Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 08:09, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының орта білім даму тұжырымдамасында көзделгендей қазіргі мектептер көп қырлы міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым- қатынас жасау керек. Ол- ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт.

Работа состоит из  1 файл

Қарым суреттермен.docx

— 1.84 Мб (Скачать документ)

     Мұғаліммен  осындай тартысқа душар болған  оқушының жан дүниесіне үңіліп көрелікші. «Болса да мұғалім мені жек көреді» деген ой санасына ұялай бастаған оның оқуға ықыласы сөзсіз төмендейді, мектепте, тіптен, қай жерде жүрсе де жаңағы қияли ой соңынан қалмай, оны бәрін керісінше жасауға жетелейді. Бұл оның мұғалім әділетсіздігіне өзінше қарсылық білдіру шарасы екендігіне ешбір таңдануға болмайды.

     Әрине,  мұндай күйге ұшыраған оқушының  сабақ үлгерімінің қаншалықты  төмендеп кететіндігін дәл айту  қиын. Алайда бұл орайда бір шындық бар. Бұндайда кейбір оқушылар тіптен мектептегі оқуын жалғастырғысы да келмейді. Оған қаншама жанашырлық ақыл айтса да, ол мұғалімге сенімсіз, көңілге күдік алып қарайды. Оқушыны осындай тартысқа кездескен кейбір мұғалімдердің мазасы кетеді. Өздерінің ұстаздық мамандықты таңдағанына өкініп, оқушылармен дұрыс қарым- қатынас жасай алмағанына қапа болады. Ол ол ма, кейбіреулер (әрине, көбінесе жас мұғалімдер) осындай тартыстардың шығу төркініне үңіліп қарамай, өзіне де, өзгеге де сенімсіздікпен қарап, әлгі оқушы сияқты мұңлы күй кешеді.

    Мұғалім қызметінің табыстарына қатысты жәйттерді зерттеп, оларды күнделікті тәжірибеге ендіру болашақ ұстаз кадрларды даярлап шығаруды да маңызы айрықша екендігіне ешқандай күмән жоқ. Ұстаз бен шәкірт арасында тартыстың шығу себебі мен оның өрбеу жолын педагогикалық шеберлік пен тиімді әдістерді қолданып жеңе білу оқушының сана- сезіміне ықпал етіп, оған дұрыс бағдар берудің тәлім- тәрбиелік маңызы айрықша. Осындай мақсаттарды мектеп тәжірибесіне ендіру ниетімен мектепте бір жыл бойына зерттеулер жүргіздік. Онда, ең алдымен, оқушылар және мұғалімдер (бір сыныптағы оқушылар мен онда сабақ беретін барлық мұғалімдер қамтылады) арасындағы нақтылы жәйттерге байланысты талас- тартыстың сырын ашу қажет болды. Тармақтала келе олар әрбір мұғалімнің педагогикалық ерекшеліктерін, тартысты ситуацияларын, оқушылармен қарым- қатынас қалпын, оқу пәндеріне ықылас- ынтасын зерттеп, оларды салыстыра отырып зерттеу жүргізілді. Алға қойған міндеттерді барынша айқындай түсу үшін жекелеген оқушылармен, пән мұғалімдерімен әңгімелер де өткіздік.

     Осындай  зерттеу нәтижелері бұл мәселеде  мұғалімдерді екі жаққа бөлінетіндігін көрсетті. Кейбіреулерінің қызметінде тартыс ситуациялары мүлдем жоқтың қасы. Ал басқа бір мұғалімдердің күнделікті жұмысында ондай жәйттер жиі кездеседі. Бұндай жәйттер өтудің орнына жылма- жыл қайталанып, тіптен өрши түскен. Мұғалім мен оқушылар қарым- қатынасындағы осындай тартыстардың мазмұны, ауқымдылығы (тартысқа түскен оқушылар санына орай), шиеленістілігі (эмоциялық шиеленісті дәрежесіне қарай), тұрақтылығы (тартыс ұзақтығына сәйкес) жағынан ерекшеленеді.

    Мұғалім  мен оқушы арасындағы тартысты  туғызатын себептерге оқушылар  тобы, олардың жас және өзіндік  ерекшеліктері, мұғалім мен оның  оқушылар ұжымына басшылық ету  стилі де әсер етуі жатады. Тәлім- тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап қарастырғанда мұғалім мен оқушылар араындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады:

  1. Оқу ісін  жүзеге асырып, оны бірізділікпен  жүргізуде кедергі болатын жәйттер  мұғалімнің білім деңгейі мен  оны шәкірттерге тиімді әдіс- тәсілдермен жеткізе алмай, тәрбиесіздік  көрсетіп, оқушыларға серпінді ықпал ете алмайды. Сондай- ақ мұғалім оқушыларға қоятын талабын үнемі өзгертіп қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның салдарынан шәкірттердің тәртібі де нашарлайды. Мұндай кемшіліктер, ең алдымен, ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ жүргізудегі методикалық олқылығынан пайда болып, шәкірттер сабаққа көпшілік уақытын босқа жіберетін болады. Алайда мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар оқу- тәрбие ісіндегі өзге сипаттағы дау- дамайлардан кемдеу.

   2. Жеке  бастың өзі ұстанған адамгершілік  қасиеттерге байланысты кездесетін  кедергілер мен тартыстар. Баланың  өз басына талап қоюы, айналасына  зер салып, әрбір нәрсеге мән беруі баланың өсіп жетіле бастағанын көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың ересек адамдармен қарым- қатына жасап, өзінің есейгендігін байқатуы оның адами- этикалық жағынан да талап- тілегінің өскендігі деп санау керек. Ересек адамдармен салыстырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым- қатынас едәуір күрделі. Өйткені мұндағы бірінші жақ- мұғалім- толық қалыптасқан, мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез- құлқы орныққан адам. Екінші жақ- оқушылар. Бұлар небары өз ұстазының сезімі мен ақыл- ойына ынтыққандар ғана. Мұғалім мен оқушының ойлану, түсіну сипаттары да түрлі деңгейде. Ұстазға айдай анық құбылыс шәкірттеріне нанымды бола бермейді. Кейде мұғалім мен оқушы бір құбылысқа, сөзге немесе қылыққа беретін бағалары да түрліше. Тіпті қарама- қарсы мәнде де болуы мүмкін. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым- қатынаста тартыстың туындауына ұстаздық методикалық тұрғыдан қате жіберіп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсіндіре алмауы да себеп болады.

   3. Оқушылардың  жас ерекшеліктерін елемей, олардың  құрдастарымен қарым- қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын тартыстар. Ал оқушылар тобы тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап көпшілік- қоғам жұмыстарына сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық, пікірлерге жете мән бермейд. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады.

   4. Оқушылардың  даралық ерекшеліктеріне тән  жағымсыз қасиеттері мен мінез- құлқына орай туатын тартыстар. Оқушылар арасында ұшқалақ мінезді, қызуқанды, айтқанынан қайтпайтын өжет, жан дүниесінің шеңбері тар, өзін қатар- құрбыларынан жоғары санайтын балалар да бар. Олардың сөйлеген сөзі істеген қылығы өзгелердің зығырданын қайнатып тұрады.Ондай балалармен қарым- қатынас жасау мұғалімдерге оңай тие қоймайды. Негізгі мақсат мінезі ерекше оқушылармен қалыпты қатынас орнатудың тиімді әдісі- оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай бейімдеп, олардың іс- әрекеттерімен үйлестіру. Дегенмен мұндай жағдайда ұстаз бен шәкірт арасында айырым шығатын жәйттер жиі болып тұрады. Мұндайда ұстамды ұстаздар шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп, қалайда шәкірттермен тиімді қарым- қатынас орнатудың әдіс- тәсілдерін ізденеді. Жастардың мінез- құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады.

     Ұстаздық  мамандықтың өзге маман иелерінен  басты айырмашылығы- оынң адаммен жұмыс істеп, оынң пісіп жетілуіне күш- қуаты мен білімін жұмсауы. Соған орай бұл мамандықтың қыры мен сыры қат- қабат болып келетіндігі де сондықтан. Ұстаздар мен шәкірттер арасында белең алып отыратын талас- тартыстар бір қырынан ұстаздық мамандықтың күрделілігі мен жауапкершілігінің мол екенін аңғартатын болса, екінші жағынан қарастырғанда, адамның жан дүниесінің сыры, психикасы аса күрделі құрылым екеніне көз жеткіземіз. Солай дегенмен, біз бұл тақырыпта ұстаз мен шәкірттер арасындағы қарым- қатынаста талас- тартыс пен дау- дамай тудыратын жәйттер мен оны түзетудің, жеңудің жолдарын психологиялық тұрғыдан қарастырдық. Тартысты жәйттердің туындау себептерін ашып көрсетіп, оларды ұстаздық өнер арқылы түзетіп отырудың әдіс- тәсілдерін тәлім- тәрбие тұрғысынан іздестірдік. Қарым- қатынас жасаудың өзіндік жүйесі мен мән- жайы әрқилы. Сондай мәселелердің бірі- ұстаз бен оқушылар арасындағы реніштің туындауы.

     Қарым- қатынас психологиясының өзекті мәселелерімен айналысқан зерттеушілер қатарына А.А.Леонтьев, А.А.Брудный, К.К.Платонов, Я.А.Коломинский, В.М.Сорокин, С.Елеусізова т.б. еңбектерін талдау кезінде талқылауды көздедік. 

Ағашыңыз қандай болса, 

  

мінезіңізде  сондай

     Өз  мінезіңізді білудің қарапайым   бір жолы- таза параққа ағаш суретін салу. Оны қалай саласыз өз еркіңіз. Мәселе сіз салған суреттің әдемілігінде емес, оның нені білдіретіндігінде. Сондықтан да салған суретіңізден қысылмай-ақ қойыңыз. Сонымен өзіңіз салған суретіңізді мына суретпен салыстырып көріңіз, қайсысына ұқсайды.

1. Тез қозу  энергия, жан- жақтылық сіздің өміріңіздің бір белгісі. Сіз көңілсіз, арманшылсыз. Сіздің тез қозатындығыңыз, қатты энтузиазміңіз кейде өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Сондықтан да әрекет етпес бұрын ойланып алыңыз.

2. Өте сезімшіл  адамсыз, сіз әрдайым да жүрегіңіздің  әмірімен әрекет еткіңіз келеді. Өз мәселелеріңізді өзіңіз шешкіңіз келеді. Сондықтан да ылғи өз- өзіңізді бақытсыз сезініп, алаңдап жүресіз. Сондықтан таңдау мәселесінде ақылға жүгініңіз.

 3. Сіз өзіңіздің адамгершілігіңізге қатты мән бересіз, атаққұмардасыз. Бірақ бұл жаман емес. Өйткені, сіздің үлкен мақсаттарыңыз негізделген. Және жетістіктерге жету үшін айналаңызға зардап жасағыңыз келмейді.

4. Сіз салмақты, байсалды адамсыз. Содан да  шешім қабылдарда әділ болғыңыз  келеді. Алайда өз ойыңызды сөзбен  жеткізер кезде өз идеяңызды  қорқынышсыз сезінгеніңіз дұрыс.

5. Сізді айналаңыз  өз- өзіне сезімді және сенгіш адам деп қабылдайды. Сіз басқалардан қолдау күтесіз. Бірақ, бұні білдірткіңіз келмейді. Сол үшін айналаңызға басқаларда шаруасы жоқ адам болып көрінуге тырысасыз. Жақын жолдастарыңызға сен біліңіз.

6. Сіз өмірді  сүйесіз. Сіздің іс- әрекетіңізді алдын- ала жоспарлау мүмкін емес. Ойыңызға не келсе соны айтасыз. Бұл мінездің өзіңізге ұқсамайтын жұмбақ, әсершіл адамдар арасында өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдыратынын ескеріңіз. Сондықтан да тәртіпке бағынып, өз сөзіңізге мән беріңіз.

7. Сіз толысқан  тұлғасыз. Сіз жас болғаныңызбен  өте тәртіпті, жауапты, өз- өзіне және айналасындағыларға сынмен қарайтын адамсыз. Сіздің жолдастарыңыз бен туысқандарыңыз сізге нұсқағысы келмейді. Бірақ, бұл сіздің өз- өзіңізге деген сенімділігіңізге сызат түсірмейді.

8. Сізге керектінің  бәрі жаныңызда. Дипломат, сіз адамдарды қабылдай білесіз, оларға қолдау да көрсетесіз. Сіз үшін өмір дегеніңіз мәңгілік көктем. Қарапайым болғанды қалайсыз, және басқалардың сіздің өміріңізге араласқанын қаламайсыз. Өзіңіздің нәзік қалпыңызды сақтай біліңіз. Байсалды және сенімді әрекет етіңіз. Жоқ деп айтуға дағдыланыңыз.

9. Сіз бейбітшілік және табанды адамсыз. Сіздің өз жолыңыз бар. Жан- жағыңызға сыр шашқанды ұнатпайсыз. Мақсатыңызға тіке тартасыз. Сіз туралы жаныңыздағылар эгоист, адамдарға билік жүргізуге, таптап өтуге құмар деп ойлайды. Сондықтан да шамалы болса да жұмсаруға тырысыңыз.

10. Қорғау- сіз үшін кілт сөзі. Сіз үшін ең бастысы бақытты ошақ. Өз махаббатыңызды білдіре алатын махаббат отаны. Сіздің нәзік сезіміңіздің қайтарымына өзіңізді қорғап жүргенді қалайсыз. Соншалықты тәуелді болмауға тырысыңыз. Өз қанатыңызбен ұшуды үйреніңіз. 

 

Информация о работе Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері