Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 21:21, реферат
«Мәдениет» ұғымының алғашқы мағынасы (лат. cultura) — жерді өңдеу болған. Көбінесе мәдениетті адам қолымен жасалғанның барлығын дегенді білдіреді.Мәдениет – ол көпқырлі бірлік, адамдармен қоғам мүшелері ретінде қабылданған білімдер, наным-сенімдер, моральдық көзқарастар, заңдар дәстүрлер және т.б. дағдылар мен әдет-ғұрыптар. Көбінесе басым және азшылық топтың мәдениет түрлері бөліп көрсетіледіМәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) –
I. Негізгі бөлім
1.1. Жалпы мәдениет туралы түсінік.
1.2 . Субмәдениет дегеніміз не?
1.3. Жастар арасындағы субмәдениет.
ІІ. Қорытынды бөлім.
2.1. Ұят.Адами құндылықтар.
2.2. Мәдениетті ұрпақ болашағымыздың жарқын өрісі.
Ал, енді готтар дегеніміз кімдер? Готтар – ағылшын тілінен аударғанда варварлар, яғни, тағылар деген мағынаны білдіреді екен. Жасөспірімдер арасында кең таралған бұл ағымды ұстанушылар өмірден түңілген, сарыуайымға салынған, өмірдің көлеңкелі жағына бейім тұратын жандар болып келеді. Олардың ұстанымы көбіне өліммен байланысты. Осыған орай, готтар белгілі күндерде қорымның басында кездесіп, сонда өздерінің түрлі шараларын өткізеді. Сатанашылардың бір буыны түріндегі готтар сезімдерін тежемей, ойларына не келсе соны істеуге бейім тұрады. Қара киім киіп, шаштарын тікірейген үлгіде немесе тақырлатып алдырып, көздерін, беттерін қара бояумен бояп алатын, олардың сыртқы кескін-келбетінің өзі сұрқай, адамның көңілін құлазытатындай.
Готтардың орташа жасы негізінен 15-19 жас аралығында. «Еркін махаббатты» ұстанатын олардың арасында гомосексуалистер мен бисексуалистер де көп кездеседі. Тәнін саудаға салатын жезөкше гот қыздар мен көгілдір жасөспірімдер де аз емес. Олардың қызмет көрсету бағасы басқалармен салыстырғанда біршама арзан. Готтардың киім үлгілерін сататын Мәскеуде, басқа да ірі қалаларда арнайы дүкендері де бар екен. Олардың тыңдайтындары – ақыл-естен айыратын даңғара әндер немесе қорқыныш туғызатын үрейлі саздар.
Сырттай қарағанда, бұл ағымның өкілдері жиналып алып музыка тыңдайтын ешкімге залалсыз жандар сияқты көрінгенімен, іс жүзінде олай емес. Готтардың жекелеген топтары қорымдарда түрлі тағылық әрекеттер жасайтындығы жайлы мәліметтер бар. Олар өлілердің тыныштығын алып, қабірлерді қиратып, қорым басында ойларына келгенді істеп жатады.
Готтар арасында жиі кездесетін тағы бір келеңсіздік, өздеріне қол салуға бейім тұратындығы. Бұл қозғалыстың басты мақсаты да жастарды депрессиялық күйге түсіріп, сарыуайымға салдыратын және өліммен байланысты түсінікті санаға сіңіретіндігін ескерсек, өздеріне қол салатындардың көп кездесуінің себебін түсіну қиын емес. 2006 жылы Ресейдің Благовещенск қаласында 14 және 16 жастағы екі қыз бала 12 қабаттан секіріп мерт болған. Олардың өлер алдындағы жазып қалдырған қағазында «бұл өзін-өзі өлтіру декаданстың дара жауынгеріне бағышталады» деп жазылыпты. Ал, өткен жылы сол Ресейдің Балашиха кентінде тұратын 11-14 жас аралығындағы готтар ағымын ұстанатын үш қыз бала биік үйдің терезесінен бір мезгілде секіріп мерт болды. Биылғы жылдың басында Комидің астанасында он алты жастағы қыз қорымдағы крестке асылып өлген...
Осылайша, өздеріне қол салған гот ағымының өрімдей жас өкілдерінің қатары жыл өткен сайын өсе түсуде. Готтардың сойқаны өздеріне қол салумен ғана шектелмейді, олар жазықсыз жандарды қатыгездікпен өлтіруге де бейім екендігін бірқатар оқиғалар айғақтайды. Өткен жылы жазда Ярославль қаласында болған қанды оқиғалар жайлы ресейлік БАҚ жарыса айтып, жазды. Бес адамнан тұратын готтардың тобы бірнеше адамды өлтіріп, денелерін бөлшектеп далаға тастаған.
Готтардың қорымға жақын жүріп,
түрлі шараларын сонда өткізуге
құштарлығы олардың арасында жыныстық
құштарлыққа байланысты психикалық аурулардың
жиі кездесуіне жағдай туғызатын көрінеді.
Медицина ғылымдарының кандидаты, ресейлік
сексопотолог ғалым А.Воронин готтардың
арасында мәйіттермен жақындасуға ынтық
психикалық аурудың көп екендігін айтады.Тағы
сол сияқты жастардың бейреформалық бірлестіктерінде
«Эмо немесе эмо-кид»ұғымы кейіннен етек
жайған.Бұл кiм дейсiз ғой? Эмо (emo) — эмоция,
сезiм, көңiл-күй; кид — бала, нәресте. Екеуiн
қосқанда пәктiк пен тазалықтың жұптасуы
жымдасып тұр. Бұл эмолықтардың өздерiне
берген атауы. Астарында қоршаған ортаны
сәбилерше сезiнiп, көрсете бiлетiн адам
деген тұжырым жатыр. Олар әдеттегi адамдардай
емес, бәрiн жүрегiне жақын қабылдайды.
Мәселен, дүкенде жақсы көретiн кәмпиттерi
таусылып қалды делiк, эмо үшiн сол күн
қайғы-қасiретке, жылауға толы күн болады-мыс.
Егер, жақын досымен сөзге келiп қалса,
бұл жылау айдан жылға ұласатын көрiнедi.
Махаббатта бiрiн-бiрi құлай сүйсе, Ромео
мен Джульетта секiлдi қабiрге бiрге кiруге
дайын. Тiптi, эмолықтар арасында қол тамырларын
кесiп, өздерiн өлiмге қиюшылық та жиi орын
алады.
Эмолықтар жаңбырлы күнi
жылап жүргендi ұнатады. Себебi, жүздерiн
жастарымен қоса, жаңбыр суы шайып, "әдемi"
сезiмге бөлейдi. Мұндай күндерi олар кiл
қара түстi киiмдер кисе, көңiл-күйлерi орнығып,
қуанышқа бөленгенде — қараға күлгiн-қызғылт,
сондай-ақ, өзге де көзге түсетiн ашық түстердi
араластыруға тырысады. Үнемi рок музыкаға
елiтiп жүру де эмолықтарға тән қасиет.
Негiзiнен эмо тарихы да музыкамен тiкелей
байланысты. 1985 жылдары өзгелерге ұқсамайтын
ерекше әуездерде ойнай бастаған вашингтондық
топты жұрт "Эмо" деп атаған. Бұл әуездер
бiр тыңдағанда сол кездегi панктерге ұқсағанымен,
онда вокал мен лириканы эмоциямен орындау
басым болған. Эмо да басқа музыкалық стильдер
секiлдi өзгерiстерге ұшырады. Бүгiнде эмолықтардың
әнұранына айналған музыкалық стиль —
рок. Олар әр кеш сайын қолдарына гитара
ұстап, билеп, ән салады.
1.3. Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр. Жалпы, субмәдениет - жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы деп айтып кеткендей,жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге тән феномен екендігін айта кеткен жөн.
Жастар субмәдениеті - жастардың
үлкендер әлеміне толықтай
Жастардың өмір сүру қалпы және тіршілік ұстанымы контрмәдениет шеңберінде болуы мүмкін емес сияқты. Айталық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттандыра алмаушылық мәселелері негізіндегі контрмәдениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегі «тақыр басты» жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ресейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы - бұл да жастар субмәдениетінің емес, контрмәдениетінің көрінісі. Қазақстан - белгілі дәстүрлер мен жаңашылдықты өзіне жинақтаған ерекше мемлекет. Біздің жастар, бір жағынан, қоғамның инновациялық потенциалы болып табылады және білім алуда, жаңашылдықты қабылдауда, мамандығы бойынша өсіп-өркендеуде және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Бірақ сонымен қатар тәрбие мен құндылықтарды мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дәл осы санадағы дәстүрлілік пен діл ерекшелігі жастардың ерекше субмәдениетінің қалыптасуын тежеп тұр.Бірақ, жастар субмәдениеті жас адамдардың өз қолдарымен жастар үшін құрылады. Одан барлық адам бірдей өтпейді және субмәдениет қазіргі әлеуметтік-мәдени ұстанымдарды жоюға емес, керісінше, жастарды сол қоғамның бөлшегі етуге негізделеді.
ІІ.Қорытынды.
2.1. Мектеп оқушлары мен жасөспірім жеткіншектер
ынтымақтастық сезімі мен жолдастық,есіркеушілік,
2.2. Қорыта келе,қоғамымыз бен мемлекетіміздің
әлем кеңістігіндегі мәртебесін жоғары
ұстайтын ұлттық тәрбие ауқымында тәрбиеленген,өзіндік
дүниетанымы,әлеуметтік-
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың хабаршысы-2004 ж. 2. Алаш айнасы газеті категория: қазақша жаңалықтар.
3. «Сарыарқа самалы» газеті. 4. Республикалық саяси-қоғамдық газеті- 28 қараша 2011 ж.