Көңіл-күй симфониясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:55, практическая работа

Описание

1. Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология саласынан мәлімет беру.
2. Оқушыларды өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.

Работа состоит из  1 файл

көңіл-күй тренинг.doc

— 45.00 Кб (Скачать документ)

                         Көңіл-күй симфониясы.

(Дайындаған : Талдықорған қаласы, №13 орта мектеп

педагог-психологы  Оспанова А.А.)

Мақсаты:

1. Тренингке  қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру  барысында талдау жасауда сүйенетін психология саласынан мәлімет беру.

2. Оқушыларды  өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Қажетті құралдар:

  1. Магнитофон.
  2. Тренинг ережесі.
  3. Нақыл сөздер.
  4. Маркерлар.
  5. Плакаттар.
  6. Ақ парақтар.
  7. Подиум.
  8. Сыйлық.

 

Түрі:  семинар – тренинг элементтерімен.

 

Әдісі: жаттығулар, суретті тест, топпен жұмыс, ойын, кепілдемелер, рефлексия, сыйлық сыйлау.

 

 Тренинг  барысы:

 

  Психологиялық  бағыт беру: (жайлы әуен ойнап тұрады)

 

-Сәлеметсіздер ме,балалар, қадірлі қонақтар! Қош келіпсіздер!

Әрбір адам-өмірге келген қонақ . Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен  сыйластықта болғанына не жетсін?!

   Олай болса, бүгінгі  тренингіміз «Көңіл-күй симфониясы» деп аталады. Көңіл-күйді көтере білу үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.

   Адамның қарым -қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты.Көңіл-күй - адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй - адамның айнасы. Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет алады, жандүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді.Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның

 

 

ішкі мәдениетіне,біліміне,тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Ендеше, қарым-қатынасқа түсу үшін орнымыздан тұрып, шеңбер жасайық . Қолдарымыздан ұстап атымыздың бас әрпін сын есіммен тіркестіріп айтамыз. Мысалы: көрікті Кәмшат, әдемі Әсел,т.с.

   Енді қысқаша ғана  көңіл-күй туралы не білеміз  соған тоқталып кетейік. Ол  үшін сендер мына сұрақтарға  жауап берулерің керек.

  1. Көңіл-күй дегеніміз не?
  2. Адам көңілді болғанда қандай күйде болады?
  3. Адам көңілсіз болғанда қандай күйде болады?
  4. Көңіл-күйдің денсаулыққа әсері бола ма, болса қандай?

     Балалардың  жауаптары тыңдалады.

 

 «Менің көңіл-күйім»  жаттығу.

Енді , барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл-күйімізді түсіріп көрейік. Адам мен табиғат ұқсас,егіз ұғымдар. Әрқайсымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді бірдей бұлттанады, бірдей шайдай ашылады, бірдей жауындатады, бірдей түнереді, т.т. Табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, қағаз бетіне көңіл-күйімізді түсірейік. (жайлы әуен ойнап тұрады).

 

Оқушылар суреттерін көрсетіп , көңілсіз суретті салынған оқушының көңілін көтеру қажет.

 

  Ойын-жаттығу  «Подиум» .

Қатысушыны «Подиумға» шығарып , қалғандыры оған жылы,жақсы  сөздер (комплимент) айтып көңілін көтереді.

 

«Жағымсыз жағдайдан құтылу» жаттығуы.

  Алдарындағы қағазға , сіздердің көңіл-күйлеріңді түсіретін, қаяу түсіретін жағдайды жазыңдар.Оны ешкім оқымайды, көрмейды, сондықтан ашық ,ұялмай ,қорықпай жазуға болады. Енді осы қағазды екіге бүктеп , оны ұсақ бөліктерге бөлеміз. Енді сіздің жағымсыз мәселеніз (проблемаңыз) қоқыс болып қалды. Оны қоқыс шелегіне тастаймыз. Сіздердің көңіліңізді түсіретін жағдайға енді ешқашан қайтып оралмайды, оны еске түсірмей , жоққа шығарамыз деп ойлаңдар.

 

 

  Топпен  жұмыс.

 Көңіл-күйіміз жақсы, жаман болғаны біздің өзіміздің қолымызда.Сондықтан  қазір үш топқа бөлініп (қонақтар да бір топ

болады) . Көңілді қалай қөтеруге болады? деген сұраққа қысқаша плакатқа жауап жазыныз.  Оны қорғайсыздар. Содан бір нәтиже жадынама шығарамыз.

1

2


3


4


5


 

Ситуация.

-Қуанып тұрған  адамның бет-әлпетін көрсетейік.

Көңілді адамның  жүзі жылы, әдемі, сүйкімді,тартымды,сондай адаммен дос болуды бәрі қалайды, қарым –қатанас құру жеңіл,оңай. Бір-біріміздің көзімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік.

Адамның ары  таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол еш уақытта жамандық ойламайды .

  

Ұлағатты  сөздер.

  Тақтадағы  ұлағатты сөздерге көңіл аударайық  . «Көңіл-күй – ол күн. Күн – адамның жан дүниесін жылтады. Барлық жақсылық табиғатқа- күннен, ал өмірдегі жақсылық –адамнан.» Осы сөздерді жазып, жаттап алайық.

 

   Рефлексия.

  1. Аты-жөні.
  2. Тренинг барысында мен нені ұқтым.
  3. Мен үшін қажетті болғаны
  4. Маған ұнады
  5. Маған ұнаған жоқ

 

 

 

 Сыйлық сыйлау.

 Енді міне, кездесуіміздің соңында мен сіздерге өз атымнан жүрегімнен шыққан жылы сөздеріді сыйлаймын (жанданған жүректегі жылы сөздерді таратып беру).Осы жылылықты әр кезде өздеріңізбен бірге алып жүріп, айналаңыздағы адамдарға айтып жүрініздер.

 

 

Қорытынды.

 

Сабаққа қатысқан қонақтар тренинг  барысында өздерінің алған әсерлері туралы жазып айтады.

 

- Бүгінгі сабақтан жақсы  әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға тілектеспін. Тренингімізге қатысып , ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Көңіл-күй симфониясы