Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 23:16, реферат
Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады.
Студенттердің
педагогикалық практикасын жетілдіру
Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.
Педагогикалық практиканы табысты өткiзу үшiн, бiздiңше, студенттердiң кәсiби бiлiмдердi, iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.
Теориялық талдау материалистiк iлiмдегi адам iс-әрекетiнiң өзгертушiлiк сипаты жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi iлiмдерге сүйенедi; практика таным шынайылығының, практикалық iс-әрекетке жетекшiлiк жасау қызметiн атқаратын теория ақиқаттығының шешушi және жалғыз критерийi болып табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi.
Практиканың ролi жөнiндегi идея қазiргi философияда одан әрi жалғасын тауып отыр. Бiз практиканы заттық iс-әрекет ретiнде қарастыратын көзқарасты (Н.К.Вахтомин, В.А.Восонович, П.В.Копнин) жақтаймыз. Көрнектi психологтардың (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.Ф.Ломов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.) еңбектерiнде практика адамзат iс-әрекетiнiң маңызды және шешушi компонентi ретiнде қарастырылады.
Зерттеудiң мақсатын және мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, бiз жұмыс барысында Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко ұсынған және негiздеген студенттердiң теориялық және практикалық даярлығының бiрлiк принципi; педагогикалық практиканың болашақ кәсіптік оқыту педагогын даярлау жүйесiндегi орны; педагогикалық практиканың құрылымы; педагогикалық шеберлiктi игеру бойынша жаттығулар жүйесi; студенттердi оқытудың маңызды құралы ретiндегi педагогикалық практика мәселелерiн талдадық.
Педагогикалық практика проблемасының қазiргi педагогикадағы жай-күйiн талдау зерттеулердiң басым көпшiлiгiнiң болашақ педагогтардың кәсiптiк даярлығын жетiлдiруге арналғандығын көрсетедi, атап айтқанда, педагогтар шеберлiгiнiң негiзiне психологиялық-педагогикалық талдау жүргiзiлдi (А.П.Акимова, О.А.Абдуллина, В.К.Елманова, З.Ф.Есарева); педагогикалық шеберлiктiң кәсiптiк сипаттамасын зерттеу одан әрi жалғасуда (Н.А.Половникова, Н.А.Рыков, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков және т.б.); педагогикалық практиканы ұйымдастыру зерделенуде (О.А.Абдуллина, Е.В.Бондаревская, З.И.Васильева, Э.А.Гришин, В.К.Розов, А.П.Сейтешев, В.А.Сластенин және т.б.); болашақ педагогтардың практика процесiнде кәсiби-педагогикалық iскерлiктерi мен дағдыларын қалыптастырудың ерекшелiктерi анықталуда (Е.И.Антипова, В.В.Воровьева, Н.З.Еловая, Б.Д.Красовский, Г.А.Засовина, Е.Б.Орлова, В.Н.Овчинникова және т.б.).
Ал болашақ педагог даярлығы жүйесiндегi педагогикалық тапсырмалар проблемасы әлдеқайда аз дәрежеде зерттелген. Бұл мәселе (Н.А.Смирнова) жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн жұмыс бойынша берiлетiн педагогикалық тапсырмалар түрiнде әртүрлi аспектiлерде қарастырылған; студенттердiң танымдық белсендiлiгiн және шығармашылық қабiлеттерiн дамытудағы тапсырмалардың ролi (Р.А.Низамов); студенттердiң педагогикалық iс-әрекетiне зерттеушiлiк көзқарасын қалыптастыруға арналған тапсырмалардан тұратын ғылыми-педагогикалық нұсқау (В.М.Духовная, С.А.Зимичева). Сондай-ақ Н.В.Кузьмина педагогикалық мәселелер жүйесi ретiнде қарастырған репродуктивтiк және модельдеу жүйесi және О.А.Абдуллина зерттеп, әзiрлеген оқу-зерттеу тапсырмалары теориялық және практикалық жұмыстардың тоғысы болып табылады. В.А.Сластениннiң пiкiрi бойынша, нақты тапсырмалар студенттердiң өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң мәндi дәлелдерiн қалыптастыру үшiн, тапсырманы орындау процесiн өз бетiмен бiлiм алу iс-әрекетiмен жақындастыру үшiн жағдайлар туғызады. Нақты тапсырма студенттердiң өзiн-өзi әлеуметтiк, кәсiптiк және адамгершiлiк тұрғыдан танып-бiлуiне ықпал ететiн өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң әлеуметтiк-мәндiк себеп-салдарын қалыптастыру үшiн жағдай жасайды дей келе, «іс-әрекет мақсатымен және оны жүзеге асыру шартымен сәйкес келетін педагогикалық жағдайлар - педагогикалық тапсырма болып табылады» - деп анықтама береді. Г.М.Коджаспирова «Педагогикалық тапсырма туындаған педагогикалық жағдайлар мен оны шешу негізіне бағытталған, қажетті әрекеттер жоспары» деп қарастырады.
Біз авторлардың осы аталған тапсырма ұғымдарына берген анықтамаларына тоқталамыз, оларды қолдай отырып, зерттеу пәнімізге қарай: «Тапсырма дегенiмiз мақсат қоюдан бастап нәтиже алғанға дейiнгi педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы», деп өз анықтамамызды береміз. Тапсырмалар құрастыруда мынадай талаптарды қанағаттандыруын қарастырдық: тапсырманың педагогикалық үрдістің барлық маңызды белгілерін қамтуы; кез-келген педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда жалпы мәнге ие болуы; педагогикалық үрдісте кез-келген жағдайда бақылау жасау мүмкіндігінің болуы.
Сонымен қатар педагогика ғылымында жинақталған теорияны оқып-үйрену, университет студенттерінің педагогикалық практикасын ұйымдастырудың бастапқы деңгейін зерттеу, бізге студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін қамтамасыз ететін келесі шарттарды анықтауға мүмкіндік берді:
- практика барысындағы сабақтастық және студенттердің курстан курсқа өткендегі іс-әрекетінің көлемі мен мүмкіндігінің артуы;
- студенттердің практика барысындағы нақты рөлі мен функцияларын анықтау;
- студенттердің практиканың алғашқы күндерінен-ақ оқу-тәрбие жұмысына белсенділігін арттыру шараларын ұйымдастыру;
- практика бағдарламасына студент-практиканттардың оқушылармен өз бетінше тәрбие жұмысына жетекшілік етуге арналған тапсырмалар жиынтығын қосуы;
- студенттердің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру деңгейіне байланысты дифференциалдық келіс;
- практика бағдарламасына педагогикалық практика тиімділігін арттыру шарттарын енгізу. Студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін арттыру тек шарттарды анықтауды ғана емес, сондай-ақ осы үрдіске педагогикалық жетекшіліктің ғылыми негізделген жолдарын да талап етеді. Осыған орай бiздiң жұмысымызда студенттердi оқу-тәрбие практикасы кезеңiнде оқытудың әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жүйесi зерттелiп, әзiрлендi (1-сурет).
Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес педагогикалық практиканы жетілдіру, теория мен практика арасындағы алшақтықты жою үшін кешенді тапсырмалар құрастырылды.
Кешен (латынша complex, байланыс, үйлесiм) - нәрселермен құбылыстардың бiртұтас жиынтығы, жекелеген психологиялық және педагогикалық процестердi бiртұтас етiп, бiрiктiру.
Кешенді тапсырмалар:
- педагогикалық үрдіс мақсатының, мазмұнының, құралдары мен нәтижелерінiң бiрлiгiн;
- студенттердiң репродуктивтi әрекеттерін шығармашылық iс-әрекетке бағыттайтын пәнаралық бiлiмдері мен iскерлiктерін;
- педагогикалық процеске қатысушылардың жоғары деңгейлі тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастырады;
-жүйелі күрделенген педагогикалық жағдаяттарды жасап, оларды шешу тәсілдерін моделдей отырып педагогикалық практика барысында теория мен практиканы интеграциялаудың тұтас жүйесін ұйымдастырады. Сол арқылы студенттер тәрбие әрекеттерінің мәні мен мазмұнының механизмдерін меңгереді. Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын кәсіптік мектептегі тәрбие жұмысына даярлығына қажет алғышартты қалыптастырады.
Қарастарылған кешендi тапсырма ұғымына өз тарапымыздан анықтама береміз: «Кешенді тапсырма - мақсат қоюдан (мәселелер қоюдан) нәтиже алғанға дейiнгi тұтас педагогикалық үрдісті қамтамасыз ететiн, педагогикалық мәселелер жүйесiн шешуге бағытталған логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы».
Зерттеу барысында бұл кешендi тапсырмалар келесi басты қағидалар негiзiнде құрылды:
1) кешендi тапсырмаларды орындау үшiн пәнаралық бiлiмдер мен iскерлiктер қажет болды;
2) педагогикалық процестiң барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасы негiзiнде мақсаттың, құралдардың және орындалған нәтижелердiң бiрлiгiн қамтамасыз ететiн жүйелiк-iс-әрекеттiк амал-әдiс таңдалынып алынды;
3) кешендi тапсырмаларды репродуктивтiктен шығармашылыққа дейiнгi өзгермелi тәсiлдермен орындауға мүмкiндiк берiлдi
Кешендi тапсырмаларды аталған қағидалардың негiзiнде құрастырудың әдiстемесi оларды практика мәселелерiн шешудiң және оны ұйымдастырудың құралы ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бердi.
Зерттеуде
кешендi тапсырманың моделi
ұсынылды (2-сурет).
Оқыту тәсiлдерi
1. Мамандық бойынша сабақтарды бақылау.
2. Мамандық бойынша сыныптан тыс және сабақтан тыс сабақтарды бақылау.
3.Сынып жетекшiсiнiң тәрбиелiк жұмысын бақы-лау.
4.Жалпы кәсiптiк мектеп көлемiндегi тәрбие жұмысын бақылау.
5.Қоғамдық ұйымдар жұмы-сын бақылау. 1.Кәсiптiк мектеп қызметкер-лерiмен, оқу iсi меңгерушiсiмен, тәрбие жұмысын ұйымдастыру-шымен, психологиялық қызмет көрсетушiлермен, әдiстемелiк комиссиямен: оқытушылармен, өндiрiстiк оқыту шеберлерiмен, сынып жетекшiлерiмен әңгiмелесу.
2.Университет оқытушылары-мен (әдiскермен, педагогика, психология, арнаулы кафедра оқытушыларымен) топтық және жеке кеңес өткiзу. 1.Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлаудағы жаттығулар.
2.Құрал-жабдықты сабаққа даярлаудағы жаттығулар.
3.Сабақтарды, тәрбие шараларын талдаудағы жаттығуар.
4.Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстар өткiзудегi жаттығулар.
5.Өз сабағын өткiзудегi жаттығулар
6.Оқу тобында тәрбие жұмыстарын өткiзудегi жаттығулар
7.Есептiк құжаттарды құрастырудағы жаттығулар. 1.Бағдарлық (кiрiспе) конференция.
2.Қорытынды конференция
3.Қатысқан сабақтарды, практикалық сыныптан тыс iс-шараларды талқылау.
4.Студенттердiң сабақтарын талқылау.
5.Қатысқан
тәрбие шараларын талқылау
Сурет 1 - Студенттердi
оқу-тәрбие практикасы кезеңiнде оқыту
әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жүйесi
Кешендi тапсырмаларды
орындау кезеңдерi
Сурет 2 - Кешендiк
тапсырманы орындау моделi
Модельге студенттер орындауы тиiс әрекеттердiң бiрiздiлiгiн қамтитын жалпыланған алгоритм, оларды жүзеге асырудың мазмұны, тәсiлдерi мен формалары, қажеттi бiлiмдер мен iскерлiктер қарастырылған. Модель студенттердiң тапсырмалар орындау кезiндегi бiрiздiлiгi мен сипатын анықтайтын өзiндiк бағдар болып табылады.
Одан әрi студенттердiң кешендi тапсырманы орындау кезiнде педагогикалық үрдіс кезеңдерiн бейнелейтiн iс-әрекетiнiң құрылымы теориялық деңгейде зерттелiнiп, әзiрлендi:
- I - диагностикалық-болжамдық кезең. Мақсат қою - әдіс-тәсілді таңдап алу;
-II - ұйымдастырушылық-практикалық кезең. Оқу-тәрбиелiк жағдайларды құрастыру. Таңдап алған әдіс-тәсілді жүзеге асыру;
- III - бақылаушылық - нәтижелiк кезең. Жасалған жұмысты талдау, қорытындыларын шығару.
Әрбiр кезеңде болашақ кәсіптік оқыту педагогының кәсiби мәндi және аса маңызды педагогикалық iс-әрекеттерiнiң, сондай-ақ студенттер кешендi тапсырмаларды орындау барысында игеруi тиiс бiлiмдер мен iскерлiктер жиынтығы анықталды. Iс-әрекет құрылымын зерттеп, әзiрлегенде А.П.Сейтешевтiң педагог-тәрбиешiнiң жалпы педагогикалық iскерлiктерi кешенiнiң тұжырымдық моделi және В.А.Сластениннің педагогикалық мәселердi шешудiң кезеңдерi жөнiндегi еңбектерiн басшылыққа алдық (3-сурет).
Зерттеу барысында
біз практиканттардың төмендегідей оқу-тәрбиелік
іскерліктерді игеруі керектігін
ұсындық: тәрбие жұмысын жалпы адами және
ұлттық тәрбие принциптері тұрғысынан
жоспарлау, талдау және жүзеге асыру; тәрбиеленушіге
деген жоғары талаптарды оның тұлғасына
деген терең құрметпен сабақтастыру; тәрбиеленушілер
тұлғасынан оң мінезді табу және жеке
келістерді жүзеге асыру кезінде оған
арқа сүйеу; келешекті сызықтар мен параллель
іс-әрекет әдістемесін
қолдану; жеткіншектерді психологиялық
зерттеу мақсатында
әдістемелер кешенін
қолдану; оқушыларды психологиялық зерттеудің
оқу-тәрбие процесін талдау кезіндегі
нәтижелеріне сүйену; оқу-тәрбие процесін
(оның жекелеген жақтарын) талдау негізінде
университет оқытушысы көмегімен нақты
оқу-тәрбие мәселеін
қою және оны шешу жолдарын жоспарлау;
қойылған мәселелерді шешу мақсатында
тәрбиеленудің формаларын,
әдістерін және құралдарын таңдау,
әрі қолдану; тәрбиелеу
құралын таңдау кезінде оқушылардың жас
және жеке ерекшеліктерін ескеру; - оқушылық
топ ұжымында өзін тәрбиелеу бойынша жұмыс
ұйымдастыру; сабақтың және сабақтан тыс
тәрбиелік шараның негізгі элементтерін
бақылау және талдау, нәтижелерді педагогикалық
практика күнделігіне тіркеу, оларды талдау;
өзін кәсіби дайындаудың бағдарламасын
құру және орындау; педагогикалық күнделік
жүргізу.
Информация о работе Студенттердің педагогикалық практикасын жетілдіру