Сөздік қорын тексеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:15, доклад

Описание

Баланың ауызекі сөзін бақылай отырып сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін анықтап білуге болады. Бірақ кейбір жағдайларда баланың сөйлеу тіліндегі белсенділігін және сөздің мағынасын түсінудегі енжарлығын арнайы тексеруді керек етеді.
Баланың жас мөлшеріне және сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай сөздік қорын зерттеу үшін заттардың аттарын атау, жалпы аттарын табу, қарсы мәндес және ұқсас мәндес сөздерді ауыстыру сияқты бірсыпыра арнайы тәсілдер қолданылады.

Работа состоит из  1 файл

сөздік қорын тексеру.docx

— 21.34 Кб (Скачать документ)

                      

Сөздік  қорын тексеру

Баланың ауызекі сөзін  бақылай отырып сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін анықтап білуге болады. Бірақ кейбір жағдайларда баланың  сөйлеу тіліндегі белсенділігін  және сөздің мағынасын түсінудегі енжарлығын арнайы тексеруді керек етеді.

Баланың жас мөлшеріне және сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай сөздік қорын зерттеу үшін заттардың аттарын атау, жалпы аттарын табу, қарсы мәндес және ұқсас мәндес сөздерді ауыстыру сияқты бірсыпыра арнайы тәсілдер қолданылады.

Ең қарапайым және аса  көп тараған тәсілдердің бірі заттардың атын атау, балаға аттарын атай алатын заттарды немесе оның әрекетін және белгісін бейнелейтін суреттерді көрсетеді. Баланың сөйлеу тілінің белсенділігін тексеру үшін логопед оған затты немесе суретті көрсетіп, Мынау не? Мынау кім? Не істеп жатыр? Қандай? Кімдікі? деген сұрақтар қояды. Бала затты немесе суретті атау керек. Бұндай тәсілді тіпті мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қор жинағын бала заттың атын, әрекетін, сапасын атауда ешқандай қиналмайды.

Заттар және суреттер тақырыпқа  іріктеп алынған болу керек, ойыншық  ыдыстар, киімдер, аяқ киімдер, жануарлар, үй жануарлары, үй жабдықтары, әр түрлі  кәсіптің адамдары, жиһаздар (мебель).

Тақырыптық суреттердің  ішінде күнделікті тұрмыста көп тарала қоймаған, бірақ балаларға белгілі  заттар бейнеленген суреттер болуы керек (сөре, ескек, табалдырық, маңдайшық, босаға, қодық, бекі, кездік, жаулық, т.б.).

Осы тәсілдердің тағы бір  түрі бар. Ол заттың атын өзі тауып  айтатын тәсіл. Балаға сұрақ қояды. Бала жауабын өзі айтуы керек. Мысалы, көжені немен ішеді? (қасықпен) немесе қойдың төлін не деп атайды? (қозы).

Сәл қиындау тәсілге заттардың  жалпы атауын табу жатады. Балаға бір  мақсатқа бағытталған бірнеше заттардың  жиынтығын көрсетеді де олардың  барлығын бір сөзбен атауын ұсынады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі ересек балаға немесе бірінші сыныптың оқушысына  кесені, қасықты, қазанды, тәрелкені, шәйнекті, шөмішті көрсетеді де, «осылардың жалпы атауы қандай?» деп сұрақ  қояды.

 

2-3 сыныптың оқушыларына  жалпы атаулары күрделілеу заттар  бейнеленген суреттерді көрсетеді  де: «Бұл не?»  деген сұрақ қояды. Мысалы, жануарлар (қасқыр, түлкі, киік, аю, қоян, борсық, жолбарыс), өсімдіктер (жусан, жоңышқа, бидай, қамыс).

Заттың әрекетін, іс-қимылын  және ерекшелігін білдіретін сөздіктің  көлемін және ерекшелігін анықтауға  ерекше назар аудару керек. Осы мақсатпен баланың нақтылы әрекет, іс-қымылы немесе әрекетті бейнелейтін суреттегі затты атауынан бөлек, басқа да дәйекті тәсілдерді пайдалануға болады.

Көрсетілген зат бойынша  оның әрекетін іс-қимылын айту. Мысалы, жануарлардың қалай қозғалып бара жатқанын немесе не істеп тұрғанын айтып беру керек. Балаға жануарлар бейнеленген  суретті көрсетеді. Ол суреттегі жануарлардың түрлеріне қарап отырып, қайсысының қалай қозғалатынын айтып береді:  балық /жүзеді/, қарлығаш / ұшады/, шегіртке      / секіреді/, жылан / жорғалайды/. Анықтауыш сөзді іріктеу. Бұл балалар сын есімді пайдалана білетінін анықтау үшін қолданады. Тәсілдің мақсатын балаға мысалдарды талдау отырып түсіндіруге болады. «Аспан қандай?»        - ашық көгілдір, «Көктемде жер қандай түсті?» - жасыл.

Бала өзінің ауызекі сөйлеу тілінде қатыстық және сапалы сын  есімдерді қалай қолоданылатындығына  ерекше көңіл аудару керек. Баладан  мынандай сөздерге қандай сын есімдер  сәйкес келетінін сұрайды. Мысалы, орамал, үй, орман, орындық, күрек, балта, сиыр. Балаға: «Бұрыштың дәсі қандай?» - (ащы), «Балта қандай?» - (өткір) – деген сұрақтарды береді.

Осы тәсілдермен қатар  бастауыш сыныптың оқушыларына қарсы  мәндес немесе ұқсас мәндес сөздерді іріктеу тәсілін ұсынады. Логопедтің атаған сөздеріне бала олдармен мағынасы ұқсас, бірақ түрлі басқа сөздерді айтуы тиіс. Мысалы, батырлық, үрей, жақсы, жаман, үлкен, аласа, биік, қайғыру, қуану. Әдетте балаға таныс сөздерді іріктеп қолданған дұрыс. Қарсы мәндес сөздерді іріктеу үшін пайдаланылатын сөздерді де логопед атаған кезде бала оларға мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтуға тиіс. Мысалы, қуаныш, сараң, жақсы, пайдалы, жуан, қараңғы. Бұл сөздерді ойын түрде де жүргізуге болады. Мысалы, «керісінше» айт. Мен бір сөз айтам, сен керісінше айт.

Түбірлес сөздерді іріктеуге  мысал ретінде мынандай сөздерді атауға болады: жер, жыл, мал, жал, бала, қыс, оқу, т.б.

 

Баланың жас мөлшеріне  ой-өрісінің даму шамасына қарай бұл келтірілген тәсілдерді қиындатып немесе жеңілдетіп қолдану керек. Егер бала ұсынылған сөзді атай алмаса немесе жеңілдетіп қолдану керек. Сол үшін балаға айта алмаған немесе қате айтылған сөзді бір заттарды немесе бейнелі суреттерді көрсетеді. Логопед: «Мына суреттердің қайсысында орамал бейнеленген?» - деген сұрақтарды қояды. Бұндай тексеруді баланың сөзді атай алмағанынан немесе қате айтқаннан кейін іле-шала жүргізуге болмайды. Дұрысы баланың алдымен сөйлеу тілінің белсенділігін тексергеннен кейін жүргізген ыңғайлы.

Тексерудің бір түрі, бала көз алдына көрініп тұрмаған затты  алдымен тауып алып, сосын көрсету. Мысалы, балаға өзінің көзін, құлағын, мұрнын, иегін, саусағымен көрсетуді  ұсынады. Егер ол осы затты немесе оның суреттегі бейнесін дұрыс атаса, онда бала бұл сөзді түсінетіндігін білдіреді.

Лингвистика мен психологияда әр бір мазмұнның мағынасы бойынша  екі жақты жарату қабылданған. Бірінші  жағы – сөздің меншікті атауын көрсететіндігі, демек, оның затқа қатыстығы, екіншігі жағы – сөздің мағынысының байланысы  мен қатынасын қамтып көрсетуі.

Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі сөздігін тексерген кезде оның сөздік қорының мөлшерімен бірге, күнделікті қолданылып жүрген дағдылы сөздердің мағынасын түсіну ерекшелігін де ескеру қажет. Заттың атын дұрыс айтқанына қарап бала бұл сөздің мағынасын біліп, яғни түпкі төркінін түсініп орнымен қолданады деп айту жеткіліксіз. Сондықтан баланың сөзді дұрыс пайдалана ма, жоқ әлде басқа сөздің орнына ауыстырып қолдана ма, соны анықтай отырып сөйлеу тіліне мұқият бақылау жүргізу өте орынды. Лайықты мысалдар келтіре отырып, сөйлеу тіліндегі сөздердің анықталған кемшіліктерін түгел жазып алу қажет. Заттарды, әрекеттерді және сапасын нақтылы бір сөзбен көрсетіп оның белгіленген затпен, әрекетімен және сапасымен байланысының біріктілігін және лайықты затты көрсеткен кезде керекті сөзді оңай табуға мүмкіндігі болатындай оның дыбыстық құрамының айтарлықтай анық көрсетілуін талап етеді. Сонымен қатар сөздің жәрдемі мен мүмкіндігінше заттың барлық сапасының ерекшелігі және маңыздылық қасиетін атап көрсету қажет. Осы шарттардың тіпті біреуі бұзылған жағдайда оның лексикалық қорының қалыптасуында қиындық байқалуы мүмкін. Бұндай елеңсіз жәйттер жалпы сөйлеу тілі толық дамымаған балаларда жиі байқалады. Бұндай балалар негізінде жалпыға таныс және күнделікті қарым-қатынаста өте жиі қолданатынын сөздермен ғана шектеледі. Көп сөздерді жуықтап және күңгірт мағынада атайды. Сыртқы түрінің қимыл әрекетінің, тегінің атқаратын қызметінің ұқсастық ерекшеліктері бар заттардың меншікті атауларын дұрыс атамай, олардың атауларын алмастырады. Мысалы, бұзауды – сиыр, көлді – су, каналды – арық, қалайыны – темір, алма – жеміс, қазды – үйрек деп алмастырып атайды.

Алайда баланың сөздік қорының бұзылуының ерекшелігі мен  шырайы әр түрлі болуы мүмкін екендігін  есте сақтауы керек. Сонымен, мысалы, жалпы сөйлеу тілінің кейбір элементтері  толық дамымаған балалардың сөздік қорындағы кемшіліктер азырақ өрескелденіп көрінуі мүмкін. Олардың көпшілігінің сөздік қоры бай болады, бірақ оқудың барысы кезінде естіп үйренген жаңа сөздерді, түсініктерді, көріністерді  өзінің сөйлеу тілінің белсенділігінде  жеткілікті түрде қолданбайды. Түбірлес сөздердің көбінесе екеу-үшеуінен артығын  таңдауға шамасы жетпейді, оның өзінде олардың сыртқы түрін ғана өзгертіп алады. Сөйлеу тілінде грамматиканың  үстеу және қатыстық сын есім сөз  таптарын сирек қолданады.

Баланың сөздегі оның жалпы  сөйлеу тілінің толық дамымауының  әр уақытта толық көрсеткіші бола бермейді. Оның өскен ортасында, алған  тәрбиесіне және тағы басқа да себептерге байланысты сөздік қорының дамуының немесе тоқырауының байқалуы мүмкін. Бұны жеке дара бөліп алып қарауға  болмайды, оның басқа көріністерімен, соның ішінде сөйлеу тілінде фонетикалық  және грамматикалық құрылысының  дамуындағы ерекшеліктерімен бірге  қарай керек.

 

Сөздік қорын тексеруге  қажет лексикалық және көрнекілік материалдар  мына жағдайларға сәйкес іріктеледі:

  • Семантикалық (тексеруге заттың атын, оның бөлшегін, іс-әрекетін, сапа, сипатын, уақытты, кеңістікті білдіретін сөздер іріктеледі);
  • Лексикалық-грамматикалық (тексеруге қажет зат есім, сын есім, етістік, үстеу, т.б. әр түрлі сөз таптарын кіргізу қажет және ол сөздер баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек);
  • Тематикалық немесе тақырыптық-лексикалық материал тақырып бойынша топталады: жеміс, киім, т.б.

 

 

 

 

 

Тексеруге қажет сөздер мектептің  немесе мектепке дейінгі мекемелердің бағдарламасына сәйкес құрастырылады. Сонымен қатар сөйлеу тілі бұзылған балаларға сөздік-буындық құрамы қол жетерлік, қолайлы болуын ескеру қажет. Тексеру қорытындысын талдау барысында сөз қорында қандай лексикалық топтардағы сөздер қолданбайды, алмасады, қандай сөздерді кездесетініне  көңіл бөлу керек.

Тексеру нәтижесінде алынған  мағлұматтар жан-жақты талданып бағаланады. Сөйлеу тілінің лексикалық жағының қортындылауында сөздік қор жағдайы жалпылама сөздерді қолдануы, антоним, синоним сөздердің  мағынасын түсінуі, белгілері бойынша  топтастыруы және тапсырмаларды  орындау барысындағы кездескен  қиыншылықтар көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Сөздік қорын тексеру