Педагогикалық қарым-қатынас негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 16:48, реферат

Описание

Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі «көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету» болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес ересектерге білім берудің теориялық негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде еліміздегі мемлекеттік маңызы зор әлеуметтік-мәдени жоба – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту, оның коммуникативтік әлеуетін кеңіту Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі» деп бекітілген қосымша білім беру жүйесі арқылы жүзеге асады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Қарым- қатынастың жалпы сипаттамасы
б) Педагогикалық қарым-қатынас негіздері
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі

Работа состоит из  1 файл

ҚАТЫНАС.doc

— 107.00 Кб (Скачать документ)

    Қарым-қатынас  субъектілері өзіндік функционалды жүктемені алып жүреді және бұрыннан бері қарым-қатынастың түрлі функцияларын жүзеге асырушылар ретінде қарастырылады.

    Мысалға, А.А. Брудный бойынша, коммуникацияда (қарым-қатынаста) үш бастапқы функциялар: активациялық - әрекетке түрткілеу; интердиктивті - тыйым салу, тежеу («болады-болмайды»); дестабилизациялаушы - қоқан-лоққы, қорлау, т.б. және де қарым қатынастың төрт негізгі функциялары бөлінуі мүмкін: инструменталды - іс-әрекеті қарым-қатынас жолымен үйлестіру; синдикативті - қауымдастықты, топты жасау; трансляциялық. Соңғысы педагогикалық қарым-қатынас үшін ерекше қызықты, себебі «бұл функция оқыту негізінде жатыр: қарым-қатынас арқылы тұлға оқытылуы жүзеге асады, мемлекет тарапынан институционалдық, санкцияланған және ұйымдастырылған да, қайталана беретін адамдармен контакт процесінде болатын, берілген кісіге өз білімдері мен дағдыларын беруге қабілетті, өзіндік даралық, формалды емес те.

    Қарым-қатынас  функциясының неғұрлым жете талдауы  контакттілік, ақпараттык, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын, қатынастар орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап жіктеуге мүмкіндік береді (Л.А. Карпенко).

    Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық  қатынаста байланысқан адамдар  арасындағы мақсатты, тура немесе қайсы  бір құралдармен жанамаланған контакт  орнату және қолдау процесі ретінде анықтай отырып, А.А. Леонтьев оның келесі сипаттамаларын бөледі: контактілік, бағдарланғандық, бағыттылық, арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы.

    Соңғы редакцияда олар, А.А. Леонтьев бойынша, арнайы семиотикалық және жанамалылық  дәрежесі, қарым-қатынас бағдары мен психологиялық динамикасы ретінде анықталған. Бұл жерде бұрынырақ аталған сипаттамалардың кейбіреуін ол жаңа мазмұнға толтырады. Мысалға, бағыттылықтың екі жақты табиғаты белгіленеді: адамдардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін өзгертуге және олардың өздерінің өзгеруіне бағыттылық. 

    Педагогикалық қарым-қатынас негіздері 

    Білім беруді модернизациялаудың стратегиялық мақсаты әрбір адамның ғұмыр  бойы білім алуына немесе білімін  толықтыруына нақты мүмкіндіктер туғызатын  жаңа білім беру жүйесін құру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында бекітілген қосымша білім беру ұғымы (шетелдік аналогтары: extra, additive, complementari) педагог пен оқушының арасында серіктестік қарым-қатынастың дамуына мүмкіндік беретін білім берудің ерекше түрін білдіреді. Либералдық, прогрессивтік, бихевиористік, радикалды, когнитивті, гуманистік философиялық мектептер мен бағыттар ықпалымен дамыған ересектерге қосымша білім беру үдерісі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлеуметтік, экономикалық функцияларды ғана емес, тұлғаны дамыту функциясын орындайтын білім беру қызметін көрсету саласына айналып келеді.

    Педагогикалық қарым-қатынас субъектілері - адамдардың жоғарыда қарастырылған жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру міндеті оқытушының кәсіби, әлеуметтік, психологиялық мәдениетінің жоғары болуын ғана емес, тұлғалық кемелденуін де талап етеді.

    Педагогикалық, психологиялық зерттеулерде (В.А.Кан-Калик, Г.А. Ковалев т.б.) педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуы онсыз жүзеге аспайтын тұтас категория ретінде қарастырылады.

    Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iс-әрекеттер iшiндегi күрделi ұйымдасқан жүйе болып есептеледi.

    Бiрiншi – оқыту барысындағы мұғалiмнiң iс - әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен мағыналардың iшiнен өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс. Келесi iс-әрекеттер бiрiншi iс - әрекеттерге рефлекстiк қосымша ретiнде келедi, яғни оған қызмет жасайды.

    Екiншi - оқытудың тиiмдi амалдары мен құралдарын және оқытудың процедураларын теңдестiргендегi оқыту тәжiрбиесiнiң жалпылама iс-әрекетi – оқытудың амалдары мен әдiстерiн құрастыратын методист iс - әрекетi осындай.

    Үшiншi iс -әрекеттiң методикалығы, бiрақ  ол оқу құралдары мен оқу сабақтарын құрастыруға бағытталған.

    Төртiншi iс - әрекет оқыту сабақтарын бiр тұтас  жүйеге сабақтастырудан тұрады –  оқу бағдарламаларын құрастыру  бағдарламалау iс - әрекетi. Мұндай бағдарламалауды жүзеге асыру үшiн, оқытудың мақсатын бiлу қажет, бiрақта оқытудың бағдарламаларын құру барысында мақсаттың кейбiр жалпы бөлiктерiне бағытталады. Мұндай мақсаттар ертерек саясаткерлермен мәдени қызметкерлермен қалыптасқан, бiрақ педагогтармен емес. Қазiргi заманның әлеуметтiк мәдени жағдайы және және мiндерi мен оқыту мақсатын жобалау және бинелеу мен педагог – методолог, педагог айналысуы қажет деген талаптар қояды. Бұл өте қажет, өйткенi, бiрiншiден қазiргi өндiрiстiк iс тәжiрбиелiк қызымет жиi белгiлi бiр мақсатты, мiндеттердi қояды, оларды тек арнайы дайындалған адамдар шеше алуы мүмкiн. Екiншiден, қазiргi әдiснамалық ойлау оқыту процестерiн тиiмдi жобалауы мүмкiн, бiрақ ол тапсырыс берушiден нақты және анықталған мақсаттар талап етедi. Үшiншiден қазiргi технологиялық қоғам тез және қарқынды дамуда және оқыту жүйесiне де сондай талаптар қояды, яғни қоғамға қажеттi адмның қасиеттерiн жүйелi және тез бейнелеудi, қадағалауды және оқу бағдарламаларын шұғыл жобалауды талап етедi. Кең мағынада мұндай теологиялық ойлаудың нәтижесi адам жобасы болып табылады, ал тар мағынада- маман жобасы, яғни болашақ адамның бойында болуға қажеттi интелектуалды қызметтер, бiлiм, қабiлеттер жиынтығын бейнелеуi қажет. Оқыту оқушы мен оқытушы арасындағы белсендi керi байланыс процесi оның нәтижесiнде оқушы да оның өзiндiк белсендiлiгiнiң негiзiнде белгiлi бiр бiлiмдер және бiлiктер қалыптасады.

    Адамның iс- әрекетке қабiлеттiлiгiн қалыптастыру үшiн оқытудың функциясы белгiлi және заттық құралдарға максималды бейiмделуден тұрады. Оқытудың ең қарапайым түрi оқушымен, оқытушының қарым- қатынасынан тұрады, мұғалiм, оқушы iс-әрекетiн дұрыс немесе дұрыс емес етiп бағалайды. Бұл жағдайда оқыту процесiн бөлшектенетiнi көрiнедi.

    Оқыту жүйесiнiң дамуы iс- әрекеттiң күрделi түрлерiнiң бөлiнуiнен тұрады. Бiрақ  та мұндай даму iс- әрекеттiң қиын талдауын және оның элементтерiн бөлумен түсiндiрiледi. Тапсырма, iс- әрекеттiң кәсiби қиын түрiн, жәй элементтердi бөлуден тұрады. Сөйтiп педагогикалық рефлекстiң бiрiншi принципi элементарлық iс-әрекеттi және оларды транцляциялау. Бiрақ та бұл әрқашан да жеткiлiксiз, жәй элементтердiң iс- әрекетiн аяғына дейiн бөлiп қою мүмкiн емес, өйткенi iс- әрекетте қиын байланыстар мен қарым- қатынастар бар. Сондықтан да негiзгi элементтер мен қиын iс- әрекеттi құрауға мүмкiндiк беретiн және белгi құралдары мен жобаларынан тұратын екiншi принциптерi көрсетiледi. Бұл белгi құралдары iс- әрекеттi жобалау және бейнелеу құралдары болып табылады. Басқа жағынан, оқу процесiнiң iс жүргiзу технологиясы оқу жүйесiнiң қызметiн, оқу жағдайының бiр iздiлiгi ретiнде көрiнедi. Бұл жағдайлар келесi образбен теңестiрiледi. Бұрынғы жағдайлар келесiлерге амалдарды көрсетедi. Сондықтан бiлiм жүйесi технологиялық процестiң үзiлмелi құралы ретiнде құрылады және соңында бiлiмдi, қоғамға қажеттi әлеуметтiк- мәдени қабiлеттердi тұтас меңгерген адам болып шығады. Сондықтан, бiлiм жүйесiн методологиялық тiлi, жүйе ретiнде бейнеленуi мүмкiн. Бұл жүйе оқытудың қиын iс-әрекет жағдайы мен оқытудың жәй қызметiнен – қиын қызыметiне өту iс-әрекетiнiң берiлген шарттары мен тапсырмалары арқылы қанағаттануы.

    Педагогикалық белсендiлiктi былай қарастыруға  болады; 1) басқару қызметi ретiнде (оқу iс-әрекетiн басқару құралы ретiнде) 2) ұйымдық сана мен оқушының санасын  түсiну ретiнде педагогтың жұмысындағы  маңызды жағдай оқушының жағдайын түсiну және қарым – қатынас болып табылады. Түсiну оқушының iшкi көзқарасын жүйелiк қалыптасуға, басқа адамның iшкi жандүниесiн түсiнуге мүмкiндiк бередi. Басқа жағынан педагог өзiн түсiнуге және өзiнiң көзқарасы бойынша оқушыға маңызды бiр нәрсенi жеткiзу бiрақ та түсiну тiкелей берiлмейдi, оны тек қана өзiнiң жеке тәжiрибесiн ұғыну арқылы беруге болады. Сөйтiп педагогикалық акт, коммуникативтi диагностикалық акт болып табылады.

    Тұлғааралық қарым-қатынастың аналитикалық моделі негізінде біз ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың перцептивтік, коммуникативтік, интерактивтік компоненттерден және олардың әрқайсысын айғақтайтын өлшемдер мен көрсеткіштерден түзілетін құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Перцептивтік компонент педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің өзара түсінісуінің негіздемесі ретінде бір-бірінің психологиялық бейнесін қалыптастыра отырып, бірін-бірі тану, қабылдау үдерісі болып табылады. Коммуникативтік компонент вербалды, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын қолдана білуді білдіреді. Коммуникативтік техникаларды  ұтымды қолдана білу арқылы  ақпарат «жүрісі» ғана орындалып қалмайды, педагогикалық қарым-қатынас субъектілері арасында өзара сенім туындайды. Интерактивтік компонент қарым-қатынас субъектілері үшін ортақ іс-әрекетті ұйымдастырып, жүзеге асыру мақсатымен бір-бірімен әрекеттесуін білдіреді. Өзара әрекет барысында қарым-қатынас субъектілері бір-біріне белгілі бір ықпал жасайды. 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы  пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек - түр қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды. Біз іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік катынаста әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары болып табылады.

    Мұндай  түсіндірме Б.Ф. Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша  қарым-қатынас - «бір-бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің өзара әрекеті». Алайда, түсіндірмелердегі айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады.

    Қатал қарым-қатынас баланы ұрып-соғу арқылы  ашық көрінеді не жасырын, яғни эмоционалдық дұшпандық пен суықтықтан көрінеді. Жоғары моральдық жауапкершілік  бала болашағының ерекшелігіне үміт артып, баладан жоғары моральдық  тәртіп талап етуден болады. Тәрбиенің мұндай түрін ұстанатын ата-аналар балаға отбасының басқа мүшелеріне қамқоршы, қорғаншы болуды жүктейді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы.
  2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
  3. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999
  4. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б
  5. М. Жұмабаев. Педагогика. Алматы. «Ана тілі», 1992 - 65б.
  6. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б
  7. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.
  8. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.
  9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004-420б.

Информация о работе Педагогикалық қарым-қатынас негіздері