Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 12:49, реферат
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады. Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт. Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді. Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді.
1. Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.
2. Қарым-қатынастың функциялары.
3.Әлеуметтік психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне байланысты
4. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады
Жоспар:
1. Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.
2. Қарым-қатынастың функциялары.
3.Әлеуметтік психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне байланысты
4. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады
Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.
Психология ғылымындағы
негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас.
Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну,
оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.Қарым-қатынас
түрлері мен формалары бойынша әр алуан.
Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей
емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас,
соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас
пайда болады. Тікелей емес қарым-қатынас
– жазбаша түрдегі немесе техникалық
құралдарды пайдалану негізіндегі толық
емес психологиялық контакт. Адамзат тәжірибесін
игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі
техникалық құралдардың пайда болуы тікелей
емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық
және көпшіліктік қарым-қатынас болып
бөлінеді.
Жеке адамаралық
қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке
дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына
ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету
негіздерінде қалыптасатын түрі.Көпшіліктік
қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес
адамдардың және көпшіліктік мәлімет
құралдары арқылы қарым-қатынас жасау,
осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық
–қарым-қатынастарды да жатқызады.Қарым-қатынаста
адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және
басқалар үшін психологиялық қасиетерін
аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері
қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен
қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені
игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар,
білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі ,
жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы
іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның
психологиялық дамуының маңызды факторы.
Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға
болады: адамның бүкіл өмірі барысында
психикалық процестері мен мінез-құлқы
қалыптасатын жан-жақты шындық.Қарым-қатынастың
маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға
болады. Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық
іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді атқарады.
Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық»
функция деп атауға болады. Бұл шартты
орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон
мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін.
Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен , көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1) конъюктивті – адамдарды жақандататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;
2) дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, біллескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Жеке адамаралық
қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы
Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі
кең қолданылады. Социометрия негізінде
нақты іс-ірекет кезіндегі шағын топтың
қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға
болады. Дегенмен , топты толық зерттеу
үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз
болып табылады.Кеңестік психологияда
қарым-қатынасты бір жағынан, іс-ірекеттің
бір түрі , екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік
көрінісі деген ұғымда қолдану басым.Қарым-қатынастың
іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысышылардың
әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей»
іске асырады. Мұндай үйлетірушілік қарым-қатынастың
ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.
Манипуляция –қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен , достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады.А.А.Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі – диалогты қарым-қатынас.
Пайдаланылған әдебиеттер: