Қазақстан – менің Отаным

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2011 в 13:35, реферат

Описание

Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан.docx

— 34.27 Кб (Скачать документ)

Қазақстан – менің Отаным

Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.

Қазақстан жерін  ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.

1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.

1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.

2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.

2007 жыл 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленіп жүзеге асырылды.

Тәуелсіздік — ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асырып, Ұлы Евразияның төсінде егемен, тәуелсіздік мемлекетін Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды.

Қазақстан Республикасы — Евразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 2724,4 мың шаршы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы санақ бойынша). Ұлттық құрамы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыстар — 30,0%, украиндар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғырлар — 1,4%, корейлер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.

Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Республикасы — демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз — Астана. Мемлекет басшысы — Президент. Заң шығарушы жоғарғы өкілді органы — Сенат (39 депутат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын Парламент. Атқарушы билік органы — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.

Парламент — заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілеттік орган болып табылады.

Үкімет  дегеніміз — мемлекеттік атқару билігінің ең жоғарғы органы. Үкіметке министрліктер, агенттіктер, комитеттер, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктер бағынады. Үкіметті ең басты министр — Премьер -Министр басқарады. Оны бұл лауазымға Парламенттің мақұлдауымен ел Президенті тағайындайды.

Ұлттық  ақша — теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін — теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, Ұлттық банк жасаған болатын.

Мемлекеттік наградалар болып танылатын мынадай ордендер мен медальдар бар.

Жоғарғы деңгейдегі айырым белгілері «Алтын қыран» ордені, «Халық қаһарманы» атағы.

«Отан», «Даңқ», «Айбын», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері.

Ерлігі үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Шапағат медальдары бар.

Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. Республика аумағы батыста Еділдің төменгі ағысынан шағыста Алтайға, 3000 км-ге дейін, солтүстікте Батыс-Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шань таулы жоталарына 1600 км-ге созылып жатыр.

Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады.

Қазақстанның батысы мен солтүстік Ресей Федерациясымен, оңтүстігі Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, шығысы Қытаймен шектеседі. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралия кейінгі 9-орын алады. Климаты — барынша континентальді.

Қазіргі уақытта 2700 кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысады. Бұл кәсіпорындарда өндіріс 812 мың адам жұмыс істейді.

Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.

Қазақстан —  дәнді дақылдар (негізінен астық), азық түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі — жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін мал шаруашылығы.

Қазақстан мұнай  қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұрды. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. 1993 жылы сәуір айында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы мұнай мен барлау ісі бойынша — «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім жасады. Қазақстанның газ өндірісінің болашағы үлкен. Әлемдегі ірі кен орындарының қатарына жататын негізгі газ кен орындары Қарашығанақта орналасқан. Қазақстанмен арада жасалған келісімдерге сәйкес «Бритиш газ» бен «Аджип» компанияларының осы кен орны аумағында жүргізілетін жұмыстары басталғаннан кейін республикада газ өндіру айтарлықтай өсетін болады. Өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе, оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары сөзсіз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат. Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни іргетасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы күрделі де маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық.

Қазақстандағы білім беру жүйесі бір-бірімен өзара байланысты бірнеше деңгейден тұрады, олар: мектепке дейінгі тәрбие орындары, жалпы білім беру мектептері, кәсіптік — техникалық мектеп, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындары жұмыс істейді. Олардың арасында Қазақ ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті, Евразия ұлттық университеті т. б. тәрізді жоғары сапалы мамандар даярлап келе жатқан оқу орындары бар.

Қазақстан ғылымы әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі ғылымдарды түбегейлі зертеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді.

Республиканың ғалым-археологтары әлемдік маңызға ие сақ дәуірінің ғажайып ескерткіштерін — Есік және Берел қорғандарын іздестіріп тапты. Есік қорғанынан біздің заманымызға дейін 5 ғасырға жататын «Алтын адам» мүрдесі табылды.

Денсаулық сақтау саласы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларға бөлінеді. «Қазақстан — 2030» Стратегиясына сәйкес салауатты өмір салты мемлекет дамуындағы аса маңызды бағаттардың бірі болып жарияланды.

Республиканың мәдени өмірі сан салалы. Елде 52 театр (оның екеуі опера және балет театры, 15-і қазақ, 14-і орыс, ұйғыр, корей және неміс драма театры, жетеуі қуыршақ театры), 15 филормония, 64 музей, 10 мыңнан астам кітапхана (оның 3066-сы мемлекеттік), 2227 мәдени-сауық мекемелері, 271 кинотеатр, 24 концерттік мекемелер бар.

Қазақстанды әлемге танытатын белгілердің бірі ел спортшыларының әлемдік аренадағы жетістіктері болып табылады. Болашақ спортшыларға олимпиада чемпиондары Е. Ибраимов, В. Смирнов, Б. Саттарханов, О. Шишигина, т. б. спортшылардың жарқын жеңістері үлгі бола алады.

Әлемнің 120-дан  астам мемлекеттері ресми түрде таныған Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (1992ж.), басқа да халықаралық ұйымдарға мүше.

Қазақстан —  ядролық қарудан бас тартқан ең алғашқы мемлекет.

Ел тәуелсіздік  мемлекет ретінде дамыған жылдары құқықтық және азаматтық қоғам құру жолында елеулі табыстарға жетті.

Табиғаты: Қазақстанның жер бедері барынша әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Жер бедері Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарынан шығыс және оңтүстік-шығысына қарай биіктей түседі. Маңғыстау түбегіндегі теңіз дейгейінен 132 м мөмен жатқан Қарақия ойысы мен Қазақстанның ең биік жері — республиканың оңтүстік-шығысында орналасқан Хантәңірі шыңының (абс. биіктігі 6995 м) арасындағы биіктік айырмашылығы 7127 м. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің ең терең жері 600 м-ге жетеді.

Республика аумағының солтүстік-батысын Каспий жағалауы ойпаты (абс. биіктігі 28 м-ден +50 м-ге дейін) алып жатыр. Әлемдік мұхит деңгейінен төмен жатқан Каспий ойпатының ені теңіздің солтүстік жағалауында 250 км-ге, ал солтүстік-шығысында 120 км-ге жетеді. Жайық Маңғыстау тауларымен (300м) шектеледі.

Оңтүстік Орал және Мұғаджар таулары мен Сарыарқа шоқылары арасында ені 250 -500 км-ге жететін Торғай қолаты меридиандық бағатта созылып жатыр.

Солтүстік тізбекте Сарымсақты (3373), Нарым (3483 м) және Күршім (2645 м) жоталары енеді. Оларды Күршім өзенінің аңғары бөліп жатыр. Ертіс өзенінің аңғары арқылы бөлінген Сауыр (2053) және Тарбағатай (2992 м) тауларынан Зайсан көлі орналасқан қазаншұңқыр (400 м) бөліп тұр.

Алтайдан солтүстік-батысқа қарай, Орталық Қазақстанда Шыңғыстау созылып жатыр. Тарбағатай жоталары мен одан оңтүстікке қарай орналасқан Жетісу (Жоңғар) Алатауының аралығындағы кең алқапта Алакөл ойпаты (340 м) бар, ол оңтүстік-шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы (600 м) деп аталатын сүйірленіп келген тауаралық аңғар түзеді.

Жетісу таулы аймағына оның басты тізбегін (ең биік тұсы — Бесбақан шыңы, 4464 м) жанай орналасқан Тоқсанбай (3600м), Тышқантау (4359 м), Алтынеміл (293 м) жоталары енеді.

Қазақстан, Қырғызстан және Қытай мемлекеттері шекараларының түйісінде жатқан Хантәңірі шыңы (6995 м) Орталық Тянь-Шаньнің Қазақстандағы бөлігі болып табылады. Тянь-Шяньның тармақтары — Үлкен және Кіші Қаратау жоталары Тұран жазығына ішкерілей еніп, толығымен Қазақстан аумағында жатыр.

Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан — менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн.

Алматы — біздің тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, мемлекетіміздің алтын діңгегі.

Астана келбеті — ұлт келбеті.

Астана — Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.

Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні бар.

Ыстық қой. Шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз… 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақӨйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке- бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.

Информация о работе Қазақстан – менің Отаным