Көмекбаева Л.К. "Мұғалімдердің этникалық өзіндік санасының психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 00:07, доклад

Описание

Мектептегі тұлғалық факторлар өзіне басшының, мұғалімдердің, оқушылардың психологиялық, әлеуметтік психологиялық, этнопсихологиялық ерекшеліктерін біріктіреді. Жалпы тұлғаның қалыптасуы әр түрлі факторлардың, әсіресе, соның ішінде ұлттық психологиялық фактордың ықпалынан туады.

Содержание

1. Диссертациялық жұмыстың зерттеу мақсаты.
2. Диссертациялық жұмыстың зерттеу жорамалы.
3. Этнопсихологиядағы этникалық өзіндік сана.
4. Мұғалімдердің этникалық өзіндік санасын зерттеу.
4.1. Этникалық өзіндік сананың құрамдас бөлігі ретіндегі этникалық бірдейлікті, тиістілікті және этнотоптауырындарды зерттеу.
4.2. Мұғалімдерге арналған этнопсихологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру.
4.2.1. Ұйымдастырылған арнайы курс үлгісі ретінде мұғалімдерге этнопсихологиялық ағарту жұмысы.
4.2.2. Мәдениаралық өзара әрекет тренингі.
5. Л.К. Көмекбаеваның зерттеу барысында қолданған әдістер мен әдістемелердің сипаттамасы.
6. Қорытынды.
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

комекбаева.doc

— 49.50 Кб (Скачать документ)


әл - фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

 

философия және саясаттану факультеті

Жалпы және этникалық психология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Реферат:

 

 

 

 

ОРЫНДАҒАН: Қонысбаева Д.М.

ТЕКСЕРГЕН: Тоқсанбаева Н.Қ. 

психология ғылымдарының докторы, профессор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ - 2011 ж.

 

Жоспар:

1. Диссертациялық жұмыстың зерттеу мақсаты.

2. Диссертациялық жұмыстың зерттеу жорамалы.

3. Этнопсихологиядағы этникалық өзіндік сана.

4. Мұғалімдердің этникалық өзіндік санасын зерттеу.

4.1. Этникалық өзіндік сананың құрамдас бөлігі ретіндегі этникалық бірдейлікті, тиістілікті және этнотоптауырындарды зерттеу.

4.2. Мұғалімдерге арналған этнопсихологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру.

4.2.1. Ұйымдастырылған арнайы курс үлгісі ретінде мұғалімдерге этнопсихологиялық ағарту жұмысы.

4.2.2. Мәдениаралық өзара әрекет тренингі.

5. Л.К. Көмекбаеваның зерттеу барысында қолданған әдістер мен әдістемелердің сипаттамасы.

6. Қорытынды.

7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

Диссертациялық жұмыстың зерттеу мақсаты – қазақ, орыс және ұйғыр қауымындағы мұғалімдердің этникалық өзіндік сана ерекшеліктерінің теориялық дәлелдемесіне тоқталу және эмперикалық зерттеу жүргізу.

 

Диссертациялық жұмыстың зерттеу жорамалы:

1)          Моно-полиэтникалық ортада қызмет ететін мұғалімдердің этникалық өзіндік санадағы этникалық бірдейлік пен таптауырындардың ерекшеліктері бар.

- этникалық топтардың өкілдері үшін өз этникалық тиістілігін жете түйсіну әр түрлі белгілердің негізінде жүреді; тіл – этникалық бірдейлікті қалыптастырудың маңызды факторларының бірі.

2)          Полиэтноортадағы этноаффилиациялық тенденциялардың айқындығына қарағанда, моноэтноортадағы этноаффилиациялық тенденциялардың айқындығы төмен.

3)          Жеткіншектердің этникалық өзіндік санасына байланысты, этнопсихологиялық ағарту жұмысы мұғалімдердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін жете түйсінуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Мектептегі тұлғалық факторлар өзіне басшының, мұғалімдердің, оқушылардың психологиялық, әлеуметтік психологиялық, этнопсихологиялық ерекшеліктерін біріктіреді. Жалпы тұлғаның қалыптасуы әр түрлі факторлардың, әсіресе, соның ішінде ұлттық психологиялық фактордың ықпалынан туады.

Мектеп – ұлттық бітіммен, ана тілмен байланысты орта. Сонымен бірге, ұлттық мәдени қажеттілікті қанағаттандыратын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бүгінгі мектептің тәлім-тәрбиелік әсері үш бастаманың – ұлттық, интернационалдық, жалпы дүниежүзілік (планеталық) – үйлесу негізінде болу керек. Әрине, бала өзінің туған мәдениетіне, туған еліне тиістілігін сезіну керек, өзін туған елінің азаматы, дүниежүзілік цивилизацияның субъектісі екенін саналы тұрғыда ұғынуға алып келеді.

Міне, осыдан жалпы адамзаттың құндылығы қалыптасады, ал, ұлттық мектепте өзара қатынастың әрекетін басқаруға халықтың мәдениетінің ерекшелігін ескеруі жетістікке жеткізеді деп ойлаймыз. Ұлттық тәрбие үрдісінің бір бөлігінде – оқу, оқудан тыс, демалыс кезеңдерінде ортаның ұлттық психологиялық ерекшеліктерін ескеруді ұйымдастыру қажет.

Мектеп басшылығына тәрбие жұмысты айрықша құруға тәрбие жұмысындағы этникалық-психологиялық ерекшеліктерді ескеру ұйғарылады. Аталмыш ерекшеліктер тәрбиелік әсерлердің түрлері мен тәсілдерінің және олардың байланысының айрықша екенін анықтайды. Әр жастағы балалар мұғалімнің мінез-құлық стилін өзінше қабылдайды, олар мұғалімдердің моральдық-адамгершілік қасиеттеріне, кәсіби дағдыларына, педагогикалық шеберлігіне әр түрлі талап қояды.

Ең бастысы, бір ұлттың өкіліне қате түсініктегі қатынас жіберілмей, керісінше басқалардан артықшылығын көрсету керек. Оқушылардың арасында мұндай жағдайларға ерекше мән беретін адам бұл – мектеп мұғалімі. Мұғалім әрқашанда өзінің ұлттық тиістілігіне қарамастан, оқушымен қатынаста әділ болуы міндетті. Тәрбие жұмысы бір кезеңге күш салған ынта емес, ол нақты жағдайға байланысты белгілі мақсатқа жету үшін, жоспарланған тұрғыда, әр түрлі жұмыстарды сапала жүргізуі, кез келген мұғалімнің бір міндеті.

Ұжымды ұйымдастыруда мұғалімнің атқаратын іс-әрекеті, рөлі аз емес. Балалар ұжымы тәрбиенің маңызда да, күшті аспабы болып табылады. Осы орта мұғалім үшін іс-әрекет мақсатының бірі, олардың қамқорлық объектісі және балалар ұжымының реттік тұлғалық дамуға бағытталған тәрбие үдерісінің ұйымдастыруы мен жетілдіруі. Балалар ұжымы оқушылардың бойында басқа ұлттағы адамдарға достық қатынасын қалыптастыруда басты және шешуші фактор болып табылады.

Ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениетін тәрбиелеу – ол әр түрлі ұлттағы оқушылардың арасындаға өте икемді және жанжақты қарым-қатынасты ұйымдастыру мақсатында, әрі бала тұлғасының қызығуында оны өзгерте отырып, белгілі ұлттың бала тұлғасына әсер ету. Осының салдарынан, мұғалімнің іс-әрекетінде этностардың арасында өзара қатынасының этникалық жеке психологиялық ерекшеліктердің барлық көріністерін байқап отыру өте қажет.

Міне, осыған орай көпұлтты балалар ұжымында жұмыс жасайтын мұғалімдерге икемді және де оқушылардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға қолайлы орта құру керек. Осыған байланысты, ең алдымен көпұлттық ортаның ерекшеліктері мен спецификасын зерттеу керек, әр түрлі ұлт өкілдеріндегі балаларды этникалық-психологиялық және жеке психологиялық зерттеу маңызды болып отыр. Жоғарыдағы айтылған пікірді ескере отырып мұғалімге алдын ала мектептің орналасқан мекен-жайымен, аймағымен, жергілікті тұрғындардың ұлттық құрамымен, әдет-ғұрпымен танысуы өте маңызды. Бұл, әрине, адамның қызығуы, ынтасы және ұмтылысы, олардың бір-бірінен не күтетіні, мінезі мен қабілеті, жинақталған білімі, бір нәрсені білуі, дағды жіне әдет қоры. Тағы да бұл- педагогикалық ұжымның психологиялық қасиеті мен жағдайлары, оның көңіл күйі, шығармашылық адамгершілік ықшам ортасы, біріккенділігі, еңбек және басқару белсенділігі, психологиялық сыйысуы, беделдігі. Осы айтылғандар - әрі ұлттық өзіндік сана мен ұлттық мінездің, салт-дәстүр мен мәдениеттің көрінісі.

              Л.К. Көмекбаеваның зерттеу барысында қолданған әдістер мен әдістемелердің сипаттамасы:

1.           Г.Триандистің «Этникалық аффилиация» атты әдістемені өңдеді.

2.           С.В. Рыжова мен Г.У. Солдатованың «Этникалық бірдейлік түрлері»

3.           «Қатынастардың диагностикалық тесті» (ҚДТ)

4.           «Мәдени-құндылық дифференциал» атты әдістемелік өңдеуі. (МҚД)

5.           «Проектілік сурет»

6.           «Этнодифференцияланған белгілерді анықтауға арналған сұрақнама».

7.           «Топтық жұмыстың өзіндік бағасы» атты сұрақнама

Қорытынды. Өзіндік этникалық сананың дамуы – жеке адамның ерекшлігі. Өзінің ментальдық құрылымын жете түсіну, әрі өз елінің тарихы мен мәдениетін сыйлау ғана емес, сондай-ақ басқа халықтардың да мәдениеті мен тарихын қадірлеу. Өз ұлтының рухын түсінбей, басқалардың рухани байлығын ұғу мүмкін емес. Көптеген халықтардың тәжірибесінен мынаны көруге болады: ұлттық түбірді жоғалту – адамдар қорғанышсыз және әлсіз болып қана қоймайды, сонымен бірге өзінің бойындағы мүмкіндікті толық ашып, қолдана алмауын да білдіреді. Сондай-ақ, ұлттық мінездің деформациялануына (формасының бұзылуына) алып келеді.

Қазақстанда қазіргі кезеңдегі күрделі полиэтникалық құрылымы ұлт мәселесіндегі көптеген сұрақтарға іргелі зерттеулер жүргізу қажеттігін алға тартады. Өйткені, әрбір адам, жеке тұлға – қалайда бір этникалық қауымдастықтың мүшесі болып табылады.

Көпұлттық мемлекеттегі күнделікті қарым-қатынас үрдісінде этнопсихологиялық факторды ескеріп, құру қажет. Бөтен халықтар мәдениеттерінің этнопсихологиялық тұрғысымен танысуы – олардың өзінің сол халыққа тиістілігін жете түйсінуі жақсы түсінуге алып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

     Л.К. Көмекбаеваның психология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алуға ұсынған "Мұғалімдердің этникалық өзіндік санасының психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі" атты диссертациялық жұмысы.

 



Информация о работе Көмекбаева Л.К. "Мұғалімдердің этникалық өзіндік санасының психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі"