Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 20:41, лекция

Описание

Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.

Содержание

1. Ғылымның дамуы заңдылық ретінде;
2. Педагогика ғылымы салаларының көптүрлілігі мен жіктелуі туралы жалпы түсінік;
3. Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері;
4. Ғылыми-педагогикалық әдіснамалық тұғырлар.

Работа состоит из  1 файл

Пелагогика.doc

— 150.50 Кб (Скачать документ)

 

Әдістемелік жұмыс мақсаты

  • Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ең оңтайлы әдістері мен жолдарын игеру;
  • Педагогтің оқу-тәрбие жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін көтеру;
  • Педагогика ұжымның мүшелерінің тәжірибе алмасулары және озық педагогика тәжірибені анықтап, оны насихаттау.

 

Ғылым әдіснамасы

Ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның әдістері мен құралдарын, білімді негіздеу және дамыту тәсілдерін зерттейтін ғылымтанудың бөлігі.

 

Педагогика  әдіснамасы

Педагогикалық білім  және оны игеру процесі, яғни, педагогикалық таным туралы ілім. Ол:

  • Педагогикалық білімнің оның ішінде педагогикалық проблематиканың;
  • Құрылымы мен қызметі жөнінде ілімді қамтиды;
  • Әдістемелік мәні бар бастапқы, өзекті, іргелі философиялық теорияларды; тұғырнамаларды, болжамдарды;
  • Педагогикалық танымның әдістері жөнінде ілімді.

 

Тәрбие әдістері

Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру процесінде олардың санасының қажеттілік - мотивациялық саласын дамыту үшін, мінез-құлық  дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру үшін, сонымен бірге оларды түзету мен жетілдіру үшін қолданылатын тәрбие жұмысының өзіндік тәсілдері мен жолдарының жиынтығы.

 

Ұлттық психиканы  зерттеу әдістері

Адамдардың ұлтық-психологиялық  ерекшеліктерін зерттейтін біркелкі тәсілдер мен әдістер. Бұл тәсілдердің  арасында жиірек қолданылатындары:

  • Бақылау;
  • Эксперимент;
  • Әңгімелесу;
  • Сұрақтар қою;
  • Іс нәтижесін талдап-жинастыру;
  • «Тән қасиеттерін сұрыптау» және «ерікті суреттеу» әдістері;
  • Этникалық стереотиптерді зерттеу әдістері;
  • Модель жасау әдісі және т.б.

 

Этникалық стереотиптерді зерттеудің әдістері

Этникалық қауымдастықтар туралы тұрақты құндылықтар бағыты, ұстанымдар, түсініктер (шынайы не бұрмаланған) және олар туралы түсініктер психологиясы.

 

Педагогикалық зерттеу әдістері

Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор. Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:

  • Байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);
  • Педагогикалық тәжірибені жалпылау;
  • Эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);
  • Сауалнама жургізу;
  • Интервью жүргізу;
  • Педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;
  • Жобалық әдістер;
  • Тестілеу;
  • Ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;
  • Шкалалау т.б.

 

Теориялық зерттеу  әдістеріне жататындар:

  • Анализ;
  • Синтез;
  • Индукция;
  • Дедукция;
  • Модельдеу;
  • Ой эксперименті;
  • Формализация әдісі т.б.

 

Бағыттандырылмаған  байланыс әдісі

Әлеуметтік педагогиканың бейімделмеген, психикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балалармен және жеткіншектермен жұмыста қолданылатын әдісі. Оны іске асырғанда баланың проблемасының мәнін түсіну мен оларды шешудің жолдарын анықтау үшін метафоралар, түрлі оқиғалар, сиқырлы ертегілер, мақал-мәтелдер т.б. қолданылады.

Қазіргі заманғы педагогикалық  технологиялар білімді ұйымдастырудың мейлінше жетілдірілген формаларын жасау және оларды оқытуда қолдану  үшін жағдай туғызады. Дегенмен қазіргі  кездегі оқыту әдістемелерінде, маман даярлауда жаңа оқыту технологияларының мүмкіндіктері толық жеткілікті түрде қолданылмауда, бұл өз кезегінде олардың дамуының қол жеткен деңгейімен, осы кезде қалыптасқан оқыту әдістемелері мен технологияларының  арасында қарама-қайшылықтың пайда болуына алып келеді. Бұл қайшылықты шешу үшін педагогика ғылымы мен оқыту теориясынан терең ойластырылған, дербес білім беру міндеттерін шешуге бағытталған жаңа  инновациялық білім беру технологияларын құру қажет.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері оқушыларды әлемдік даму деңгейіке сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және ұлттық, сана-сезімін тәрбиелеуді көздейді.

Бұл міндетті шешу және қазіргі кезде  білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді. Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі - мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіду болып табылады.

Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім  көтеруі - жалпы мәдениет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мүддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан-жақты, жеке және кәсіби маңызды та-нымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бул тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Бастауыш сынып мұғалімдерінің өз бетінше білім жетілдіру қызметі мен соған деген әзірлікті біз жүйелілік пен іс-әрекет ұстанымдарына негізделген құрылымдық модель ретінде қарастырамыз. Онда біріншіден, оку-тәрбие процесі көп деңгейлі әрекетті жұйе ретінде, ал екіншіден қызметтік жуйе ретінде қарастырылады. Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетшдіруге дайын болуы   білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет пен амалдарды қолдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым-қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана езгеден де соны керіп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке тұлға ретінде көрсете алатын мұғалім ешуақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын жәие жетілу деңгейін байқатады. Өзінің танымы мен сезімін бағалауы негізінде жеке қызметі мен іс-әрекетін басқаруға бағытталған адам психикасының ерекше процесі оның сана-сезім ерекшелігі болып табылады. Саиа-сезім адамның өзін-өзі бағалауына тығыз байланысты. Өзін-өзі бағалай алмайтын адамньщ өмірден өз орнын табуы екі талай. Педагогикалық рефлексия - бұл тек өзіне және өзінің іс-әрекетіне баға беру ғана емес, соны-мен бірге педагогикалык, қарым-қатынасқа түскен өзге жандардың да өз-өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін-өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.

Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы  ретінде қаралатындығында. Өзін-өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс-әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, езінің педагогикалык, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз қызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі. Қиындықтар мұғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне бзйланысты педагогикалық процестің кез келген   буынында пайда болып отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу - мұғалімге өзінің педагогикалық қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге жәрдемдеседі.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық қурамдас бөліктерден тұрады.

Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы  мәдениеттілік, пәндік, психологиялық-педагогикалық  және әдістемелік жағы-нан өз білімін  көтеруі жатады. Бастау-ыш сынып  мұғалімінің жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған. Мұғалімнің өз білімін көтеруі өте күрделі құбылыс, өйткені айналаны қор-шаған ортаның өзі - бағалы педагогикалық білім көзі болып табылады. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімінің өз білімін көтеру ісінде арнайы кәсіби жұмысты жалпы ағарту ісінен ажырату қиындығы жиі кездеседі. Бастауыш сынып мұғалімінің сынып жетекшісі әрі бірнеше пән мұғалімі ретінде қызмет етуі, оның пәндік және жалпы мәдени білімдерінің күштерін біріктіре пайдалануына жағдай жасайды. Мұғалімнің пәндік білім көтеруі өз мамандығына байланысты әдебиеттерді оқу, арнайы курс, семинарларға қатысу арқылы жүзеге асады. Ал, өз білімін психологиялық-педагогикалық жағынан көтеруі — педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алын-ған нәтижелерге сүйене отырып, бұл аспектінің білім көтерудің өте бір әлсіз буыны екеніне көзіміз жетті. Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалык тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз кызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт көптеген мұғалімдерде жиі байқалады, бірақ барлық жағдайда бірдей алынған ақпарат саналы түрде шығармашылық тұрғыдан өңделмей, сын тұрғысынан талданбай, тек еліктеушілік сипатта қала береді.

Мұғалімнің өз білімін жетілдіруінің  төрт түрлі қызметі айқындалған, олар: жалпы мәдениеттілік тұрғысынан білім көтеру, педагогикалық перспективті және өзектілік тұрғысынан білім көтеру, мұғалім өмірінің табиғи қажеттілігі болып табылатын тұрақты танымдық қызмет тұрғысынан жалпы мәдениеттілік білім көтеру, бұл ешқандай ұйымдастыруды, жоспарлауды талап етпейтін, мұғалім өмірінің күнделікті тіршілігіне айналған әдеби кітап оқу, күнделікті баспасөзді бақылап отыру, балалар әдебиетімен танысу, әртүрлі танымдық және ақпараттық телехабарларды көру, радио тыңдау, кино - театрларға, көрмелерге, мұражайларға барып тұру, лекторий, курстарға қатысып, экскурсия т.б., шығып отыру.

Мұғалімнің өз бетінше білім  көтеруіне педагогикалық баспасөз бен жаңа шыққан кітаптарды оқып, танысып  отыру және оларды жүйелеу, оқу-тәрбие процесінде пайдалану үшін әр түрлі материалдарды топтастырып, жинақтап отыру жатады. Кәсіби шеберлігі шыңдалып қалыптасқан мұғалім үшін бул да оның өмірінің кәдімгі үйреншікті тірлігіне айналады. Кәсіби перспективтік өздігінше білім алу - бұл мұғалімнің өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін талдау негізінде пайда болған белгілі бір психологиялық, педагогикалық немесе әдістемелік мәселе төңірегінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі.

Болашақ мұғалімдердің  дидактикалық дайындығын арттыру үшін оларды оқыту үрдісінің зандылықтары туралы психологиялық тұжырымдармен, белгілі теориялармен қаруландыру қажет. Соңғы курстың студенттері мен мұғалімдер арнаулы пәндерден алған білім, дағдыларының сапасы мен деңгейі психология, педагогика, әдістемелік пәндеріне қарағанда жоғары екенін айтады. Осыдан келіп болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығының ойдағыдай, ал біліктілік деңгейінің жоғары болмауының себептері айқындала түседі.

Сондай-ақ, бастауыш мектеп мұғалімінің жұмысын талдауда мұғалімдік шеберлік деп аталатын интефальді (біріктірілген) сапа алдыңғы орынға шығады. Педагогикалық шеберліктің анықтамасы көп. Ең жалпы мағынада ол — тәрбиелеу мен оқытуды жоғары және ұдайы жетілдіру өнері. Шеберліктің негізіне мұғалімнің жеке модениеті, білімі мен ой-өрісінің педагогикалық техникамен, сондай-ақ алдыңғы озық тәжірибемен үштасып, қорытьглуы альғнған. Шеберлікті меңгеру үшін көп нөрсені білу және істей алу қажет. Теорияны білу, оқу-тәрбие процесінің тиімді технологиясын пайдалана білу, оларды нақты жағдай үшін дүрыс тандау, тиісті деңгей мен сапаны белгілеу, болжау және жобалай алу қажет.

Педагогикалық шеберлікті құрайтындар аз емес. Ол, ең алдымен, оқу процесін барлык, тіпті жағымсыз жағдайлардың өзінде қажетті деңгейдегі тәрбиелік даму және білімге қол  жеткізуге болатындай етіп ұйымдастыру білігінен көрінеді.

Мұғалімнің шеберлігі, әсіресе, сабақтарда үйрете білуден  байқалады.

Шеберліктің тағы бір  маңызды көрсеткіші - ол, оқушылардың  белсенділігін арттыра алуы, олардың  қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істеуін, білуге құмарлығын дамытуы, балаларды сабақта ойлануға мәжбүр ете білуі.

Оқыту процесінде тәрбие жұмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда  жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтік шеберліктің тағы бір элементін құрайды.

Осылайша, бастауыш мектеп мүғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық  міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен торбиенің озық технологияларын  меңгерген, білім беру процесін баскара  алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы түлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

Сонымен, жаңа формация мұғалімін  модельдеу проблемасын талдау, болашақ  мұғалімдердің оқу үдерісіндегі іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымын талдау қазіргі заманғы жаңа формация мектептерінде жүмыс істеуге қабілетті болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұны мен тәсілдеріне өзіндік өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары