Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:47, лекция

Описание

Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады.Қазақ топырағында этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов еңбектерінен бастау алады. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы Иоллыг – тегін ( Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали, Жалайри; Бұқар жырау, Дулат, Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, Шәкәрім, Жүсіпбектерден тұратын рухани аса бай құнарлы орта – аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді. Шығыс республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың («Мұғалім»-1919, «Жаңа мектеп»-1925.) бірінші болып қазақ жерінде жарық көруі, Ғ.Қарашев, М.Ж.Көпеев сияқты зиялыларымыздың психология саласына сол кездердің өзінде–ақ қалам тартуы – осы айтылғандардың жақсы айғағы.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлар.docx

— 26.16 Кб (Скачать документ)
  1. Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлар
 

     Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек  айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан  біртуар ғұлама ғалымның еуропалық  этнопсихологтардың еңбектерінен біршама  хабардар болғаны байқалады.Қазақ топырағында этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов еңбектерінен бастау алады. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы Иоллыг – тегін ( Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан-  Қайғы, Қадырғали, Жалайри; Бұқар жырау, Дулат, Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров,  Шәкәрім,  Жүсіпбектерден тұратын  рухани аса бай құнарлы орта – аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне  ізгі әсерін тигізді. Шығыс республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың    («Мұғалім»-1919, «Жаңа мектеп»-1925.) бірінші болып қазақ жерінде жарық көруі, Ғ.Қарашев, М.Ж.Көпеев сияқты зиялыларымыздың психология саласына сол кездердің өзінде–ақ  қалам тартуы – осы айтылғандардың жақсы айғағы.

     Қазақстанда психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары елеулі қарқынмен  дами бастады. Оған бірнеше сәтті  жағдайлар себеп болды. 1946 жылы орта мектептерде логика мен психология оқытыла бастады. Осы кездері  қазақ университетінде логика мен  психология пәні мұғалімдерін дайындайтын  бөлім ашылды.

     Соғыстан  кейінгі жылдарда психология саласында  ұлттық кадрларды даярлауда академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964) еңбегі айтарлықтай еді. Осы ғалымның жетекшілігімен елуінші жылдары Е.Суфиев, М.Мұқанов, Т.Темірбековтар диссертация қорғады.

     Республикада  алғаш рет диссертация қорғаған – Е.Суфиев болды. Ол 1952 жылы Қазақ  университетінің кеңесінде «Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің  психологиясы» деген тақырыпта диссертация қорғады.  Мұнда автор қазақ оқушыларының орыс тілін меңгеруін, шәкірттердің ауызекі  сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін орыс тіліндегі кейбір атауларына тоқталып, мұның табиғи-ғылыми жағынан И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей түсіндіріледі, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын ( қабылдау, зейін, ойлау және т.б.) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс – кеңестер береді.

     М.Мұқанов  « Совет жауынгерлерінің ерлік  істерінің психологиялық ерекшеліктері» (1953) атты диссертациясында көптеген жергілікті әскери – архивтік материалдарға  сүйеніп, Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар  көрсеткен ерлік істеріне психологиялық  талдау жасады. 50-60 жылдары республика тақырыбына арналған басқа да ондаған  зерттеу жұмыстары психологияның  түрлі салалары бойынша  (жалпы, жас, педагогикалық, заң-сот, этникалық, спорт  және т.б.) жүргізілді. Ұлттық тілде  біраз еңбектер жарық көрді.

      Н. Елікбаевтың  «Ұлттық психология»  еңбегіндегі пікірінше, ұлттық психологияның  құрылымдық элементтерінің бірі ұлттық мінез-құлық болып саналады. Ұлттық мінез-құлық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп  қалған биологиялық психикалық құбылыс  емес, географиялық ортаның жемісі немесе нәсілдік белгісімен байланысты ұлттық субстанцияның туындысына да жатпайды. Негізгі шындықты ұлт өмірінің өзінен, оны қоршаған табиғи өзгешеліктен қарастыру шарт. Ұлттық мінез-құлықты  халықтардың өзі жасаған тарихтағы  материалдық және рухани тіршілігінің бейнеленген көрінісі деп түсінеміз.  Тарихи жағдай мен географиялық орта мәңгілік нәрсе емес, сондықтан ұлттық мінез-құлық та белгілі өзгерістерге ұшырап отырады. Ұлттардың мінез-құлқы  олардың тарихи даму нәтижесі.

     Халықтардың мінез-құлқының белгілері: еңбекті  сүю, бостандықты аңсау, қайырымдылық, қонақжайлылық, селқостық, қаталдық, ерлік  т.б. қасиеттер барлық ұлттарда болатыны белгілі. Әрбір ұлттың өзіндік өмір ерекшелігіне сәйкес түрлі формада, көріністе анықталып отырады  [1, 11 б.].

     Ұлттық  мінез-құлық тарихи жағдайлардың, объективті процестердің себептерінен әрі тәрбиенің  ықпалымен қалыптасады.

     Сонымен, ұлттық мінез – құлық дегеніміз  халықтың қоғамдық - өндірістік тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан  машығы мен әдетінің жиынтығы, әрі  жалпы (барлық халыққа тән) және ерекше қасиеттердің бірлігі деп ұғамыз.  Еліміздегі ұлттардың мінез-құлқын, мәдениет пен тұрмыстан, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлерден байқай аламыз [1, 13 б.].

  1. Шоқан өз халқының тарихын мәдениеті ерте танылған елдермен сабақтастыра сипаттайды: «Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары, реалистік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды», [7] - деп ой түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын цивилизациясы аса бай ірі елдермен жақындастыра қарастырады. Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады: «Түрік тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алды деуге болады. Біздің Шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сөзі қазақтарға дәл келеді. Қазақтар да бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын». [2] Ұлттық психика-менталитет өнер саласында ерекше көрінеді, өйткені өнер адамдардың өз айналасын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін, біртіндеп қалыптасатын халықтың эстетикалық талғамдарын көрсететін қоғамдық сананың бір формасы. Ш.Уәлиханов этникалық мәдениет ескерткіштері тек көркем шығарма ретінде ғана емес, сондай-ақ тарихи алынған көркем ақпарат ретінде олар халықтың ақыл-ойының дәлелі болып табылады деп көрсетеді.
  2. ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
  3. Әр ұлттың тарихында  үздік шығатын ғажайып таланттар болады.   Ғасырлар  санап та, әйтеуір ұзақ сағындырып дүниеге келетін ондай  перзентін қазақ халқы  біртуар деп атайды. Қазақ халқының ой дүниесінде аз жасап, көп іс тындырған Шоқан Уәлиханов халқымыздың сондай біртуар перзенттерінің бірі. Халқымыздың дара туған ұлы Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырдың тұңғыш ғалымы, ғажап ақыл – ойшылы, зор талантты  дүние жүзі ғылымында  өзіндік үлкен орны бар ірі тұлға. Барлық ғұмыры нысаналы, тағдыры - мұхиттың дәмін білуге болатын тамшыдай еді. Жарқ ете қалған бейнесі әлі де болса  ұрпақпен үндесе бермек. Өз заманында жарқырап шыққан ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұралары – тарих, этнография, география, бейнелеу өнері, әдебиет, фольклор, нумизматика және археология саласындағы еңбектері  Азия халықтарының өмірін зерттеуде аса құнды  дүниелер болып есептеледі.
  4. Дегенмен де, қазақ халқының ұлы ғалымы, ойшылы Шоқан Уәлиханов сынды ардақты адамдардың мағыналы өмірі мен мазмұнды мұрасына қатысты көптеген жайлардың жұмбақ сырлы мәлімсіз жақтары бар екендігі де дәлелді шындық.
  5. Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын ең алғаш кең зерттеген отандық ғалым.
  6. Ғалымның көптеген шығыс, батыс халықтарының тілдерін білуі әр түрлі қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра зерттеуге, тарихи шындықты ашуға кең мүмкіндіктер туғызды. Шоқан өз ойларын дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Абылғазының «Түрік шежіресі» атты белгілі кітабына жүгінеді. «Түрік шежіресін» толықтыра түсу мақсатында ол «Қазақ шежіресі» еңбегін жазады. «Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны ... күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз – орыс жылнамалары біздің сөзімізді растайды» - деп баяндайды да, сол кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін шежірелермен салыстырады.
  7.  Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін: шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шыңдағанын, аңыз-әңгімелерде, мақал-мәтелдерде, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын билер сөзін халық ұйып тыңдайтынын, ол нақты сөздер өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған. Зерттеуші тарихи аңыздарды тарихи деректердің жаңғырығы деп білген. Оның танымдық мағлұматтарын ғылыми еңбектерінде шебер пайдаланған. Ауызша айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан.
  8.  Тарихи аңыздарда айтылған Шыңғысхан, Александр Македонский,. Тоқтамыс, Әмір Темір сияқты адамдардың өмір сүрген дәуірлеріне барлау жасаған ойшыл өз зерттеулерін Геродот жинаған тарихи аңыздармен салыстыра қарайды. «Профессор И.Н.Березинге хат» деген еңбегінде ол Тоқтамыс, Орақ мырза, Ер Көкше, Ер Қосай туралы аңыз-дастандарды, Көшім, Орысханға қатысты аңыздарды жіліктеген, сөйтіп қазақ халқының арғы тарихына үңілген.
  9.  Шоқан көшпелі монғол және түрік тайпалары өздерінің отырықшы ағайындарына қарағанда өте көп білетінін, бұлардың аңыздары ертеде пайда болғанын дәлелдейді. Адамның ата-тегі туралы аңыздарды, шежіре деректерін, қырғыздардың арғы анасы жөніндегі аңыз мәліметтерін 1246 жылы монғолдардың Күйік ханына  барып қайтқан Плано Карпинидің мағлұматтарымен салыстырады, олардың түп-төркінің ұқсастығын көрсетеді.
  10.  «Аңыздардың өте маңызды бөлімі шежіре жөніндегі аңыздар болып табылады, - деп аңыздың бұл түрін Шоқан аса жоғары бағалаған. Ру тұрмысы осы аңыздарға негізделген... Бұл жөніндегі аңыздардың маңызды болатын себебін – олар бір халыққа жататын руларды және халықтың құрылуын анықтайды. Қазақтардың, өзбектердің және ноғайлардың шежірелеріне қарағанда олар Алтын орда мен Шағатай ордасы құлағаннан кейін, түріктер мен монғол тұқымдарынан құралған одақ екендігі байқалады».
  11.  Ғалым өзінің «Жоңғар очерктерінде» халық аузындағы нақыл сөздерді зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпын айқынырақ жазған: «ескі нақыл сөздерге бай келу Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып табылады. Ондай нақыл сөздер: не ру ескерткіші ретінде, мәселен заң, ғұрып аңыздары ретінде қариялар аузында қаиеттеліп сақталып отырады, не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырады».
  12. Аңыздарда әр қырынан көрінетін, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ тарихи тұлғалардың бірі, ұлы бабамыз Қорқыт Ата туралы Шоқан Уәлиханов қысқа болғанымен мәнді, мағыналы мағлұматтар келтіреді. Әр халықтың жазба мәдениеті, ауыз әдебиетінің үлгілері жайлы баяндағанда Қорқыт Атаның да көптеген халықтарға танымал бейне екеніне тоқталады. «Жоңғар очерктерінде» Қорқытқа  байланысты ертегі, жырлар территориялық және тіл жағынан жақын халықтардың әдеби, мәдени бірлігін нығайтуға септігін тигізетінін айтады.
  13. 1855—1856 жылы қыста Шоқан өз қызметін атқарумен бірге Қазақстан мен Орта Азияның тарихы жөніндегі әр түрлі түпнұсқаларды зерттейді, қазақ хандары мен сұлтандарының тегі, генеологиясы туралы кесте жасайды. Ұлы жүз қазақтарынан жинаған мақал-мәтелдерін орыс тіліне аударады. Ұлы жүзді басқарудың жаңа құрылымының жобасын жасауға көп күш және уақыт жұмсайды.
  14. Ш.Ш. Уәлиханов 1857 жылы 1 ақпанда, орыстың көрнекті ғалымдары   П.П. Семенов-Тянь Шанский және Е.И. Лабанскийдің бастамасымен Орыс география қоғамының толық мүшесі  болып сайланды.  Олар  жазған кепілдемеде былай делінген:  «...Ыстық көлдің шығыс жағалауына саяхат жасап, онда қырғыз даласы туралы бай географиялық, этнографиялық    және тарихи материалдар жинаған поручик... Шоқан Уәлиханов императорлық Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайлануын жөн көрдік».
  15. Шоқанның нағыз болмыс-бітімін оның өзі жазған еңбектері айқын танытады. Ғалымның туған жер тарихы, көне шежірелер, халық тағдыры, сахара көшпенділерінің өткен дәуірдегі мәдениеті туралы зерттеулерін, баға жеткісіз саяхатнамаларын оқып отырғанда сан-салалы білімді, кең танымға ие зерделі жанға кезігеріңіз хақ. Шоқанның «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты қолжазбалары, «Жоңғар очерктері», «Қашқар сапары жайлы» жазғандары жиырмадан жаңа ғана асқан жігіттің қаншама үлкен істер атқарғандығын жарқырата ашатын, аса бағалы еңбектер.
  16. Шоқан этнограф ретінде халықтардың рухани және материалдық мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты.
  17. Шоқан Уалихановтың ғылыми шығармашылығы Орталық Азияда жасаған экспедицияларының барысында жинақталған бай тарихи – этнографиялық материалдардан тұрады. Оның мақалалары, очерктері, күнделік жазбалары көшпелілердің тұрмысын, олардың әдеп – ғұрыптары, аңыздары мен өлең – жырларын сипаттап мазмұндайды. Осы жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыты этнография болды. Барлық экспедицияларда Шоқан Уалиханов барған елдерінің жергілікті халқын ден қойып зерттейді. Орта Азия мен Қазақстанның халықтарын зерттеу арқылы Шоқан Уалиханов сол кездегі тек тұрмыстық санадағы ғана емес, сондай-ақ ғылыми ортада орын алған түсініктерді жоққа шығаруға ұмтылды.
  18. Шоқан әдеби мұрамыздың өткен жолын, келешек ұрпаққа берер тағылымын жоғары бағалады. Халық ауыз әдебиетін құнды мұра деп біліп, қазақтың аңыз -  әңгімелері мен  жырларының және күйлерінің түр тамырына, тарихи  кезеңдерге, оқиғаға байланысты құрылатынына зер салды. Фальклорлық материалдар оған  халықтың рухани байлығын зерттеп білуде зор жәрдемін тигізді.
  19. Халқымыздың ғасырлар бойы арындай таза сақтап келген қымбат мұраларының   озық үлгілерін, фальклорымызды  әдейі бұрмалап теріс түсіндіруді мақсат еткен арам ниеттілерге батыл наразылық білдірген Шоқан өзі бас  болып, оның  шынайы мәнін түсіндіруге құлшына кірісті. Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде деген мақаласында Шоқан “жыр”, “жылау”, “қайым”, “қара өлең”, “өлең” сияқты халық поэзиясының барлық формаларына сипаттама береді. Барлық далалық жырлар  қобыздың сүйемелдеуінде  тақпақтап айтылады. Негізінен,  жыраулардың мазмұны бұрында  өткен халық батырларының өмірі мен  қаһармандық іс - әрекеттері болып келеді. “Едіге” жыры XIV ғасырдың соңындағы оқиғаларға қатысты,  бұл Шоқан Уалихановтың ойынша, қазір жоқ ескі сөздер мен сөз тіркестері құбылысымен  дәлелденеді, мұнда парсы немесе араб тілдерінен алынған бірде – бір сөз жоқ. Ш.Уалиханов Едіге батыр туралы  халық жыры, жыр кейіпкерлерінің  тарихилығы, өмір сүргендігі жайлы болжамын бекітеді деп жазады.
  20. Шоқанның ғылыми мұрасы әлі де жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл үшін Шоқан Уәлихановтың білімінің әр түрлі саласына — археологияға, нумизматикаға, лингвистикаға және т. б. салаларға қосқан үлесін анықтайтын арнаулы нақты зерттеулер қажет. Егер біз қазақ ғалымынын, отандық және дүниежүзілік шығыстану ғылымына қосқан үлесін қысқаша топтап айтуға тырысатын болсақ, онда бұл баға мен қорытындының толық және түпкілікті екеніне емеурін артпай-ақ, мыналарды айтуға болады: Ол Жетісу, Қырғызстан, Шығыс Түркістан сияқты ол кезде ғылымға мәлім емес елдер мен жерлерде болып, тарих, этнография, география, әдебиет, Орталық Азиянын бұл аудандарының саяси жағдайы бойынша бірегей әрі жан-жақты материал жинаған тұңғыш европалық ғалым болды. Ол жинап әкелген материалдар орыстың және дүние жүзінің ғылымында Орталық және Орта Азияның, Қазақстанның картасындағы «ақ таңдақтың» келемін азайтуға мүмкіндік берді.
  21. Шын мәнінде Шоқан Уәлиханов алғашқылардың бірі болып ғылыми айналымға тарихи түпнұсқалардың ғалымдарға бұрын беймәлім қабатын — қазақ және қырғыз эпостарын, аңыз-ертегілерін еңгізді, оларды жинап, зерттеуге ол өз өмірінің, едәуір бөлігін арнады.
  22. Сондай-ақ шығысты зерттеуші қазақ ғалымы Азияның түрік халықтары — қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар және басқа халықтар тарихының этногенез,   әлеуметтік құрылым, саяси жағдайы, шетелдік басқыншыларға қарсы ұлт-азаттық   қозғалысы   сияқты   бірсыпыра түйінді мәселелерін, Орта Азия, Шығыс Түркістан және Қазақстан халықтарының өміріндегі ислам дінінің рөлі туралы мәселені бірінші болып зерттеді.   Шоқан Уәлиханов бұл мәселелерді  көтеріп    қана    қойған жоқ,   сонымен   бірге жалпы алғанда тарих ғылымының сол кездегі даму дәрежесінің, атап айтқанда,   Азияның бұл өңіріндегі түрік халықтары туралы білімнің біршама төмендігіне, зерттеу тәсілдерінің жетілмегендігіне қарамастан, ол көптеген ғылыми мәселелер бойынша дұрыс баға бере алды.
  23. Шоқан Уәлиханов   қазақ   халқының санасы оянып, оның маңдайалды орыс және европалық мәдениетке иек артуына зор қызмет істеді. Баспасөз бетіндегі жарқын да жалынды мақалаларында және өзінің, омбылық және петербургтық достары мен таныстарының ортасындағы сөздерінде ол демократиялық   бағытта   маңдайалды   орыс жұртшылығының, ынта-ықыласын қазақ халқының мұң-мұқтажына аударуға, орыс және қазақ халықтарының достығын нығайтуға тырысты.
  24. Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы мол әрі әр алуан. Оның жеке еңбектері көзі тірісінің өзінде-ақ орыс және бірсыпыра европа тілдерінде басылып шықты. Ғалым өлгеннен кейін оның достары П. П. Семенов-Тянь-Шанский мен К. К. Гутковскийдің бастамасы бойынша Орыс география қоғамының  ғылыми советі Ш. Ш. Уәлихановтың еңбектерін жинап, әзірлеп басып шығару туралы шешім кабылдады.  «Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі және оның ғылыми мұралары» тақырыбы арқылы оқушыларға жеке адамды қалыптастыруға, рухани, адамгершілік, туған еліне деген сүйіспеншілік, халық дәстүрін қастерлеуге, шыншылдыққа, еңбекке, адамзаттық құндылықтарды түсіндіруге тәрбиелік мәнінің маңызы зор. Шоқанды зерттеу әдісі- шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілі білімді толық үйретіп меңгертуді мақсат етеді. Шоқанның өмірі тарихпен тікелей байланыста «Жарқ ете қалған бір бейне» болған ғалымның қысқа өмірінен жас  ұрпақтың үйренетіні  мол. Шоқан қазақ халқының рухани мұраларын зерттеген, мол  жырлар, сан аңыз-әңгімелер тудырған халқымыздың ақынгер талантты, қазақ поэзиясының аса сұлулығы мен  суреткерлігі, аңыз-жырдың тарихқа қатысты, эпикалық өнердің бітім - болмысы жайында алғаш рет кесек ойлар айтқан аса көрнекті ғалым. Дүниежүзі мәдениеті ордаларының бірінен саналатын Петербургты дүр сілкіндіріп,  «Ғажап ғалым», «Жас данышпан» атанған Шоқанға берілген бағалар биік, өте асқақ еді. Ұлы ғалымның рухани жан дүниесіне терең бойлаған сайын оның жаны сұлу жарқын бейнесі бұрынғыдан да биіктей түсті,  асқақтай түсінетіндігін  жас ұрпаққа түсіндіру парызымыз. Егемен Қазақстан Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу салиқалы ғылыми еңбектері арқылы өзінің шырқау биігіне көтеріліп отыр.  Әлемдік ғылым сол кезден-ақ түлеп келе жатқан жарқын талант жас дана деп танып, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның ғажайып зерттеушісі ретінде мүлтіксіз мойындаған болатын. Шоқан Уәлихановтың мұрасы – тарихтың қымбат асыл қазынасы. Ұлы Шоқанды қай қырынан да жан-жақты терең зерттей түсу - бүгінгі және кейінгі ұрпақтың ең  қасиетті  міндеттерінің бірі болып қала береді.

Информация о работе Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлар