Сейтен Сауытбеков және халық педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 18:28, реферат

Описание

Қазақ халқының тәлім-тәрбиесінің түп-төркіні халық педагогикасы. Ол сан ғасырлардан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан тәрбиенің жинақталған тәжірибесі. Халық тәжірибесін жинақтап, өмірде қолдануда ұстаз-жазушы Сейтен Сауытбековтың өмір жолы, еңбектері кейінгі ұрпаққа үлкен сабақ. Оның еңбектерін іңгәлаған баладан бастап, есейген шақта да, адам өмір бойы тәлім-тәрбие нәрін халықтан алатыны һақ. Адам қоғамы жаратылысынан бастап, жақсы өмір сүруі үшін болашақтан зор үміт күтіп, сол үшін еңбек етіп қиыншылықтармен күресіп келеді. Жақсы өмір сүру үшін қазақ баланы еңбек етуге тәрбиелеген.

Работа состоит из  1 файл

Сейтен Сауытбеков және халық педагогикасы.docx

— 25.85 Кб (Скачать документ)

Сейтен Сауытбеков және халық педагогикасы

 
 
Жұмажанова З.Ә.,- Солтүстік Қазақстан  облысы, Уәлиханов ауданы,  
 
Кішкенекөл кентінің мектеп-гимназия мұғалімі 
 
 
Қазақ халқының тәлім-тәрбиесінің түп-төркіні халық педагогикасы. Ол сан ғасырлардан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан тәрбиенің жинақталған тәжірибесі. Халық тәжірибесін жинақтап, өмірде қолдануда ұстаз-жазушы Сейтен Сауытбековтың өмір жолы, еңбектері кейінгі ұрпаққа үлкен сабақ. Оның еңбектерін іңгәлаған баладан бастап, есейген шақта да, адам өмір бойы тәлім-тәрбие нәрін халықтан алатыны һақ. Адам қоғамы жаратылысынан бастап, жақсы өмір сүруі үшін болашақтан зор үміт күтіп, сол үшін еңбек етіп қиыншылықтармен күресіп келеді. Жақсы өмір сүру үшін қазақ баланы еңбек етуге тәрбиелеген. 
 
Тәрбие жұмыстары кейде нәтижелі, кейде нәтижесіз болады. Сондықтан қоғамдағы ең жоғары сатыда тәрбие тұрады. Тәрбие мәселесімен Абай да, Ыбырай да, Мағжан да және басқа ағартушы азаматтар айналысқан. Бірақ қоғамның әр дәуірінің өзіне тән ұғымы, қасиеті және тәрбиесі болатыны анық. Бала тәрбиесі өмір талабына сай өзгеріп отырады. Негізінен үлгі-өнеге қабылдауға балалық шақ үлкен әсер етеді. Балалар айналасындағы үлкен-кіші, туыстарының, достарының қарым-қатынастарына көздері қанады, керегін өздерінше алады. Осы байқағыш, қабылдағыш қасиеттер негізінен олардың бойында адамгершілік қасиеттер арқылы қаланады. Ал, адамгершілік қасиет – халық тәрбиесінде. Ендеше, баланы нағыз азамат ететін күш осы – халықтық тәрбие.  
 
Балалар бойындағы тежеуге келмейтін қасиет – еліктегіштік. Олар көбінесе үлкендердің ісін, жүріс-тұрысын қайталайды. Мысалы, жаңа жыл кешінде бір қарт ұстаз өзінің туыстарына, көршілердің балаларына шырша орнатып, оларға сыйлықтар алған. Балалар қуанышында шек болмаған. Соңында әр бала өз үлесін ала келгенде, екі сусын, екі нан жетпей қалған. Қарт ұстаз сұрастыра келе оның «иелерін» тапқан. Сөйтсе, үш бала рұқсатсыз сыртқа апарып жеп-ішкен екен. Осы жағымсыз істің сырын ашқанда олар: «тойда үлкен кісілер қораның сыртына апарып ішеді ғой, біз де солар сияқты қызық көріп ішіп-жедік» ,- депті, ағынан жарылған балалар. 
 
Қазақ халқында неше түрлі ырым-сырымдар бар. Мысалы қыз қоштасу ретінде «сыңсу» айтса, үлкендер оған басу айтып, ақыл беріп «жұбату» өлеңін айтқан. Шашу шашылып, ақ тілек айтвлған. Ол дәстүр бүгінде өз мәнін жойған емес. «Сыбаға асу деген бар». «Есіңе алсаң ескіден сақта»,-деп, сүр етке жас етті қосып асқан. Мүшенің болуы шарт. Әр мүшенің бір дәлелді ырымы бар. 
 
Бірде бір ғалым-ұстаз қазақ тілінен дәріс беріп тұрғанда, бір студент: «Қазақтар асық жілікті неге құрметтейді»,- деп сұрапты. Сонда ғалым жауапқа 1,5 сағат уақытын жіберген екен. Осыдан-ақ халықтық тәрбиенің маңызы зор екендігін байқауға болады. 
 
Халықтық педагогика өмірден алынады. Өмір –тірек. Тірек біз үшін ауыл адамдары, қарттар, білікті азаматтар. Сондықтан мейірімді аналардан, қайырымды қарттардан ақыл-кеңес алу, тәлім-тәрбие алу еш уақытта өшпейді. Соның бір дәлелі – Шал ақын ауданы, Балуан ауылында өткен «Сейтен тағылымдары» атты семинар. 
 
Мектебімізде «Тағылымды тәрбие» айлығы өткен еді. Онда «Негізгі тағылым – ел үшін емірене еңбек ету өнеге», «Сырласайық, жаным», «Ермін деген жігітті кеңшілікте сынама» атты мазмұнды іс-шаралар өтті. Халық педагогикасы айдай анық, жұлдыздай жарық ата-бабалар салған ізбен өскелең ұрпақты болашаққа жетелеріне сеніміміз мол. 
 
«Ел ішінде сау келсең, тағылым айтпас ер ме едің 
 
Жол көрсетіп сонда өлсең, арманым бар дер ме едің»,-деп дана Абай тегін айтпаса керек. Әр халықтың тағылымы өзіне асыл мұра екендігін естен шығармай, бала тәрбиесінде қолдануды жетілдіре түссек А.Байтұрсыновтың: « Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»,- деген сауалына нақты жауап табылары сөзсіз. 
 
Жалпы, Сейтен Сауытбековтың өмір жолы, еңбектері бүгінгі ұрпақ үшін ең маңызды тағылым жолы деп білеміз. Атамыз қазақтың «әке балаға сыншы», «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», деген нақыл сөздері – осындай ұлағатты істерден бастау алса керек. «Жақсы – жан сүйсіндіреді» деген мақал бар. Жақсы деген сөз – жақсы іс кімнің болсын мерейін өсіреді. Соған жету үшін балалық шақ тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет. Жас шыбық қалай иілсе, бала тәрбиесін де солай июге болады. Сондықтан болар С.Сауытбековтың: «үйренбесең жасыңда, түк те болмас басыңда» деп, жас кезді нақтылай «атың жақсы болса - дүниенің пырағы, балаң жақсы болса – екі көздің шырағы»деп, бала тәрбиесіне ерекше мән бергеніне көз жеткіземіз. 
 
Халық педагогикасында баланың үлкенін өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы, өнегелі, үлгі болатындай етіп «ағаға – іні қарап өседі», «ағасы бардың жағасы бар», «ағаның үйі ақ жайлау» деген тәлімдік қағидаларды басшылыққа ала отырып, тәрбиелегенін білеміз. Қазақ дәстүрі жалпы адам сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, орын және жол беру, үйге келсе төрге шығару, жөн сұрау, қайырымды болу, сондай-ақ: көп жаса, таудай бол, Алланың нұры жаусын деген сөздермен тілек-ілтипат білдірудің де көп мәні бар. 
 
Халық өлеңдерінде, мақал-мәтелдерінде, жұмбақ-жаңылтпаштарда, жырларда тәрбиенің қамтылмайтыны жоқ. Халық педагогикасының сан қырын ұстаз-жазушы Сейтен Сауытбеков еңбектерінің көмегімен шешуге болады. Сейтен мұраларынан әр оқиғаның, заттың, әр адамның жас ерекшелігіне қарай жақсы-жаман, пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтауға болатын: аңыз әңгіме, ертегі, өсиет-нақылдарын кездестіруге болады. Әділ іс, әділ шешім ғана халық педагогикасына жол ашатынын байқауға болады. Ардагер ұстаздың «Поэмалар, өсиеттер» жинағында, мысалы «ата-анадан басқаның, дүниеден бәрі табылар»,- деуі, әр адам үшін ең қымбаты да, асылы да өз ата-анасы. Сондықтан ата-ананы қадірле деп ақыл қосса, мына бір жерде: «өмір сені білсе де, сен өмірді біліп болмассың», яғни, адамның білгенінен білмейтіні көп, тек талпыну, іздену керек деп, үміттендіріп қояды. 
 
Сондай-ақ, бала болса да даналардай ой тастайтын, келешегі зор балаларға сенім арту керектігін мына жолдар арқылы көз жеткізуге болады: 
 
«Адам болар баланың, айтқан сөзі оң болар», десе, ал ізгілікке және кіщіпейілділікке тәрбиелеудің бір белгісін: «ұстаз барда тіліңді тый, ұстаз барда қолыңды тый» деп білдірген. 
 
Сейтен Сауытбеков халық тағылымының маңыздылығын тіпті, сәбиге арналған батасында анық көрсетеді. Автор: 
 
«Ары адал жаны жаз – құрбысынан қалмасын 
 
Қаныш пенен Мұқандай – тасқа бассын таңбасын»,- деп, қазақ тәрбиесіне тән ардың, адал жанның тазалығына мән бергендігінің өзі өнеге. Сондай-ақ: 
 
«Бала тілін білмеген, ана тілін білмейді 
 
Ана тілін білмеген, дана тілін білмейді» деуі, жас сәби өзін туған анасының тілінде сөйлеуі керек. Ал туған анасы өз ұлтының ана тілінде сөйлемесе, бала қайдан сол ұлттың даналарын біледі деп, өкінішін білдіреді. 
 
Ал мына өлең шумағында екі қарама-қайшы ұғымды салыстыра көрсеткен: 
 
«Білімдімен бір жүрсең, білмегенді білерсің  
 
Ноқайменен бір жүрсең, ұяттан болар үлесің»,- деп, білімнің керектігін, оның өмірден өз жолыңды табуға себепкер болатындығын айта келе, баланың жаман жолға түсуге жол бермеу керектігін нұсқаған. 
 
«Адам туа жаман емес, жүре жаман болады» деуі, немесе «білмесең де ұқсап бақ» деп, бала өміріне әр адам үлкен үміт артады. Сол үміттің тамыры Сейтен Сауытбековтың еңбектерінде ақыл, кеңес, өсиет, баланың жауапкершілігін нақтылай түсуде тапсырма ретінде жеңіл мазақтамалармен, сұрақ-жауаптармен берілуі – халық тағылымының бала тәрбиесінде маңызы зор екенін айқындайды. Ұлттық салт-дәстүрлер де халық педагогикасының негізін құрайды. Оның жақсы жақтарының өзін бір жақты алмауымыз қажет. Мысалы, киіз үйді баспана дейміз, көшіп қонуға ыңғайлы дейміз, сонымен бірге архитектуралық мұра деп білуіміз керек. Өткені, оның әр бөлігі бір жақсылықты, бір ырымды білдіреді деп санаймыз. 
Қазақтың ғалым-педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беру және оған болашақ мұғалімдерді дайындау бойынша 
 
еңбектеріне мазмұндық талдау 
 
 
Қ.Бөлеев.,- педагогика ғылымдарының  
 
докторы, профессор, Тараз қаласы 
 
 
Қазақ халқының ұлы ағартушы -педагогтары, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов өз еңбектері арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл қазақ халқына ұлттық тәрбие беру, ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау, ол мектептегі ұлттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін негіздеді. Сол арқылы олар ХХ ғасырдың басында қазақ халқының болашағын ойлап, оның мектебінің ұлттық болуы, қазақ тілінің тазалығын, мектептегі білім мазмұнының қазақ халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен бірлікте болуын дәлелдеді. 
 
М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты төлтума оқулығында «Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс» десе, Ж.Аймауытов «Тәрбие» атты мақаласында тәрбие ғылымын зерттеу қажеттігін «Бұл күнге дейін тәрбие ғылымы – кейінгі басқышта жүрген ғылым» екенін ескерткен. 
 
Қазақ ұлтынан тұңғыш педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болған профессор Т.Тәжібаев өзінің 60-шы жылдардың басында жазған «Ауылдағы қазақ балаларының тәрбиесі және Қазақстанның мектептері» атты мақаласында «Қазақтардың мәдени өмірінде фольклор, музыка, қолданбалы өнер және халықтың тәрбиелік дәстүрлері басты рөл атқарған» дей келіп, қазақ балаларының ауылдардағы тәрбиесі халықтық педагогика негізінде жүргізілгенін айтып, қазақ педагогикасының тарихында алғаш рет «халықтық педагогика» терминін былай ендіріпті: «Халықтың сан ғасырлық тәжірибесін, ойы мен мұң-мұқтажын білдіретін мақалдар мен мәтелдерде қазақтың халықтық педагогикасы көп жинақталған». 
 
Қазақ халық педагогикасын зерттеу қажеттігі туралы қазақ ғалымдары арасынан ең алғаш пікір айтқан профессор М.Ғабдуллин еді. Ол өзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты ғылыми-зерттеу еңбегінде былай деп ой қозғаған: «Қазақ халқының өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын жан-жақты түрде қарастыру өз алдына зерттелетін мәселе. Біздің мақсатымыз – революцияға дейінгі қазақ арасында жас ұрпақты еңбек пен ерлікке тәрбиелеуде халықтың нені арман еткенін және баланы жастайынан тәрбиелегенде, өсе келе кім болуын көздегенін шолып өту. Мұндай шолудың керек болып отырған себебі, біріншіден, халқымыздың бала тәрбиелеудегі өткен кездегі арман-мақсатымен танысу, екіншіден оларды бүгінгі күннің тілек-міндеттерімен салыстыру еді».  
 
Мұндағы автордың мақсаты, қазақ халқының сан ғасырлық ұлттық тәлім-тәрбиелік дәстүрлерімен елді таныстыра отырып, болашақ зерттеушілерге еліміздің өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын зерттеу қажеттігін, оны зерттейтін ғылымды анықтау керектігін көрегендікпен болжауы еді деп толық айтуға болады. 
 
Ғылыми айналымға «этнопедагогика» терминін тұңғыш рет шуваш ғалымы, профессор Г.Н.Волков екені ХХ ғасырдың 60-жылдары ортасында белгілі болды. Ал, Қазақстанда «этнопедагогика» терминін тұңғыш рет 1978 жылы профессор Қ.Жарықбаев өзінің «Революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихынан» атты әдістемелік ұсынысында берген еді. 
 
Қазір Қазақстанда қазақ этнопедагогикасы және оның тарихы бойынша педагогика ғылымдары докторы ғылыми дәрежесіне 13 адам ие болды, оның жетеуі - Әмірғазин К, Балтабаев М, Ералин Қ, Қалиев С, Қожахметова К, Наурызбай Ж, Ұзақбаева С.,- қазақ этнопедагогикасынан; алтауы – Жарықбаев Қ, Ильясова А, Көбесов А, Құнантаева К, Халитова І, Тәнікеев М – қазақ этнопедагогикасы тарихынан қорғаған. Ал, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне қорғалған диссертациялардың саны 89 болды, олардың 60-ы қазақ этнопедагогикасынан, 29-ы қазақ этнопедагогикасының тарихынан қорғалды. Барлығы 102 диссертация болды. Диссертациялық зерттеулер 1920-1970 жылдары 8-ақ, 1971-1990 жылдары 47 жұмыс қорғалғанын көруге болады. Осыдан ұлттық тәрбиеге 70 жылда 23-ақ, ал егемендік алған 10 жылда Қазақстанда 47 диссертация қорғалғаны, кеңестік дәуірде ұлттық тәрбиеге тыйым салынғанының әсері көрініп тұр. 
 
Қазір ұлттық мектеп жасау, онда ұлттық тәрбие беруге ерекше назар аударылып жатқаны, қоғамымыздың болашағы сол тәрбиеге тікелей байланысты екеніне көзіміз жете бастады. Дегенмен, жоғарғы оқу орындарында болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау проблемасы әлі де болса, ерекше зерттеуді қажет етеді. Қазақ этнопедагогикасынан диссертациялық зерттеулерді ұлттық тәрбиенің түрлері бойынша топтасақ: кәсіби, құқықтық, экономикалық тәрбиелер және салауатты өмір салтына тәрбиелеу проблемалары бойынша бірде-бір зерттеу жұмысы орындалмағаны көрініп тұр. 
 
Сонымен, қазақ этнопедагогикасы және оның тарихынан зерттеу жұмысы соңғы жылдары кең қарқында жүргізілгені, олар ұлттық тәлім-тәрбие берудің көкейкесті проблемаларына арналғанын айтуға болады. Дегенмен, мектеп мұғалімдерін жоғарғы оқу орындары оқытушыларын, болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге дайындау проблемалары нашар жүргізілуде, өткені оларға жоғарғы оқу орындарында онша көңіл аудармауда. Себебі, жоғарғы педагогикалық оқу орындарында «Этнопедагогика» кафедрасы ашылмауда, маман ғалым-педагогтар жеткіліксіз. «Қазақ этнопедагогикасы» және «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» оқу пәндерін ендіруге көп кедергілер жасалуда.Ерекше ескертетін мәселе жоғары педагогтік оқу орындарының педагогика факультеттерінде «Этнопедагогика және этнопсихология» мамандықтарын ашу, сондай-ақ республиканың білім Академиясы құрамында «Этнопедагогика және этнопсихология» ғылыми зерттеу институтын ашып, оларда этнопедагог-этнопсихолог мамандығын даярлау қажет деп есептейміз. 
 
Жамбыл педагогтік институттың педагогика кафедрасының жанынан 1992 жылы «Қазақ тәлім-тәрбие» зетханасын ұйымдастырдық, ал ондағы мақсат – жас ұрпаққа және жастарға ұлттық тәлім-тәрбие берудің мазмұны мен әдістемесін жасау, оған мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді дайындау болды. 
 
«Қазақ тәлім-тәрбие» зертханасының міндеттері: 

  •  
    Балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіптік-техникалық, орта арнаулы білім беретін түрлі оқу орындарының тәрбиешілерін, мұғалімдерін, оқытушыларын, жоғары мектеп оқытушыларын этнопедагогикалық дайындықтан өткізу;
  •  
    Педагогтік жоғары оқу орындарының студенттерін этнопедагогикалық дайындықтан өткізу:
  •  
    Қазақ этнопедагогикасынан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  •  
    Зертхананың жұмыс жоспары: үздіксіз білім беру жүйесіне арнап қазақ этнопедагогикасынан бағдарламалар жасау;
  •  
    Рефераттар, баяндамалар, лекциялар, семинарлар, конференциялар тақырыптарын, жоспарларын жасау, оларды орындауға болашақ ұстаздарды үйрету; 
  •  
    Библиографиялық көрсеткіштер құру; ғылыми-зерттеу жұмыстарына болашақ ұстаздарды, тәрбиешілерді, мұғалімдерді, оқушыларды кеңінен тарту; 
  •  
    Түрлі әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық материалдар және көрнекіліктер жасау;
  •  
    Ата-аналар мен жалпы көпшілікке, мектептерде ұлттық тәлім-тәрбиелік мазмұнды іс-шаралар өткізу;

 
Зертхананың ішкі құрылымы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Қазақ тәлім-тәрбиесінің  мазмұны» деп аталады. Онда «Қазақ халық  педагогикасы, этнопедагогика – ғылым, оның пәні, міндеттері, құрылымы және негізгі  ұғымдары», «Қазақ этнопедагогикасының  зерттеу көздері, асыл арналары мен  бұлақтары», «Халық педагогтары» кестелер түрінде берілген. Келесі бөлімде  «Қазақтың отбасы тәрбиесі», «Қазақтың  мәдени өнері», «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Қазақ халқының этнографиясы» атты кестелер бейнеленген. Үшінші стендте  «Қазақ этнопедагогикасының тәрбие түрлері», «Қазақ этнопедагогикасындағы  білім беру мазмұны», «Қазақ этнопедагогикасындағы  тәрбие мен оқытудың әдіс-тәсілдері» кестелері берілген. Төртінші стендте  «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақтың  бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлері», «Қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері», «Қазақтың мәдени-әлеуметтік салт-дәстүрлері», «Жаңа заман салт-дәстүрлері». 
 
Осы бөлімнің екі жағындағы тарихи педагогикалық әдебиеттердегі «Халықтық педагогика» мен «Этнопедагогика» ұғымдарына берілген 10 түрлі анықтамалар жеке-жеке стендте жазылған. Мысалы, профессор Қ.Жарықбаев «Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы». 
 
Зертхананың екінші бөлімі «Қазақ тәлім-тәрбие тарихынан» деп аталады. Онда 30-дан аса ортағасыр ғұлама-ойшылдарының, ағартушы-тәлімгерлердің суреттері салынған портреттері ілінген, тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінен үзінділер жазылған. Мысалы, Әл Фараби !870-950) «Тәрбиелеу дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз». Портреттер астында дидактикалық материалдар, кестелер, суреттер, газеттер, студенттердің рефераттары, баяндамалары, озық ұстаздардың іс-тәжірибелерінен жинақталған еңбектер көрмесі орналастырылған. 
 
Үшінші бөлім «Қазақ халқының тәлімгерлері» деп аталып, онда хандар мен билердің және ағартушылардың портреттері ілінген. Зертханада «Қазақ этнопедагогикасы» мен «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» оқу пәндерінен лекциялар, семинарлық және зертханалық сабақтар өткізіледі.  
 
Сонымен қатар, онда облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының тыңдаушыларымен дәрістер, әр түрлі ғылыми семинарлар, конференциялар және шығармашылық кештер мен кездесулер тұрақты өткізіліп тұрады. Осындай зертхананы балабақшаларда, орта мектептерде, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, әр түрлі орта арнаулы оқу орындарында, жоғарғы мектептерде жасап, оны тәрбие орталығы ретінде пайдалануға болады. 
 
Нобайдағы бірінші проблеманы шешу үшін мектеп мұғалімдерін оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау мақсатында «Ұлттық тәлім-тәрбие» атты бағдарламаның мазмұнын жасадық. Бағдарлама Ақтөбе қаласында 1993 жылы мамырдың 17-20 жұлдыздарында өткен «Озат педагогикалық тәжірибе – білім мазмұнын жаңартудың негізі» атты шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің слетінде талқыланып, пайдалануға ұсынылды. Оны барлық облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарына тараттық, ол олардың оқу-тәрбие үрдістеріне ендірілді. 
 
Ал екінші проблема – болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беруге дайындау үшін «Қазақ халқының этнопедагогикасы» атты оқу бағдарламасын жасадық. Ол 1992 жылы мамыр айының 19-20 жұлдызында Алматы қаласында Білім беру министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты бірігіп өткізген «Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» атты ғылыми-практикалық конференциясында талқыланып, оны жоғары педагогтік оқу орындарының оқу үрдісіне ендіру туралы шешім қабылданды. 
 
 
Әдебиеттер: 
 
Жұмабаев М., - Пидагогика, А, Ана тілі, 1992 
 
Байтұрсынов А.,- Оқу құралы, Семей, 1922 
 
Аймауытов Ж.,- Тәрбиеге жетекші, Қызылорда, 1924 
 
Ғабдуллин М.,- Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А, Мектеп, 1976 
 
Тажибаев Т.,- Воспитание казахских детей в аулах и школы Казахстана, М, Педагогика, 1973 год. 
 
Жарықбаев Қ., Қалиев С.,- Қазақ тәлім-тәрбиесі, А, Санат, 1995 

Развитие и  модернизация художественного образования

В Омской области


Информация о работе Сейтен Сауытбеков және халық педагогикасы