Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 19:05, творческая работа
1.Тәрбие міндеттері және қызметтері
2.Тәрбие процесі
3.Тәрбие процесі мен оқыту процесінің ұқсастығы
4.Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
5.Тәрбие әдістері
Тәрбие процесінің теориялық негіздері
Жоспар:
1.Тәрбие міндеттері және қызметтері
2.Тәрбие процесі
3.Тәрбие процесі мен оқыту процесінің ұқсастығы
4.Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
5.Тәрбие әдістері
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
«Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет – ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі»(Л.Н.Толстой).
Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту
Әл - Фараби
Тәрбие процесі
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиеші – лердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл – ауқаты және оның саясатымен әрқашан тығыз байланысты болады.
Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Тәрбие - көпжақты
процесс. Жасөспірімдерді
азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы
еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық
азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп
пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын
ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар
мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт
– бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі
жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып
отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы
– мектеп.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру
тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын
жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:
Тәрбиенің заңдылықтарына:
Оқу мен тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір – бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.
Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:
- тәрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;
- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс - әрекеттің ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал ажсайды;
- оқу және тәрбие процестерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау және т.б.) пайдаланылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам "Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс
Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орньша қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.
Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің құрамды бөлімдері:
• өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою.
• өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау.
• әдістерін анықтау.
• аутотренинг - жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі.
• өзін-өзі бақылау.
Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру.
Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдіс-ер қолданылады.
Қайта ұғындыру - бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көз-қарастарын өзгерту әдісі.
Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.
Тәрбие әдістері
Тәрбие әдісі дегеніміз тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысқан іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері
Тәрбие әдістері – бұл педагогикалық
жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы
тәрбие мақсатына жету (Т.Е.Конникова)
Тәрбие әдістерінің жіктелу
проблемасын шешуде зор үлес қосқан ғалымдар:
Н.К.Гончаров
В.А.Сластенин
Тұлғаның ақыл ойын қалыптастыру әдістері
Әңгіме
адамгершілік мазмұны бар нақты деректер
мен оқиғалардың эмоцияналды, айқын көрінісі
Этикалық сұхбат
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
пікір алысуға екіжақты кірісуін керек ететін
жүйелі және бірізді әдіс түрі
Пікірталас
тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы
Түсіндіру
тәрбиеленушіге эмоцияналды-сөзді әсер ету әдісі
Өнеге
ұлағатты адамдардың ұрпаққа көрсететін үлгісі
Қорытынды