Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:11, курсовая работа
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз
... жаратылысынан өзіне
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы
ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне
ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық
өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі,
жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз
етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі
таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер
жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге
асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне,
кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты,
адалдықты шәкірттерінің бойларына жас
кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес
едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға
жетпек емес.
"Ұстаз дегеннің өзі
- биік атауға тең. "Болмасаң
да ұқсап бақ, бір ғалымды
көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан
Абай айтып кеткендей, және
де ұстаздың өзі- адам
Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:
- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;
- мұғалім жұмысының
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі,
зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа
дайындық барысында, іс – тәжірибеде
және қайта даярлау кезінде
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.
Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1.Мұғалімнің кәсіптік
жұмысының мәнін үйлесімді
2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік
бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты
мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап
ету.
Біліктілікті арттырудың
негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды
бөліп алуға болады:
1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны,
формасы, әдістер және нәтижесі).
2. Мазмұндық (Әдістемелік,
ғылыми-теориялық білімді
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау,
ұйымдастыру, бақылау, танып-
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.
«Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . » - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді.
Мұғалімнің өздігінен
білім алуына нақты көмек көрсету
үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы
қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін
білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған
әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке
қажеттіліктерін ескеріп
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан –жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Мұғалімнің творчестволық
қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі,
физиологиялық және психикалық сапасы,
педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді.
Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз,
әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық
бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы,
өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке,
дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні
зор.
Материалистік диалектика табиғатында
үздіксіз даму, ғылыми білім мен тәжірибенің
бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып
көрсетеді.
Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінін кұрамына өзара тәуелді, тыгыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандыктан, онын мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Қазіргі заман сұранысына орай, біз педагогикалық шеберліктің негізі инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыкка деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің мандай алды азаматтары, оз ісінін шеберлері К. Нургалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжунусов, еліміздін бір туар тұлғалары Р. Нуртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірак, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.