Этнопсихология туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 19:09, реферат

Описание

Этнопсихология қазіргі психология ғылымының жас салалaрының бірі. Ол адам психологиясының этникалық ерекшелігін, ұлттық мінезін, этностық сана – сезімінің қалыптасу заңдылықтарын, этникалық стреотиптерді тағы басқа зерттейді.
Елімізде қазақтармен бірге жүзден астам ұлт өкілдері тұрады, бұлардың бір-бірінен ұлттық айырмашылықтары болатыны белгілі. Қоғам өмірін тануда этнопсихологиялық факторлар үлкен мәнге ие.

Работа состоит из  1 файл

Этнопсихология туралы жалпы түсінік.doc

— 40.50 Кб (Скачать документ)


                Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

                                 «Қайнар» (Семей) Университеті

 

 

 

 

 

СОӨЖ

  Тақырыбы: Этнопсихологияның теориялық негіздері

                                        

 

                               

                                     

                                                                       Орындаған: Нурсеитова Кульзия

                                                              Топ: ИЯ-31                                                                                                                                                         

                                                              Тексерген: Баяхметова Г.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Семей, 2012

Этнопсихология қазіргі психология ғылымының жас салалaрының бірі. Ол адам психологиясының этникалық ерекшелігін, ұлттық мінезін, этностық сана – сезімінің қалыптасу заңдылықтарын, этникалық стреотиптерді тағы басқа зерттейді.

Елімізде қазақтармен бірге жүзден астам ұлт өкілдері тұрады, бұлардың бір-бірінен ұлттық айырмашылықтары болатыны белгілі. Қоғам өмірін тануда этнопсихологиялық факторлар үлкен мәнге ие. Іс-әрекеттің кез-келген саласында, атап айтқанда құқық органдары, қарулы күштер, заңтану, өнер мен медицина, білім беру мекемелерінің мәні ерекше. Егеменді еліміз үшін этнопсихологиялық білімнің әр түрлі мәселелері үшін осы ғылымды білуіміз қажет. Бұл ғылым студенттерге (бакалавриат, магистратура), отандық және алыс, жақын шетелдегі әр түрлі әлеуметтік мәселелердің ұлттық-психологиялық аспектілерін табуға көмектеседі.

Осы оқу бағдарламасында жалпы теориялық сұрақтармен қатар, Қазақстандағы ұлттық психологиялық мәселелерге байланысты аймақтық материалдар да көрініс тауып отыр. Ұлтаралық шиеленістерден сақтандырудағы этнопсихологиялық мәселелер, этнос аралық қақтығыстар мен ұлтаралық қарым-қатынастағы оң көзқарастар, мемлекеттік тілдің этнопсихологиялық астарлары тағы басқа осынау дәрісте қарастырылатын мәселелердің бір тобы.

Бағдарлама жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Ол арнайы курс түрінде Әл-Фараби атындағы ҚазМу, Абай атындағы АлМУ, Қазақстан Республикасы жанындағы Сыртқы Істер Министрлігі жанындағы Дипломатиялық Академияда апробоцияланған.

Этнопсихология туралы жалпы түсінік:

Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана  функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық  аспектілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері  М.Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған.

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос  бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар.

Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты-психологиялық-әлеуметтік стериотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды.

Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті  айтады, солайша санасыз жүреді, әр-кім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын  басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді.

В.Г. Крысько бойынша этнопсихология пәні - әртүрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ, бұл ғылым әр-түрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негізгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты.

Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы – күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттық психологиялық жиынтық - сәтті түрде талданатын анықтамаларға жатады,- дейді Г.М. Андреева.

Сондықтан этнопсихологияда бұл ұғымды ашатын эквиваленттерді табу жолдары қарастырылуда, өйткені ұлттардың психологиялық жиынтығы ұғымына синоним ретінде-ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім, ұлттық психология кіреді.

Нақты бір мазмұны бар этнопсихологиялық құбылыстардың құрылымы екі тенденция әсеріне ұшырайды. Бірінші-бұл құрылым элементтері жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысқан компоненттерден тұрады. Қандай да бір ұлттың мінез, темперамент, сезім, ерік және т.б ерекшеліктері. Екінші этнопсихологиялық феномендердің мазмұны мен формасын құрайтын адамдардың ұлттық мінезі, ұлттық психикасының жалпы және ерекше сипаттарын зерттеуді білдіреді.Бұл екі тенденция да өте күрделі.

Этнопсихология деген не? Сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді.

«Этнос» - халық, «психология» - жан туралы ғылым. Этнопсихология этнология мен психология деген ғылымдардың біреуінен пайда болған.

Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:

1. Антропологиялық психология;

2. Кросс-мәдени психология.

Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты қарастырады.

Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.

Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері.

XIX ғасырда этнопсихологияның идеялары «халықтар психологиясы» соңына таман дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вундт болды.

 

 

 

 

 

 

                                   ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

 

1.      Бромлей Ю.В. Этнос и этнография. Л.,1973г.

2.      Джунусов М.С. Общественный прогресс и национальные отношения. – Алма-Ата, 1976. - 283 с.

3.      Крысько В.Г. Введение в этнопсихологию. М., 1999.

4.      Лебедева Н.М. Этнопсихология. М., 1998.

5.      Мид М. Культура и мир детства: Избранные произведения. М.: Наука, 1988.

6.      Саракуев Э.А., Крысько В.Г. Введение с этнопсихологию. М., 1996. - 382 с.

7.      Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999.

                         



Информация о работе Этнопсихология туралы жалпы түсінік