Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 00:25, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі:
1.1.Қабілеттілікті дамыту, дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын жетілдіру
Негізгі бөлім
2.1.Қабілеттілік туралы теориялар, қазіргі уақыттағы зерттеулер
2.2. Нышан белгілерінің мен түрлерінің психологиялық ерекшелігі……………….................................................................................
2.3 . Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау маңызы мен ерекшелігі…………………………………………………………………….....
а) озық тәжірибеде бала қабілетін дамыту мәселесінің көріністері
ә)педагогикалық практикада бала қабілетін дамыту бағытындағы жұмыстарым...
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар

Работа состоит из  1 файл

Қабілет және нышан.doc

— 363.00 Кб (Скачать документ)


 

                                                          

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы:

Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары

                                                         

 

 

 

 

Жоспар

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі:

1.1.Қабілеттілікті дамыту, дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын жетілдіру

Негізгі бөлім

2.1.Қабілеттілік туралы теориялар, қазіргі уақыттағы зерттеулер

2.2. Нышан белгілерінің  мен түрлерінің психологиялық ерекшелігі……………….................................................................................

2.3 . Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау маңызы мен ерекшелігі…………………………………………………………………….....                

а) озық тәжірибеде бала қабілетін дамыту мәселесінің көріністері

ә)педагогикалық практикада бала қабілетін дамыту бағытындағы жұмыстарым...

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымша материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрбір бала бір жұлдыз-

                                           Жарқырауына көмектес!

 

Кіріспе

       Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.

       Курстық жұмысымыздың  өзектілігі: Қабілет – бір іс-әрекет орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті. Сонымен бірге іс-әрекетті берілген уақыт ішінде жүзеге асыру мүмкіндік беретін сапалар, мүмкіндік, білік, тәжірибе, шеберлік, талант т.б.

       Қабілеттілік (способность)- тұлғаның өнімді, табысты іс- әрекетті орындаудың шарты болатын индивидумдық – психологиялық ерекшеліктер.

Бір немесе бірнеше іс - әрекеттің түрін ойдағыдай орындаудың шарты болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетін қабілеттіліктер деп атаймыз.

       Қабілеттіліктер әруақытта да белгілі бір іс - әрекетті орындау тұрғысынан қарастырылады. Кез – келген қабілеттілік белгілі – бір істі орындауға бағытталады: оқу пәндеріне, еңбектің түрлеріне қабілеттік аңғартады. Мысалы, музыканттың қабілеттілігі тек жақсы музыкалық есту қабілетімен шектеліп қоймайды. Бір ғана құрастырушылық қиялдың болуы қабілетті инженер конструктор болу мүмкіншілігін қамтамасыз ете алмайды. Кез - келген іс - әрекетті ойдағыдай орындау қабілеттіктердің қиысып келуіне байланысты. Мұғалімге оқу материалын қызықты түсіндіру үшін ұйымдастырушылық қабілеттік, педагогикалық тәлім және көптеген басқа да қабілеттіктер қажет. 

Курстық жұмысымыздың тақырыбы бүгінгі күні өзекті мәселені қозғап тұрғанын байқатады     Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле берілмейді.

      Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті), дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.

Зерттеудің мақсаты.  «Балалар бойындағы қабілеттілігін жетілдіру жолдары мен оларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшелігін нақтылау, әрі жүйелеу.

Зерттеу обьектісі:  Мектептегі қабілетті оқушы балалар.

Зерттеу болжамы:  Балалар бойындағы қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, жасау, жүзеге асыру негізінде әр мектептегі дарынды оқушының интеллектуалдық ой- өрісінің артуына ықпалы зор болады. Егер мектептегі дарынды оқушымен жекеленген жұмыстар жасау негізінде Республика көлеміндегі қабілетті балалардың жан- жақты ашылуына септігін тигізеді .

       Қазір әртүрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Дамыған елдерде, сондай- ақ біздің мемлекетімізде де дарынды балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Әрі мұндай жобалар жасалып қолданылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Енді, біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше интеллект белгілері бар  және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын балаларға көңіл бөлу мектептердің көкейкесті міндеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

     Қабілеттілік туралы теориялар

          

       Психология ғылымында қабілеттілік жайлы әртүрлі теориялар қалыптасты. Кеңінен тараған теориялардың бірі – қабілеттіліктердің тұқым арқылы берілетіндігі, адамның туа біткен психикалық ерекшелігі туралы теория. Идеалистік философияның атасы. Платон қабілеттіліктер туа біткен қасиеттер деп тұжырымады.

       Ал ХҮІІ ғасырда Декарттың еңбектерінде туа біткен идеялар туралы ілім ретінде қарастырылады.

       Ғылыми психология қабілеттіліктердің туа біткендігін жоққа шығарады.

       1875 жылы ағылшын антропологі әрі психологі Ф. Гальтон «Таланттың тұқым қуалауы, оның заңдары және салдары» атты кітабын жариялады. Ол еңбегінде тарихқа  белгілі адамдардың туыстық байланыстарын зерттей келіп, дарындылық тұқым арқылы берілетіндігін дәлелдемек болды. Бірақ Гальтонның тұжырымдарында ғылыми негіз болмады. Гальтонның материалдары бойынша бірден-бір жасауға болатын қорытынды белгілі, бай және білімді адамдардың отбастары интеллектуалдік еңбекпен айналысу үшін қажетті сапаларды дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыратындығы туралы айтқан ойларын атауға болады.

       Гальтонның зерттеуі бойынша атақты композитор Бахтардың отбасында, мысалы, музыкалық талант алғаш рет 1550 жылы аңғарылды және бес ұрпақтан кейін ұлы композитор И.С. Бахта талант ерекше аңғарылды.Бахтардың отбасынан 60 –қа тарта музыкант шықты, оның ішінде 20 – сы ұлы музыкант болды.

       Осыдан кейбір жалпы қорытындылар жасайтын болсақ, көп жағдайда ұлы адамдардың тұқымдарын зерттеу биологиялық тұқым қуалауды емес, әлеуметтік жағдайлардың қабілеттіліктерді дамытуға қолайлы әсер ететіндігін аңғаруға болады.

       Сонымен қатар Бахтардың отбасының үлгісі музыкалық нышандардың тұқым арқылы берілетіндігі туралы негіздің орын алатындығын ескерген жөн. Оларда бір ұрпақтан екінші ұрпаққа есту анализаторларының құрылымы мен іске асуының белгілі ерекшеліктері тұқым арқылы берілуі мүмкін.

       Ғалымдардың кейбір тұжырымдары бойынша:

●  Қабілеттіліктің проблемасы мына мәселелерді ескергенде шешіледі:

1.      Адамның толыққанды, патологиясыз, ауытқусыз тұқым қуалау мұраларының (нышандарының) болуы.

2.      Жан-жақты дамыған тұлға қалыптасу үшін жақсы әлеуметтік жағдайлардың болуы;

● Қабілеттіліктің жекелік-табиғи негізі бола тұрып, нышан-жағымды әлеуметтік жағдайлардың және белсенді өз іс-әрекеті болмаса қабілетке айнала алмай қалады.

● Ерте көрінетін жетістіктердің болмауы баланың қабілеттілігінің олқылықтығынан емес, дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен тәрбиенің болмауынан...

Тәрбие үш бастаудан негіз алады:

Табиғат – қоршаған адамдар – заттар.

Табиғат – адамның ішкі мүмкіншіліктерін, қабілетін, сезім мүшелерін; адамдар тәрбиесі – осы қабілеттер мен сезімдерін қолдана білуге үйретеді; заттар әсері оның тәжірибесін қалыптастырады, деп Жан Жак Руссо айтқандай,әртүрлі адамдардың өмірін бақылай отырып, олардың жұмыстағы жетістіктері мен ерекшеліктерін салыстырып, адамдардың қабілеттіліктеріне қарай бір – бірінен ерекше айырмашылықтары бар екендігін аңғару қиын емес. Қабілеттіліктердің дара ерекшеліктері туралы мәселенің қоғамдық мәні зор. Қабілеттіліктердің ерекшеліктері мектеп мұғаліміне айрықша қызығушылық туғызады. Мұғалім шәкірттерге жаңа материалды түсіндірісін немесе білімін тексерсін, ол әркез тек қана шәкірттердің даярлығы мен тәртіптілігін ойлап қоймайды, сонымен қатар олардың қабілеттіліктеріне ерекше мән береді. Мектеп оқушылардың қабілеттілігі туралы олардың әртүрлі пәндері жеңіл меңгеруі және жетістіктерінің сапасы білуге болады. Қабілеттіліктердің ерекшеліктері тұрақты қызығуларына әсер етеді. Осы ерекшеліктерін білмейінше оқытудың және жекелеген шәкірттердің дұрыс дамуының жалпы жетістігіне жету мүмкін емес.

       Мектепте бір оқушы ойының ұшқырлығымен ерекшеленсе, екіншісі – техниканы жақсы біледі, үшіншілері – поэтикалық шағармаларды жақсы қабылдауымен, төртіншілері – тірі табиғатты бақылағыштығымен ерекшеленеді. Осы қасиеттердің көбі белгілі бір оқушыда анық байқалуы мүмкін.

       Іс - әрекеттте табысқа әртүрлі психологиялық тұрғыдан түрлі жолдарымен жету мүмкін.

       «Қабілеттілік» ұғымын тәжірибеде қолданғанда 3 белгісін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден, қабілеттілік дегеніміз – бір адамды екінші адамнан ерекшелейтін дара психологиялық айырмасы.

       Екіншіден, қабілеттілік деп кез – келген жалпы, дара ерекшеліктер емес, тек қана қандай да болмасын іс - әрекеті жемісті орындауға қатысы барларын атаймыз.

       Қабілеттіліктің дамуында табиғи, биологиялық факторлардың рөлі қандай? Көптеген шет ел ғалымдары адам қабілеттілігі тұқым арқылы берілетін, туа біткен қасиет деген көзқарасты жақтайды. Олардың дәлелдеуінше, қабілеттіліктің түрі және оның деңгейі туғаннан берілетіндігі алдын – ала анықталған. Ғылыми психология бұл қате көзқарасты сынай отырып, қабілеттіліктердің дамуының табиғи алғышарттары ретінде табиғи, биологиялық факторлардың белгілі дәрежеде рөлін мойындайды, жоққо шығармайды. Осындай қабілеттіктер дамуының табиғи алғышарттары нышан деп аталады.       Қабілеттілік түрлері: жалпы және арнаулы қабілет.

       Жалпы қабілеттіліктерге жеке тұлғаның қасиеті ретінде бақылағыштық жатады. Сонымен қатар жалпы қабілеттілік байқалған адамдар әртүрлі іс - әрекетпен ойдағыдай айналыса алады. Мәселен, жалпы қабілеттілікті меңгерген мектеп оқушылары көп жағдайда барлық пәндерден жақсы оқиды.

       Арнаулы қабілеттілік қандай да белгілі бір іс - әрекетті ойдағыдай орындауға мүмкіншілік жасайды. Математикалық, техникалық, әдеби, музыкалық, бейнелеу өнері саласында және тағы басқа қабілеттік қалыптасуы мүмкін.

       Қабілеттіліктердің бұл екі негізгі түрінен басқа үшінші түрін – практикалық іс - әрекетке қабілеттілікті ерекше атауға болады. Бұл түріне құрастырушылық – техникалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық қабілеттіліктер жатады.

дамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.

Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.

Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.

Міне, сондықтан қабілетті адамның басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.

Сөйтіп, қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке жетуді қамтамасыз ететін жеке адам қасиеттерінің синтезі деп анықтауымызға болады.

Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте творчестволық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.

2. Қабілеттің әрқайсысының құрылымы бар, ондағы басты және жетекші қасиеттерді айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің тірек қасиеті әрекет үстінде дамып жетілетін көру анализаторының жаратылысынан ритмді, бояуды, жарық пен көлеңкені, форманы, пропорцияны, сызықтарды (линияларды) жоғары дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының сенсомоторлық сапалары да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те жатады. Жетекші қасиеттерге көркем творчестволық қиялдау қасиеттері жатады. Солардың арқасында өмір құбылыстарындағы негізгі, елеулі нәрселер көзге түседі, жалпылау және типтендіру жүзеге асады, тың композиция жасалады. Белгілі бір эмоциялық күй және қабылданатын, суреттелетін құбылысқа деген эмоциялық қатынас осындай қабілетке қажетті фон міндетін атқарады.

Информация о работе Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру жолдары