Қазіргі заман психологиясында зерттелетін құбылыстар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 22:24, реферат

Описание

Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы – адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тарихи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерекшеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.

Содержание

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
Қазіргі заман психологиясында зерттелетін құбылыстар жүйесі.
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

қазіргі заман психологиясында зерттелетін құбылыстар жүйесі.doc

— 52.00 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

Қазіргі заман психологиясында  зерттелетін құбылыстар жүйесі.

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттер  тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым – психология (грек.-psiche, logos-ғылым) айналысады.

Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.

XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тіршілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда.

Психология пәні 1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам, 2) өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.

Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы – адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тарихи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерекшеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.

Психологияның негізгі  міндеттері:

- психикалық құбылыстарды  сапалық тұрғыдан зерттеу;

- психикалық құбылыстардың  қалыптасуы мен даму барысын талдау;

- психикалық құбылыстардың  физиологиялық тетіктерін зерттеу;

- психологиялық білімдерді  адам өмірі мен іс-әрекетіне  жоспарлы ендіруге жәрдем ету.

Психология салаларының  бәріне ортақ құбылыс – бұл  пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.

Қазіргі заманда психолгияның келесідей қолданбалы салалары: экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық, спорттық, өнер, басқару, менеджмент, т.б. – жедел де өнімді қарқынмен дамуда.

 

 

 

Психология - психикалық құбылыстардың  пайда  болу, даму және қалыптасу  заңдылықтарын  зерттейтін ғылым.

Психикалық  құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып  табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізде жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Психология  ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың  бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте  аз тиіп келді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр  сенім нанымдар мен  кейбір зиялылардың  көзқарастарында  насихатталып келген түсініктер бойынша  адамда  тәуелсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын жан  адамның барлық психикалык тіршілігінің (ойынын, сезімініқң, еркінін) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашкы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы   себеп болды. «Психикалык қүбылыстарды» төл тілімізде «жан қуаттары» деп алған макұл. Әл-Фараби, Абай еңбектерінде де осылай алынған. Әйтседе ретті жерінде «психика» терминін де қолданған артық болмайды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сикырлы куш бар, ал жан болатын болса, оның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уакытша шығып кетеді де, адам оянған кезде кайтып келеді, егер келмей калса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филлипины) тұрғындары тағалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді депті. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «локаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің,  ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап  ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

Психологиялық ғылыми білімдердің  тарихы екі кезеңге  бөлінеді. Оның біріншісі - шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832—1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.

Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын  және механизмдерін  зерттейтін ғылым. Психология алдында  тұрған теориялық  және тәжірибелік  міндеттердің көпшілігіне  байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің  даму барысындағы оның заңдылықтарын  оқытып - үйрету психологияның негізгі  міндеті болып табылады. Соңғы  онжылдық көлемінде психологиялық  зерттеулер шеңбері айтарлықтай  кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психологиялық мәліметтердің  басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін  қаншалықты шамада қолдануға құзырлы  екені, психологияның ғылымдар жүйесінде  алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің  даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің  жалпы философиялық бағытын айқын  көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы  білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі  орнын, психология сияқты өзгерткен  емес.

Психологияның жалпы  ғылыми білімдер жүйесіндегі  негізгі  қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін  белгілі бір қатынаста  талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы  бойынша зерттеуінің объектісі  адам болатын, барлық ғылыми пәндердің  интеграторы болып саналады. Белгілі  психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім  деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді.

Қандай күрделі  болса  да барлық психикалық құбылыстардың  материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша  байланыстар жүйесі атқарады. Осы  байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына  ықпалын тигізеді.

Сонымен, психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние  заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізде жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттердің тізімі:

1. Сəбет Бап-Баба (Бабаев). Психология негіздері: Оқу-анықтамалық қолданба. Алматы: Нұр-пресс, 2007. – 106 бет.

2. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.

3. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазіргі заман психологиясында зерттелетін құбылыстар жүйесі