Қазақстан – менің Отаным

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 21:10, реферат

Описание

Иделогия дегеніміз не? Идеология – ілім, қоғамдық сана (грекше – ідса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қоғаушы деген түсінік. Қазақ совет Энциклопедиясының 4 – томында ол «таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген.

Работа состоит из  1 файл

ИДЕОЛОГИЯ.docx

— 22.07 Кб (Скачать документ)

 Егер біздің  мемлекеттіміз ұлттық мемлекет  екен, идеологиямызда ұлттық қатынас  сипаты, ұлттық рухы болу керек.  Одан «Қазақстанның идеологиясы  түгел ұлттық болсын, біз ұлтшыл  болайық» деген ой тумауы керек.  Басқа ұлтта да жақсы құбылыстар, элементтер бар, оны қабылаудан  бас тартпағандығымыз жөн. Сондықтан  идеология дегеннің өзі - өте  күрделі құрылым, ғылыми таным,  көзқарас мәселесі. Бұл мәселе  бір емес, көптеген фактор бола  алады. Мәселе осы идеологияны  қалыптастыратын, құратын, зерттейтін  ғалымдарымыз кімдер? Идеологияның  болашағы міне осыған байланысты.

 Жаңа буын жаңа  идеология әкеле жатыр. Жаңа  буынның өзіндік идеологиясы  – Қазақстанның тәуелсіздігі, қазақ  тілінің мемлекеттік тіл болғандығы, Қазақстанның тарихының жаңаша  әрі жан-жақты жазыла бастауы.  Идеологияның түп қазығы осыған  негізделетін болады. Қазақстанның  өз бағыты бар: ол қандай  еңбектерге сүйенеді, іргетасы қалай  болмақшы? Біз жаңа буынды мамандарды  осыған баулуымыз керек. 

 Қоғамдық дамудың  басты мақсаты – жеке адамның  рухани тұрғыдан өзін-өзі жүзеге  асыруын қамтамасыз ету. Дарын,  қабылет – ұлттық игілік, оның  иелері қоғам, мемлекет көзінен  таса қалуға тиісті емес. Америка  Құрама Штаттары, Жапония өз елдерінде  балаларды бүлдіршін кезінен  бастап, өсіп ержеткенге дейін  қайта-қайта тексеріп, сынап, дарындыларын  іріктеп алатын тәрбие, оқу жүйесін  жасады. Бұл елдерде баланың болашағы  ата-ананың қымет дәрежесі, қалтасының  қалыңдығына емес, жеке басының  қасиеттеріне байланысты. Осы тұрғыдан  келер болсақ, тәуелсіздікке, құқықтық  мемлекетке, демократияға және нарықтық  экономикаға жету прогрессивтік  дамудың жолындағы қажетті, бірақ,  өтпелі сатылары болып табылады. Ал мұның өзі тәуелсіздіктің, құқықтық мемлекеттің, демократияның  жақсы жақтары мен жаман жақтарын  саралап, мезгілімен байқап, реттеп  отыруды қажет етеді. Тарихи  дамудың түбегейлі мақсаты –  адам, оның өсіп-өнуі, гүлденіп, дамуы,  жан-жақты жетілуіне жол ашу,  жағдай жасау. Экономикалық, саяси  өзгерістер осы мақсатқа жетудің  құралдары ғана.

 Егер, осы тарих  тәлімін мемлекет басшылары түсініп,  ұғып, өз қызметінің көрсеткіші, критерийі ретінде қабылдаса,  көптеген әлеуметтік мәселелер  өз шешімін оп-оңай табар еді. 

 Шын мәнінде,  идология дегеніміз – адамдардың  қоғамдастығын саяси және экономикалық  міндеттерді шешуге топтастыру  мен жұмылдырудың уақыт тезінен  өткен тәсілі, бұл әлеуметтік  мінез-құлықты қалыптастыру механизімі, бірақ бұл күштер – зорлау  тәсілі емес, қайта мемлекеттік  және оның тұғырнамасын қолдайтын  партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың  адамдардың ақыл-ойына өркениетті  түрде ықпал ету тәсілі. Ал  осы анықтамаға үңіле көз салсақ, ол – жай ғана идеология  мақсаттары туралы ой тастау  емес, жаңа мемлекеттік идкеологияның  тұжырымдамасы екенін айқын сезінеміз. 

 Ішкі саясат  жәйлі сөз болғанда, ішкі саяси  тұрақтылықтан кейінгі тағы бір  мәселе – ол саяси партиялар  мен қозғалыстар, олардың саяси  мақсаттары мен істері қандай, халықтың басым көпшілігінің  мүддесіне, конституцияға, заңдарға  сәйкес келеді ме, халықты жасампаз  еңбекке жұмылдыра ма, жоқ, қит  етсе көшеге, алаңға, митингіге, жұмысқа  шықпауға  шақыра ма, осы жағын  реттегеніміз жөн. Бұл ретте  үкімет те, Президент те белгілі  бір саяси парияға арқа сүйеп,  иек артқаны жөн сияқты. Ішкі  саясаттағы егемендікке жеткізетін  басты бағыттың бірі – сөз  бен істің алшақ, екі басқа  болмауы. Әрине, ел басының,  үкімет басшыларының сөзі де  жиі өзгере бермеуі керек. Кейінгі  кезде сөз бен істің алшақтығы  айқын көріне бастағаны шындық. Мұндай жағдайда Президенттің  де, үкіметтің де халық алдындағы  беделі тез түсетіндігі даусыз.

 Президенттің  Жоғарғы Кеңеске жолдауына: «Министрлер  Кабинеті өз алдына, обылстар  өз алдына қызмет атқарып жатыр... Үкіметтің өзі, ... бірнеше блокқа  бөлініп отыр. Микроэконмикалық, сыртқы  экономикалық, әлеуметтік және салалық  блоктар арасындағы ауыз бірліктің  жоқтығы айқын көрінуде» - деді, («Ақиқат» 8, 1994, 24 бет). Бұл елдің көбіне  белгілі және шын егемендікке  жетудегі бегеттің бірі. Бұл кемшілік  таяу мерзімді түзеледі деп  ойлаймыз.

 Мемлекеттік идеологияның  қызметі қаншалық кең көлемді  болғанымен ол Президенттің ойынша  үш түрлі бағыттарды қатар  ұстауы идеологиясы болу керек: 

-         адамдардың қоғамдастығын топтастыру;

-         әлеуметтік мінез – құлықты  қалыптастыру;

-         адамдардың ақыл-ойына өркениетті  түрде ықпал ету; («Ақиқат», 8 1994, 6 бет).

 Қазақстанның  экономикалық кеңістік пен мерзімде  суырылып алға шығуына орай  экономика саласындағы идеологиясының  негізігі принциптерін тұжырымдау  қажет. Ол принциптердің бағыттары  мыналар: 

-         өзіміздің кәсіпкерлікті қолдау;

-         өндірісті құрылымдық жағынан  қайта құру;

-         халықты әлеуметтік қорғау;

-         мемлекеттік байланыстар үшін  экономикалық саяси серіктестіктер  таңдауда байыптылық таныту;  

-     бұдан  туындайтын қортынды, өтпелі кезеңде  тұрған Қазақстан Ресаубликасының,  басқа да қоғамдық қатынастары  мен идеология аралығынада –  осындай диалектикалық тығыз  байланыс жатқандығы болу керек. 

 Қорыта келгенде, идеологияға екі тұрғыдан қаруға  болады. Біріншіден, сөздің кең мағанасында  – идеологиялық экономикалық, әлеуметтік  және саяси қоғамдық қатынастармен  диалектикалық байланысы, екіншіден,  идологияны – қоғамдық қатынастардың  өзіне ғана тән қасиеттері  мен ерекшеліктері бар нақтылы  сала ретінде пайымдау. Идеологияның  тағы бір міндеті – қоғамның  көп ұлттылығын тұрақты бірлесуші  факторға айналадыру. Ұлтаралық  жарастықты нығайтумен қатар  Қазақстан қоғамының бірлесуі  идеясын жүзеге асыра отырып, ұлт ішіндегі бірлікті нығайту.  Аса маңызды идеологиялық міндеттердің  бірі – қазақстандық отансүйгіштікке  тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі  билеуін қалыптастыру. Идеялық бірігу  арнасында қоғамда жоғары тіл  мәдениеті орнығуы тиіс. Қоғамның  бірігуін нығайтуға тұрақтылық, азамттық келісім ахуалын құру  елеулі әсер етеді. 

 Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев: - біз, - бүгін  таңда дәуірлік идеологиялық  құрылымды орнатып жатқан жоқпыз, - дей тұрса да, мемлекеттік идеологияның  негізгі бағдарларын жүйеге түсіріп  бергені күмәнсіз.

Информация о работе Қазақстан – менің Отаным