Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 23:23, реферат
Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады
Ерік туралы түсінік;
Әрекет-қылықтық реттелуіндегі ерік маңызы
Еріктің физиологиялық негіздері
Ерік
және оның қасиеттері.
Жоспар:
1. Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Әрбір жеке адамнық ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған бағындырып, өзінін жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-құлқы .мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.
Тарихта
болған белгілі адамдардың өмір жолына
назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын
орындау үшін орасан зор күш жұмсап, рухтанып,
қиыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын
көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың,
қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің
Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады,
Ел басына күн туған шақта туған жерге
деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік
қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух
берді. Олар ерлік пен батылдықтың"өшпес
үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида
етті. Бұл да — адам еркінің бір көрінісі.
2. Ерік – әрекет-қылықтың саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет қылық белсенділігін жұмылдыру. Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі – ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.
Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретінде танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шарттары, адамның қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр. Барша ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоциялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының жүйесіне тәуелді.
Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін құрайды.
Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:
-ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.
-тұрақтандыру
(стабилизирующая) – әрқилы
-тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.
Ерік әрекеттері қарапайым және күрделі келеді. Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен табысқа жететінін білсе, пайдаланады.
Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет:
- мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс;
- мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу;
- мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда болуы;
- сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін таңдау;
- мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау;
- қабылданған шешімді іске асыру;
- қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп беру.
Іс-әрекетті саналы реттеп беру үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б. Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді.
Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен қарастырайық:
- Ынталылық – бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы.
- Батылдық – бұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі белсенділігіне байланысты.
- Тартыншақтық – жылдам шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын білдіретін психикалық қалып.
- Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай. Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) құбылысының туындауымен байланысты келеді.
- Сенімділік – бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс-әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні ілгері анықтайтын да осы сана қалпы.
- Табандылық – психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда көрінетін сана қасиеті.
-Ұстамдылық
– біршама ерік күшін талап ететін
келеңсіз жағдайларды тежеуге қажет психикалық
қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз
эмоцияларды басуға жұмсалады.
3.
Еріктік мінез-құлық, еріктік
әрекеттердің физиологиялық
Сонымен, ми қыртысының қозғалыс учаскесінің мидың басқа учаскелерімен байланысы адамның саналы қимылдары мен әрекеттерінің алғы шарты болады. Бірақ мұндай байланыс мінез-құлықты еріктік реттеу механизмін толық қамти алмайды. Бұл жерде информацияның талдағыштан ми қыртысының қозғалыс учаскесіне өтуінің және ииформацияның қозғалысқа айналу мүмкіндігінің қарапайым жолы ғана көрсетіліп отыр. Ал адамға информацияны жинақтау және соның негізінде әрекет жасау тән. Оның үстіне ол сырттан алынған мағлұмат, білімдерді қорытып талдауға қабілетті, ал мұның екінші сигналдық көмегімен жүзеге асатыны белгілі. Екінші сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесіне қосылады да, ойын қызметін әлдеқайда күрделілендіріп жібереді. Мидың күрделі өрнегі тәріздес тұрақты және уақытша байланыстарды оңайлата қарастыратын болсақ, екінші сигналдық байланыстарды талдағыштардың ұштары мен мидың қозғалыс учаскесі арасындағы дәнекер буын дер едік.
Екінші
сигналдық байланыстар
Сонымен, екінші сигналдық байланыстар информацияның талдағыштан қозғалыс учаскесіне жылжудың бағытын өзгертеді. Бұл информация өте күрделі жолдан өтеді. Қимыл-қозғалыстың ырықты болуы бүкіл ми қыртысының жалпы жұмысының нәтижесі деп И. П. Павлов терең пікір айтты.
Сананың реттегіш жағы ретінде, ерік шартты рефлекстік табиғатқа ие. Уақытша нервтік байланыстар негізінде сан алуан ассоциациялар мен олардың жүйелері қалыптасып, нығаядыда, Арулардың өздері мақсатты мінез-құлыққа жағдайлар жасайды.
Ми дәл қазіргі сәтте, қай жерде не болып жатқаны жөнінде үздіксіз хабар алып тұрады. Бұл деректер қолма-қол әрекет программасына енгізіледі. Егер әрекет алдын ала белгіленген программамен үйлесіп жатса, онда әрекет барысына ешбір өзгеріс енгізілмейді. Егер ми қыртысында жасалынған программаға сай емес хабар келіп түсетін болса, не практикалық әрекет, не алдын ала жасалынған программа өзгеріске түседі. Сонымен осындай өзіндік ерекшелігі бар салыстыру механизмі программа мен оның негізінде өрістейтін әрекеттің сай келуі «күзетінде» тұрады.
Тәжірибе ерікті реттеуде ми қыртысының маңдай бөлігінің айрықша маңызы бар екенін көрсетіп отыр. Сәт сайын жүзеге асқан нәтиже мен алдын, ала жасалынған мақсат программасының салыстырылуы тап осы жерде өтеді. Маңдай бөліміне зақым келу абулияға (еріктің әлсіреу ауруы) әкеп соғады. Мінез-құлықтың еріктік реттелуінің рефлекстік табиғаты ми қыртысында қозудың оптималдық орны жасалуының алғы шарты. Оптималдық қозу орны — бұл ми қыртысындағы жұмыс орны. Ол адамның осы сәттегі негізгі іс әрекетін жүзеге асырады. Егер оқушы дене шынықтырумен шұғылданып жатса, қозудың оптималдық орны ми қыртысының қимыл-қозғалыс учаскесінің бір жерінде орналасуы мүмкін. Егер оқушы көрме экспонаттарын қарап жүрген болса, онда мұндай орын көру учаскесінде орналасқан деп жорамалдауға болады.
Бірақ қозудың оптималдық орны дәл қазіргі сәттегі әсер етуші тітіркендіргіштен ғана тумайды. Ол бұрын алған әсерлер негізінде де пайда болады. Мысалы, мектеп оқушысы газеттен конкурстік есепті көрді делік. Алғашқыда бұл есеп бір рет қана әсер еткен тітіркендіргіш болды. Үйге келген соң, оқушы ойланды да есепті шығарып көрді. Бұл оптималдық қозу орны жасалғанын дәлелдейді. Егер оқушы есепті шығаруын жалғастыра берсе, бұған бірнеше күн жұмсаса, онда қозудың біршама тұрақты оптималдық орны пайда болғаны. Демек, әрекет мақсаттарын қамтитын бейнелердің, ойлардың негізінде тұрақтылығы кептеген объективтік және субъективтік себептерге тәуелді оптималдық қозу орны жатады.
Мінез-құлықтың
еріктік реттелуінің жалпы
Тест сұрақтары:
1.Ерік дегеніміз:
А. адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті;
B. Мидың тіріркенуді қабылдайтын бөлігі;
C. Эмоцияның бір түрі
D. Адам бойндағы мінез түрі
2. Ерік әрекеттері кандай болып келеді?