Жаңа білім беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 20:04, реферат

Описание

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Содержание

1. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
2. 12 жылдық білім беру
3. Кәсіби деңгейдің дамуы
4. Қазақ мектебі
5. Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері
6. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың түрлері
7. Дарындылық
8. Әлеуметтік-лингвистикалық жүйе
9. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жаңа білім беру жүйесі(уикипедия).docx

— 58.32 Кб (Скачать документ)

Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық  дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.

Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Балалардың келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті, дарынды, талантты болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін армандайтын ата-аналарды табу өте қиын. Бірақ сөйте тұра солардың барлығы бірдей қабілет деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл жұмыста жанұя қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма, жоқ әлде жүре бола ма? Олар тұқым қуалай ма, жоқ па? Қабілеттілік барлық балада бірдей дамыту мүмкін бе? Оған қалай жетуге болады? «Қабілеттілік деп – белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері айтылады». Қабілеттілік жалпы ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен көрініп отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды.

Жалпы қабілеті дами білген оқушы  математика, физика, биология, әдебиет  сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы  түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Математиканың ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ. Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика - оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек. Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін , оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамутудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма т.б) қабілетін сипаттайды.

Американдық психологтардың анықтамасы бойынша шығармашылық дегеніміз  – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені  анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін  терең түйсіне білу қабілеті. Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет. Осыған орай адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады деген ғалымдардың пікірінің дұрыстығына көз жеткізе түсеміз.

Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған  білім дегеніміз – аз уақыт  ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды  балалардың тек өткенге емес, болашаққа  да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Баланың дарындылығын анықтаудың негізі мектептен басталады.

 

Мектеп балаларымен  жұмыс істеу – ерекше маңызды  педагогикалық проблема. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:

  • Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
  • Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;
  • Игерілген нәтижелерді бақылау.

 

Яғни осындай жұмыс істеу  бағыттары арқылы бала белгілі бір  шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады. Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу  шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы  талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз әсерін тигізеді.

 

“Дарындылық — адамның өз бейімділігі  арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу  арқылы қалыптасатын қасиет”. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек.

Дарындылық пен қабілеттіліктің  не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін  мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға  дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін oқушының дарындылығын анықтап,дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек:

  • Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
  • Жан-жақты ақпараттандыру;
  • Коммуникативті бейімдеу;
  • Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.

 

Осы мақсаттар мен міндеттерді  орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде  пайдаланса өз өнімді нәтиже алмақ.

  • Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;
  • Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
  • Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
  • Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;

 

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге  баса назар аударулары керек:

  • Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
  • Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
  • Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
  • Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;

 

Ал енді бұл мақсаттармен міндетттердің  нәтижесі дарынды оқушымен жұмыстағы  өткізілетін пән олимпиада жетістіктерінен  байқалатыны белгілі. Ғалымдардың айтуынша, жалпы адамның қолынан келмейтiн нәрсе жоқ. Талпынсаң вундеркинд болу да, полиглот болу да өз қолыңда. Дарындылықты қалыптастыруға болады. Ой еңбегiмен жиi шұғылдансаң, данышпандықтың да ауылы алыс емес.

Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен  терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние  әлемін шарлайтын біздің дарынды  да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам қауымының міндеті.

Жеке тұлғаны өздігінен білім  алуға баулу – оны ғылым  мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас  ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар дегенiмiз - бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi мүмкiндiгi. Құндылық бағдар тіл үйренушінің оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi, ол оқу әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды. Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi.

Адамның даму үдерісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Тұлғаның құндылық бағдар жүйесi «адамның өмiрлiк әлемi», «әлемнiң бейнесi», әлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары, уәждемелік қажеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң негiзгi реттеушiсi болып табылады. Құндылық бағдар сананың негізін құрайды, дүниетанымдық көзқарастарына әсер етеді, өзгермелі саяси-экономикалық жағдайларда тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, уәждемені реттейді, тұлғаның іс-әрекетін бағыттап, адам өмірінің мінез-құлықтық құрамдас бөлігін анықтайды. Осылайша, құндылық бағдар негіз құраушы, тұрақтандырушы, реттеуші, бағыттаушы қызметтер атқарады. Құндылықтар қоғамдық қатынастарды реттейді, оның дәстүрлері мен нормаларының қызмет етуін қамтамасыз етеді, қоғам үшін аса үлкен маңызға ие. Құндылықтар құрамына күнделікті қалыптасқан нормалармен бірге, ерекше жоғары мәнге ие болған талаптар да енеді және олар әрбір мемлекет үшін маңызды. Олардың негізінде жеке тұлғаның әлеуметтену үдерісі жүреді, оның тәлім-тәрбиесі, өмірдегі орны, мақсаттары мен міндеттері қалыптасады. Себебі, құндылықтар әлемі – сөздің кең мағнасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлық өлшемін білдіріп, оның адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды. Құндылықтар адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасын білдіретін адамзат мәдениеті болуымен ерекшеленеді.

 

Әлеуметтік-лингвистикалық жүйе

 

Қазіргі Қазақстан қоғамында әлеуметтік-лингвистикалық жүйені реттеу мен жетілдіру жүріп  жатыр. Адам өз бейімділігіне лайықты жұмыс істегенде, барын сала кіріскенде ғана еңбегінің жемісін көреді. Ғалым Қ.Жарықбаевтың айтуынша: “Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен белгілі бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады”. Сондықтан ересектердің мемлекеттік қазақ тілін үйренуге бейімділіктері мен белсенділіктерін айқындау мәселесінің зор әлеуметтік мәні бар. Өйткені қоғамымыздың болашақ даму деңгейі осы мәселенің қай дәрежеде шешілуіне тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі  жаңғыру үдерісі жағдайында бүгінгі  таңдағы түбегейлі мәселе – адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты  тұлғасы ету заңды құбылыс. Ересек тіл үйренушінің әлеуметтену үдерісі де заман талабына сай болып отыр. Адамдардың тұлғалық қарым-қатынасы негізінде ой-пікірлердің тоғысуы жүзеге асады. Адамды тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі үздіксіз дамытып, өз әрекетін өзі дұрыс бағалай алатын тұлғалар ғана бәсекелестікке қабілетті қоғамда өз тиесілі орнын таба алады. «Тұлға - өз-өзіне тұтас дүниемен өзара қатынастарын үнемі баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика барысында өзін-өзі анықтайтын, кіналайтын, қорғайтын, өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам. Тұлға – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады». Бұған қатысты Д.В.Ольшанский: “Тұлға дегеніміз – қарым-қатынастың, сонымен бірге адамдармен байланысудың толып жатқан басқа да түрлерінің нәтижесі”, - деген пікір білдірген. Б.Г.Ананьев тұлғаның дамуының әлеуметтік мәселелеріне тоқтала келіп: “Тұлға – тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде, белгілі бір қоғамдық-экономиялық формацияда, белгілі бір ұлттық құрамы бар елде қоғамның жеке адамға көптеген экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік және т.б. әсерлерінің нысанасы”, - деген анықтама береді. Демек, ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңін басынан кешіріп отырған 120 ұлттан құралған тәуелсіз Қазақстан қоғамы да тіл үйренуші мемлекеттік қызметшілерге жан-жақты әсер етеді. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту үдерісіне тіл үйренушінің тұлғалық дербестігіне баса көңіл бөлу, оқыту мен тәрбиелеуде оның өзіндік дамуын жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл арқылы жүзеге асыру тән. Осыған байланысты қазіргі білім мен біліктілікті арттырудың дамуында жаңа тенденциялар байқалады. Негізгі күш тіл үйренушінің тілдік тұлғасын дамытуға, оның қалыптасуы мен жетілуіне жұмсалады. Қазақ тілін жеделдете оқытудың мақсаты - тілдік тұлғаның өзін дамытуы мен өзін жетілдіруіне мүмкіндік жасау. Оқытудағы бағдар материалдың құрылымы мен нақты жағдайларды логикалық тұрғыдан түсініп, талдау және өнімді қатысымдық әрекет нәтижесінде жаңа білім алудың тәсілдерін ашу, қоғам алдындағы нақты мәселелерді шеше білуге бағытталады. Қазіргі уақытта біліктілікті арттыру жүйесінде мемлекеттік тілді оқытуда жеке тұлғаның өмірі, құқығы мен бостандығы жоғары құндылық болып саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясы басшылыққа алынады, білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру ұстанымдары анықтайды. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «білікті тұлға», «қатысымдық тұлға», «құзыретті тұлға» парадигмасы болып табылады.

Информация о работе Жаңа білім беру жүйесі