Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:32, творческая работа
Шығыс Қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты 2008 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Кәсіби лицейдің (кәсіби мектептің) тәрбие жүйесі», «Колледждің тәрбие жүйесі» атты номинациялар бойынша тәрбие жүйесінің облыстық сайысын өткізеді.
Техникалық және кәсіби білім беру мекемелері тәрбие жүйесінің
облыстық сайысы туралы
ЕРЕЖЕ
Шығыс
Қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру және қайта даярлау
институты 2008 жылға арналған жұмыс жоспарына
сәйкес «Кәсіби лицейдің (кәсіби мектептің)
тәрбие жүйесі», «Колледждің тәрбие жүйесі»
атты номинациялар бойынша тәрбие жүйесінің
облыстық сайысын өткізеді.
1. Сайыстың мақсаты:
Отандық салт-дәстүр, қазіргі тәжірибе негізінде және Шығыс Қазақстан облыстық білім мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие беру бағдарламасына сәйкес білім мекемелеріндегі тәрбие берудің мәртебесін арттыру, тәрбие берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту.
2. Сайыстың міндеттері:
- тәрбие жұмысының озық тәжірибелерін айқындау, қорыту және тарату;
-кәсіби білім беру мекемелеріндегі тәрбие беру үрдісін жетілдіру;
- кәсіби білім беру мекемелерінің тәрбие үрдісіне инновацияларды енгізуге ықпал жасау;
- оқу мекемелеріндегі ғылыми-зерттеушілік және тәрбие жұмысын жандандыру;
3 Сайыстың қатысушылары:
Сайысқа меншік түрлері және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, Шығыс Қазақстан облысының кәсіби лицейлері (кәсіби мектептер), колледждер қатысады.
4. Сайысты өткізуді ұйымдастыру:
Облыстық
сайысты ұйымдастыру және өткізу
мақсатында білім департаменті, біліктілікті
арттыру институты, Кәсіби лицейлер
(кәсіби мектептер) директорларының
кеңесі, Колледж директорларының
ассоцияциясының өкілдерінен
Ұйымдастырушы комитет:
- сайыстың облыстық кезеңін өткізу тәртібі мен мерзімін анықтайды;
- сайыстың әділқазылар мүшелерін құрайды;
- сайыстың қорытындысын шығарады.
Әділқазылар
алқасы сайыстың жеңімпаздары мен номинаттарын
анықтайды.
5 Сайыстың өткізілу тәртібі мен мерзімі
Сайыс екі кезеңде өткізіледі:
Сайыстың бірінші кезеңі – сырттай (2008 жылдың 5 қарашасынан 14 қарашасына дейін).
Сайыстың әділқазылар алқасы келіп түскен материалдармен танысады, оларды сайыстың күндізгі кезеңіне қатысуға жіберудің орындылығы туралы қорытынды жасайды және күндізгі сайысқа қатысуға ұсыныс жасайды.
Сайыстың екінші кезеңі - күндізгі (2008 жылдың 20 қарашасы).
Шығыс Қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында өткізіледі.
Сайысқа оқу мекемелерінің тәрбие жүйесі туралы материалдар ұсынылады.
Сайыскерлер 10 минуттың ішінде оқу мекемелерінің материалдарын көрсетеді.
6. Материалдардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар
1. Білім мекемесінің төлқұжаты.
2. Тәрбие жүйесінің тұжырымдамасы.
3. Оқу мекемесінің тәрбие жүйесін жүзеге асыру жөніндегі бағдарлама.
4. Тәрбие жүйесіндегі ұжым іс-әрекетінің мазмұны мен түрі. Аталған бөлімде келесі мәселелерді көрсету керек:
-тәрбие жүйесі Бағдарламасын жүзеге асыру жағдайы мен механизмдерін құру;
-білім берудің сәйкес деңгейінде тәрбие беру мазмұнының ерекшелігі;
-оқушылардың
құқығы мен мүдделерін ескеру;
-тәрбие іс-әрекетінің негізгі бағыттары;
-қоғамдық
ұйымдардың болуы, оқушылардың өзіндік
басқаруының дамуы;
-ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің түрлері;
-оқушыларға тәрбие берудегі тұлғаға бағдарланған
көзқарас;
- кураторлардың (сынып жетекшілерінің)
іс-әрекеті, тәрбие берудің қолданылатын
технологиялары;
- оқушылардың бос уақыт кеңістігін ұйымдастыру (сабақтан тыс іс-әрекет, оқушылардың демалысы);
- әлеуметтік серіктестік – оқушылардың тұлғалық дамуының тиімді механизмі;
-білім
мекемесіндегі тәрбие беру үрдісін ұйымдастырудың
ерекшелігі.
5. Тәрбие үрдісін басқару.
Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұнын
сипаттау (жиналыста қарастырылатын мәселелердің
түрлері, әдістері, сипаты, қабылданатын
шешімдердің тиімділігі, әдістемелік
бірлестік хаттамаларының мазмұны);
6.Тәрбие жүйесінің ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық ілеспесі. Тәрбие іс-әрекеті мониторингінің анализі. Оқушылардың кәсіби қалыптасуының мониторингі.
7. Тәрбие үрдісін ресурстық қамтамасыз ету.
8. Озық педагогикалық
тәжірибе туралы мәліметтер қорының мазмұнын
талдау. Тәрбие беру технологияларын енгізу
деңгейі. Тәрбие беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды енгізу түрлері. Кураторлардың
(сынып жетекшілерінің) портфолиосының
мазмұнын талдау: әдістемелік әзірлемелер,
авторлық бағдарламалар, жоспарлар, технологиялар,
жеке әдістемелер т.б. кураторлардың кәсібилігін
арттырудың түрлері, мазмұны және ұйымдастырылуы.
Бағдарламалар келесі қосымшалардан тұруы мүмкін:
- презентациялық ролик (20 минуттан артық емес) немесе тәрбие беру іс-әрекетінің компьютерлік презентациясы;
- бүктеме кітапша;
- тәрбие жүйесінің ғылыми-әдістемелік ілеспесі (ұсыныстар, сауалнамалардың түрлері, сұрақ-жауаптар т.б.);
- тәрбие беру сапасының мониторингі (практикаға инновацияларды енгізу нәтижесінің анализі, схемалар, кестелер т.б.);
-тәрбие
жүйесінің нәтижелігін растайтын материалдар.
Сайыстық жұмыстар Times
New Roman
14 кеглімен 1,5 интервал арқылы WORD мәтіндік редакторында
терілуі керек. Материалдар
баспа және электрондық түрде жіберіледі.
Ұсынылатын материалдардың көлемі қағаз
және диск түрінде 15 баспа бетінен аспауы
тиіс. Әрбір материал бойынша дереккөзі,
авторы және құрастырушылары көрсетіледі.
Егер материалдар бұрын жарияланса немесе
сайысқа жіберілген болса, қашан, қайда
екенін көрсетіңіз. Қосымшалардың көлеміне
шек қойылмайды.
Алғашқы бетте мекеменің атауы, авторлардың толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
8. Тәрбие жүйесін бағалау көрсеткіштері:
1 жүйенің ізгілік көзқарасы, азаматтық қоғам, жанұя, туған өлкенің құндылығын,а сүйену;
2. тәрбие жүйесінің мақсаты мен міндеттерінде әлеуметтік, кәсіби, педагогикалық орындылық пен нақты нәтижені көрсету;
3. оқушылар тұлғасының саналық, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік саласының, құндылық бағдарының дамуы;
4. оқу мекемесінде гендерлік мәдениетті енгізудің өзіндік ерекшеліктері;
9.Сайыстың қорытындысын шығару
Сайыстың
жеңімпазына Лауреат атағы
Сайысқа материалдарды 2008 жылдың 5 қарашасынан кешіктірмей, мына мекенжайға жіберіңіздер:
070000, Өскемен қ., Тәуелсіздік даңғылы 77/2,
Факс: 42-68-83, 42-47-00
Тел.:42-61-83 Е-mail: vkoipkpro@mail.ru
Сайысқа
жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
Материалдарға жазылған пікірлер жіберілмейді.
Ұйымдастырушы комитет