Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 07:31, лекция
Тренингтік топтың жұмысы барысында әр уақытта екі жақ, екі жоспар: мазмұндылық пен жекешілдік көрініс тауып отырады. Мазмұндық жоспар тренингтің негізгі мазмұндылық мақсатына сәйкес болады. Ол әсер ету нысанының ие болып келуіне: қабілеттіліктер, когнитивті құрылымдар, белгілеулерге – сондай – ақ тренингтің бағдарламасына қарай өзгеріп отырады, мысалы, мазмұны кретивтік тренингте, әріптестік қатынас тренингінде немесе іскерлік келіссөздерді жүргізудің мазмұндары әр түрлі, бірақ әсер ету нысанының деңгейі бірдей – яғни, белгілеулер мен қабілеттілік болмақ.
Психологиялық тренингтің (машықтың) міндеттері және ұсынымдары.
Тренингтік топтың жұмысы барысында әр уақытта екі жақ, екі жоспар: мазмұндылық пен жекешілдік көрініс тауып отырады. Мазмұндық жоспар тренингтің негізгі мазмұндылық мақсатына сәйкес болады. Ол әсер ету нысанының ие болып келуіне: қабілеттіліктер, когнитивті құрылымдар, белгілеулерге – сондай – ақ тренингтің бағдарламасына қарай өзгеріп отырады, мысалы, мазмұны кретивтік тренингте, әріптестік қатынас тренингінде немесе іскерлік келіссөздерді жүргізудің мазмұндары әр түрлі, бірақ әсер ету нысанының деңгейі бірдей – яғни, белгілеулер мен қабілеттілік болмақ.
Жекешілдік жоспар – мазмұндық жоспардағы әрекеттер және топтың әр мүшесінің жағдайы жеке – жеке көрініс табатын жалпы топтық қалып (тренингтің кейбір түрлерінде мүшелерінің бұл жағдайы мен қарым – қатынасы топ жұмысының жалпы мазмұнына айналады).
Психогимнастикалық
Біз «психогимнастика» түсінігінің шартты атау екендігін байқап отырмыз. Бұл түсінікпен өте кең ауқымдағы жаттығулар топтамасын атайды: жазбаша және ауызша, вербальды және вербальды емес жаттығулар. Оларды 2 – 3 адамнан құралатын шағын топтарда немесе топтың барлық мүшелерін қатыстыру арқылы өткізуге болады, қандайда бір арнайы психикалық мінездемеге, мысалы жадына немесе назарға тікелей бағытталған бола алады, сондай – ақ, әмбебаптық негізде, жалпылай әсер етуге бағытталуы мүмкін. Мұндай жаттығулар әр түрлі деңгейдегі психикалық бейнелердің бір мәселесін, бір уайымын бірдей сезінуге жетелейді. Мысалы, топ мүшелеріне қандайда бір жағдайды вербальды түрде кезекпен бейнелеп беруді, яғни жазбаша және ауызша, одан кейін суретін салып, содан кейін қимыл әрекетпен көрсетулерін ұсынуға болады. Нәтижесінде, сезінудің мүмкіндіктері кеңейеді, бір мәселені қабылдаудың жаңа қырлары ашылады. Сондай – ақ, тренинг барысында бір мазмұнда әр түрлі психогимнастикалық жаттығуларды пайдаланғанда, мысалы, қозғалмалы сурет салуы мүмкін және т.б., жоғарыда аталған нәтижелер көрініс беруі мүмкін.
Кейде психогимнастикалық жаттығулар деп тек жалпы топтың және оның әр мүшесінің жеке жағдайын өзгертуді мақсат еткен жаттығуларды ғана атайды. Бұл орынды екенін мойындай отырып, біз тренингтің мазмұндылық мақсатына сәйкес келетін тәжірибе жинақтауға бағытталған жаттығуларды да «психогимнастикалық» деп атаймыз. Мысалы, топ мүшелері шаршаған кезде және оларға эмоциялық күш қажет болған сәтте дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады (бұл жұмыстың бір түрі). Сондай – ақ, топ мүшелеріне орындарынан қозғалмай, «бір» деген санақ кезінде қандайда бір қимыл – әрекет жасауды ұсынуға болады. Барлығы бірдей қимыл – әрекет жасағанға дейін, әрбір келесі санақта қимыл – әрекеттерді өзгертіп тұруы тиіс. Мұндай жаттығулардың нәтижесінде, бір жағынан топтың белсенділігі артады, шаршағандығы тарқайды, көңіл – күйі көтеріледі, ал екінші жағынан – топ мүшелері ортақ шешімге қалай жеткендігі және әрқайсысы қандай жол ұстанғанын талқылау арқылы тәжірибе жинақтауға болады. Талқылаулар кезінде туындаған ойлар әріптестік қатынас, іскерлік келісімдер және т.б. трренингтерде пайдалы болмақ.
Оқытуларды жоспарлау кезінде, сонымен қатар, психогимнастикалық жаттығуларды өткізу барысында бірқатар сәттерді ескеру қажет. Олар жаттығуларды дұрыс таңдау, оларды орындау алдында топқа нұсқау беру, дер кезінде тоқтау және нәтижелерді талқылау. Осы мәселелердің әрқайысысына жеке тоқтап өтейік.
Қандай да бір психогимнастикалық жаттығуды таңдаған кезде
жаттықтырушы төмендегі
Ал, тәуліктің екінші жартысында шаршағандығыңды ұмытуға мүмкіндік беретін, эмоционалды серпілуге жағдай тудыратын жаттығуларды өткізген жөн. Жаттығулардың соңғы түрін, сонымен қатар, топтың барлық мүшесіне немесе кейбір мүшелеріне қиындық тудырған қызу талқылаулардан кейін өткізуге болады.
Жаттығулардың тиімділігі көп жағдайда ең алдымен қажетті және толық ақпаратпен қамтылған нұсқаулықтың анық, айқын болуына да байланысты. Нұсқаулықта күрделі тәсілдер мен керексіз түсіндірмелер шамадан тыс болуы керек. Сондай – ақ, жаттықтырушының жаттығу уақытынан артық уақыт нұсқаулық бергені дұрыс емес. Кей жағдайда, нұсқаулықты түсіндіру барысындап жаттығудың қалай орындалуы керектігін көрсететін мысалдар келтіруіне болады.
Нұсқаулықты түсіндіру кезінде жаттықтырушы топтың әр мүшесінің назарын өзіне қаратып, визуальды байланыс орнатуы керек. Бұл топ мүшелері назарының жоғарлығын арттырады, нұсқаулықтың қандай да бір үзінділерін жіберіп алу және алаңдау мүмкіндіктерін төмендетеді.
Жаттықтырушы топ мүшелерінің жанары мен бет қимылдары арқылы бір нәрсені түсінбей қалғандықтарын байқайды, және нұсқаулықты: «Мүмкін түсінбеген жерлер бар шығар, толықтырайық па?» деген сұрақ қойып, жоғарыда атап кеткен әрекет танытқан топ мүшелеріне назарын аударады.
Жаттығуды нұсқаулықты барлығы түсініп, қалай жасау керектігін толығымен меігерген сәтте ғана бастау керек. Дегенменде, нұсқаулықты барлығы түсінгендігін тексергеннен кейін де топтың кейбір мүшелерінің арасында бір нәрсені түсінбей қалғандар болады. Осындай жағдайда жаттығуды тоқтатып, қайтадан анық – қанығын түсіндіру керек.
Жаттығуларды жүзеге асыруға жаттықтырушы қатысуы тиіс пе? Бұл сұраққа нақты жауап таба алмаймыз. Бұл сұрақтың нақты жауабын беруден бұрын бірқатар бағдар берген дұрыс болар.
Жалпы ортақ ой – жаттықтырушы
мүмкіндігінше тәуліктің
Егер де топ мүшелерінің тақ немесе жұп болуы талабы қойылатын жаттығулар болса, жаттықтырушы топ мүшелерінің қатар санын реттеу үшін, қатысуы немесе қатыспауына болады.
Жаттықтырушы орындалу барысында оның жетекшілік етуі қажет жаттығуларға қатыспайды. Сонымен қатар, жаттықтырушы топ мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет, мысалы, көзді жұмып жасайтын жаттығуды орындаған сәтте жаттығуға араласпайды.
Қорытындысы қисынды болып келетін жаттығулар кездеседі. Мұндай жаттығулардың қатарынан мысалы, «Бұзылған телефон» деген атпен кең таралған ойынды алуға болады. Ойын ақпарат ең соңғы қатысушыға жеткенде аяқталады. Кей жағдайларда жаттықтырушы жаттығудың шартын алдын – ала айтады, мысалы: жаттығу топ мүшелерінің әрқайсысы бір әрекет жасағанда немесе айтқанда аяқталды деп айтып қояды. Екінші бір түрі: жаттығуды орындау уақыты алдын – ала ескертіледі. Бұл жағдайда уақытты жаттықтырушы қадағалайды және топқа уақыттың аяқталғанын айтады. Бірақ, көп жағдайда жаттығуды өткізу үшін уақыт мөлшерін алдын – ала анықтау мүмкіндігі болмайды, мұндай сәтте топ мүшелерінің көңіл – күйі, олардың жаттығуға деген қызығушылығы мен қатысу деңгейі басты назарда болады. Жалпы ереже: жаттығу оған елігу мен қанағаттану деңгейі барынша жоғары көрсеткішке жеткенде және әлі төмендемей тұрған сәтте аяқталуы қажет. Топ мүшелерінің бойындағы өзгерістерді бақылай отырып жаттықтырушы бір жағынан жаттығу өз мақсатына жеткен сәтін, әрі талқылауға қажет дерек толықтай жиналғанын (егер де, жаттығу мазмұндық жоспарда ақпарат алуға бағытталған болса), ал екіншіден, топ мүшелерінің басым көбі жаттығуды жалғастыруға дайын екендігімен қатар, аяқтауға да қарсы емес сәтті дәл анықтай білу қажет.
Жаттығуды талқылау түрі аяқталғаннан кейін жаттықтырушы қоятын сұрақтар жаттығудың көздеген мақсатына байланысты болмақ. Басты қойылатын ортақ талап: жаттығудың мазмұнды ақпарат алуға бағыты жоғары болған сайын, оны талқылауға кетіретін уақыт мөлшері де арта түседі.
Егер жаттығу ең алдымен жалпы топтың немесе оның әрбір мүшесінің жағдайын өзгертуге бағытталса, «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?», «Қазір сіздің көңіл – күйіңіз қандай?» және т.б. қысқа түрдегі сұраққтар қоюға болады. Мұндай сұрақтарға кей жағдайда қайталанатын «жақсы», «бір қалыпты», «көтеріңкі» деген жауаптар естиміз. Кей жағдайда жаттықтырушы топ мүшелерінің көңіл – күйінің қандай деңгейде екендігін байқағандығын жеткізеді, мысалы: «Бәріміздің көңіл – күйіміз көтеріңкі. Енді жұмысымыздың жауапты кезеңіне көшсек болады ғой?» , «Менің байқауымша, бәріміздің жанарымыз жарқын, көңіліміз көтеріңкі сияқты, сондықтан да жаттығуымызды жалғастыруға болады» және т.б.
Сұрақты жаттығудың өтуіне байланысты қоюға болады. Жаттықтырушы жаттығу барысын қадағалай отырып, қатысушылар қиындыққа тап болмады ма ( болған жағдайда, ол қандай қиындықтар), қатысушылардың жағдайы қалай, неге қол жеткізуде және керісінше неге шамасы жетпей жатқандығын бақылауға алады. Бұл бақылауларды жаттығу аяқталғаннан кейінгі сұрақтардың түрін анықтауға мүмкіндік береді.
Психогимнастикалық
Информация о работе Психологиялық тренингтің (машықтың) міндеттері және ұсынымдары