Педагогикадағы инновациялық тұғыр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 11:39, реферат

Описание

Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің жоғарғы сатысы-шығармашылық.Ғылыми –зерттеу іс-әрекетінің шығармашылық деңгейін анықтау үшін ғалым Д.Б.Богоявленская шығармашылықтың «талдау бірлігін» енгізуді ұсынады:жеке тұлғаның танымдық және іс-әрекеттілік сипаттамасын шығармашылық бірлікте қарастырған жөн.Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін көрсететін «зерттеу бірлігіне»интеллектуалдық белсенділікті алуды ұсынады.Интеллектуалды белсенділік өзіне ой іс-әрекетінің интеллектуалды факторы мен интеллектуалды емес (жеке тұлғалық,мотивациялық)факторларын біріктіреді.

Работа состоит из  1 файл

ТАУГУЛ ШАРБАЕВНА КІТАП.docx

— 32.36 Кб (Скачать документ)

   Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттегі зерттеу барысында  біз «инновация», «инновациялық  іс-әрекет», «инновациялық әдіс-тәсілдер»,  «инновациялық үрдіс», «инновациялық  даярлық»деген түсініктерге зерттеушілердің  берген анықтамаларын талдауды  жөн көрдік.

  Егер Э.М.Роджерс,инновацияны  жаңа болып табылатын идея  ретінде қарастырса,неміс ғалымдары  инновацияны жаңа құралдарды  ендіру мен пайдалану мақсатындағы  өзгерістер деп түсінеді де  оны үрдіс ретінде қарастырады[152].

    Ол 1970 жылдың аяғында  Рим клубының «Нет пределов  обучению»еңбегінің авторлары оқыту  принциптерін таңдау идеяларын  жан-жақты қарастыра отырып,өз  зерттеулерінде (А.Кинг,Б.Штайнер) «демеуші  білім» және «инновациялық білім»деген  түсініктерді кең тұрғыда қолданады.Автордың  пікірі бойынша:

  1. «Демеуші білім»-сол кезеңдегі сол кезеңдегі өмір сүруші әлеуметтік орта,әлеуметтік тәжірибе,әлеуметтік жүйені қолданушы.Бұл оқыту үрдісінің дәстүрлі түрі.Оқытудың бұл түрі адамға тәжірибесін  молайтып,жеке бас ретінде қалыптасу мүмкіндіктерін тудырады.
  2. «Инновациялық білім»өмір сүруші мәдениет пен әлеуметтік орта инновациялық өзгерістерді тудырады. «Инновациялық білімді»талдай келе,еңбек  авторлары «инновациялық білім»-жеке бас және қоғам алдындағы күрделі мәселелерді шешуде белсенді қызмет атқарады деген қорытындыға келген.Сонымен қатар, "демеуші білім"білім ретрансляциясымен байланысты болса, "инновациялық білім"-шығармашылық ізденіс негізінде бар тәжірибені байытуды көздейді.Бұл клубтың зерттеушілері «инновациялық білімді»жаңа педагогика,жаңа білім беру үрдісі,жаңа технологиялар ретінде қарастырады [153].

      Профессор  Л.В.Левчук «Инновациялық білім  беру жалпы қоғамдағы жеке адамның қызметінің жаңа түрін жобалайтын,оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын білім беру қызметінің үрдісі мен нәтижесі»деп түсіндіреді[154].

     Л.Н.Шилова өз зерттеулерінде «Инновация-белгілі әлеуметтік ортаға,ұйымға,қоғамға,топқа жаңа,тұрақты өзгерістер енгізу»дейді[155].Біз бұл автор пікірінен негізгі мағынасы бойынша, «инновация»жаңалық жасаушы ғана емес,осы жаңалықпен байланысты қызмет бейнесіне,ойлау стиліне,өзгеріс жасаушы ретінде де анықталатынын байқадық.

   Көптеген ғылыми-педагогикалық  еңбектерде «инновация»ұғымын білім  беру жүйесінде жаңалықтарды  жасап шығару,игеру,қолдану және  тарату іс-әрекеті деп санайды.Бұл  тұрғыда бізді қызықтыратын Н.Р.Юсуфбекованың  зерттеулері.Автор білім беру  жүйесіндегі жаңартуды инновациялық  үрдіс деп көрсетеді.Сонымен қатар,ол  инновациялық процесс дегеніміз  жаңалықтарды жасау,оны педагог  қауымның оқыту мен тәрбие  тәжірибесінде қолдану деп түсіндіреді.Автордың пікірі бойынша,педагогикалық инновацияға үш блок түсініктер мен идеялар енгізуге болады:

   Біріншіден,жаңалықты  жасау,оның топтамасы,жаңалық өлшемдері;

   Екіншіден,олардың  қабылдау бағдарламасын зерттеу,педагогтардың  берген бағасы;

   Үшіншіден,жаңаны  білім беру жүйесінде қолдану[156].

Кез-келген инновациялық үрдіс-жаңалықтардың  пайда болу,жасалып шығу,іске асуы,таратылуы  сияқты кезеңдермен сипатталуы даусыз.

  Педагогикада жаңалықтардың  шығу көзін,топтамаларын жаңалық  болып есептелу үшін қойылатын  талаптарын,оларды ұстаздар қауымының  қабылдауын,бағалауын,осы жаңалықтарды  білім беру шеңберінде қолдану  туралы мәліметтер инноватика  саласында қаралады.

   Инноватика мазмұнына  талдау жасау нәтижесінде Ш.Т.Таубаева  төмендегі негізгі аспектілерді  көрсетеді:

   1)Инноватика-жаңа  білімді ойлап табу,меңгеру,енгізу  заңдылықтарын зерттейтін гуманитарлық  ғылым;

   2)Инноватика-жаңа  білімді жасап шығару,меңгеру,енгізу  үрдістерін зерттейтін ғылыми  білім саласы;

   3)Инноватика-қоғамдық  тәжірибеде және ғылым мен  техниканың түрлі салаларындағы  инновациялық үрдістің теориясы  мен практикасы [157,12].

    Тағы бір қатар  авторлар инновацияны қоғамдық  қажеттіліктерді жүзеге асыру  және орындау үшін,әлеуметтік  орта жасаған жаңалықтарды заман  талабына сай қолдану,тарату үрдісі  ретінде түсінеді.

   Инновациялық үрдіс  осы жаңалықтардың ашылу жолдарын  қарастырып қана қоймайды,сонымен  бірге пайдалануын,оның практика  жүзінде таралуын қамтамасыз  етеді.Педагогика үшін жаңалықтың  сапалық,өлшемді сипаттамаларының  маңызы зор.Бұл жаңаклықты енгізу  мәселелерімен тығыз байланысты.Кейде  жаңалықты енгізу барысында мұғалімнің шығармашылық қабілетіне сәйкес жаңалықтар көпнұсқалығымен,кенеттен пайда болуымен сипатталады.Осындай ерекшеліктерімен сипаттала отырып,педагогикалық жаңалық ғылыми немесе практикалық шығармашылықтың қорытындысы деуге болады.

   Ю.К.Бабанский соңғы  оң жылдықта педагогика ғылымында  жаңа маңызды бағыт-инновациялық  үрдіс пен жаңалық теориясы  мәселесіне тоқталған[158].Бұл бағыт мұғалім еңбегіне тікелей қатысты екенін көрсетіп,жағдаяттар зерттеліп,ғылыми және теориялық жаңалықтар байланысы,олардың адамзат өмірі мен қызметіндегі меңгерілуі мен қарама-қайшылықтары қарастырылған.

  Қазіргі кезде педагогикалық  инновацияның білім беру жүйесіндегі  маңызды мәселелерінің бірі-жаңалықтарды  топтастыру.Мұғалім үшін ашылған  жаңа әдісті жан-жақты түсіне  білу үшін,бұл жаңалықтың басқа  жаңалықтардан ерекшелігін ,айыпмашылығын,артықшылығын  көре білу қажет.

  К.Ангеловски   [159],М.М.Поташник [160] ,В.Я.Ляудис [161] т.б.авторлардың көпшілігі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау,жіктеу деп санайды.Ол үшін ең бастысы-мектеп жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек.Енгізіліп отырған жаңа әдәстеменің ерекше жағын көре білу,түсіне білу және оның басқа әдістемелерден қандай байланыста екенін білу керек.

  М.В.Кларин тапсыру  метаформасы мен әлеуметтік мәдени  тәжірибе,білім т.б. игерудің негізінде  білім берудің инновациялық тәсілдерін  негізгі екі түрге бөледі:

    • Оқу үрдісін жаңартатын,оның дәстүрлі көшірменің бағдары негізінде кепілді нәтижелерге жетуді көздейтін инновация.Олардың негізінде жатқан білім берудің технологиялық тәсілі,ең алдымен,оқушыларға білім беру немесе хабарлау,үлгісі бойынша әрекет ету амалдарын қалыптастыру,жоғары білім беруге бағытталған тиімді көшірме жасау;
    • Дәстүрлі оқу үрдісін өзгертетін,оның зерттеушілік сипатын қамтамасыз ететін,зерттеушілік оқу-танымдық әрекеттерге бағытталған инновация.Оқытуға деген ізденіс тәсілі ең алдымен оқушылардың жаңа білімді өзіндік меңгеру тәжірибесін қалыптастыруға,оларды жаңа жағдайларда ,шығармашылық қызмет тәжірибесіне бара-бар құндылықтарды өндірумен ұштастырып,байытуға бағытталған тәсіл[162].

 Бұрынғы Кеңестер Одағында  барлық ғылымдардың әдіснамалық  негізі маркстік-лениндік ілім  болса,ал сол кезеңдегі педагогиканың  әдіснамалық негізі осы ілімге  негізделген атақты философ,дидак,педагог  ғалымдардың тұжырымдық көзқарастар  жиынтығы құрады.Оларға С.И.Гессен,В.И.Гинецинский,Б.С.Гершунский,В.М.грищенко,Н.Д.Хмель,Л.А.Ивахнова,Б.Г.Ананьев,Г.Г.Ворбьев,Б.Т.Лихачев және т.б. ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады[163-171] .

   Мектептік білім  беруді дамытудың теориялық,жалпы  педагогикалық негіздері С.И.Архангельский,П.И.Пидкасистый,В.И.Загвязинский,И.К.Журавлев,М.Н.Скаткин  және т.б.ғалымдардың зерттеулерінде  қарастырылады[172-176].

    Жалпы білім  беретін мектептердегі педагогикалық  үрдісті тиімді ұйымдастыру мәселелері  Ю.К.Бабанский,В.П.Беспалько,М.И.Махмутов,А.М.Матюшкин,Т.И.шамова,С.И.Архангельский  және т.б.ғалымдардың қолданбалы  зерттеулерінде қарастырылады[177-182].

   Оқу-тәрбие үрдісін  жетілдіру мәселелерімен жаңашыл-педагогтар  В.Ф.Шаталов,Ш.А.Амонашвили,Е.Н.Ильин,С.Н.Лысенкова,А.Ысқақов  және т.б. айналысты[183-190] .

    Үздіксіз білім  беру мазмұнының логикалық-әдіснамалық  аспектілерін В.С.Леднев,И.Я.Лернер,В.В.Краевский,М.Н.Скаткин  және т.б.ғалымдар өз зерттеулерінде  қарастырады[191-194].

  Педагогикалық іс-әрекеттің  психологиялық негіздері көрнекі  психологтар Л.С.Выготский,П.Я.Гальперин,В.В.Давыдов,А.Н.Леонтьев,В.А.Крутецкий,Е.И.Машбиц,С.Л.Рубинштейн,Н.Д.Талызина,Д.Б.Эльконин  өз зерттеулерінде ашып көрсет  еді [195-203].

  Психологиялық-педагогикалық  тұрғыдан білім беру технологияларын  жетілдірудің негізгі тенденциялары  төмендегідей белгілермен сипатталады:есте  сақтап оқудан меңгергенін өмірде  қолдануға үйрететін ақыл-ойды  дамыту үрдісіне көшу;орта деңгейдегі  оқукдан жекеленген,сараланған оқытуға  көшу;оқытудың сыртқы мотивациясынан  ішкі адамгершілік,күш-жігерлік  ынтаға ауысу.

  Педагогика адам іс-әрекетінің  басты саласы ретінде өз құрылымына  үрдістің объектісісі мен субъектісін  ендіреді.Дәстүрлі субъект-объектілік педагогикада оқушыны объект рөлінде қарастырады,ол алдыңғы аға ұрпақтың іс-тәжірибесін үйренеді.Бұл жүйенің түпкі мақсаты-баланы өмірге даярлау.

    Ал қазіргі  педагогика баланы оқу іс-әрекетінің  субъектісі ретінде қарастырады.Тұлғаның  қоршаған ортамен барлық іс-әрекеті  айқын көрініс табады.Адам өзін  қоршаған ортада өзінің «Мен»деген  санасымен,көзқарасымен субъективті  бағыт ұстанады.Талап ететін педагогикадан  қарым-қатынас педагогикасына өту балаға ізгілік-тұлғалық бағыт ұстануды көздейді.Ол мектепке,баланың тұлғасына,ішкі жан дүниесіне бағытталады,оны ұғынуға тырысады,баланың ашылмаған,құпия қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға тырысады.Мектептің мақсаты-жеке тұлғаның еркін дамуына толық мүмкіндіктер жасау,оның өмірге деген құлшынысын ішкі сезімін ояту.

  • Тұлғаға деген осындай жаңа көзқарас мектепте бала өзін толық адами тұлға деп сезінуге жол ашады,ол педагогикалық үрдістің объектісі емес субъектісіне айналады.

     Қазіргі кезеңде  мектепті реформалауда ізгілендіру  ұғымы білім беру жүйесіндегі  «мұғалім-оқушы»ара қатынасының  жаңа бағытта жүргізілуін талап  етеді:оқушының өзін-өзі бағалауы,оның  шығармашылығының дамуына жан-жақты  қолайлы жағдай жасау.

  Білім беруді ізгілендірудің  төмендегідей шарттары бар:

  • Оқыту үрдісі ішкі мотивацияға негізделеді,сыртқы мотивацияны ұйымдастырумен тиімді үйлеседі,тұлғаның ішкі сұранысын қанағаттандырады.
  • Тұлғаны дамыту біртұтастыққа жүреді:баланың интеллектуалды,физикалық,эстетикалық дамуы бірлікте қарастырылады;
  • Оқыту оқушының өз бетінше іс-әрекетіне негізделеді,себебі әрбір оқушының қабылдау,меңгеру,есте сақтау қабілеттері мен мүмкіндіктері әр түрлі;
  • Оқыту ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға арқау сүйейді,оқушының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері толық ескеріледі.

 

 


Информация о работе Педагогикадағы инновациялық тұғыр