Қиялдың анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 07:58, реферат

Описание

Ойлаудың негізгі қызметі - заттар мен құбылыстардың мәнін, олардың арасындағы заңды байланыстарды тану. Естің негізгі қызметі – бұрынғы тәжірибені сақтау. Қиялдың мәні осы тәжирбені құлпыртып қайта құруда. Қиялда жеке тәжірибе немесе адамзат тәжирбесі негізінде субъективті немесе объективті жаңа нәрсе жасалынады.

Работа состоит из  1 файл

Қиялдың анықтамасы.docx

— 13.24 Кб (Скачать документ)

Қиялдың анықтамасы 

Ойлаудың негізгі  қызметі - заттар мен құбылыстардың  мәнін, олардың арасындағы заңды  байланыстарды тану. Естің негізгі  қызметі – бұрынғы тәжірибені сақтау. Қиялдың мәні осы тәжирбені  құлпыртып қайта құруда. Қиялда жеке тәжірибе немесе адамзат тәжирбесі  негізінде субъективті немесе объективті жаңа нәрсе жасалынады. 
Қиял – бұл елестерді қайта құру және салалардың негізінде бейнелер қалыптастыру, оның жүзеге асыуы жаңа материалдың және рухани байлық жасауға әкеледі, қиял сондай-ақ өмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген объектінің бейнесін жасау. 
2. Қиял процесінің физологиялық механизімдері. 
Қиял физологиялық механизімдері өте күрделі және олар былайша сипатталады . Үлкен ми сыңарлары қыртысының негізгі қызметі-өткен тәжербиелер жинақталатын уақытша байланыстар жүйесін құру. Бұл тәжірибе адамның дүние туралы елестері мен білімдерінің жиынтығынан тұрады. Уақытша байланыстар жүйесі құбылмалы- ол өзгереді , толықтырылады және қайта құрылады . 
Қиял беинелерін қалыптастыру міндітті түрде миқыртысының сөз функциясының қатысуы арқылы өтеді. Қиял бинесінің бәрі сөз арқылы қалыптасады және айқындыққа , мазмұнға ие болады. 
3. Қиялдың маңызы  
Қиял басқа психикалық процестері мен табиғи байланыста . С.Л.Рубинштейннің ойынша, дүниені өзгетуге қандайда болса қатысы бар ой, әр сезім, кез келген еріктік әрекетте қиялдың элементтері бар. Қиялтипті беинелендірудің адамның қабылдауы түріндегі формасына да енеді. 
Қиял ой тасқынына қосылып, оған секзімдік бейнелер әкеп енгізеді . Ойдың мазмұны мен байлынысты елестер болмаса, адам ой қиындығына ұшырайды. 
Қиялдың тек танымдық және практикалық қызметте ғана емес, сонымен бірге адамның бүкіл рухани өмірі жүйесінде оның объективті өмірді бейнелендіруінің барлық түріндегі ролі зор. Ол ол ма, адамның өмір жолы, жеке басының дамуы, оның индивидуалдығы жеке адамның іс-әрекетінің құрлысында және оның өмір салтына қиялдың қандай дәрежеде орын алатындығына елеулі түрде тәуеді. 
4. Қиялдың түрлері. 
Қиял бейнелерін әдетте екі түрге бөледі . Олардың біразы өмірде бар , бірақ адамның өмір тәжірибиесіндіе кездеспейтін нәрселер мен құбылыстардың бейнелері. Олар сөзбен суреттеу және адамда бар елестер мен білім негіздерінде жасалынады. Бұл қайта жасау қиялының бейнелері. Басқа бейнелер – қазіргі кезде жоқ объектілердің бейнелері . Арман қиялдың түрі. 
Қайта жасау қиялы. Қайта жасау қиялына СССР-дегі оқырман болмаған територия тундра немесе шал бейнелері мысал бола алады. Мұндай бейнелер синтездеу жолымен, яғни қарапайым елестерді күрделі тұтас бейнеге үйлестіру арқылы жасалады.  
Творчествалық қиял. Конструктр ойлап табатын машина бейнесі, жазушы тудыратын әдеби қаһарман бейнесі немесе сәулетшіні толғантып жүрген скульнтуралық топ бейнесі твочествалық қиялға мысал бола алады. Жаңалық, сопылық, қайталанбастық-творчествалық қиялдың елеулі белгігері. 
Армандар мен мұраттар қиялдың ерекше формалары. Адам аңсаған болашағын алдын-ала қиялдап тамашалайды. Болашақта аңсау арман деп аталады. Онда қоғам өмірдің аңсауға байланысты өзгеруі көрініс береді. Мұрат – адамның өзін-өзі қалыптастыру жолында жетуге талпынатын нысанасы. Арман мен мұрат мазмұны адамның өмір сүрген дәуірі, оның өмір салты және қоғамдық өндіоістегі орнымен анықталады. Олар мәңгілік және өзгермейді.  

Информация о работе Қиялдың анықтамасы