Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 22:06, лекция
Тұлғаға бағытталған қарым-қатынастағы сөздің ерекшелігі. Күнделікті әңгімелесу сипаты: 1) жеке адамдармен қарым-қатынастағы жекелік; 2) ойламаған жерде және күштемеу арқылы қарым-қатынасқа түсу; 3) жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу; 4) сезімге берілу. Сөйлеу және оның мақсаты. Ақпараттық сөз.
1.Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері.
Тұлғаға бағытталған қарым-қатынастағы сөздің ерекшелігі. Күнделікті әңгімелесу сипаты: 1) жеке адамдармен қарым-қатынастағы жекелік; 2) ойламаған жерде және күштемеу арқылы қарым-қатынасқа түсу; 3) жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу; 4) сезімге берілу. Сөйлеу және оның мақсаты. Ақпараттық сөз.
Тұлғааралық
қарым-қатынастағы вербальды
Тиімді тыңдау. Мәліметті беру үрдісі. Тыңдарманның психологиялық жағдайы. Жүйелі қателіктердің деректері: мәліметтің ұзавқтылығы, мәліметтің ортасы, мәліметтің аяқталуы. Рефлексивті және рефлексивті емес тыңдауы. Эмпатикалық тұрғыдан тыңдау.
М.И.Лисина
қарым-қатынасты адамдардың
үлкендерге зейін аудару және қызығушылық;
үлкендердің әсерін қабылдаудағы эмоцалы рең;
үлкенге бағытталған баланың ынталы акты;
олардың қимыл-қозғалысына үлкендердің көрінуінде балалардың қатынасының сезімталығы;
Бұл көрсеткіштердің
бір тұтастығы баланың іс-
мазмұнмен толтырылған. Тек қана басқалармен қарым-қатынас арқылы адам «басқа көзбен » өзін-өзі таниды және бағалайды. Қарым-қатынас мотивы адамның өзінің және басқа адамдардың сапаларымен толықтырылады, қоршаған адамдардың әсері арқылы индивид өзін тануға және бағалауға кіріседі. Осы сапалардың арасынан баланың үлкендерге еліктеуі арқылы қарым-қатынастың қалыптасуын топтастыруға болады.:
1. танымдық, мұнда үлкендер баланың жаңа әсер қалдырушы ұйымдастырушысы және мәліметтер жинақтаушысы;
2. іскерлік, мұнда үлкендер біріккен практикалық іс- әрекеттің серігі , қозғалыстың көмекшісі және үлгісі;
3. жеке тұлғалық, мұнда үлкендер ерекше тұлға, оғам мүшесі, оның тобының
ерекше өкілі.
2.Тұлғааралық қарым - қатынас теориялары.
Педагогикалық
қарым –қатынасты рухани өндірістің
бір түріне жатқызуға болады, себебі
ол өзінің мазмұнына міндетті түрде
шығармашылықты әр өнімді түрде білім,
іскерлік,дағдыларды жеткізу,сондай-ақ
әрқашан жаңаны уағыздау, жан-жақты
және үйлесімді дамыған адам тұлғасын
қалыптастыру,тәрбиелеуді
3. Қарым-қатынастың сипаты, мазмұны, әрекетке байланысты түрлері.
Қазақстан Республикасының
орта білім даму тұжырымдамасында көзделгендей
қазіргі мектептер көп қырлы
міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарында
әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы
жаңалықтар мен өзгерістерге батыл
жол ашарлық қарым- қатынас жасау
керек. Ол- ақылды адамға ғана тән табиғи
қасиет және адамның тіршілік бейнесі
мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында
күнделікті қажеттіліктерін
Әлеуметтік
өмірде адамдардың іс- әрекеттерінің
негізгі бір түрі- сөйлеу. Ол- күрделі
психологиялық процесс. Сөйлеу- адамның
қарым- қатынас жасау құралы. Ал
қарым- қатынас жасаудың
Кім (хабарлайды)- коммуникатор
Нені (хабарлайды)- хабар
Қалай (хабарды жеткізеді)- канал
Кімге (бағытталған)- аудиторияға
Қандай (нәтижеге жеткізеді)- хабардың тиімділігіне байланысты.
Әр адамды қызықты әңгімелесуші ететін қарым- қатынас. Практикада адамдар қарым- қатынас әрдайым ұтымды қалыптастыру және үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін өзін төмендегідей етіп ұстау керек:
- ол алыстан, сырттай ашық, жарқын, тартымды болуы
- ол жақыннан
түсінікті, жылы лебізді,
- оның ішкі
дүниесі мәселені терең
- оның ішкі дүниесі мен сыртқысын бөліп- жара қарамау керек.
Қарым- қатынастың негізгі бағдарлары:
Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз.
Қызықты
түрде информацияны жеткізуге
тырысыңыз. Қызықты оқиғалар
Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның өзі туралы, проблемалары, жетістіктері, табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз. Жоғарыға көтеретіннің негізі ол «төменнен жалғай салу» ситуациясы.
Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам.
Тыныш, байсалды атмосфера
Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз.
Өзіңізді
ашық- жарқын адам ретінде
Әңгімелесушіңіздің ашық- жарқын, емін- еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.
Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:
1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.
2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын- ау деген қобалжу.
3. Қарым- қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.т.б
4.Қарым-қатынас этикасы. Қарым-қатынас этикасын көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне
анықталады.
Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің
әр түрлі түрінде пайда болады:
жеке даралық әрекет тәжірибесі және
қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы
шешуші фактор – баланың өзіне
қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту
және әлеуметтік тарихи сипат алады.
Өз образын біз аффективті – когнитивті
комплекс ретінде қарастырамыз. Оның
аффективті жағын өзін-өзі бағалау
ал, когнитивті жағын, баланың өзі
туралы ойы деп айтуға болады. Бала
өмірге келісімен алдымен үлкендермен,
одан кейін құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының
нәтижесінде жаратылысынан
5)К.Роджерстің қарым қатынас теориясы
К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр - түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді. Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К.Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады. Өзіндік актуализацияланатын адам еркін, тағдырдың әр мезетіне қанағаттанып өмір сүреді. Адамзат табиғат күшіне байланысты негізінен активті және өзіндік актуализацияланады. Әр тұлға ақиқатты өз субъективті қабылдауымен байланысты интерпритациялайды және оның ішкі әлемі толығымен тек оның өзіне ғана ашық. Тек субъективті тәжірибені түсіну адам мінез-құлқы түсінуде кілт болып табылады. Сол себепті адамның субъективті сезінулерін зерттеу психологиялық зерттеудің негізгі аспектісі болып табылады. Себебі, нақ осы сезінулер мінез-құлыққа жауапты, сонымсн қоса, мінез-құлыққа адамның болашағын қалай болжайтындығы әсер етеді.
К.Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы бойынша феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады деген. Субъективті әлем – оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде болмасын түсіне білуі Роджерс субъективтік қабылдау немесе адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.
К.Роджерс бойынша тұлға басқарылып отыру керек. Адам өзінің сезімдеріне сену керек. Адамның әрекетіндегі негізгі мотивациялық күш индивидтің өзінің қабілеттерімен потенциаларын реализациялай білу болып табылады. Адамда өзіндік ұйымдастыруға ұмтылу негізгі мәселе. Адамдар «идеалды-мен», «шындық мен»ге жақындатуға тырысады.
6.Вербалды қарым-қатынас
Коммуникация
– қарым-қатынасқа түсушілердің
жеке-даралық қасиеттерін
Оқытудағы қарым-қатынасты
ұйымдастыруда жеке тұлғаны қалыптастырудың
негізгі факторы ретінде
Лингвистикалық сөздің коммуникативітк сапаларын зерттейтін саласы сөйлеу мәдениеті туралы ілім деп аталады. Оның пәні сөздің (сөзжасамның ) оның коммуникавтік әсері тұрғысынан алғандағы тілдік құрылым..
Қарым- қатынас дегеніміз – адамның өзге қоғам мүшелерімен өзара әрекеттесуінң айрықша формасы. Қарым- қатынас вербалды, бейвербалды түрлері бар. Олар коммуникавтік , интегративті, прецептивтік қызметтерді атқарады
Коммуникативтік процесс кезінде оған қатысушылар бір- біріне вербалды , акустикалық, кинесикалық, кеңістік, мінез-құлық, жүріс- тұрыс (әдеп) түріндегі ықпалдармен өзара әсер етеді. Өйткені сөздерді айту, сөйленімді жүзеге асырудағы ең басты әрекет алайда оның бірден- бір шарты емес.
Вербалды
интерактіні былай түсіндіру
негізінде тіл құбылыстарын функционалдық
тұрғыдан зерттеу жатыр. Мұнда табиғи,
ауызша сөз жүзеге асыратын орын (кеңістік
кадр) оны нақты орындаушылар
(қатысушылар) олардың мақсаты т.б.
Факторлар аса маңызды . Осы факторлардың
әр түрлігі белгілеріне сүйене отырып
, вербалды интерактиінің әңгіме, диалог,
сұхбат, интервью, пікірталас, жарыссөз,
сияқты арнаулы типтері жатады. Ш.Н.
Нұрғожинанның зерттеулерінде арнайы
қарастырылады. Зерттеуші интерактіні
мұнан бөлек анағұрлым
Қатысымдық әрекет негізінде оқытудың мазмұны жалпы оқытудағы қарым-қатынас үрдісінің моделі ретінде болады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін дамытуда қатысымдық әрекет танымдық оқыту үрдісінің әдістемелік танымы ретінде қарастырылады.
Вербалды ақпарат көздеріне – тілді, сөзді, айтылған әңгімені жатқызамыз. Ал тіл пайдаланылмаған жағдайда бейвербалды каналдар: мимика, қол қимылы, дене қимылы, көзқарас, арақашықтық, өзі-өзі ұстау мәнері, киім киіс үлгісі мен иіс те кіруі мүмкін. Күліп амандасқаннан жақтырмай суық амандасқанды ажырату оңай ғой. Айтылатын сөз біреу, ал қалдырған әсер – түрліше. Ал паравербалды арналарға интонация, дауыс ырғағы, сөйлеу шапшаңдығы кіреді.
Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері