Педагогикалық құзырлылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 20:06, реферат

Описание

Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қаблетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, тәуелсіздіктің тұғырын мінне быйыл 20 жыл берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағында білімді, білікті, саналы азаматтар тәриелеу міндеттері қойылған. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді.

Работа состоит из  1 файл

ОПТ.docx

— 23.92 Кб (Скачать документ)

Болашақ педагог  мамандардың  құзіреттілігін арттыру - сапалы білім берудің басты кілті

 

Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қаблетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, тәуелсіздіктің тұғырын мінне быйыл 20 жыл берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағында білімді, білікті, саналы азаматтар тәриелеу міндеттері қойылған. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді.

Қазіргі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда  өздігінше шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейеді. Осыған орай, әр тұлғаның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі. Жоғары дәрежелі кәсіби құзіреттілік маманның бәсекеге қаблеттілігін арттырады. Өздігінше еркін ойлау қаблеті бар, тәрбие – білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын  болашақ ұстаздың кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыру – өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзіретті мұғалім мектептің тәрбие – білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды.

Білім беру жүйесіндегі педагогтің кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік. «Кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға ториялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі».  Яғни, педагогтің құзіреттілігі – жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін  ұғым деуге болады.

Кей зерттеушілер «біліктілік» ұғымын «құзіреттілік» ұғымымен нақтылайды. Алайда, осы екі ұғымды салыстыра отырып, «құзыреттілік» ұғымының мағынасы кең екенін аңғаруға болады. Себебі, оған біліктілікті сипаттайтын таза кәсіби біліммен және іскерлікпен қоса топқа, әлеуметтік ортада жұмыс істеуге, коммуникативтік қабілет, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу және пайдалану т.б. іскерліктер жатады[1].

Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой – тұжырымдарын терең талдай отырып, білім беру жағдайында педагогтің құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенде сипаттауға болады:

1.                 Мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас, бұл жағдайда оқытудың теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;

2.                 Проблемалық практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтің алдына мақсат орындау жолдарын ан, міндет нормаларын қойып жәнықтауды сипаттайды;

3.                 Коммуникативтік аспект: бұл-педагогтің осы үрдісіне, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.

Баланың тұлға ретінде дамуына,оның ішінде шығармашылық потенциалы мен шығармашылық қабілітінің дамуына бағытталған педагогтардың кәсіби өсуімен олардың әдістемелік дайындығының проблемасы маңызды болып отыр. Бұл мәселе бірнеше зерттеулерде (В.Взагвязинский, А.К. Макарова, В.А. Сластенин жене т.б.) қарастырылған. Мектептер осындай шығармашылық әлеуеті қалыптасқан, әрі шығармашылыққа бейімі бар оқушыны дайындайтын мұғалімдерді қажет етеді. Осы тұрғыдан қарастырсақ мұғалімнің кәсіби құзыретті тұлғаға айналыунда әдістемелік жұмыстың орны ерекше. Әдістемелік жұмыс барысында мұғалім өзінің мамандығының қыр-сырын ұғынып қана қоймай, сонымен қатар өзіндік кәсіби дамуы мен құзыреттілігінің қалыптасуын мектеп жағдайында түсінеді.

  Әдістемелік жұмыс  мұғалімнің кәсіби қалыптасуының  ең басты құралдарының бірі болып табылады. Әрі Р.А.Исламшин, Р.Х.Гильмеева, В.Ф.Габдулхаков оны педагогтың әлеуметтену кезеңі деп атады, себебі мұғалім білім мекемесінің ерекшелігін түсінеді, берілген мектеп жағдайында өзінің даму мен жетілдіру процесіне қатысады, өзінің кәсіби функциаларын сапалы жүзеге асыруға психологиялық- педагогикалық дайындығының құраушылары мен жаңа ойлары қалыптасады.

Өзіндік талдау шығармашылық әрекеттің тиімділігі үшін қажетті білік ретінде қарастырады. Ол жетістіктер  мен кемшіліктердің себептерін анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімнің кәсіби -тұлғалық өсуі үшін  қажетті шарт болып табылады.

Л.С.Выготский «педагогикалық процесті зерттеу – педагогтың өзінің ісі» деген. Сондықтан, ең алдымен, педагогтарды өздік талдаудың «құралдарымен» жабдықтау және оларды қолдануды үйрету керек.

Қазіргі педагогикалық практикада мұғалімнің негізгі функцияларында өзгерістер болуда, әрі өзгрістердің тенденциясы күшейе түсуде.

Мұғалімнің кәсіби құзырлығы  оның өзіне деген  сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады, осыдан барып  жетіктік іс- әрекет өрініс табады. «Жетіктік» (кәсіби) адамның білім, білігі және дағдыларының қолдану саласын белгілейді.

Қазіргі заманғы құзырлығы  қалыптасқан маманның кәсіби әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру –мектептің әр мұғалімінің міндеті.

Кәсіби құзырлылық-ізденімпаздықпен, жауапкршілікпен әрекет етуге адамның еңбегінің нәтижесінде байқалатын белгілі бір  функциясын қабілеттілікпен және біліктілікпен меңгеруіне мүмкіндік алуы  да қосымша психологиялық жағдай.

Бұрын мұғалімнің негізгі функциясы орташа оқушыға жалпыланған әлеуметтік тәжірибені үйретумен шектелсе, енді бүгінгі 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалім әрбір  жеке оқушының дербес дамуын жүзеге асыру мен білімділік  траекториясын құру функциясын орындауы керек. Яғни оқыту әрекетімен қатар оқушының оқу әрекетін басқару мен білімділік мониторингі аясында диагностикалық сипаттағы іс-әрекетке деген қажеттілік туындап отыр. Сондықтан мұғалімнің ғылыми негізделген әрекеті оның кәсіби құзырының  және кеңейтілуін шамалайды. Осыған байланысты мұғалім тұлғасына қойылатын дәстүрлі талаптардан басқа атқару циклі аясында басқарушылық  сипаттағы талаптар пайда болды. Мұғалімнің дәстүрлі әрекетінің құраушылары: гносологиялық, жобалау, құрастыру, комуникативтік және ұйымдастыру әрекеті енетін [1].

Гносологиялық әрекет мұғалім тұлғасының педагогикалық дайындығы мен білімдік бағыттылығына байланысты. Ең  алдымен, ол мұғалімнің мемлекеттік-қоғамдық  тапсырысқа сәйкес келетін әлеуметтік- педагогикалық жүйенің талаптарына, оның даму мақсаттарын қабылдауға ынталылығы. Мұғалім өз миссиясында дайындығы білім беру саласын, оның нәтижесінің мұғалімнің мүмкіндігі мен қажеттілігінің тиімді тепе- теңдігі ретінде қарайтын түсінікпен  байланысты.

Қазіргі заман мұғалімі білім беру ппоцесінің шаттары, параметрлері және нәтижелері арасындағы тәуелділікті жан-жақты қабылдай білуі керек.

Жобалау әрекетінде білім беру процесінің тек себеп-салдарлық тәуелділігі ғана емес, сонымен қатар құндылықтар басымдылығы ескеріледі. Ол  оқушы тұлғасында әрбір оқу кезеңінің, оқу сатысының соңында және оқу працесінің соңында олуы тиіс өзгерістерді жобалауға бағытталған. Бұл әрекет әрбір оқушының тұлғалық әрекеттеріне сәйкес тиімді педагогикалық құралдарды таңдауды, білім беру технологиясын таңдау кезінде оқушының ағымдағы және болашақтағы мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеруді талап етеді.

Мұғалімнің құрастыру  әрекеті оқушы мен мұғалімнің әрекетінің үздіксіздігі мен жүйесінің  болашақ мазмұнын жобалаудан көрінеді. Мұнда оқушының интеллектуалдық, эмоциялық және практикалық қызығушылығына сәйкес оқу аппаратын құрастырып, таңдаумен қатар нақты бір оқушының пәнді, курсты, бөлімді, тақырыпты меңгеруінің психологиялық ерекшелігін ескеруді де қарастырады.

Коммуникативтік әрекет-оқушылардың әлеуметтік –психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсатты өзара қарым-қатынасты орнатудан, диалогтық формадағы тұлғааралық қарым-қатынас құрылымынан көрінеді. Педагогикалық әрекеттің бұл түрі білім еру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасына оның мақсаттары мен құралдарының дамуына сәйкес түзету енгізуді  қажет етеді.

Ұйымдастыру әрекеті оқушының шығармашылығын дамытуға ықпал ету білігіне  байланысты. Ол оқушының репподуктивті (өнімсіз) және өнімді оқу әрекетін ұйымдастыруға бағытталған. Педагогикалық әрекеттің бұл түрі  арқылы оқушылардың атқарушы әрекетін  ұйымдастырушы әрекетке өту кезінде сәйкесінше  құқықтар мен жауапкершіліктерді бөлісе білуіне ықпал етеді. Осы арқылы оқушының өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі дамытуға, өздігімен білім алуға деген бейімділіктері дамиды.

Бүгінгі таңдағы қалыптасып отырған жаңа білім беру мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі заманның мұғалімінің инновациялық даярлығын қалыптастырудың инновациялық іс – әрекеттерді төрт бөлікке жіктеуге болады: әдіснамалық, пәндік – теориялық, әдістемелік, технологиялық [2].

Педагогикалық оқу орнының  студенттерінің  инновациялық даярлығын  қалыптастырудың әдіснамалық бөліктеріне кіретіндер: ізгілікті философия ғылымы, ғылым әдіснамасы, педагогика әдіснамасы, әдіснамадағы жаңа білімдер жиынтығы.

Болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың пәндік – теориялық бөліктеріне жататындар: мұғалімнің беретін пәні бойынша теориялық білімі, педагогика, психология, дидактика педагогикалық инноватика бойынша жаңа білімдері. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың әдістемелік бөліктеріне оқытушының өзі беретін оқу пәнінің тарихы мен әдістемесін білуі және тәрбие жұмыстарын, мектептен, сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесін білуі жатады. Оны 1- кестеден толық байқауға болады.

1-                 кесте - Педагогикалық оқу орнының студенттерінің  инновациялық даярлығын қалыптастыру

Педагогикалық технологияның  философиялық, психологиялық, педагогикалық  негіздері бойынша білімі 

Педагогикалық технология тәсілдерін қолдану 

Педагогикалық технологияны меңгеру

Болашақ мұғалімнің педагогикалық  технологияның философиялық негіздерін, психологиялық технологияның негіздерін, педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ажырата  алуы, меңгеруі және оқытушының инновациялық педагогикалық технологияның мазмұнын, мағнасын, құрылымын, негізгі ұстанымдарын меңгеруі.    

Болашақ мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияның оқушылардың білім дәрежесіне әсерін бағалай алуы. Мұғалімнің өз пәні бойынша оқытудың инновациялық технологияларын меңгеруі. 

Болашақ мұғалімді оқу  – тәрбие үрдісіне инновациялық технологияның  рөлі мен маңызын айқындай алуы. Мұғалімнің инновациялық технологиямен оқу – тәрбие үрдісін жобалай алу алгоритмін меңгеруі. Мұғалімнің инновациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалана алуы.

Осы жоғарыда аталған инновациялық әдіспен білім бере отырып, оқушыларға білім мен тәрбиені жақсы жетістіктермен беруге болатыны көрінеді.

Қазіргі уақытта тұлға  қоғам алдында қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке  бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа заманның ұстаздарын дайындау бүгінгі педагогикалық оқу орнының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» - деп ұлы педагог А.Я. Коменский тұжырымдағанда, мұғалім берекелі істің, ғылым мен ілімнің, заман ағымымен жарысып келе жатқан Ұлы көштің иесі. 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Қазіргі кезеңдегі  педагогтардың кәсіби құзіреттілігі: проблемалары және даму болашағы. Республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. 16 қазан 2009 ж.,  Б. 403-420

2. А.О. Сеитменбетова, Педагогикалық университеттердің студенттеріне инновациялық технология арқылы экологиялық білім беру. П.ғ.к. диссертациясы. – Алматы, 2009

3.            Қазақстан мектебі, № 1 – 2008 ж.,23-24 б.б.


Информация о работе Педагогикалық құзырлылық