Өзімді – өзім танумен өсіп келемін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 11:03, реферат

Описание

Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту.

Работа состоит из  1 файл

Өзіңді өзің танысаң.docx

— 17.06 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Өзімді – өзім танумен өсіп келемін.

 
Мақсаты:     Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы  

                      ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. 
Міндеттері:  
                      - Өзін-өзі тану пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін   

                      пысықтай отырып, үздіксіз үрдіс екенін түсіну;  
                     - Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына     

                     оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып, адамның                  

                     қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;  
                     - Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін         

                     өзі түсіну, өзін-өзі бағлай білу және өзін- өзі тәрбиелеу туралы            

                      халық даналықтарымен таныстыру; 
                    - Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар            

                     көзі халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге      

                     баулу. 

І. Шаттық шеңбері: 
       Үлкенге де сіз,Мен қандаймын 
       Кішіге де сіз. Сол күйімде қабылда 
       Бәріңізді құрметтеп, Бойым ұзын ба, қысқа ма 
       Бас иеміз біз. Мені көрсетіп, қолыңмен нұсқама. 
       Арық боламын, толық боламын, 
       Ең бастысы мен жақсы баламын. 
       Дәйек сөз: «Мен бір жұмбақ адаммын ...»  Абай. 
                                                                
ІІ. Сұхбат. Балалар, міне, сендер бірінші сыныптан бері «Өзін-өзі тану» сабағын оқып келесіңдер.1) Осы сабақтан не үйрендіңдер?  
Өзін-өзі танудан 
Сыйлай білуді, Мейірімді болуды , Адал болуды, Қайырымды болуды... 
2) Осы пән сендерге ұнай ма? 
3. «Өзін-өзі тануды» сарқылмас қазына деуге бола ма? 
Оқушылар жауап берсе де, бере алмаса да  
Ж. Қалжанованың өлеңін оқу: 
                       Өз-өзіңмен балашым, 
                       Жаның тапсын жарасым 
                       Теңдесі жоқ ешкімге,  
                       Бұл өмірде дарасың. 
                       Желден жүйрік көңіл-күй 
                       Есті сөзді ойға түй. 
                       Жылуына бөлеген, 
                       Жаным, жарқын күнді сүй. 
 
ІІІ. Оқулықпен жұмыс: 6- беттегі жаңа ақпаратты оқып, ойды түйіндеу. 
ІҮ. Дәйек сөзбен жұмыс:  
Тақтадағы дәйек сөзге көңіл аудару: «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, соны да ойла» - деп ұлы Абай айтқан екен. Демек, әр адам басқалар үшін ғана емес, өзі үшін де жұмбақ екен. Сендер қалай ойлайсыңдар, өздеріңді-өздерің өте жақсы білесіңдер ме? (балалар жауабы тыңдалады). 
- Өздеріңді- өздерің қандай жақсы білем десеңдер, әр адам өзі үшін жұмбақ. 
- Сендер өз жұмбақтарыңды ашқыларың келе ме? (балалар жауабы). 
- Олай болса, өлеңді тыңдай отырып, әр кім өзінің ішкі дүниесіне саяхат жасап көрсін. 
Ү. Тыныштық сәті: (музыка әуенімен) 
              Біз сіздермен өзіміздің ішкі дүниемізге саяхат жасап көрелік. Өмірде ақ пен қара бірдей болғандықтан, әр адамның бойында жақсылық пен жамандық бірдей болуы мүмкін. Сенің алдыңда екі жол жатыр. Адам оның қайсысына бет бұрса, сол жолға түседі. Демек, адам жақсылықты да, жамандықты да өзі іздеп табады. Жақсылыққа құштарлық, әдемілікті түсіне алу, не нәрсенің қадіріне жету, үлкенді сыйлау, кішіге бауырмал болу, табиғатты аялау, ата-ана, туыс-бауыр, ұстазды Отанға деген сүйіспеншілік, билікке ұмтылу, өнерге бейімделу- бұл нағыз адамдыққа апаратын жол. Сіз өз таңдаған жолыңыздан жоғарыдағы қасиетті көре алдыңыз ба? Асылы, нағыз адамның өлшемі қашан да ел тағдыры болып келген. Ендеше, ел қамын жеген азамат болуыңа тілектеспін. 
ҮІ. Ой – талдау. (Жолыңды таптың ба?) «Мейірімділіктен, қайырымдылықтан басталған жол – бәрінен де ұлы» - деп Лао Цзы айтыпты. (Қытай философы.) Нағыз адами мінез қалыптасқан адамды «Тұлға» дейміз. Сендер әрқайсысың тұлғасыңдар.  
             Бәрімізді алсақ – Адамбыз, жеке – жеке алсақ – Тұлғамыз. Әр тұлға қайталанбайды.  
ҮІІ. Танымдық әңгіме: «Айырмашылығын тап». 
            Адамның айырмашылығы неде? Оның ішкі дүниесінде, яғни мінезінде. Мінез қалай қалыптасады? Ол тәрбие арқылы қалыптасады. 
ҮІІІ. Жүректен – жүрекке: 
Адам – ғалам ғажайып жеке дара, 
Жан құмары – ізденген мәңгі – сана. 
Өзіңді-өзің танысаң – істің басы, 
Түзеген өз ғаламын болған дана.



Информация о работе Өзімді – өзім танумен өсіп келемін