушылардың идеялық жағына,
сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар
мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап
беріп, сезімдерін, ой толғаныстарын білдіреді;
• әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты
меңгеруге тырысады;
мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады;
• мұғалім оқу жобалап, сыныппен байланыс
орнатып, олардың назарын сабаққа аударып,
білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың
соңында білім тексеретін сұрақтар қойған
жақсы. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі
- иллюстративтік әдіспен ашуға болады,
бірақ оқушылармен іскерлік байланыс
болуы қажет;
• жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің
барлық оқушыларды өз назарында ұстауына,
әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына,
зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті
ұстауына байланысты.
• егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын
берсе, онда жаппай жұмыстың кемшіліктері
көрінеді;
• нәтижелеріне жалпы баға беріледі.
Оқушымен жеке жұмыс. Әр оқушыға тапсырма
беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз
өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың
түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен
жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте
тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында,
оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау
тастарын, минералдарды зерттеу, т.б. Тапсырмалар
әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне
сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі
кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар
білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.
Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе
сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды,
керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші
сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық
оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда
жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа
тапсырманы қайта түсіндіреді.
Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері
өте пайдалы.
Бағдарламалық оқыту - жеке жұмысты ұйымдастырудың
өте жақсы түрі.
Ол оқушының бағдарламадағы материалды
меңгеруіне керекті жұмыстарды жақсы
жоспарлап, оқу іс-әрекетін тексереді.
Оқушы өз жұмысының дұрыс-бұрыстығын сол
сәтте тексереді. Әр оқушы өз мүмкіндігіне
сай жұмыс істейді.
Алғашқыда оқушы үлгіге, нұсқауға қарап
жұмыс істейді, оқу іскерліктеріне үйренген
соң оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс
істейді. Мысалы, жоғары сыныптарда әр
оқушы тапсырма алып, оны орындау жоспарын
жасайды, материал, құрал, аспаптар іріктеп,
жүйелі іс-әрекет жасайды, жұмыстың нәтижелерін
белгілеп отырады.
Жеке жұмыстарды оқушы оқу материалын
өз бетімен оқи алатын болғанда ғана алады.
Танымдық іс-әрекетті топта ұйымдастыру:
Топтағы оқушылардың саны жұмыстың мазмұнына
және сағатына байланысты 2-6 оқушыдан
болады, одан артық оқушы болмағаны жақсы.
Кезендері:
• топтық тапсырманы орындауға оқушыларды
әзірлеу, оқу міндеттерін қою, мұғалімнің
топқа қысқаша нұсқау беруі;
• топта оқу міндеттерін орындау жоспарын
талқылау және жоспарын жасау, міндеттерді
орындау тәсілдерін анықтау, міндеттерді
бөлу;
• оқу тапсырмаларын орындау үшін жұмыстану;
• мұғалімнің бақылауы мен топтың және
жеке оқушылардің жұмыстарын түзету;
• оқушылардың бір-бірінің оқу жұмыстарын
тексеруі;
• мұғалімге нәтижелерді айту, оның басшылығымен
пікір таласын өткізу, толықтыру және
түзету, мұғалімнің қосымша беруі, қорытындылар
жасау;
• топтың, сыныптың жұмысына баға беру;
• үлгерімі әр түрлі оқушыларды бір топқа
біріктіруге болады.
Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны,
жарты жыл аяқталғанша жұмыс істейтін
топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарда
ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен
кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың
жұмыстарын тексереді және бағалайды.
Мұғалім кеңесшінің жұмысына басшылық
етеді. Кеңесші өз тобының мүшелерінің
теориялық материалды меңгеруіне, іскерлік,
дағдыларын шыңдауына көмектеседі, топ
мүшелеріне жұмысты бөліп береді, жұмысты
бақылайды, тапсырмалардың дұрыс орындалуын
тексереді, жазба жұмыстарына сын-пікір
жазады. Мұғалім кеңесшіге әдістемелік
нұсңау береді.
Тапсырма бірдей де, әр түрлі де беріледі.
Жұмыстың нәтижесін сабақ соңында тексеру
керек. Топқа бірігу тәжірибелік жұмыстар,
зертханалық жұмыстар істегенде, шет тілі
сабақтарында ауыз екі сөйлеуге дағдыланғанда,
дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда,
еңбек сабақтарында жобалау-техникалық
жұмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы
жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың
көшірмесін оқығанда пайдалы.
6. Сабақты жоспарлау және оған әзірлену
кезеңдері:
• бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа
бөлінетін сағат санын белгілеу;
• бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп
оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып,
әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік,
дамыту мәдениеттерін қою;
• тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді
іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді
анықтау;
• негізгі материалды, дәлірек айтсақ
сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек
мәліметтерді анықтау;
• сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа
жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;
• тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы
мәліметтермен байланысын ашу;
• сабақтың барлық кезеңінде мұғалім
мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе
жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру
кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға
өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;
• сабаққа керекті дидактикалық құралдарды,
атап айтсақ, кино және диафильмдерді,
суреттерді, плакаттарды, карточкаларды,
сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және
басқаларды іріктеу;
• техникалық оқыту құралдарын тексеру;
• мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын
суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің
жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;
• сабақта орындалатын өздік жұмыстардың
көлемін және түрін анықтау;
• білім, іскерлік, дағдыларды бекіту
түрлерін және тәсілдерін, білімдерді
талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;
• білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін
оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру
түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті
тексеруді жоспарлау;
• үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін,
формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін
табу;
• сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін
білу;
• тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты
жүргізуді жоспарлау;
• сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.
Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз
байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият
дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс
жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен
санаспайтын сабақтың сапасы болмайды.
Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін
шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін
дұрыс ұйымдастыру.
Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі
бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау).
Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту
әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа
дайындық кезінде мұғалім оқу материалын
сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді",
жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және
ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты
өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу
әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі.
Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан
басталады. Диагностика арқылы сабақты
өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады.
Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-әрекетінің
және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын,
қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан
талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың
деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге
пайдалылығын анықтайды. Тірек білімдерді
қайталауға, жаңа материалды меңгеруге,
оны бекітуге және жүйелеуге, білім, іскерліктерді
тексеруге және түзетуге кететін уақытты
мұқият талдайды.
Жобалау - Бұл сабақтың қалай өтетіні туралы
жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне
баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады.
Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың
тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ
мақсатына сай қалыптастырылатын білім,
іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті
зиянды жағдайлар төмендетеді.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары
бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік
жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық
жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда
ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың
мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың
көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық
құралдарды анықтайды.
Сабаққа дайындық мазмұны:
1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын
жасау.
2. Жеке сабақтарды жоспарлау.
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.
4. Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.
5. Сабақ мазмұнын анықтау.
6. Білім беру әдістерін белгілеу.
7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі
және техникалық құралдарды дайындау.
8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс
түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.
9. Бекіту жаттығуларын дайындау.
10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау
әдістерін анықтау.
11. Үй тапсырмасын түсіндіру.
12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау.
Сабақ жоспарында жазылатындар:
1. Күні.
2. Айы, жылы.
3. Сыныбы.
4. Тақырыбы.
5. Мақсаты.
6. Сабақ типі, құрылысы.
7. Оқыту әдіс-тәсілдері.
8. Көрнекі құралдар.
9. Өздік жұмыстар.
10. Тексеріп, бағаланатын оқушылардың
аты-жөні.
11. Қойылатын сұрақтар.
12. Үй тапсырмасы.
Мұғалім оқу жадығатын жан-жақты білу
үшін негізгі және косымша оқу құралдарын,
ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи,
көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды
оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді
мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді
таңдап алуы керек,оқу жадығатын анықтап,
сабақ жоспарын конспектісін жазады.
Негізгісі – жаңа тақырыптың мазмұны.
Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы
үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын
нақты білуі керек.
Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы
кезеңі. Оның нәтижесі сабақ жоспары. Жас
мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін
толық жазу керек.
Сабақ жоспарының үлгісі:
• сабақтың өтетін уақыты, тақырыптық
жоспардағы нөмірі;
• сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін сынып;
• оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту
міндеттері;
• сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және
әр кезеңге кететін уақытты бөлу;
• оқу материалының мазмұны;
• әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың
әдістері және тәсілдері
• сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;
• үйге тапсырма.
Классикалық сабақ процесін жобалау (Столяренко
... 298-бет)
1. Нақты тұжырымдалған тақырып.
2. Сабақ мақсаты:
а) дидактикалық;
ә) тәрбиелік;
б) дамытушылық.
3. Жабдықтары (кино, бейнефильм, кесте,
оқу құралы):
4. Дыбыстық құралдар.
5. Сабақ барысы (сценарий жасалады, оқушыларға
сабақ үстінде берілетін сұрақтар, сабақтан
оқушылар өздері қорытынды жасауы керек).
6. Сабақ қорытындысы.
7. Шығармашылық тапсырма.
8. Қорытынды. Оқушылардан не ұнағанын,
не ұнамағанын сұрау, кім белсенді болғанын
сұрау.
9. Сабақтың жақсы өтуіне байланысты оқушыларға
рақмет айту.
Сонымен сабаққа әзірленгенде мұғалім
оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу материалын
оқиды, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп,
оқушыларға тапсырма беріп, оқыту құралдарын
(кесте, сызба, модель, үлестірілетін материалды)
іріктейді және қарайды, әдіс және тәсілдерін
таңдап, сабақтың типін және құрылымын
анықтап, барлығын оқу жоспарына жазады.
7. Экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда,
өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі
объектілерді және болмыс құбылыстарын
бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды
тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті
түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы
болуға ұмтылуға көмектеседі.
Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар
табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің
әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау
арқылы білдіреді. Мұражайларға, көрме
залдарына, өндіріс орындарына бару өнер
шығармаларын түсінуге, үйреншікті заттар
мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның
еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді.
Әрбір экскурсия тақырыппен байланысты.
Экскурсия арқылы бала әртүрлі курстарда
оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын
көреді, оларды қолдануға үйренеді.
Мысалы, жерде жұмыс істегенде өлшеу үшін
геометрия заңдарын қолданып, қарапайым
құралдармен жұмыс істеп, сурет салады,
көргендерін жазады, картамен жұмыс істейді.
Экскурсия мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді. Мәселенің өзі, танылуға тиісті
объекті оқушыларға қызықты болады. Экскурсия
нәтижелері сыныпта шығарылады.
Экскурсия жаңа білімдермен қатар, мұғалімге
өз оқушыларын жақсы білуге көмектеседі.
Экскурсияға баратын топтарда 10 оқушыдан
40 оқушыға дейін болады, ұзақтығы 40-90 минут.
Оқу экскурсияларын мазмұнына қарай тақырыптық
және кешенді (шолу) деп бөледі. Тақырыптық
экскурсияларға барғанда оқу пәндерінің
бір немесе бірнеше байланысты тақырыптар
оқылады. Кешенді экскурсиялар екі немесе
одан да көп оқу пәндерінің бір-бірімен
мәселен, дүниетанудан "Ағын сулар мен
желдер", өсімдіктер, жануарлар және
"сыртқы орта" деген тақырыптарды
оқу үшін экскурсияға баруға болады, байланысты
тақырыптарын оқу үшін ұйымдастырылады.
Оқылатын бөлімдегі орнына қарай кіріспе,
негізгі, қорытынды экскурсиялар өткізіледі.
Кіріспе экскурсия оқушыларды және оқу
курстарымен, бөлімдерімен таныстырады.
Негізгі экскурсиялар арқылы оқушылар
тақырыпты терең түсінеді, теориялық материалдың
тәжірибесі керектігін үғынады.
Қорытынды экскурсиялар бөлімді қорытындылау
және жүйелеу үшін, оның нақты процестермен
және құбылыстармен байланысын анықтау
үшін өткізіледі. Мұғалім алдын ала экскурсия
болатын жерді көріп, оның білімге ықпалын
анықтап, экскурсияның мақсатын және міндеттерін,
түрін және құрылымын анықтайды, оқушылар
үшін проблемалық сұрақтар, тапсырмалар
әзірлейді, экскурсияның әдіс, тәсілдерін
белгілеп, жоспар құрастырады. Жүретін
жерлердің бағдарын жасап, қосымша көрнекіліктер
және керекті жабдықтарды (өлшейтін құралдарды,
блокнот, қарындаштарды, гербарийлерге
арналған папкаларды, фотоаппаратты, компасты)
әзірлейді, оқушыламен әңгімелеседі, қауіпсіздік
ережелерін, өзін-өзі ұстау жөнінде айтады
, экскурсия өтетін жерге қысқаша сипаттама
беріп, қалай, қайда қарау керек екенін,
нені бақылау, жазып алу, суретке түсіру
керектігін айтып, қалай жүру керектігін
түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін
айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ
басшыларын тағайындайды, жауапты оқушыларды
бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы
нұсқаулар береді.
Кіріспе әңгімеде мұғалім экскурсияның
мақсатын айтады, содан кейін оқушылар
объектілерді қарап, тапсырманы орындауға
кіріседі; сурет салады, жазады, объектінің
ерекшіліктерін бөліп, көргендерінен
қорытынды жасайды.
Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін
демонстрациямен ұштастырады. Оқушылардың
бақылауларына басшылық етеді. Экскурсияның
соңында мұғалім оқушылардың жұмыстарын
тексереді, қорытынды әңгіме болады. Керек
жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды.
Экскурсия материалдарын кірістіріп сабақ
өткізуге болады.
Мектепте өтетін экскурсиялар оқытудың
тиімді формасы болғандықтан, оларды жиі
өткізу керек, себебі ол өмірді тану дағдыларын
қалыптастырады. Ол үшін экскурсияларға
тапсырмалар әзірлеп, нәтижелерін тексеріп
отыру керек.
Практикумдар арқылы оқушылар тәжірибелік,
зертхана жұмыстарды өз беттерімен орындайды.
Олар оқу курстарының ірі бөлімдерін оқыған
соң өткізіледі, сонымен қатар теориялық
материалды тәжірибеде көрсету үшін де
өткізуге болады.
Практикум 2-3 апта өтеді. Мұғалім сыныпты
2-3 оқушыдан тұратын топтарға бөледі. Әрбір
топ бір-біріне ұқсамайтын зертханалық
және тәжірибелік жұмыстарды арнайы сабақ
кестесі бойынша орындайды.
Практикум өткізер алдында кіріспе дәріс
және нұсқау берілетін сабақ өтеді. Практикум
кезінде оқушылардың тірек білімдерін
жаңғырту тәсілдері қолданылады.
Оқушылардың іс-әрекетін басқару құралдары;
жұмыс істеу ережелерін, қажетті материалды
қайталату, зертханалық жабдықтарды суреттеу,
оның қалай жұмыс істейтінін, тапсырмаларды
орындау төртібін айту, тақырып бойынша
бақылау сұрақтарын және қосымша әдебиеттердің
тізімін жасау.
Жұмысты алгоритм бойынша істегенмен,
шығармашылық, зерттеу жұмыстарын да жүргізуге
болады. Белгілі бір заңдылықтардың, теориялардың
шындыққа сәйкестігі тексеріледі. Тұрақты
шамалар өлшенеді.
Практикум кезінде оқушылар шығармашылық
сипаттағы тапсырмаларды орындайды; химиядан
тәжірибе өткізеді, сызба жұмыстарын жасап,
физикалық, биологиялық, әлеуметтік, тарихи,
фенологиялық зерттеулер жүргізеді.
Бірінші тәжірибелік сабақтың құрылымы:
• практикумның тақырыбын және мақсатын
мұғалімнің хабарлауы;
• оқушыларға керекті білімдерді олардың
естеріне түсірту;
• оқу жұмысына ынталандыру, нұсқаумен
таныстыру;
• керекті жабдықтар мен материалдарды
іріктеу;
• оқушыларға жұмысты орындағаны туралы
есепті құрастырту;
• алынған нәтижелерді талқылап теориялық
тұжырымдар жасау;
• нәтижелерін қорғау;
• іс-әрекетті талдау.
Практикумдар әдетте жоғары сыныптарда
өтеді, бірақ бастауыш сыныптарда қысқа
мерзімді зертханалық және тәжірибелік
тапсырмалар орындатуға болады.
Пәндік үйірмелер, шеберханалар, зертханалар
Сабақта пәнді оқу бағдарламасынан да
көбірек білгісі келетін оқушылар анықталады.
Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатысады,
оған қатарлас сынып оқушыларын да, әр
жастағы оқушыларды да қабылдауға болады.
Үйірмеге басшылық ететін пән мұғалімі.
Үйірмеде оқушылар курстың қызықты тақырыптарын
тереңдетіп оқып, атақты ғалым, жазушылардың,
басқада қайраткерлердің өмірі және қызметімен,
ғылым және техниканық жаңа жетістіктерімен
танысып, ғалымдардың мерейтойларына,
ғылыми жаңалықтарға арналған кештер
өткізеді, техникалық модельдер жасап,
биологиядан тәжірибе жұмыстарын жүргізеді,
зерттеушілермен кездесулер ұйымдастырады.
Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар
ұйымдастырылады, олар үйірмелердің жұмыстарын
үйлестіріп, көпшілікке арналған іс-шаралар,
байқаулар және олимпиадалар өткізеді.
Кеңестер оқушыларға жеке тақырыптарды,
бөлімдерді түсіну үшін беріледі.
Кеңес кезінде оқушылар сұрақтар береді,
өздері жауап беруге тырысады, мұғалімнің
не шақырылған мамандардың берген түсініктерін
тыңдайды.
Ол сыныпқа, топқа, оқушыға беріледі.
Олимпиадалар және байқаулар:
Олимпиадалар аудандық, облыстық, республикалық
олимпиадалар алдында өткізіледі.
Қазір алуан түрлі олимпиадалар мен байқаулар
интернет желісінің көмегімен өткізіледі.
Балалардың техникалық шығармашылығына
арналған көрмелерде оқушылардың ең жақсы
жұмыстары көрсетіледі.
Конференциялар. Олар оқуды ғылыми жұмысқа
жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын
өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын
жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге
әзірленеді.
Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге
болады. Конференцияны симпозиум түрінде
өткізуге болады, онда мұғалім бір мәселені
тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені
шешу туралы өздерінің ұсыныстарын алдын
ала жазып келіп айтады.
Конференция туралы оқушыларға алдын
ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп,
мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға
мұғалім, не мамандар кеңес береді.
Конференцияның ұзақтығы 1-2 сағат. Бірнеше
баяндама оқылады. Баяндаманы оқуға 7-10
минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар
баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер
айтады және қосымшалар еңгізеді. Конференцияның
соңында мұғалім қорытындылап, баяндамашылардың
жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен
тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін
келтірген, әдеби деректермен шектелмеген
оқушылардың жұмыстарына ерекше назар
аударылады.
Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды
талдап, өз пікірлерін айтады. Конференция
ересек жастағы оқушылар арасында өткізіледі.
Факультатив. Ол міндетті оқу курстарына
сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқытады.
Факультатив сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарды
байланыстырады, пәнді оқудан оған сәйкес
келетін ғылымды оқу басталады.
Білімдік міндеттер бойынша факультативтерде
негізгі оқу пәндері терең оқылып, риторика,
логика, шет тілі сияқты қосымша пәндер
оқылады, мамандық беріледі.
Факультативтер теориялық және тәжірибелік
түрде де өте алады.
Оқушылар факультативтерді өздері таңдап
алады, сондықтан олардың іс-әрекеті белсенді.
Факультативтерге қызықтыру үшін мұғалім
көкейтесті тақырыптарды, оқушыларға
ыңғайлы іс-әрекет түрлерін таңдап, олардың
ақыл-ойын, есін, қиялын, жеке қабілеттерін
дамытатын құралдарды қолдану керек.
Сабақты талдаудың мақсаты:
• Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың
сапасын бақылау.
• Мұғалімге нұсқаулар беру.
• Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу.
• Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің
себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға
көмектесу.
• Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Сабақты өткізу деңгейлері:
• Жақсы: Мұғалімнің сабақ мақсатына сай
оқушылармен кері байланысы болып, қиыншылықтарды
жеңуі.
• Өте жақсы: Мұғалімнің оқушыларды мәселені
шешуге қатыстыруы және сол арқылы тақырыпты
меңгертуі.
• Орташа: Оқушылардың білімін және іскерліктерін
анықтауы және тақырыпты сабақ мақсатына
сәйкес ашуы.
• Төменгі: Оқушылардан өткен тақырыпты
сұрау. Жаңа материалды жоспармен түсіндіру.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті аз, белсенділіктері
төмен.
Өзіндік жұмыс
1. Сызбадағы сабақ типологиясына деген
әр түрлі ұсыныстар немесе әдістер бар.
Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
Сіз, соның ішінде қайсысын едәуір жетілдірілген
деп ойлайсыз? Ол өзіңіздің таңдағаныңызды
дәлелдеп беріңіз.
2. Үздіксіз педагогикалық машық кезінде
бекітілген сыныбыңыздағы бірнеше сабаққа
қатысып, мына төменгі сызба бойынша хаттамасын
жасаңыз:
Хаттама
Күні__________________________
Мектеп, сынып_________________________
Мұғалімнің аты, жөні__________________________
Жұмыс өтілі_________________________
Пәні__________________________
Тізім бойынша оқушылар саны_______________________
Нешінші сабақ____________________
Сабақтың мақсаты дидактикалық__________________
Тәрбиелік_____________________
Дамытушылық___________________
Сабақ уақыты Сабақ кезеңдері
Іс-қимыл әрекеті Сіздің ойыңыз, қорытындыңыз,
немесе ескертулеріңіз
Мұғалімнің Оқушының
3. Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін
талдап, олардың мектеп практикасында
қандай сабақтың типін үлгі тұтатынын
анықтаңыздар.
4. Өздеріңнің оқытушылық жеке тәжірибелеріңе
ретроспективтік талдау жүргізіп, сабақ
типінің қайсысын көп қолданатындықтарыңды
анықтаңдар.
5. Мұғалімнің сабаққа даярлығының тактикалық
және стратегиялық алгоритмін жасаңыз.
6. Саяхаттың сабақтан айырмашылығы қандай?
7. Пікір сайыс тақырыптары:
1. Қандай сабақты жақсы деп айтуға болады:
ең тиімді, ең қызықты. Не себепті?
2. XX ғ. мен XIX ғасырдың басындағы сабақтардың
басты айырмашылығы неде?
8. Сабақтың дәстүрлі емес 5-7 түрін сипаттаңыз.
- аукцион;
- брейн-ринг;
- пресс-конференция; - сот;
- іскерлік ойын.
3.8 Оқушлардың білім, іскерлік дағдыларын
бақылау және бағалау