Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:22, курсовая работа

Описание

Зерттеу пәні: мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми теориялық мәнін негіздеу.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін
айқындау;
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің әдіс тәсілдерін анықтау және оны эксперимент – тәжірибе жүзінде тексеру.

Содержание

Кіріспе
І Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
ғылыми -теориялық негіздері
1.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
1.2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы -оқушыларды жан - жақты
қалыптастырудың формасы ретінде
ІІ Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
жолдары
2.1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
педагогикалық шарттары
2.2 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
әдіс тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Дип.-Сыныптан-тыс-жұмыстарда-оқушыларға-тәрбие-беру (1).doc

— 532.50 Кб (Скачать документ)

Жұмбақтардың тақырыптары сан алуан. С. Садырбаевтың еңбегінде олар былайша топтастырылған: жаратылыс-табиғат; адам анатомиясы және іс-әрекеттері; жан-жануарлар тіршілігі. Олардың қай-қайсысы да экологиялық тәлім-тәрбие көзі болып табылады. Жұмбақтар Н. Төреқұлов айтқандай, балаларды тапқырлыққа, ойдан қорытынды жасауға жетелейтін педагогикалық мүмкіндікке ие. Жұмбақтарда табиғат объектілері әсем бейнеленген. Мысалы, «Басына үлпілдетіп таққан шашақ, бұралып талшыбықтай тұрған жасап» деп қамысты сұлу қызға теңесе, енді бірде: «Бір ағашта қырық бұтақ, қырық бұтақта қырық ұя, қырық ұяда, қырық жұмыртқа, қырық жұмыртқада қырық балапан», - деп, бидайдың бір тал басының тіршілік көзі, ел байлығы екендігін, адам игілігіне жаралған өсімдікті халықтың аса қадір тұтқандығын көрсетеді. Төрт түлік мал мен жануарлар әлемі де жұмбақтарда халықтың назарынан тыс қалмаған: «Төрт тағанды бойы бар, момындық дұрыс ойы бар, кербезденіп жүрмейді, айналдырған тоны бар» (Қой), «Асты пышақ, үсті істік. Өзіне лайықтап киім пішкен, секіріп-секіріп түскен» (Ешкі), «Таптым-таптым тап жорға, табаны жалпақ боз жорға» (Түйе), «От басында құмған, екі көзін жұмған» (Мысық), «Тарпаң-тарпаң тарбиған, түрі жаман жарбиған» (Бақа). Қайсыбір жұмбақты алсақ та, әсем сөз тіркестері арқылы табиғат объектілерінің сұлу да көрікті, сәнді бейнесін елестетеді. Елестетіп қана қоймайды,балаларды олардың тыныс-тіршілігімен таныстырады, әрқайсысының табиғатта алатын орнын бағамдауға, қамқорлықты, мейірбанды қарым-қатынаста болуға талпындырады.                                        

Е.  Сағындықов  пайымдағандай,  жаңылтпаштар  «Оқушылардың  ой-өрісін кеңейтіп, өзін қоршаған өмірді танып-білуге, сол ортамен жеке танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Құдық қазып аршыдым, топырағын жаншыдым, аршыдым да балшығын, шаншыдым да талшығын, аршыдым да малшыдым, шығардым да бар шымын, жүрегімді шаншыдым»; «Базда боз ат мінген атам. Бозда боздап жүрген атам»; «Беріп тай, лақты, алдым тайлақты. Беріп тайлақты, алдым тай, лақты» т.б. Бұлар әрі жылдам, әрі дұрыс айтылуы тиіс. Бүл оқушыға қатты әсер етеді».

Белгілі фольклортанушы М. Ғабдуллин: «Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты  болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты, күлідіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол оның, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған»- деп жазады. Экологиялық тәрбиені сабақтастықта жүргізудің педагогикалық негіздерін зерттеуші А.Е. Манкеш атап өткендей: «Кейбір жаңылтпаштар баланы табиғаттың әдемі көріністерін танумен бірге, сөз мағынасына, мәнерлілігіне назар аудартып, дұрыс сөйлеуге үйретеді, көркем сөзге әдістендіреді».

Бұл пікір жаңылпаштың  тіл дамытудағы мүмкіндігінің мол  екендігіне, сонымен бірге тірі табиғат объектілерінің өмір сүру ортасымен қарым-қатынасы туралы мол мағлұмат беретіндігіне көз жеткізеді.

Қазақ халқының өз ұрпағын табиғатқа зиян келтірмеуге, тірі табиғат иелерін жәбірлемеуге баулитын, ізгілікке тәрбиелейтін құралдарының бірі - тыйым сөздер. «Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсы: қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Қазақтар тізені құшақтау -жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесуі - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған». Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп кездеседі. Адам - табиғаттың төл перзенті екендігін санасына сіңіруді, адам деген атқа кір келтірмеуді көздеген халық: “Адам мен табиғат егіз. Табиғат – туған анаң,  оған зиян тигізбе”, “Адам деген ұлы ат, оған кір келтірме” - деп жаман әдеттен  аулақ болуға  сақтандырып отырған.

Оқушылардың табиғат  анаға деген теориялық білімдерінің көлемдігі мен жүйелілігін қамтамасыз етіп, оларды табиғат қорғау іс-әрекеттерінде шығармашылықпен қолдана білуге, құрмет сезімін жандыруда сабақтан тыс уақытта қазақ ауызекі шығармашылығы үлгілерін төмендегідей кестеден көруге болады.  Кесте 5

Кесте - 5 Бастауыш мектеп оқушыларына  ұлттық тәрбие берудің бағыт-бағдары             

Жұмыстың бағыт- бағдары

Оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрі

Мұғалімге қажетті  дағды

Ұйымдастыру

Оқушылардың ұлттық тәрбиесін жүзеге асыратын іс- әрекетті ұйымдастыру

Халықтық педагогиканы материалдарды талдау, жинастыру

Ынталандыру

Табиғат қорғауға арналған іс-әрекеттердің маңызын ұғындыру

Оқушыларға табиғатты  қорғаудың маңыздылығы жайлы  жеткілікті мағлұмат беретін тәрбиелік  жұмыс түрлерін таңдау

Айқындау

«Адам-табиғат» ұғымының мазмұнын ұғындыру, дүние- танымдық, көзқарасты қалыптастыру

Табиғат қорғаудың қажеттілігін уағыздап айқындау

Әсершілдік, көркемдік  талғампаздықты қалыптастыру

Ауыз әдебиеті жазба  әдебиет үлгілерінен көркемсөздің әсерлілігіне, мазмұнының тереңдігіне  мән беру, сүйсіну

Оқушылардың сезім дүниесіне  әсер ететін ұлттық  көркем  туындыларды іріктеу

Байқағыштықты қалыптастыру

Оқыған     немесе жаттаған үлгіден автордың    немесе халықтың)   көтеріп отырған  басты   мәселесін тауып   ала білу

Оқушының   бойында  көркем шығармаларының басты түйінің  таба білу дағдысын қалып- тастырудың әдіс-тәсілін меңгеру

Дамыту

Алынған ақпаратты меңгере  отырып, «адам-  табиғат» деген алғашқы  түсініктің   мағынасын терең      ұғынып, өзінің дүниетаным аясын кеңейту, халық дәстүрлерінің, әдет – ғұрыптарының  мағынасын құрметтеу 

Халықтық педагогиканың  мұраларының   негізінде  оқушының адамгершілікті, иманды,   қайрымды болып   өсуін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын  қалыптастыру.


 

Сыныптан тыс  уақытта  бастауыш  сынып оқушыларына  тәрбие беретін қазақтың  салт дәстүрлерін  дүниетанымдық, мағыналық жағынан  төмендегіше топтасырдық:

Төрт құдіретті  әулие тұту дәстүрі. Қазақ халқында бүкіләлемдік тіршіліктің құдіретті  төрт негізі бар. Олар: Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су. Егер осы төрт  құдіреттің беруі болмаса, тіршілік те жоқ.

Күн-ана.

Әлемге қуатты

Сәуле мен шуақты

Уалып күн беріп  тұр

Жарық күн-көрік  нұр.

Жер - ана.

Аялар анамыз,

Саялар панамыз,

Құлпырған тірлікпен  жер құшты гүл біткен.

Су - ана.

Өңірдің өзені-

Өмірдің өзегі,

Сусыз жер - өмірсіз:

Нусыз өр, өңір, тұз.

Ауа - ана.

Жер шары - «дәу»  әлем

Қоршаулы ауамен.

Ауасыз кім  шыдар?

Ауасыз тұншығар.

Күн, жер, су, ауамен

Күнде ду мына әлем.

Ақын -жазушы Әділбай  Табылдиевтың осы өлең шумақтарын кіші жастағы оқушылар жатқа айтып, төрт құдіреттің мән -мағынасын талдайды, ұғынады.

2. Өсиет - өнеге,  бата айту дәстүрі.

Болашақ ұрпақтардың  батыл, батыр иманжүзді, адал жанды  болып өсуін армандаған халқымыз оларға өнегелі сөз, ақ тілек - бата айтуды дәстүрге айналдырған. "Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер", деп көгерудің көзі жер үшін жауын  болса, ел үшін бата екенін үнемі дәріптеп отырған. "Жасында бейнет көрсең, қартайғанда зейнет көресің" сияқты мақал сөздер "Елінің елеулісі бол, халқыңның қалаулысы бол", "Отбасыңнан бақыт кетпесін", "Шырағың сөнбесін" сияқты ақ баталар - халықтың ұрпағына қалдырған өнеге - өсиеті.

3.  Ел президентінің    ата -баба алдындағы    парызын  өтеу    дәстүрі. Ата бабамыздың , жаратылыстың     алдындағы   перзенттік парызын өтеу дәстүрі  халқымызда ежелден қалыптасқан.  Өмір берген адамгершілікке тәрбиеленген  қоршаған ортаның, үлгі өнеге берген , ата -ананың алдында адам баласы өмір бойы парыздар, соны өтеу "парыз" деп аталады. "Ер ел үшін туады, ел үшін өледі", "Еңбегіңді аяма, Жер -ананы аяса", "Жер ана жомарт, бақсаң барын береді" сияқты ұлағатты сөздер осы дәстүрдің мағынасын аша түседі.

4. Мал күту  дәстүрі.

Көшпелі өмірді басынан кешірген халқымыз төрт түлік  малды қастерлеген, пір тұтқан. Олардың  әрқайсысының пірі болады деп ұғынған  ата - бабамыз жан бағудың көзі - мал бағу деп түсінген, малдың амандығын  тілеген, күтіп баққан. Еті - ас, сүті - дәрі жылқыны, күші де, күні де қасиетті сиырды, жүні, терісі, сүті, еті бағалы қойды, "сауса сүті бұлақтай", ешкіні бағып қағуды өздерінің міндеті санаған.

5. Ұлттық өнер  кәсібін мұра ету дәстүрі.

Халық ұрпағының  ата кәсібін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Қоғамғы пайдалы, елдің рухани өміріне де, қажетіне де жарайтын кәсіпті, "ата кәсіп" деп атап, өсер ұрпағына осыны өнеге етіп қалдырған. Саясаткерлік , ұсталық, зергерлік, сәулеткерлік кәсіптері осылайша ұрпақтан -ұрпаққа жалғасқан. "Жылқы жеті тегіне тартады" деген мақал осыдан қалған

6. Еңбек ерлік  дәстүрі.

Қазақтың баланы еңбекқор болуға, ерлік іске бейім  болуға тәрбиелеуі де ұлттық дәстүрлерінің  біріне және ең маңыздысына жатады. Өнер үйрену, мал бағу, үй төгу, ат үстінде  ойнап найзаласу өнерін, мергендікті, балуандықты меңгеру - әрбір қазақ баласының міндеті болып есептелген. Бала ойыны - өмір сабағы, басқалармен қарым - қатынас құралы, арман -қиял. Ойын арқылы бала өзін -өзі тәрбиелейді, ойнай жүріп ол өз дүниетанымын кеңейтеді, білмегенін - білуге ұмтылады әлі сезінбеген жұмбақ дүниеге бойлайды, қоршаған әлемнің қыр - сырына үңіледі.

Эксперимент жүргізуші  мұғалімдер ұлттық ойындардың бала дүниетанымын арттыруға ықпалының зор екеніне  мән берді, «Ат жарыс», «Көкпар», Аударыспақ», «Тоғыз құмалақ», «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Ақ сүйек», «Ақ терек пен көк терек», ойындары туралы мағлұмат беріп, өздерін де мүмкіндігінше ойын түрлеріне тартты.

Бұл өз кезегінде  қазақ халқының табиғатты қорғауды, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануды, табиғат байлықтарын қалпына келтіруді өзінің қасиетті борышы санайтындығын көрсетеді.

Ал мұның  бәрі, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту боиынша, олардың ұлттық сенімін ынта-ықыласы мен қажеттіліктерін қызығушылығын арттыруға теориялық , ұлттық білімдерінің көлемділігі мен жүйелілігін қамтамасыз етуге дағды іскерлікті  қалыптастырып, табиғатпен қатынас жасау барысында рефлексия жасауға мүмкіндік  береді.

Бүгінгі таңда  Қазақстан Республикасында  мектептен  тыс ұйымдарда  көркемдік -эстетикалық  (бейнелеу өнері, музыкалық,  хореографиялық, хор,  аспаптық және т.б.)  техникалық (оқушылардың техникалық шығармашылық түрлері бойынша), натуралистік  (жас натуралистер және  т.б)  түристік (өлкетану, спорттық сауықтыру) , әуесқойлық (қызығушылық негізінде )  сияқты түрлі жұмыстар  жүзеге асырылды.  Мектептен тыс ұйымдарға  жұмыс формаларына : одақ,  ассоциация, мекеме, клуб, үйірме тағы басқалары жатады.

Біздің зерттеу  жұмысымыз бойынша  тәжіриелі  эксперимент жұмыс Оңтүстік Қазақстан  облысы  Шымкент қаласындағы  № 47 гимназия мектебінде өткізілді.

Қалыптастыру  экспериментінде  сыныптан тыс  жұмыстар  арқылы оқушыларға  тәрбие берудің  әдіс- тәсілдерінің тиімділігін  тәжірибе жүзінде  тексеруден өткізу  көзделді.

Мектепте сыныптан тыс  жұмысытар арқылы  бастауыш сынып оқушыларын  тәрбиелеудің педагогикалық негіздері атты әдістемелік семинар бағдарламасы  әзірленді.

№ 6 кесте.

Сабақ тақырыптары 

Сағат саны

1

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  бастауыш сынып оқушыларының  ұлттық тәрбиесін  дамытудағы   мәні

2

2

Мектепте бастауыш сынып оқушыларының ұлттық  тәрбиесін  дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарды  пайдалану әдістемесі

2

3

Мектепте  бастауыш сынып оқушыларының  ұлттық тәрбиесін  дамытудың  жұмыс формалары мен  әдістері 

2

4

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы  бастауыш сынып оқушыларын  тәрбиелеудегі  қоғамдық - әлеуметтік   мәдени құрылымдардың  біріккен іс -әрекеті

2

 

Барлығы

8


                   

                                                          1 -тақырып                                                                     

 «Сыныптан  тыс жұмыстардың  бастауыш  сынып окушыларының ұлттық тәрбиесін   дамытудағы мәні»    тақырыбында  жұмбақтардың,   жаңылтпаштардың,   тыйым   сөздердің,   мақал-мәтелдердің,   қара   өлеңдердің ұлттық мазмұнына,  окушылардың ұлтық тәрбиесін  дамытудағы   роліне  мазмұндық сипаттама беріледі, қазақ ертегілері,  аңыз-әңгімелерінің, эпостық жырларының,   шешендік    сөздерінің       тәрбиелік  мазмұны, оқушылардың  ұлттық тәрбиесін дамытудағы роліне мазмұндық сипаттама беріледі. Сараланады, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудағы     сыныптан  тыс  жұмыстарының          функциялары  (танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтілік, реттеушілік), бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту процесінің мазмұны, формалары мен әдістері ашылады, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың принциптері баяндалады, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық  тәрбиесін дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды пайдаланудағы педагогикалық шарттары және мектептен тыс ұйымдардағы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру процесіндегі инновациялық технологияларды пайдалану жолдары қарастырылады.

2- тақырып

«Мектепте бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың сыныптан тыс жұмыстарды пайдалану әдістемесі» тақырыбында мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып  оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытудың әдістемесінің жалпы мәселелері, «Жасыл желкен» экологиялық үйірме бағдарламасының мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, ұйымдастырылу     формалары,    принциптері мазмұндалады.

Информация о работе Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру