Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:38, методичка
Директордың ғылыми - әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының жұмысын жоспарлау қызметінің басты бағыты
Директордың ғылыми - әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының жұмысын жоспарлау қызметінің басты бағыты
І. Оқу - тәрбиелеу
үдерісін жоспарлау.
1. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын жасауға
қатысу.
2. Педагогикалық кеңестің тақырыптарын
талқылау және бекітуге қатысу.
3. Жұмыс жоспарларын жасауда әдістемелік
бірлестіктер басшыларына көмек көрсету;
4. Ғылыми – әдістемелік жұмыстың бағдарламасын
жасау.
5. Ғылыми – әдістемелік жұмыстың жоспарын
жасау.
2. Оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру және
қамтамасыз ету.
1.Оқу үрдісін нормативтік – құқықтық
қамтамасыз ету.
2.Оқу үрдісін ғылыми – әдістемелік қамтамасыз
ету.
3.Пед. кеңестерді дайындауға, өткізуге
қатысу.
4.Жас мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне
әдістемелік көмек көрсету.
5.Әдістемелік бірлестіктер басшыларының
жұмысына басшылық жасау.
6.Педагогтарды бағдарламалармен, оқу
–жоспарлау құжаттарымен , әдістемелік
әзірлемелермен қамтамасыз ету.
7.Меженді оқытуды ғылыми – әдістемелік
қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру.
8.Қалалық білім бөлімінің, біліктілікті
дамытудың облыстық институтының әдістемелік
қызметімен байланыс.
9.Оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту жұмыстарына басшылық жасау.
3. Оқу тәрбие үрдісіне бақылау жасау.
1.Сабақ өткізу сапасына бақылау жасау.
2.Оқу жұмыстары мен бағдарламалардың
орындалуына бақылау.
3.Оқу құжаттары жағдайына бақылау жасау.
4.Пед. кеңестер, әдістемелік кеңес шешімдерінің
орындалуына бақылау жүргізу.
5.Өз құзырлығы шеңберінде мекеме бойынша
шыққан бұйрықтардың орындалуына бақылау
жасау.
6.Мемлекеттік Стандарт талаптарының жүзеге
асуына, факультативтік және элективтік
курстардың бағдарламаларының орындалуына
бақылау жүргізу.
4.Ғылыми – әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.
1. Әдістемелік бірлестіктер басшыларының
жұмысына көмек пен басшылық жасау.
2. Оқу үрдісін нормативтік – құқықтық
қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
3. Оқу үрдісін ғылыми – әдістемелік қамтамасыз
етуді ұйымдастыру.
4. Педагогикалық ұжыммен әдістемелік
мәжілістер өткізу.
5. Өз мәселелерін пед. кеңес отырыстарына
дайындау.
6. Пед. ұжым жұмысын бірыңғай әдістемелік
мәселелер бағытына ұйымдастыру.
7. Пед. оқулар, маслихаттар, семинарларды
дайындау, өткізу.
8. Озық педагогикалық технологияларды
оқу үрдісіне енгізу бойынша үздік педагогикалық
тәжірибелерді зерделеу және жинақтау
жұмыстарына басшылық жасау.
9. Білім беру мекемесіндегі ғылыми – әдістемелік
ақпараттарды ұйымдастыру.
5. Педагогикалық кадрлардың іскерлік
біліктіліктерін көтеру жөніндегі жұмыстар.
1.«Шеберлік мектебі» жұмысын, жас мамандардың
біліктіліктерін көтеру сабақтарын ұйымдастыру.
2. Мекеменің эксперттік кеңесінің жұмыстарына
қатысу.
3.Аттестаттау комиссиясына басшылық ету,
педагогтарды аттестаттауға қатысу.
4.Педагогтарды курстық дайындауды ұйымдастыру.
Директордың ғылыми – әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары жұмысының жылдық
циклограммасы
Тамыз
1.Жаңа оқу жылына дайындық
2.10 сыныптарды жинақтау
3.Жаңа оқу жылына кабинеттер дайындығын
байқау, оның дайындық актілерін әзірлеу.
4.Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстарды,
ұйымдастру бойынша педагогтардың жеке
жоспарларын бекіту.
5.І жарты жылдыққа пед. ұжым қызметінің
циклограммасын жасау.
6.Әдістеме бірлестіктері жұмысының, кадрлар
отырысының жұмыс жоспарына түзетулер
енгізу.
7.Біртұтас әдістемелік жұмыстың жоспарын,
мектепішілік бақылау кестесін, пед. ұжымның
қыркүйек айына жұмыс жоспарын жасау.
8.Әрбір меженнің білім бағдарламасын
бекіту.
9.Педагогикалық кеңеске дайындау.
Сараптамалық анықтамалар
-Кабинеттер байқауының қорытындылары;
-Пед. жүктемелерді бөлу, вакансияларды
анықтау;
-Түлектерді еңбекпен қамту нәтижелері;
-Түлектердің ЖОО – мен колледждерге түсу
ақпараттары
Мектеп бойынша бұйрықтар.
-Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру
туралы;
-Әдістемелік бірлестіктерді, әдістемелік
кафедраларды құру туралы;
-Пед.ұжымның тәжірибелік – эксперименттік
және инновациялық жұмыстары туралы;
Қыркүйек.
1.Білім күні. Сабақтың алғашқы күнінің
қорытындысы бойынша мәжіліс.
2.Әдістемелік бірлестіктер басшыларының
жоспарлаулы құжаттарын тексеру және
бекіту, ғылыми- әдістемелік жұмыстар
жөніндегі барлық жоспарлаушы құжаттарды
дайындауды аяқтау.
3.Педагогикалық қызметкерлерді тарификациялау,
қосымша ақы және үстемелер жөнінде бұйрықтар
дайындау.
4.Педкеңес. «Пед ұжымның оқу жылындағы
жұмысына талдау және жаңа оқу жылының
міндеттері».
5.Әдістемелік бірлестіктер мен әдістеме
кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
6.Аттестаттау комиссиясының, эксперттік
кеңестң жұмысын ұйымдастыру.
7.Журналдарды жүргізу бойынша мұғалімдер
мен сынып жетекшілеріне нұсқама беру.
8.Пәндер бойынша бақылау жұмыстарын өткізу
(қималар)
9.Кітапханадағы әдістемелік әдебиеттерді
түгендеу, тексеру.
10.Мұғалімдермен тақырыптық жоспарлау
бойынша әңгімелесу, жұмыстық оқу, бағдарламаларына
өзгерістер енгізу.
11.Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарын
ұйымдастыру.
Сараптамалық анықтамалар.
-Сыныптар оқушыларының білім қималарының
қорытындылары
-Журналдарды тексерудің нәтижелері
Басқарушылық шешімдер
-Шығармашылық және мәселелік топтардың
жұмысын ұйымдастыру
-ІІ біліктілік санатқа аттестатталатын
педагогтардың қызметін алдын – ала бағалау.
-Қималық бақылау жұмыстарының қорытындылары
бойынша ақыл – кеңес бағдарламасына
түзетулер енгізу.
Мектеп бойынша бұйрықтар
-Аттестаттау комиссиясы мен эксперттік
кеңесті құру туралы;
-Педагогикалық жүктемелерді бөлу туралы
-Қосымша ақы мен үстемелерді орнықтыру
туралы;
Қазан
1.Оқушылар құрамын тексеріп, форма бойынша
есеп дайындау.
2.Элективтік курстарды өткізу кеңесін
жасау.
3.Сабақтың алғашқы айының қорытындылары
бойынша оқушылармен жиындар өткізу.
4.Бақылау және практикалық жұмыстарды
өткізу кеңесін жасау.
5.Жаңадан қабылданған және жас мұғалімдерге
әдістемелік көмек көрсету.
6.9 сынып оқушыларының сабаққа қатысуы
мен үлгеріміне бақылау жасау.
7.«10 сынып оқушыларының оқу мүмкіндіктеріне
талдау» мәжілісінде хабарлама жасау.
8.«7,8 сыныптарда – математика пәнін жүргізу
жағдайы» тақырыбына пәндік – жалпылау
бақылауы
9.Әдістемелік бірлестіктер жұмысына,
қатысу, «шеберлік мектебі» жұмысын ұйымдастыру,
ашық сабақтарды өткізуге көмек көрсету.
10.Элективтік курстардың жұмыстық оқу
бағдарламаларының өтілуіне бақылау жасау.
11.Мұғалімдермен өздік білім көтеру және
біліктілік көтеру мәселелері бойынша
әңгімелесу жүргізу.
12.Үйірмелер мен факультативтер жұмысын
ұйымдастыру.
13.Кабинеттерді кешенді әдістемелік қамтамасыз
етудің төлқұжаттарын тексеру
14.Педагогикалық консилиум: «Оқыту жағдайларына
5 – сынып оқушыларын бейімдеу жұмыстарының
жағдайы».
15.Кіші пед. кеңес «10 сынып оқушыларын
оқытудағы сабақтастық»
Сараптамалық анықтамалар
-7-8 сыныптарда математика өткізудің жағдайы
-Журналдарды тексеру қорытындылары
-Элективтік курстардың жұмысын реттейтін
құжаттарды тексерудің қорытындылары.
Басқарушылық шешімдер.
-Журналдарды тексеру;
-Математика бойынша тексеру жұмыстарының
кестесін жасау;
Мектеп бойынша бұйрықтар.
-Журналдарды тексеру қорытындылары;
-7,8 сыныптарда физикадан сабақ беру жағдайы;
Қараша
1.Педагогикалық кеңес.
2.Әдістемелік кеңестің отырысы.
3.Әдістемелік бірлестіктер жұмысына бақылау.
4.Жедел мәжілістерді өткізу.
5.1- тоқсандағы оқушылардың үлгеріміне
алдын – ала талдау жасау.
6.Бастауыш сыныптарда сабақ берудің тиімділік
мониторингі.
7.Директор орынбасарларымен мекеменің
перспективалық жоспарын дайындау жөніндегі
жұмыстар.
8.Ақылы білім беру қызметтерін ұйымдастыру.
9.Орта білім беру мазмұнының міндетті
минимум талаптарын сақтау бойынша директордың
тәрбие жөніндегі орынбасарларымен жұмыс.
10.Мазмұн компоненттері мен білім беру
сатылары бойынша оқушыларды дайындау
деңгейіне қойылатын талаптарды әзірлеу
және бекіту.
11.Пед.ұжымның инновациялық қызметінің
бағдарламасын талқылау және бекіту.
12.5 – сыныптардағы оқу тәрбие жұмыстарына
кешенді тексеру жүргізу.
13.Ағымдағы бақылау. «Оқушылардың сабақ
үстіндегі өз бетінше жұмысы, есеп беру
және оқушылар білімін бағалау».
14.Сабақ өтілетін пәндерді оқу – әдістемелік
жағынан қамтамасыз ету жөнінде ақпарат
жинау.
15. Мұғалімдердің курстық дайындығы мен
білітілік көтеруіне бақылау жасау.
16.Мектепішілік олимпиадалар өткізу бойынша,
меженді пәндер мұғалімдерімен жұмыс.
Сараптамалық анықтамалар.
-Кеңестер беруді тексерудің қорытындылары;
-Материалдық базасын нығайту бойынша
кабинет меңгерушілерімен жұмыс;
-5 сыныптардағы оқу – тәрбие жұмыстарының
жағдайы.
Басқарушылық шешімдер.
-Бірыңғай әдістемелік мәселелермен жұмыстың
барысы жөнінде әдістеме бірлестіктері
жетекшілерімен жұмыс,
-Пед.кеңес шешімдерінің орындалу барысы;
-Мәселелік және шығармашылық топтардың
жұмыс жоспарларына түзетулер енгізу.
Мектеп бойынша бұйрықтар.
-Химия сабақтарын тексерудің қорытындылары
туралы;
-10-11 сынып оқушыларының үлгерімінің алдын
– ала қорытындылары туралы.
Желтоқсан.
1.Мұғалімдерді аттестаттауды ұйымдастыру
және өткізу.
2.Оқушылардың алдын – ала үлгеріміне
талдау, жұмыс жиындарын, сынып жиналыстарын
өткізу.
3.Сыныптық – жалпылау бақылауы «5-7 сыныптарда
жалпы оқу біліктіліктері мен дағдылықтарды
қалыптастыру»
4.І – жарты жылдық қорытындылары бойынша
есеп беруді қабылдау және талдау.
5.Біліктіліктерді көтеру курстарына қатысуға
бақылау жасау.
6.Жұмыстың оқу бағдарламаларының өтілуіне
бақылау.
7.І – жарты жылдықтағы тексеру жұмыстарын
ұйымдастыру.
8.Аттестаттаудан өтетін мұғалімдермен
жұмыс.
9.Пед. оқуларды дайындауда әдістеме бірлестіктері
жетекшілеріне көмек көрсету.
10.Жекелеген пәндер бойынша тереңдетіп
оқытудың стандартын әзірлеу және бекіту,
оны сүйемелдеу.
11.Ескертпе бақылау. «Жұмыстық оқу жоспарлары
мен бағдарламаларының орындалуы»
12.І – жарты жылдықтағы оқушылардың үлгеріміне
талдау жасау және пед.кеңеске дайындық.
13.Қалалық, облыстық олимпиадаларға қатысу.
14.Дайындық сыныптары үшін, оқу бағдарламасын
әзірлеу.
15. Ақылы білім беру қызметтері жүйесінде
дайындық сыныптары мен курстары жұмысын
әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге
асыру.
16.Қысқы демалыс кезіндегі мұғалімдердің
жұмыс жоспарын жасау, қаңтар айындағы
пед.оқуларға дайындық.
Сараптамалық анықтамалар.
-Қатысқан сабақтарға талдау жасау;
-Бірыңғай әдістемелік жұмыс жоспарларының
орындалуы
Басқарушылық шешімдер
-Тексеру жұмыстарының кестесін жасау;
-Әдістеме бірлестіктерінің құжаттарын
тексеру;
-Педагогикалық және басқарушы қызметкерлерді
аттестаттау жөніндегі құжаттарды тексеру.
Мектеп бойынша бұйрықтар.
-І – жарты жылдықтың аяқталуы туралы;
-Оқушылардың қысқы демалысын беру туралы;
-Тексеру және бақылау жұмыстарының қорытындылары.
Қаңтар.
1.Қысқы демалыс күндеріндегі пед ұжымның
жұмыстарын ұйымдастыру, қаңтар пед. оқуларын
өткізу.
2.Өткізілген әдістемелік жұмыстар және
кабинеттердегі жұмыстар бойыншамұғалімдердің
есеп беруі.
3.Сыныптардың үлгерімдері туралы сынып
жетекшілерімен әңгіме өткізу.
4.Журналдарды тексеру.
5.І жарты жылдық қорытындылары бойынша
пед.кеңесті дайындау және өткізу.
6.Әдістемелік жұмыстардың бірыңғай жоспарын
және ІІ – жарты жылдыққа мектепішілік
бақылаудың кестесін жасау.
7.Ақылы білім беру қызметтер жүйесінің
жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік
құжаттарды әзірлеу.
8.ІІ – жарты жылдыққа мұғалімдердің оқу
– жоспарлау құжаттарын тексеру және
бекіту.
9.І жарты жылдық қорытындылары бойынша
ата – аналар жиналыстарын өткізу.
10. І жарты жылдық қорытындылары бойынша
оқушылармен жиындар өткізу (линейка)
11.Эксперттік кеңестің жұмысына қатысу,
екінше біліктілік санатқа аттесталатындардың
жұмысын талдау.
12.ІІ – жарты жылдыққа жұмыс жоспарын
жасауға әдістеме бірлестіктері жетекшілеріне
көмек көрсету.
13.Сабақ пәндерін кешенді – әдістемелік
қамтамасыз ету жұмысында мұғалімдерге
көмек көрсету.
14.Білім мекемесін перспективалық дамыту
бағдарламасының орындалуына бақылау
жасау.
15.Мұғалімдердің біліктіліктерін дамыту
институтындағы курстардағы дайындық
тарына бақылау жасау.
16.Директордың оқу – тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасар мен жұмыс: Орта білім
беру м азмұнының міндетті минимум талаптарына
сабақтар мазмұнының сәукестігі.
Сараптамалық анықтамалар.
-І жарты жылдық қорытындылары;
-ІІ жарты жылдыққа жоспарлаушы құжаттарды
тексеру нәтижелері;
-Журналдарды тексеру нәтижелері;
Басқарушылық шешімдер.
-ІІ – жарты жылдыққа жоспарды және бақылау
кестесін жасау.
-Жедел мәжілістерді өткізу.
-Қазіргі заман талаптарына оқу кабинеттерінің
материалдық базасының сәйкестігі;
Мектеп бойынша бұйрықтар.
-Тексеру жұмыстарының қорытындылары
туралы;
-Азаматтық қорғанысты (ІО) ———— оқу
жылында жүргізу және —————— оқу жылына
міндеттері.
-Материалдық техникалық базаны нығайту
бойынша кабинет меңгеруші жұмысы туралы;
-Оқу жоспарлдау құжаттарын тексерудің
қорытындылары туралы. Ақпан.
1.«Жыл мұғалімі» бәйгелерін ұйымдастыру,
өткізу.
2.Тексеру жұмыстарын өткізу (қима жұмыстары)
3.Үйірмелер, факультативтер, элективтік
курстардың өткізілуіне бақылау жасау.
4.Жас мамандардың жұмысына дербес бақылау
жасау.
5.Мәселелік және шығармашылық топтардың
жұмына көмек беру.
6.Пед кеңеске дайындық (ақпараттар жинау,
баяндамаларды қарау).
7.Мектепішілік бақылаудың кестесі бойынша
сабақтарға қатысу.
8.Аттестаттау комиссиясының жұмысына
қатысу.
9.Оқушыларды ҰБТ – ге дайындаудағы мұғалімдер
жұмысына бақылау
10.Оқу – тәрбие үрдісінің тиімділік мониторингін
өткізуді қамтамасыз ететін ғылыми –
әдістеме материалдарын әзірлеу және
енгізу.
11. Бірыңғай әдістемелік мәселені шешудегі
жұмыс жоспарының орындалуы.
12.Жалпымектептік жоспарда бекітілген
тақырып бойыншва мұғалімдердің педагогикалық
тәжірибесін зерделеу.
13.Әдістеме бірлестіктерінің жұмысына
қатысу, өздік білімін көтеру жоспарын
орындауда мұғалімдермен әңгімелесу.
14.Өздік әдістемелік жұмыстардың жоспарлары
бойынша мұғалімдер жұмысына талдау жасау.
15.Сабақтарды жүргізудің түрлері мен тәсілдерінің
тиімділігіне талдау жасау.
16.Оқушылардың курстық жобаларын қорғауды
ұйымдастыру.
Ақпараттық анықтамалар.
-Сабақ пәндерін кешенді әдістемелік қамтамасыз
ету бойынша мұғалімдердің жұмыстары.
Басқарушылық шешімдер.
-Оқушыларды қорытынды аттестаттауды
дайындау мен өткізу бойынша жұмыс жоспарын
жасау.
-Жұмыстың оқу бағдарламаларынатүзету
енгізу.
-Пед.ұжымның инновациялық қызмет бағдарламасына
түзету енгізу;
Мектеп бойынша бұйрықтар.
-«Жыл мұғалімі» бәйгесінің қорытындылары
туралы;
-11 сыныптардағы сабақ өтілуін тексерудің
қорытындылары;
-Сабақ уақытын тиімді пайдалану туралы;
Наурыз.
1.Пед. кеңестің жұмысына қатысу;
2.Жұмыстың оқу бағдарламаларының орындалуын
жоспарлы тексеру.
3.Пед. ұжымның инновациялық қызметінің
нәтижелеріне талдау жасау;
4.«Үздік әдістеме кабинеті» бәйгесіне
ақпараттар жинап, талдау.
5.Келесі оқу жылына жұмыс жоспарының жасалуына
ақпараттар жинап, талдау.
6.Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының
көрмесін ұйымдастырып өткізу;
7.Педагогтар үшін семинар: «Білімді бақылаудың
тестілік технологиясы»
8.Ағымдағы бақылау. «9 – 11 сынып оқушыларының
жалпы оқулық біліктері мен дағдылықтарының
қалыптасуы».
9.Орта білім беру мазмұнының міндетті
минимумын жүзеге асыруға бақылау жасау.
10.Оқу үдерісі тиімділігінің мониторингі
11.Бірыңғай әдістемелік мәселені шешудегі
пед. ұжым жұмысының тиімділік нәтижесіне
саралық талдау.
12.Аттестатталатын мұғалімдерге эксперттік
қорытындылар мен ұйымдар дайындау.
13.Бұрынғы берілген ұсыныстардың орындалуын
тексеру мақсатында сабақтарға қатысу.
14.Тақырыптық бақылау. «9 – 11 сыныптарда
математика сабақтарының қайталану жағдайы».
Сараптамалық анықтамалар
-Ашық сабақтарды өткізудің қорытындылары;
-«Үздік әдістеме кабинеті» бәйгесіне
анықтама;
Басқарушылық шешімдер.
-Үздік мұғалімдердің тәжірибесін енгізу
бойынша жұмыс
-Оқу үрдісіне компьютерлік техниканы
енгізу;
Мектеп бойынша бұйрықтар.
-Оқушылардың білімін есепке алу туралы;
-Тексеру, бақылау жұмыстарының қорытындылары
туралы;
-Журналдарды тексерудің қорытындылары
туралы;
-9 сыныптардың сабақтарына қатысу жағдайы
туралы;
Сәуір
1.Пед. ұжымның инновациялық қызметінің
жағдайына талдау.
2.Сыныптық – жинақтау бақылауы. «7 – сыныптарда
оқу – тәрбие жұмыстарының жағдайы».
3.Ағымдағы бақылау: «оқушылар білімін
есепке алу және бағалау, оқушылардың
сабақтағы өз бетінше жұмысы»
4.Аттестаттауға оқушылардың дайындығын
зерделеу мақсатында сабақтарға қатысу.
5.Жаңа оқу жылында жалпымектептік жұмыс
жоспарына материал дайындау үшін шығармашылық
топтар құру.
6.Білім беру стандартының мектептік компоненті
бөлімінде оқушыларды қорытынды аттестаттау
үшін диагностикалық инструментарий әзірлеп,
оны енгізу.
7.Тақырыптық бақылау. «Жаратылыстану
– математикалық циклдағы пәндерден сабақ
беру үрдісінде оқушыларға жекелей келуді
жүзеге асыру»
8.Мұғалімдердің курстық дайындықтан өтуіне
бақылау.
9.ҰБТ – ге дайындыққа бақылау жасау.
10.Пед, кеңесті дайындап, өткізуге қатысу.
11.Әдістеме бірлестіктері жетекшілерімен
жұмыс «Шеберлік мектеп» өткізу, психологиялық
– педагогикалық семинардың жұмысы.
12.Педагогикалық консилиум «9 – 10 сынып
оқушыларының жалпы оқулық біліктері
мен дағдыларының қалыптасуы»
13. Ақылы білім беру қызметтерін ұйымдастыру
жұмысы
14. Әдістеме бірлестіктері жұмыс жоспарының
орындалуына талдау жасау.
15.Гуманитарлық циклдағы пәндерді кешенді
әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарды қорытындылау.
16.Ағымдағы оқу – жоспарлау құжаттарын
тексеру.
Сараптамалық анықтамалар
-Оқу түрткіліктері төмен оқушылармен
жұмысты ұйымдастыру, үлгермеушілік себептерін
анықтау.
-Қатысқан сабақтарға талдау жүргізу;
-9 – 11 сыныптарда оқу біліктері мен дағдыларының
қалыптасуы жөніндегі жұмыстар жағдайы.
Басқарушылық шешімдер.
-Тексеру жұмыстарының кестесін жасау.
-Емтихан материалдарының папкасын дайындау;
Мектеп бойынша бұйрықтар.
-Жұмыстық құжаттарды тексерудің қорытындылары;
-Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының
орындалуы туралы
Мамыр.
1.Жаңа оқу жылындағы мектептің жұмыс жоспарына
материал дайыныдау.
2.Емтихан билеттері мен оларға практикалық
бөлімді бекіту.
3.Жаңа оқу жылына жұмыстық оқу жоспарына
түзетулер енгізу;
4.Бағдарламалардың және оларға практикалық
бөлімнің орындалуын тексеру.
5.Оқушыларды аттестаттауды ұйымдастыру
кезінде жас мұғалімдерге көмек көрсету.
6.Емтихандарды дайындауға және өткізуге
бақылау.
7.Ескертпе бақылау. «Оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының орындалуы»
8.Аттестаттауға 9,11 сынып оқушыларын жіберу
туралы пед.кеңес.
9.Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау
жөніндегі қағидамен педагогтарды таныстыру,
аттестаттаудан өтуге тілек білдіргендерге
көмек көрсету.
10.Оқушылар жетістіктерінің ақпараттық
картасын жасау.
11.Оқушыларды аттестаттау мен ҰБТ нәтижелерінің
қорытындылары бойынша ақпараттар жинау
12. Бірыңғай әдістемелік мәселелерді шешудегі
пед. ұжымның жұмысын қорытындылау.
13.Пед кеңес шешімдерінің, директор бұйрықтарының
орындалуына бақылау жасау.
14.Мұғалімдердің диагностикалық сауалнамасына,
сабақтың дидактикалық талаптарының орындалу
кестелеріне сараптама жасау.
15.Оқушылардың алдын ала үлгерімдеріне
талдау, оны мәжілістерде, оқушылар жиынында
талқылау.
16.Факультативтердің өтілуіне бақылау
жасау.
Сараптамалық анықтамалар.
-Жалпымектептік жұмыс жоспарының орындалуына
талдау жасау;
-Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының
орындалу қорытындылары;
-Сыныптар және пәндер бойынша оқушылар
үлгеріміне талдау;
Басқарушылық шешімдер.
-Оқушыларды аттестаттау кестесін жасау;
-Келесі жылдың жұмыс жоспарына материал
дайындау;
-Педагогикалық жүктемені алдын ала бөлісуге
қатысу;
Мектеп бойынша бұйрықтар.
-Оқушыларды аттестаттауға жіберу және
емтихан комиссиясын құру туралы;
-Оқу жылының аяқталуы туралы;
Маусым.
1.Оқушыларды аттестаттауды ұйымдастыру,
өткізу.
2.Оқушылардың сынақтық біліктілік жұмыстарын
ұйымдастыру және өткізу.
3.Жаңа оқу жылына мектептің жұмыс жоспарын
жасауға қатысу.
4.Жыл қорытындысы бойынша ақпарат жинау:
істелінген әдістемелік жұмыстар жөнінде
мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің
есеп беруі.
5.Оқу жылының қорытындысына талдау жасау.
6.Жыл қорытындылары бойынша есеп құжаттарын
жасау.
7.Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру, мектепті
бітірту жөнінде пед. кеңес.
8.Кабинеттерді мектептік байқау, жаңа
оқу жылына дайындық.
9.Жыл бойғы жұмыстың қорытындылары бойынша
әдістеме бірлестіктері жетекшілерімен
әңгімелесу, жаңа оқу жылына жоспар жасау.
10.Өткен жылғы материалдар мен құжаттарды
жүйелеу бойынша жұмыс, мұрағатты рәсімдеу.
11.Келесі оқу жылының жұмыстарын жоспарлау.
12.Библиографиялық бюллетендерді әзірлеу.
13.Мәселелік – ізденісті оқыту қорытындыларына
талдау.
14.Білім беру стандарттары талаптарын
арттыратын оқу бағдарламалдарын әдістемелік
қамтамасыз етуді жүйелеу.
15.Пән журналдарында педагогтардың әдістемелік
әзірлемелерінің жариялануын ұйымдастыру.
Сараптамалық анықтамалар
-Қалалық білім бөліміне есеп беру, анықтамалар
өткізу.
-Әдістемелік қызмет жұмысының тиімділігі
-Пед.ұжымның өткен жылғы қызметіне талдау.
Басқарушылық шешімдер.
-Жаңа оқу жылына дайындық
Мектеп бойынша бұйрықтар.
-Қорытынды аттестаттауды өткізу туралы;
-Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы;
-Кабинеттер байқауының қорытындылары
туралы.