Тілі жоғалса, халық та жоғалады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:57, доклад

Описание

Жүргізуші – Айжан: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде еліміздің өмірінде дәстүрге айналып өткізіліп келе жатқан мерекелердің бірі – «Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні» мерекесі. Бұл халықтар арасындағы достықтың дәнекері болар, әрбір ұлттың өзін-өзі танып білуіне жол ашар – Тіл мерекесі.

Работа состоит из  1 файл

Тәрбие сағаты.docx

— 18.41 Кб (Скачать документ)

Тәрбие  сағаты

Тақырыбы: Тілі жоғалса, халық та жоғалады

Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, ана тілін, елін, жерін  сақтай білуге тәрбиелеу. Қазақ тілі – ана тілінің құдіреттілігіне, өрлігіне, орасан зор байлығына мән  бергізу.

Көрнекілігі: қабырға  газеті, билер суреті, нақыл сөздер жазылған плакат

Өткізілу барысы: сахна төрін, зал ішін мерекеге лайық  безендіру.

Жүргізуші –  Гүлназ:  Туған тілім – тірлігімнің  айғағы,

                                      Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

                                      Өссе тілім, менде бірге өсемін,

                                      Өшсе тілім, менде бірге өшемін, - демекші, тіл – әр халықтың  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе  жатқан қасиетті құралы. Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтардағы  жарлығына сәйкес 1998 жылдың 22 қыркүйегі  «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді.

Жүргізуші –  Айжан: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде еліміздің өмірінде дәстүрге айналып өткізіліп келе жатқан мерекелердің бірі – «Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні» мерекесі. Бұл халықтар арасындағы достықтың дәнекері болар, әрбір ұлттың өзін-өзі танып білуіне  жол ашар – Тіл мерекесі.

Құрметті қонақтар! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған «Ана тілім – бәрін айтар шежірем» атты ашық тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші –  Гүлназ:  Ана тілім – бәрін  айтар шежірем,

                                     Тілсіз нені білдіре алам, не  білем?!

                                     Тілім барда ғана мынау ғаламның,

                                      Кілтін табар саналысы сезінем 

                                     О, адамдар, қадііріне жетіңдер,

                                     Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.

Енді ана тілі туралы шумақтарға, ақын-жазушылардың даналық сөздеріне кезек береміз.

Жүргізуші –  Айжан: Ана тілі – халықтың өткен  ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын  мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Ел-жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, бораны мен найзағайын ана тіліміз  арқылы ғана қабылдап, соларға деген  перзенттік махаббатымызды ана тіліміз  арқылы жеткіземіз.

Седеп: Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,

             Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек.

             Өзімізді-өзіміз қорлағандай боламыз,

             Қошеметтеп басқаны біз жөн десек.

Бір қазағым  орысшалап бастайды,

Екіншісі шатып-бұтып  қоштайды.

Қайран қазақ  «дәрежеге жеттік» деп,

Өз тілінде  жағын мүлде ашпайды.

               Тілімізге келеміз тұрақтамай,

               Ана сүтін жүрміз ғой түк  ақтамай.

               Жиындарды бастасақ басқа тілде, 

               Бабалардан туады сұрақ талай. 

Ақиқатты мойындайық қазір бір,

Мәңгүрт бола жаздағанбыз  бәріміз.

Тіл мәртебе  ұлт мерейі емес пе,

Мәңгі бақи шырқалатын әніміз.

                Халқым менің, құтты болсын  тілің бүгін, 

                Ашатын жан сарайын білімдінің

                Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

                Тіліне  зер салыңдар бұрынғының.

Гауһар: Қазақстан  Республикасының Тіл туралы Заңынан  мәлімет.

Қазақстан Республикасындағы  Тіл туралы Заң біздің еліміздегі тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, олардың оқып-үйрену мен  дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Ботагөз: Қазақстан  Республикасының Тіл туралы Заңының 4-бабында Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің  бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың  барлық саласында қолданылатын мемлекеттік  басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тілді  меңгеру – Қазақстан Республикасындағы  әрбір азаматтың парызы.

Үкімет, өзге де мемлекетті, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында  мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін арттыруға  міндетті.

Бақтияр: Ана  тілім –

                Сенің әрбір тынысыңмен күн  кешем, 

                Сен арқылы тіршілікпен тілдесем

                Ел бетіне қалай түзу қараймын,

                Ана тілім, 

                Егер сені білмесем.

                Ана тілім – 

                Дана тілім, бақ тілім, 

                Сенсіз бақыт дүниеден тапты  кім? 

                Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

                Сенсің менің тазалығым пәктігім.

                 Ана тілім – 

                 Алтын ұям, құндағым,

                Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

                Сенің жазың, сенің әнің айтарым, 

                Санам өсіп,

                Байланғанша тіл-жағым!

Сая:  Туған  тілім, бабам тілім – өз тілім,

          Туған тілім, анам тілім –  өз тілім. 

          Туған  тілім, далам тілі – өз тілім

          Туған тілім, адам тілі – өз тілім.

          Туған тілде сыры терең, жаным  бар, 

           Туған тілде әнім мен сәнім  бар, 

           Туған тілім, тіл болудан қалса  егер,

           Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. 

Маржан: Ғалым  Сауранбек Аманжолов: «Қазақ тілінің  байлығы – қазақ халқының, қазақ  ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай  білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан  кез келген жұртпен иық теңестіре  алатын іргелі ел бола алады.

Қазақ тілі –  дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде  кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді», - деп баға берді.

Өз тілім  мен өлеңім

Өлеңімнің өмірден  алатынын,

Берді маған  дәл солай ана тілім.

Ана тілім арқылы оятамын 

Екі күннің елгезек  ара түнін 

Өз тілімсіз өңімді түсім деймін,

Ешбір затты  мен онсыз түсінбеймін.

Өз тілімде  тірліктің түсін түстеп,

Түр-тұлғасын болмыстың  мүсіндеймін.

Өз тілімде  кең сөйлеп, кең үндеймін,

Тынысы тар  делікпе делінбеймін,

Шаттығым мен  мұқымды ағытарда

Темір піскен көріктің деміндеймін.  

Жүргізуші –  Айжан:  Жанымды әттең қажап  тұр,

                                     Көңіл бөл, тілге аз-ақ бір. 

                                     Жүрекпен ұғып, тыңдасың,

                                     Қазақтың тілі – ғажап тіл. 

                                     Әуені қандай, сөз мұңды, 

                                     Түсірді еске наз күнді 

                                     Атадан қалған қазақтың 

                                     Мақалы  қандай мазмұнды.

ІІ  бөлім. «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілім!»  шығармашылық жұмыс. Әр топ өздері тілге  қатысты дайындаған газеттері мен  сценарийлерін қорғау.

«Шешендік өнер» . Бұл сайыста сайыскерлеріміз  бүгінгі таңда өте кең тараған  тіл мәселесі жайында «Тілі жоғалса, халықта жоғалады» тақырыбында  ой қорғайды.

І топ. «Жоғалып өшіп кеткен тілдердің қайта тіріліп  келмейтіні белгілі. Жаңадан тіл  пайда болмайды. Тілдердің пайда  болу дәуірі біткен. Сондықтан қазіргі  барымызды мәпелей білуіміз керек» Ш.Айтматов.

ІІ топ. «Тілсізді  – айуан дейді. Тілді кедей  елді мәдениетсіз, анайы, надан халық  деп санайды. Тіл – адам баласының  негізгі қасиеті. Сөз – халқымыздың  қымбат асыл байлығы. Мен оларды көзіме адамдар тәрізді, оның ішінде солдаттар сияқты елестетем. Олардың да жаны бар, қаны бар. Олар өмір сүреді» Б.Момышұлы.

ІІІ топ. «Халық арасында небір жаңа сөз, жаңа ұғымдар  туып жатады, бұл – табиғи процесс. Солардың шала туғандары өліп, мезгілін біліп туған өміршеңдері қанаттанып, азаматтық сөздер қатарына қосылады. Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де, кедей де емес».

«Кімде-кім қазіргі  уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін  сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды»  М.Әуезов.

IV топ. «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен ұлттың болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы заңынан».

«Тіл тарихы – сол тілді жасаушы және сол  тілді қолданушы халықтың тарихының бір саласы. Сондықтан да белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі – халықтың тарихына байланыссыз қарауға болмайды» К.Аханов.

«Халық бар  жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы – халықтық проблема. Ана тілімізді  көздің қарашығындай қастерлеу –  азаматтығымыздың ең шынайы түрі» Ғ.Мүсірепов.

«Ана тілін  ұмытқан адам өз халқының өткенінен  де, болашағынан да қол үзеді» Ғ.Мүсірепов.

Қорытынды:

Жүргізуші –  Гүлназ:

Өткір тіл атты жалынды,

Тербетер мынау  жаныңды.

Қазақтың шешен  сөздері-ай

Қозғайтын жүрек, қаңынды!

Көкейге нақыл  ілінген,

Іздеймін терең  білімнен

Қазақтың даңқын көтерген,

Айналдым қазақ  тілімнен.

Мұғалімнің қорытынды  сөзі:

Ұлттық тіл - әр халықтың өзіне тән ой – санасың  парасатты бүкіл болмыс – тіршілігі  мен сезім – түйсігін ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізетін күретамыр. Қазіргі уақытта  қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік  тілі. Біріншіден қазақ халқының салт-дәстүрі  мен тұрмысың әдет-ғұрпың мәдениетің тарихын білуге жол ашты, екіншіден көпұлтты халықтың қарым – қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардың достық қарым-қатынасын күшейтудің құралына айналды.

Информация о работе Тілі жоғалса, халық та жоғалады