Студенттің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 20:51, реферат

Описание

Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 20.04 Кб (Скачать документ)

 

Студенттің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008

 
Автор: Нигметжанова Г.К

Қазіргі заманымызда қоғамға  өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін  де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін  шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы  болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына  бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім  алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру  процесі жатады.

Студенттердің танымдық қызметі  барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мәселеге көптеген ғалымдар, мысалы, Ястребова Е.Б., Ерецский М.И., Гарунов М.Г., Блохина Р.А., Сабодашев  В.П., Вербицкий А., т.б үлкен мән  беріп, зерттеген. Бұл зерттеулердің  өзектілігі – студенттердің теориялық  және практикалық білімді саналы игеріп, интеллектуалдық қызмет жасай  білуге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен бірге студенттер жай  ғана беріліп жатқан дайын біліммен қаруланып ғана қоймай, білімді тауып, ізденіп алуына, яғни студенттерді оқи білуге үйрету маңыздырақ.

Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) басқа жұмыстардан ерекшелігі – студент өз алдына мақсат қояды, оған жету үшін жұмыс түрін, тапсырманы таңдайды.

«Өзіндік жұмыс» бәрінен  бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін аяқтайды. Адамның ешбір  білімі, егер де ол өзінің қызметінің объектісіне  айналмаса, қажетті нәтиже бере алмайды, дейді Петровский. (1, 129 б). Өзіндік  жұмыс жасай білудің негізі, алғашқы  дағдысы мектепте қалануы тиіс. мектептен  жаңа оқу орнына келген студент, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттілігі  төменділігінен, жұмыс жасау тәсілдерін білмегендігінен көп қиналады. Мысалы, 1-курс студенттерінің 80%-ы материалды талдау, жүйелеу, амал-тәсілді қолдану  дағдылары жоқтың қасы. Электронды кітапхана, интернет ресурстарын пайдаланумен қатар, энци-клопедия, сөздікпен жұмыс  жасау дағдысы жоқ студенттерде кездеседі. Сондықтан да, студенттердің  өзіндік жұмыс жасауына көмек  беру оқытушының негізгі міндет-терінің  біріне айналады.

Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті тұлғаларды қажет етеді. Білім беру жүйесінің даму деңгейі  қоғамдық дамудың дәрежесі. Осы заманғы  ақпараттық технологиясын игеру  болашақ мұғалімдерді даярлау ісінде міндетті кілт деуге болады.

Инновациялық білім беру – тұлғаға бағытталу, білім берудің  негізділігі, шығармашылық, кәсіби бағдар, ақпараттық технологияларды қолдану  деген түсінік-тердің жиынтығы. Сондықтан оқытушыны студенттердің қандай қасиеттерін, сапаларын дамыту керек, қалайша өзін-өзі дамыта білуіне көмектесуге болады деген сұрақтар толғантуы керек. Студенттердің ең алдымен, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, өзін-өзі бақылау мен бағалау әдет-дағдысын қалыптастыру тұлғаның шыңға (акме-шын, акмеология) жету жолы болмақ.

Жоғары оқу орындарындағы  студенттердің өздік жұмысы оқыту  лекция, практикалық, лабораториялық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Лекция ақыл-ой әрекетінің тек 1-деңгейін, (тану) және біліммен танысу деңгейін қамтамасыз етеді. Ал СӨЖ ақыл-ой әрекетінің 2-деңгейін: қабылдау мен  қайта жаңғырту және білім көшірмесін игеруін қамтамасыз етеді. Одан әрі  ол алған білімді практикада қолдану, ептілік, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Оқытушы студенттің білім  алуға деген мотивін дамытуға, ішкі ынта-ықыласымен білім алуға  ұмтылуына көмектеседі.

Оқытушының бақылауымен  студент:

- Зерттеушілік іскерлігімен  дағдысын қалыптастырады;

- Өткен материалдарды  жалпылай алу және қайталау;

- Алған білімді қолдану,  оларды толықтыру, кеңейту дағдысын  қалыптастырады;

- Оқытушы студенттің психофизи-ологиялық  және академиялық үлгерімін ескере  отырып, өз бетімен жұмыс жасауға  бағыт-бағдар беріп, олардың дербестігінің  дамуына мүмкіндік жасайды.

- Студентпен бірлесекен  іс-әрекет барысында оқытушы –  студенттің уақытын тиімді пайдалануға  беретін түсіндірмелі-иллюстративті  (схема, таблица, тезис, т.б.) материалдарды  қолдануды үйрету, қажетті әдебиетті  іздеу жолдарын көрсету;

- Өзіндік белсенділігін,  дербестігін дамыту үшін проблемалық  баяндау, шығармашылық ізденіс  әдістерін қолданған дұрыс.

- Оқытушы студентке жеке  тапсырма таңдауға (курстық жұмыс,  реферат, ғылыми баяндама, үлгі  сабақ жоспарын құруға) көмектеседі.

- Әдебиеттермен қамтамасыз  болуға, олармен жұмыс жасай білуге;

- Тиімді әдіс-тәсілдер, тапсырма  орындау жолдарын қолдана білуге  үйретеді;

- Жеке не бірнеше студентке  кеңес береді, студенттердің бір-бірімен  жұмыс жасауын үйлестіреді.

Жоғары оқу орындарындағы  студент-тердің өздік жұмысы (СӨЖ) барлық оқу бағдарламасының басым бөлігін  құрағандықтан, оның тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының талаптарына  сай жасалған өздік жұмысты ұйымдастыру  үлгісінің дұрыс құрылуына байланысты болады. Алайда студентке қойылатын  негізгі талаптар төмендегідей жіктелініп көрсетіледі:

- Студенттің шығармашылық  потенциалын белсендіру: студент  оқу тапсырмасын өз бетінше  орындау барысында ғылыми әдебиеттермен,  әдістемелерді талдаумен танысу  және шығармашылық технологиясын  меңгеуді жүзеге асырады.

- Өз бетінше білім алу  және өзіндік дамуға ынтасын  тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін  қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық  қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды  шешу барысында шығармашылық  бағытын дамыту, жалпы және жеке  дара зерттеу әдіс-тәсілдерін  меңгеру т.б.

- Оқу іс-әрекетке деген  мотивациясын жоғарылату: білім  беру процесінде тұлғаның позициясын  белсендіру, субъективті жаңа білімдердің  негізгі қатынасы, яғни білімді  өз бетінше алу функциясы, нақты  студент үшін жаңа және тұлғалық  маңыздылығы.

- Танымдық белсенділікті  дамыту: өз бетінше ойлауға талпынысы,  қандай да бір тапсырманы немесе  мәселені шешуде өзіндік бағытты  табу, өз бетінше білім алуға  тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан  қалыптастыру, оқу процесіндегі  оқу-танымдық процесс белсенділігінде  студенттердің оқыту әдісінің  белсенділігі жанама қызығушылығымен  басымдылық танытып, жүзеге асады.

Студенттердің өзіндік жұмыс  жасаудағы қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық  ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы  жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе студенттерді оқытуда  болып табылады. Мұндай оқыту оқу  іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалып-тастыруды, студенттердің ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен  бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспек-тілердің, оқу-практикалық міндеттерді қою  мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Осы тұрғыда А.К. Маркова ұсынған  оқу жұмысының тәсілдері үлкен  қызығушылық тудыруы мұмкін:

- «мәтінді мағыналық қайта  өңдеу тәсілдері, оқу материалын  үлкейту, оның ішінен бастапқы  идеяларды, принциптерді, заңдарды  бөліп көрсету, міндетті орын-даудың  жалпыланған тәсілдерін саналау,  мектеп оқушыларының белгілі  бір санаттағы міндеттер жүйесін  өз бетінше құру;

- оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалар мен «динамикалық  оқу») және тыңдау мәдениетінің  тәсілдері, қысқа және неғұрлым  ұтымды жазу тәсілдері (жазып  алу, жоспарлар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен  жұмыстың жалпы тәсілдері);

- есте сақтап қалудың  жалпы тәсілдері (оқу материалын  құрылымдау, бейнелі және есту  естеріне сүйене отырып мнемотехниканың  ерекше тәсілдерін қолдану);

- зейінді шоғырландыру  тәсілдері, яғни мектеп оқушысының  өзіндік қадағалаудың әр түрлерін  пайдалануына, өз жұмысын сатылап  тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін»  бөлуге сүйенетін;

- қосымша ақпаратты іздеудің  жалпы тәсілдері (библиографиялық  материал-дармен, анықтамалар, каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс)  және оларды үйдегі кітапханада  сақтау;

- емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу  тәсіл-дері; уақытты ұтымды ұйымдастыру,  оны есептеу мен жұмсаудың,  еңбек пен оқуды, ауызша және  жазбаша қиын тапсыр-маларды дұрыс  кезектеп отыру, еңбек гигиенасының  жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның  жарықтығы, т.б.) тәсілдері». Бұл жерде  ақыл-ой еңбегін ұйымдастырудың  жалпы тәсілдері де, оқу жұмысының  нақты тәсілдері де, мысалы, мәтінмен  жұмыс істеу келтірілгені айқын.

Соңғылардың қалыптасқандығы  сту-денттердің барлық оқу пәндері  бойынша өзіндік жұмыстарының негізгі  алғышар-ттарының бірі және де негізі болады.

Тағы атап өтейік, жалпы  студенттердің өзіндік жұмысы - оқу  іс-әрекеті тұрғысынан, сыныптық оқу  іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға  негізделеді. Соның ішінде бұл оқытушының сыртқы қадағалауынан студенттің өзін-өзі  қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына  қатысты және бұл, өз кезегінде, оқытушының бақылау мен бағалауды жетілдіруін  ұйғарады.

Өздік жұмыстың тиімді ұйым-дастырылуы тек өздік жұмыстың жүйесіне ғана емес, сонымен қатар педагогикалық  шарттардың орындалуына да байланысты:

- Студенттің аудиториядағы  және өздік жұмысының көлемінің  дұрыс үйлесімі, студенттің оқу  жүктемесінің тиімді болуы, сабақ  кестесінің дұрыс құрылуы, оқытушының  өздік жұмыстың күрделілігін  анықтауда студенттің уақытын,  орындау мүмкіндігін, оқу әдістемелік  әдебиетпен қамтылуын ескеруі  студенттің өздік жұмыс нәтижесіне  үлкен әсер етеді.

- Әдістемелік тұрғыдан  студенттің аудиториядағы және  одан тыс өздік жұмысын дұрыс  ұйымдастыру, өздік жұмысты орындауға  оқу орынның материалдық-техникалық  базасының, оның қызметкерлерінің  лайықтылығы. Студен-ттердің өздік  жұмысын ұйымдастыруға қатысушылардың  өз қызметтерін дұрыс атқаруы.

- Студенттердің өздік  жұмысының процесін шығармашылық  процеске айналдыру мақсатында  студентті қажетті әдістемелік  материалдармен қамтамасыз ету. Оқу орынның кітапханаларында қажетті оқу әдебиеттерінің қорының, электрондық оқу құралдары мен электронды оқыту бағдарламасының және қазіргі таңдағы мықты ақпарат көздерінің бірі – интернеттің болуы. Оқу процесінің компьютерленуі студенттің өздігінен білім алуына және ақпарат көздерімен жұмыс жасауына, өзіндік бақылау жасауына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады. Сондықтан өздік жұмысты тиімді қолдануда мазмұнды динамикалық түрде өзгертуге және соңғы ғылыми жаңалықтармен жаңартуға болатын, әрі қолданысқа икемді электронды оқулық-тардың маңызы зор.

- Студент пен оқытушы  арасындағы қатынасты студент  белсенділігімен оның өз бетімен  білім алуға ұмтылуы бағытына  өзгерту жұмыстарын ұйымдастыру,  сондай-ақ соған сәйкес студенттің  өздік жұмысын ұйымдастырудың  тиімді әдіс-терін, формаларын, түрлерін, құралдарын дұрыс таңдау және  қолдану студенттің өздік жұмыс  нәтижесіне ықпал жасайды. Студенттердің  өздік жұмысының тиім-ділігін  және оны орындауға студенттің  ынтасын арттыруда дидактикалық  құралдары мен жаңа ақпараттық  технологияларды қолданудың маңызы  зор. Әр өздік жұмыстың мақсаты  айқын, түсінікті, оның көлемі  мен мазмұны оқу мақсатына  сай, студентті орындауға ынталандыратындай  жасалып, оны орындауға студенттің  жағдайы мен мүмкіндігі болуы  тиіс. Студенттің өздік жұмысының  тапсырмалары алған білімді жаңа  жағдаятта қолдануды, жаңадан  өздігінен білім алуды қажет  ететіндей, студенттің танымдық  қабілеттерін арттыратындай болуы  қажет.

- Студенттердің өздік  жұмысын ұйымдастыруға, яғни оқу  формасына (күндізгі, сырттай), білім  деңгейіне, оқу курсына, мамандыққа, пәнге, орындалу орнына байланысты  ерекшеліктерді ескеру.

- Студенттің өздік жұмыс  мәселелерін шешуде білім алушылардың  жеке ерекшеліктерін ашуға, ой  қабілеттерін дамытуға жағдайлар  жасау. Мұның өзі студенттердің  өздік жұмысын ұйымдастыру үлгісін  жүзеге асырумен тікелей байланысты. Нәтижесінде өздігінен жұмыс  жасау, өз бетінше білім алу,  өз кәсіби әрекетінде ғылыми  ізденіс жасау іскерлігі мен  дағдысы, аналиткалық ойлауы қалыптасқан,  өз әрекетін басқара алатын, өз  жұмысының нәтижесінде өзіндік  бақылау жасайтын студенттің  шығар-машылық тұлғасы қалыптасады.

Олай болатын болса, ғылыми негіздегі ұйымдастырылған студенттердің  өздік жұмысы мен студенттердің  оқу-танымдық әрекеттерін басқару  жұмысы олардың саналы белсенділігін, жоғары оқу-кәсіби мотивациясын, оқу  процесінің сапасын қамтамасыз етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Каменский Я.А. Великая  дидактика. Изб.пед.соч., 1955

2. Онищук В.А. Урок в  современной школе. 2-е изд.М., 1985.

3. Махмутов М.И. Современный  урок. 2-е изд. - М., 1985.

4. Кириллова Г.И Теория  и практика урока в условиях  развивающего обучения М., 1980

5. Педагогика. АГУ.

6. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Кұдиярова. Педагогика. Дарын  - Алматы-2004

7. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2004.

 


Информация о работе Студенттің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру