Жоғарғы мектепте окыту мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 14:01, реферат

Описание

Жоғары оқу орны мен мектептің бүгінгі сабақтастығы бұрынғыдан да артып отыр. Бұрын мектепті тек педагогикалық практика өткізу базасы, кәсіби бағдарлану бойынша жұмыс жүргізу деген бағытта қабылдасақ, енді жаңа әлемдік стандарттарға сай оқу жүйесіне мектептердің тездетіп өткізуге байланысты мәселелерді нақты шешу кезеңі келді.

Работа состоит из  1 файл

Жоғары оқу орны мен мектепке психологиялық сабақтастық керек.doc

— 47.50 Кб (Скачать документ)

Жоғары оқу орны мен мектепке психологиялық сабақтастық керек


 

25.11.10. 
Жоғары оқу орны мен мектептің бүгінгі сабақтастығы бұрынғыдан да артып отыр. Бұрын мектепті тек педагогикалық практика өткізу базасы, кәсіби бағдарлану бойынша жұмыс жүргізу деген бағытта қабылдасақ, енді жаңа әлемдік стандарттарға сай оқу жүйесіне мектептердің тездетіп өткізуге байланысты мәселелерді нақты шешу кезеңі келді.

Соның бір көрінісі ЖОО-ғы оқу кредиттік оқу жүйесі секілді мектеп жүйесі де осы салаға ерте араласып, ғылыми-практикалық  қолданбалы зерттеулерге атсалысуы керек, осы бағытта бағдарламалар жасалуы қажет. Екінші бір негізгі мәселе, білім саласына (мектепке дейінгі, мектеп, ЖОО) практикалық психологияны ендірумен байланысты. Практикалық психология білім берудің әлеуметтік практикасы ретінде туындауда, әсіресе, білім жүйесін басқару саласында, мұғалімнің психологиялық мәдениетінің негізін қалауда көп жұмыстар атқарылуда. 
Мектепке көмек ретінде интернет-конференциялар ұйымдастыру, Қазақстанда білім саласының практикалық психологтар федерациясын құру мәселесі де өте маңызды. Сондықтан төмендегідей ғылыми практикалық секциялар құру қажет болады: кәмелетке жетпегендердің психологиялық әлеуметтік проблемалары, психодиагностика, білім саласындағы когнитивті психология, жоғары оқу орындарындағы практикалық психологиямен мектепті байланыстыру, тәуелді болу психологиясы, мектептегі практикалық психология қызметі, дарындылық пен шығармашылық психологиясы, тұлғаны дамыту психологиясы, зерттеуші-оқыту психологиясы, психологиялық және педагогикалық тестілу, психологиялық мәдениет және білімдегі қауіпсіздік, мүмкіндіктері шектелген балалардың психологиялық адаптациясы. 
Қазіргі балаларда мазасыздық бар. Отбасындағы дағдарыстар, балалар мен жеткіншектерді қалыпты жағдайда ұстау жағдайының нашарлауы, ата-аналардағы психоэмоциялық жүктемелердің көбеюі, балаларға қатал қатынас жасау, балалардың физикалық және рухани дамуындағы әлеуметтік кепілдіктердің төмендеп кетуі қоғамдағы құндылықтарды өзгертті, ассоциалды топтардың әсері, нервтік-психикалық денсаулықтың нашарлауына алып келді, балалар мен жеткіншектердің әлеуметтік дезадаптацияларын өсірді, отбасы білім беру мекемелерімен әлеуметтік байланыстарды азайтты. Жастардың психоактивті заттарды шамадан тыс пайдалануы, оларды тарату жағдайлары білім сферасының барлығына қиындық келтіруде.  
Сондықтан да жеке бір отбасына, мектепке, жоғарғы оқу орнына ғана емес, профилактикалық бағдарламалардың бірыңғай моделін жасау қажет. Осы жағдайларға байланысты келесі мәселелерді айтуға болады. Біздің институтта бірінші рет ректордың және ректораттың бастамасымен теориялық және қолданбалы психология кафедрасының базасында психологиялық клуб ашылды, клубтың ғылыми-танымдық-практикалық бағыты ЖОО мен мектептегі психологиялық саланың көптеген практикалық аспектілерін шешуге атсалысады. 
Мектептердің факультетпен, кафедралармен тығыз байланыста болуы көптеген міндеттерді бірлесіп шешуге әкеледі, студенттердің психологиялық өндірістік практикаларын, оның ішінде мектепке дейінгі де сала бар, мектептегі психологиялық қызметтің жұмысына көмектесу мәселесі бойынша бірлескен жұмыстар, ол үшін білім беру департаменттерінің психологтары біздермен ғылыми зерттеу және оқу мен үйрену саласында психологиялық ынтымақтасуы қажет. Мектептегі психологтардың конференцияларға, психологиялық клуб жұмысына, практикалық психология дәрістеріне қатысуы, бірлескен ғылыми-әдістемелік оқу семинарларын өткізу, көптеген психологиялық-педагогикалық сұрақтарды шешуде өз нәтижелерін бере алады. Тараз өңірінде психологиялық эксперименттік база құру жұмыстарына мектеп жүйесінің, білім департаменттерінің араласуы қажет. Осы бағытта психологиялық орталық құру, эксперименттік базалар жасау, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, психологиялық консультация жұмысын қолға алу шаралары бойынша бірлесіп жұмыс жасау мәселесін қолға алу уақыты жеткендей.  
Мектеп пен ЖОО психологиялық сабақтастығы сонда, білім саласындағы практикалық психология білім негізіне жүйелік дифференциалды ықпал қалыптастыру керек. Жоғары оқу орнындағы психологиялық білім беру жалпы білім берудің, мәдени процестің бір бөлігі, білім мен мәдениет бірыңғай жүйе, олар адамның тұлғалық мәнін ашады.  
Мектепте балаға деген қатынас бүгінгі жаңа уақыт талабымен өзгеруі керек, мәселен, психологиялық жайлылық (комфорт) дәрежесінің оқыту сапасы индексіне әсері жайлы айтсақ, қазіргі жаңа заман баласының балалық шағының көп бөлігі мектепте өтеді, ол әртүрлі қарым-қатынасқа түседі, құрбыларымен, ересек адам-мұғалімдермен, өзінен жоғары оқитындармен, мұғалім-оқушы қарым-қатынасы әрқашанда маңызды, бұл күндері тіпті ерекше, балаларда, қоғамда, біздер ересектер де өзгердік.  
Тәрбие беру процесі күннен күнге күрделенуде, психологиялық тұрғыдан педагог пен оқушының қарым-қатынасы да өзгеруде. Алайда педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық жайлылыққа әсері өте аз зерттелінген. Ешкімге де құпия емес, оқу процесінде оқушымен байланыс жасай алу қабілеті болмаса, қарым-қатынастың тиімді тәсілін қолдана алмаса, психологиялық жайлылық туғызбаса, кәсіби іс-әрекет белгілі бір табыстарға әкелмейді.  
Сабақта психологиялық жағымдылық жоқ болса, балада сабақ оқу ынтасы, оқу үлгерімі жақсармайды. Оқушы жағымды эмоцияны сабақта көп алған сайын, психологиялық жайлылықты сезінген сайын оларға оқу жеңіл болатынын зерттеулер көрсетуде. Оқу процесінде мұғалім-оқушы қарым- қатынасында жоғарғы танымдық белсенділіктің қалыптасуы, ол процестің позитивті және негативті, аралық (нейтраль) нәтижелерін зерттеуде көптеген жағдайлар анықталды.  
Нарық заманына орайласқан жаңа уақытта мектеп психологиясының алдында көптеген міндеттерді қойып отыр. Жеткіншектермен психологиялық жұмыс ерекше, мәселен, олардың қарым-қатынастағы, мінез-құлықтағы, эмоциялық сферасындағы проблемаларды зерттеуде аса маңызды. Балалардағы креативтілікті іздеп табу оларға психологиялық қолдау жасау ол да шешімін таппай жатады. Оқушыларда коммуникативті қабілеттерді, яғни дұрыс қарым-қатынас жасай алу психологиясына үйрету, мектептегі дезадаптацияның бірі диалогты қарым-қатынастың дұрыс қалыптаспауы, яғни мұғалім мен оқушының жеке диалогты қарым-қатынасының мүлдем болмауы, көптеген түсініспеушілікті тудырады.  
Мектептегі психологиялық қызмет жүйесі барлық мәселелерге көмектесуге мүмкіндігі жоқ болғандықтан, жоғары оқу орындармен тығыз байланысты үнемі орнатуы керек. 
 
Светлана Бердібаева , 
Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика факультетінің деканы, психология ғылымдарының докторы, профессор



Информация о работе Жоғарғы мектепте окыту мәселелері