Ерік туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 10:06, реферат

Описание

Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады. Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да – адам еркінің бір көрінісі.

Содержание

Кіріспе
1.Ерік туралы түсінік.
1.1Еріктің физиологиялық негізі.
1.2Еріктің амал кезеңдері.
2.Ерік сапаларын қалыптастыру.
3.Ерік-жігерді тәрбиелеу
Қорытынды
Негізгі әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Ерик туралы угым.docx

— 44.93 Кб (Скачать документ)

Ғылым бұл  теорияның маңызын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, оны математикалық  электронды есептеу машиналарына да бейімдейді. Бұл теория көптеген проблемалық  мәселелердің тетігін табуға, соның  ішінде тәуекел проблемасының дәрежесін  зерттеуге де пайдаланылуда. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, шешімдердің  бөліну теориясы адамдар мен ұйымдардың күрделі мәселелерді тиянақты шешіп  отыруға ұйытқы болатынын ерекше атайды. Сондықтан бұл теория өндіріс  орындары мен шаруашылық мекемелерінде, ғылыми бірлестіктерде және мемлекеттік  орындарда, жоспарлаушы ұйым істерінде  кеңінен қолданылады.

Әрине, адам белгілі шешім қабылдап, оның жүзеге асыру жолдарын жоспарлап алғанымен, көптеген обьективті, кездейсоқ т.б.қиыншылықтарға ұшырайды. Мұндай жағдайда қолайлы  жағдай туғанша, адамның өзі қабылдаған шешімін қоя тұруына тура келеді. Дегенмен, осы шешімді жүзеге асыру  оның көкейтесті мәселесі болып қала береді. Осы жағдайға орай адам енді барлық ерлік-жігерін өзі көксеген ісін орындауға жұмылдырады. Осы  кезеңде кездескен қиыншылықтарды жеңу үшін адам стрестік жағдайға ұшырауы  да мүмкін. Алайда, қажеттілігін қалайда  орындау үшін ол оған барлық саналы еркін бағыттайды. Күш салуда адам: а) мақсатына жете алмағанына қайғырады, уайымдайды, бұл – мінездегі ерікті әрекеттің көрінісі:  ә) іштей  ойланып, бойын мақсатына жетуге деген борыштық сезім билейді, ал борыштық сезімнің күшеюі – азаматтық  сапа. Дегенмен, адамның уайымы жекеменшіктік  сезім мен қоғамдық мақсаттың  арасында ауытқу тудырады. Сөйтіп, бұл жердегі ниет күресі адамның осы екі бағыттың қай жағына қарай ауытқитындығын анықтайды.

Ерік  – қайратының күшеюі мен талпыну  тек шешім қабылдау барысында  ғана емес, оны орындау кезінде  де әр түрлі ауытқу мен уайымға  ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Мысалы, талапкердің күндегі әдеті бойынша  серуендеуге шықпай, режимін бұзып,  емтиханға даярлануы. Алға қойған мақсатқа жету үшін адам өз мінезіндегі бұрыннан қалыптасқан мүддесін, сенімін өзін-өзі  бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін  талдап, оларға бақылау жүргізе білуі  керек. Мұндай әрекет адамның еркін  білдіретін психологиялық сана болып  табылады.

 

2. Ерік сапаларын қалыптастыру.

Адамның іс-әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әр түрлі. Біреулердің еркі – жігерлі, берік, табанды. Енді біреулердікі сылбыр, ынжық, жуас, тартыншақ жоспарлаған  ісін аяқсыз қалдырады. Сөйтіп, әрбір  адамның өзіне тән ұнамды және ұнамсыз ерік сапалары бар.

Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық, өзін-өзі меңгере алуы мен ұстамдылығы. Дербестік –  белгілі істі, мақсатты орындауда  бөтен адамдардың жетегінде кетпей, өз білімімен, жігерлігімен, сенім-қабілетімен  шешуге тырысу. Бұл – ерікті қасиеттің  кемелденген түрі. Бұған қарсы  ұнамсыз түрі - өзгенің сөзіне еріп, иланғыштығы. Батылдық – адамның  шешімді батыл қабылдап, ауытқу дегенді  білмеуі. Істеген жұмысын дәйектеп, оны жүзеге асыруы. Батылдық ерлікпен байланысты. Еріктің бұған керісінше  ұнамсыз түрі – тартыншақтық. Табандылық – қабылдаған шешімді жүзеге асыру  үшін ұзақ уақыт бойы жігерлілік таныту. Бұл сапаға қарама-қарсы ұнамсыз  сипат – қасарысушылық, қиқарлық, ынжықтық. Адамның өзін-өзі билеуі ұстамдылық, сабырлылық арқылы байқалады. Бұл – еріктік қасиетінің жоғары сапасы. Мұндай адам өзін мақсатты ісін орындауға бейімдеп, өзіне талап  қояды. Кездескен қиыншылықтарды, жалқаулықты, қорқынышты т. б. жеңе біледі. Көңілі соқпаған қызықсыз істерге де өз бойындағы  күш-қуатын жұмылдыра алады. Еріктің  бұл сапасы адамның өзін-өзі тежеп, ашу-ызаға, күйгелектікке берілмеуіне  ықпал етеді.

Адам  еркінің ұнамды қасиеті – борыш  сезімі. Бұл өмір сүрудегі мақсат айқындығын көрсетеді. Адамның сол мақсатқа жетудегі құмарлық сияқты даралық ерекшелігін  қалыптастыруға көмектеседі. Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:  
– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.  
– педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.  
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.  
Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау жəне психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы – тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.  
Сонымен, тəрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс.  

 

3. Ерікті тәрбиелеу

Берілген  анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:  
«мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс» мəні- процесс нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін.  
«əлеуметтік процесс» мəні – тəрбие əрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі.  
«тұлға қалыптастыру» мəні – бұл тəрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, əкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті.  
«арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе» мəні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-əрекет процесінде қандай да жалғыз əдіс, тəсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нəтижесі тиімді болады.  
«тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері» мəні – тəрбие процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.  
Тəрбие процесінде ықпалдасты іс-əрекеттердің арқасында тəрбиеленуші ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тəжірибені игереді. Осыдан, тəрбиелеушінің басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті əрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тəрбие- бұл əрқилы іс-əрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тəрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық- іс-əрекеттік атауын алған. Оның мəні: адам барша əлеуметтік тəжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, əрі қызықтысын таңдайды.  
Тұлғалық – іс-əрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:  
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бəрінің негізі – ортақтасу (общение):  
- іс-əрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;  
- тұлға дамуы мен əлеуметтенуі.  
Гуманистік педагогикада тəрбие –көзделген мақсатқа жеткізуші тəрбиелеуші мен тəрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.  
Мақсат –адамның қол жеткізуі тиіс нəтижені саналық деңгейде алдын-ала ниеттеуі.  
Тəрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға икемдескен адам мұраты арқау етіледі. Тəрбие мазмұны, формасы, əдістері – бəрі де мақсатқа тəуелді. Тəрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын таңдауға жол ашылады. Жан-жақты əрі үйлесімді дамыған тұлға тəрбиелеу мақсаты ҚР «Білім туралы» Заңында бекітілген.  
Оның баптары:  
- тəрбие процесінің мазмұнын анықтайды;  
- тəрбие нəтижесінің шарттарын белгілейді;  
- педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;  
- тəрбие жүйесін толықтай айқындайды.  
Тəрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) жəне даралықты (жеке адамға арналған) болып бөлінеді.  
Тəрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-əрекеттердің ғана емес, бүкіл оқу–тəрбие процесінің де бірлік элементі ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны зерттеудің əрқилы əдістерін білу жəне олар негізінде тұлға мен ұжымды зерттеудің бағдарламаларын түзе алу қажеттіктері туындайды.  
Бір тəрбиелік жүйеде əрдайым бір тəрбие мақсаты көзделеді, ал мақсатқа орай орындалатын міндеттер (жалпы не нақты) көптеген болуы мүмкін. Тəрбие мақсаттары қоғамның даму қажеттерімен айқындалып, əлеуметтік жəне техникалық прогреске, қоғам, ересектер мен балалардың мүмкіндіктеріне тəуелді келеді. Тəрбиелік іс-əрекет нəтижесінде көрініс беретін көкейкесті мақсаттар : əр адамның даралықты дамуы жəне оның əлеуметтенуі, ал бұл өз кезегінде ақыл-ес, адамгершілік, əсемдік (эстетикалық), азаматтық, еңбектік жəне тəн-дене тəрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады.  
Тəрбие міндеттерінің шешімі тұлға мəдениеттілігінің негізін қалай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Адамның ерік сапалары мен еркшеліктері оның маңындағы өзге адамдар ықпалынан  бөлек, өз алдына мақсат қойып, іс-әрекеттерді  орындауы нәтижесінде қалыптасады. Ерікті әрекеттер үстінде адам өз еркін меңгеріп, өз бойындағы күш-қуатын қиын жұмыстарды орындауға, бастаған ісін аяқтап шығуға жұмсап, оларды қалайда  жүзеге асыра алады. Сөйтіп, өз еркін  шыңдап, қалыптастырады. Адамның ісі  мен міңез-құлқын меңгеруі және оның азаматтық қасиеттері ерікті қимыл-қозғалыстарынан  және істеген жұмыстарынан айқын  байқалады.

Адамның даралық қасиеттері барлық психикалық процестер ішінен еріктен анық көрінеді. Соған орай, адам өміріндегі аса  маңызды кезең - өзінің іс-әрекеттерін  бақылап, ерік-жігерін дамыта білу кезеңі болып табылады. Мұндай кезең –  адам өміріндегі елеулі бетбұрыс. Ол оның міңез-құлқындағы ұнамды әрі жағымды  сапаларды қалыптастырады.

Еркін тәрбиелеу  үшін адамға өз алдына ірі-ірі мақсаттар  қою міндетті емес, ұсақ-түйек нәрселерден  бастауға болады. Мысалы, темекіні көп  тартатын адам оның зиян екенін түсінеді де, тастап кетеді. Немесе студент бос  уақытын қалайда пайдалы істермен шұғылдануға жұмсайды. Ерікті әрекеттерді  дамыту үшін белгілі істі орындап, оған дағдылану керек.

Ерікті  дағдыландыру, не жаттықтыру дегеніміз  – адамның өзіне қызықсыз, тартымсыз  болып саналатын істерді де орындап  отыруға өзін-өзі көндіре алуы. Мұндай жүйелі әрекеттерде адам жалқаулық  пен нежарлықты, бытыраңқылық пен  алаңдаушылықты және ұқыпсыздықты да жеңіп, өзін-өзі мықтап қолға алады. Сөйтіп, ол өзінің ақыл-ойын саналы әрекетін ірі-ірі талаптарды және игі мақсаттарды  орындауға бағыттайды. Соның нәтижесінде  өзін-өзі билеп, өз еркіне иелік ететін дәрежеге жетеді. Адам өмірінде кездескен  істердің қай-қайсысы болса да орындап  отыру үшін іштей даярланып, кездесетін қиыншылықтардың бәрін де жеңіп  шығуға бейімделуі қажет.

Баланың ерікті әрекеті саналы тілек-талап  нәтижесінде шешімін тауып, орындалумен  ұштасып жатады. Баланың желігін  көрсететін талаптар өте ерте, оның эмоция – сезімімен сабақтас түрде  көрінеді. Екі жасқа толған бала ойын мен тәлім-тәрбие арқылы өзінің тілек-талабын түсінуге жарап қалады. Бірақ, олар әлі де саналы болып қоймайды, тек эмоциялық сипатты болады. Баланың саналы әрекетке қабілеті жаттығу  нәтижесінде біртіндеп дамиды.

Ерік  сапалары мектеп жасында, оқу, тәлім-тәрбие процестері барысында кемелденеді. Ерік тәрбиесінің мақсаты – баланың  бойында жағымсыз сипаттар көрініс  берсе, оларды тежеп, шегеріп, ұнамды бағытын  дамытып отыру. Ерік сипаттарын арман  қалыптастырады. Ойлау қабілеті дамыған  сайын бала әрбір нәрсенің мәнін  түсініп, мақсат таңдайды, ниет-тілек  таласын терең түсініп, шешімге келеді, түрлі әрекеттер жасайды. Отанды сүю, ата-анасы мен өзгелерді құрмет тұту баланың адамгершілік сезімін оятып, еркін дамытуға себепші болады. Ерікті тәрбиелеу оның жеке сипаттарын дамытумен шектелмей, оларды адамның меншіктік қасиетіне, даралық сапасына айналдыру мақсаттарын көздейді. Ерік тәрбиесі адам міңезінің қасиеттерін де қалыптастыруға тікелей ықпал етеді.

Еріктің ұстаздар мен тәлімгерлердің, ата-аналардың, жалпы, ересектердің міңез-құлқындағы жақсы сапалары өскелең ұрпаққа  қашан да үлгі-өнеге болмақ.

 

 

 

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1.Ә.Алдамуратов.Жалпы психология.-1996ж.

2.Қ.Жарықбаев. Жалпы психология.-2004ж.

3.Ф.Н.Гоноболин. Психология -1976ж.

4.К.Н.Корнилов. Психология. 1946ж.

5.В.В.Богословский. Жалпы психология.1980ж.

6.С.Балталы. Жалпы психология. 2003ж.

7.С.Балталы. Жантану негіздері.2002ж.

 

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Ә.Алдамұратов.”Жалпы психология”Алматы  1995ж.

2.Қ.Жарықбаев.”Жантану негіздері”Алматы 2000ж.

3.Р.С.Немов:”Психология кн-1”Москва 2000г.

4.С.Л.Рубинштейн”Основы общей психодогии”Москва 2003г


Информация о работе Ерік туралы жалпы ұғым