Адам түсіктерінің түрлері мен рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:56, реферат

Описание

Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жүмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затгы тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мүздай, жүмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

психология туйсик.docx

— 24.91 Кб (Скачать документ)

И. М. Сеченов сондықтан  да түйсіктердің бүл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған. И. П. Павлов мектебінің зерттеулері көрсеткендей, дені сау адамның органикалық  түйсіктері оның жалпы «хал-күйінің» негізі болып табылады.

 

Е. Кинестезиялық  туйсіктер

Кинестезиялық туйсіктер  дененің жеке мүшелерінің бір  күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде  қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің ұштары.

 

Ж. Тең  басу  шуйсіктері

 Мұндай — туйсіктерді  статикалық туйсіктер деп те  атайды. Статикалық түйсіктердің  рецепторлары ішкі құлақтағы  вестибулярлық аппаратга орналасқан. Статикалық туйсік — бастың  қоз-ғалысын, дененің кеңістіктегі  алып түрған орнын, яғни адамның  тең басуын бейнелейді.

 

3. Вибрациялық  туйсіктер

Вибрациялық түйсіктер қозғалған  дененің ауаны толқытуын бүкіл  өн бойымызбен сезінген кезде пайда  болады. Негізгі анализаторлары (түйсіну  мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде  бүл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, қүлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен  орыстың ғылыми қызметкері Ольга  Скороходованың өмірі мен творчестволық  әрекеті анализаторлардың адам қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің кандай маңыз алатындығын жақсы  көрсетеді.

 

Түйсіктердің дамуы мен  қалыптасуы

 Балада түйсіктер дүниеге  келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше  күннен соң бала қант қосқан  судан сүтті айыра алады. Оның  аузына хинин ерітіндісін тамызса,  ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді.  Осы айтылғандар балада дәм  түйсігінің ерте көрінетіндігін  байқатады. Баланың есту түйсігі  біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері  оның күлақ түтігі суға толы  болады да ештеңені есітпейді.  Бірер аптадан кейін ғана бала  дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді.  Егер бала үш аптадан кейін  дыбысқа елендемесе оның саңырау  болып қалуы ықтимал. Мундайда  анасы баласын дәрігерге апарып  көрсеткені дүрыс. Үш айлық  бала анасының еркелеткен даусын  естіп кеңілденеді, қатты жекіре  сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін  жарык түсіріп түрған затқа  бүра бастайды, қозғалмалы затгарға  көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты  түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден  де байқалады.

Мәселен, шала туған баланың  өзі де бірнеше күннен кейін жарық  пен қараңғыға түрліше реакция  білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек  дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен  заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл  аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүрт бастауы түйсіктердің да- муына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі  түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша  жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің

сезгіштік қабілетін арттыруды  нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай  дами түседі. Түйсіктердің адамның  іс-әрекетіые байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.


Информация о работе Адам түсіктерінің түрлері мен рөлі