Девиантты мінез – құлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 12:48, реферат

Описание

Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құлыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру-девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез құлық деген атқа ие болады. Бұл екі мән де социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады. Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа жатады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім
Девиантты мінез – құлық категориялары
Тренинг жаттығулары
Девиантты мінез – құлық

Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Девиантты мінез- қүлық.doc

— 74.00 Кб (Скачать документ)

 Соынмен, сұрақтаманың  нәтижелері бойынша әрбір оқу  тобының оқушытары шартты түрде  келесі топтардың біріне жатқызылды.

1. «Жұлдыздар» - алты  және одан көп таңдауға ие  болған оқушытар;

2. «Қалаулылар» - үш-бес  рет таңдалынған оқушытар;

3. «Қабылданғандар». Бұл  белгілі-бір критерий бойынша  бір-екі адам таңдаған оқушытар;

4. «Қабылданбағандар» - берілген критерийлер бойынша ешкім таңдамаған оқушытар.

 Социометриялық зерттеу  10 және 11 сынып оқушыларның арасынан  айқындалған «қиын оқушылардың»  екі тобында (1-а, 1-б) тренингке  дейін және тренингтен кейін  жүргізілді. 1-а тобын біз бақылаушы  топ ретінде, 1-б тобын, әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргізілген, эксперименттік топ ретінде алдық. Тренингке дейінгі оқушылар бөлу бойынша жалпыланған мәліметтер 1-кестеде көрсетілген, оған сәйкес тренингке дейін зерттелушілердің арасында бәрінен де «қалаулы» оқушылар көп болды және «қабылданбағандар» бәрінен аз болды.

 

 Кесте 1 – Тренингке  дейінгі оқу топтарындағы оқушылар  алған таңдауларына сәйкес бөлу 

 

 Топтар Оқу топтары 

1-А (БТ) 1-Б (ЭТ)

1-кр 2-кр 3-кр 1-кр 2-кр 3-кр 

 Жұлдыздар 2 1 1 7 4 8

 Қалаулылар 12 9 10 11 13 11

 Қабылданғандар 6 10 9 6 10 9

 Қабылданбағандар 0 0 0 5 2 1

 Барлығы 20 20 20 29 29 29

 

 Кесте 2 – Тренингтен  кейінгі оқу топтарындағы оқушылар  алған таңдауларына сәйкес бөлу 

 

 Топтар Оқу топтары 

2-А (БТ) 2-Б (ЭТ)

1-кр. 2-кр. 3-кр. 1-кр. 2-кр. 3-кр.

 Жұлдыздар 4 0 3 5 4 3

 Қалаулылар 12 14 12 8 8 10

 Қабылданғандар 10 14 11 4 5 5

 Қабылданбағандар 4 2 4 1 1 0

 

 Сөйтіп, дамытушы тренингті  өткізу нәтижесінде зерттелушілер  келесі тұлғалық қасиеттерге  ие болғаны анықталды: ашықтық,  қарым-қатынасшылдық, адамдарды сүйетін және біршама еркін, бейқам, жарқын жүзді, көңілді, көпшіл, қуатты, қажетті шешімдерді өзбетінше қабылдай алатын, өз-өзіне сенімді, тапқыр, белсенділік. Сонымен қатар, мұндай психологиялық тренингтер эмоционалдық тұрақтылықты жоғарылататыны анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Девианттық мінез-құлық

 

Әлеуметтенудегі девиантты  мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль  Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру  үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.

 Ал, Роберт Мертон  мінез-құлық ауытқушылығының себебін  қоғамның мәдени мақсаттары мен  оған жетудің әлеуметтік мақұлданған  жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.

 Девиантты мінез-құлықтың  сыртқы физикалық жағдайларына  климаттық, геофизикалық, экологиялық  факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б  жағдайлар үрей туғызып агрессивті  және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

 • қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік  саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат  құралдары, т.б.);

 • тұлға бар  әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);

 • микроәлеуметтік  орта (отбасының өмір стилі және  деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас  типі, отбасындағы тәрбие стилі,  достар, басқа да маңызды адамдар).

 Девиация бірнеше  типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

 Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

 Девиацияның екінші  түрі - делинквентті мінез-құлық.  Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

1. Агрессивті-зорлаушылық  мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға  көрсетілетін дөрекілік, төбелес,  күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз  іс-әрекеттерде көрініс береді.

2. Ашкөздік мінез-құлық  (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

3. Наша сату және  тарату.

 Криминалды мінез-құлық  заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған  қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

 Девиацияның негативті  формалары әлеуметтік патология  болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң  бұзушылық және қылмыскерлік. Олар  жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға  және ең бірінші өздеріне үлкен  зиян келтіреді.

            Пайдаланған әдебиеттер

 

 1. Кон И.С . Психология ранней юности. Москва 1989.

2. Змановская Е.В. Девиантология М., Академия, 2003 г

 3. Захаров В.П., Хрящева Н.Ю. Социально-психологический тренинг.- Л.:

 Изд. ЛГУ. 1990.

 4. Рахметов Қ.Ж,Болатова А.Н,Исмағамбетова З.Н «Социология»

 5. Ж.Икенов «Әлеуметтану негіздері»

 6. Регионы Казахстана в цифрах. Краткий статистический словарь


Информация о работе Девиантты мінез – құлық