Лекция по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 14:49, лекция

Описание

Жас кезінде бұзақы болған Б.Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып жүремін».

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 87.41 Кб (Скачать документ)

Адам көп нәрселерсіз

өмір сүре алады,

адам тек адамсыз өмір

сүре алмайды.

Л.Берне.  

      

 Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты болады.      

 Жас кезінде бұзақы  болған Б.Франклин уақыт оза  келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып жүремін».      

 Адамдар арасындағы  қарым-қатынас, шын мәнісінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды. Қалай дегенмен де қарым-қатынастың жетістікке жеткізер жолдары бар.

1.                     Оқып үйрену

2.                     Тәжірибе алмасу

3.                     Әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қолдану

4.                     Әр үйренген нәрсені қай жерде, қалай пайдалану

5.                     Ерік-жігерді талап ету

6.                     Үлгі алу

7.                     Көңілге ықыласпен тоқу.  

    

 Өмірімізде біз, әртүрлі адамдар тобымен бірге еңбек етуімізге, өзара бірлесіп әрекет жасауымызға, тіршілік етуімізге тура келеді. Қарым-қатынасымыздың өзіне тән ерекшілігі, белгілі бір сипаты, астары бар. Сіздер қалай ойлайсыздар, неліктен біздер бір ортада қысылып-қымтырылып, ұяңдық танытсақ, екінші бір ортада-өз ойымызды еркін айтып, көңіл күйімізге еркіндік береміз, өзімізді бос, сенімді ұстаймыз? Неге біздер бір ортадан қашқалақтап, тез кетіп қалуға тырысамыз да, басқа бір ортада асықпай, ұзағырақ болғымыз келіп тұрады?      

 Ортақ мақсатта еңбек  ететін ұжым ішінде белгілі  бір мүдденің жүзеге асыру үшін адамдар бір-біріне қарым-қатынас жасайды. Ұжымдағы, көбінісе әкімшілік пен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас сипаты үйлесімділікте, татулықта бола бермейді. Өзара түсініспеушілік күнделікті жұмыс барысында кездеседі, соның салдарынан өзара сенімсіздік, алауыздық пайда болады.     

 Мектеп психологының  мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері  арасындағы полисубъектілік қарым-қатынас болу үшін әр түрлі тренинг, жаттығу, ойындар, әңгімелер өткізуге болады. Мысалы: тренинг «Әкімшілік пен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынаста жетістікке жету жолдары», «Әркімдікі өзінше дұрыс», «Не қаласаң сол болады», «Бір ұжымдағы адамдар».        

 Адамтану саласының  мамандары, әлеуметтік өзара қарым-қатынаста мынадай қағидаларды ескеруді жөн санайды:

1.        әңгімелесіп тұлғар адамның көңіл-күйін, жалпы жағдайын және өзіңнің көңіл-күйіңді, жағдайыңды/қазіргі, осы жердегі/ ескерту. Осы бір сәттегі әріптесіңнің өзін қалыпты сезінуі, қалауы, денсаулығы және уақыты туралы ойланыңыз.

2.        Әріптесіңді тұлға ретінде қабылдау, сынап-мінемей сыйлау, бірлесіп әрекет жасағанға дейінгі аралықта оған сенім көрсету.

3.        Әріптесіңді өз пікірі мен шешімін айтуға толық құқы бар, өзіңмен тең дәрежедегі адам деп қабылдау.

4.        Әңгіме арқауы қарапайым шындық пен сыңаржақ пікірге ғана негізделмей, анық мәселе мен шешімін таппаған мәселелердің қамтылғаны жөн. Әңгіме қызықты болу үшін мәселе қоя білу абзал.

5.        Сұхбаттасқан кезде өз сезімдердің мен қалауыңды білдіріп, ойыңды бүркемелемей ашық айту, өз көзқарасыңды жеткізе білу қажет.  

     

 Мектеп психологының  мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері  арасындағы полисубъектілік қарым-қатынас болу үшін Ортағаш орта мектебінде осындай жоспар құрдым.  

 

Р/с

Тақырыбы 

Мерзімі

Жауапты

1

«Әкімшілік пен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынаста жетістікке жету жолдары»,  

 

тамыз

психолог

2

«Әркімдікі өзінше дұрыс»,

Қыркүйек

Психолог

3

«Не қаласаң сол болады»,

Қазан

Психолог

4

«Бір ұжымдағы адамдар».

Қараша

Психолог

5

«Үйлесімділік пен жанжал»

Желтоқсан

Психолог

6

«Сабырлылық»

Қаңтар

Психолог

7

«Ұжымдылық, достық, әріптестік»

Ақпан

Психолог

8

Пікірталас «Этика және әдеп»

Наурыз

Психолог

9

«Мен және ұжым»

Сәуір

Психолог

10

«Мен өзгелердің көзімен»

Мамыр

Психолог 


 

       

 Әрбір мектеп ұжымының өзіндік бір проблемалары мен қиындықтары бар екендігі бәрімізге мәлім. Сондықтан жұмыс барысында мұғалімдер тек қана бір-бірімен еңбек етіп қоймай өзара сұхбаттасуға, әр түрлі іс-әрекет жасауға, тиімді сұхбат дағдысын меңгеруі керек. Сонымен қатар әр түрлі пікірталастарға, топтық жұмыстарға, шығармашылық жұмыстарға ерекше көңіл бөліп тұрса.      

 Әкімшілік пен мұғалімдер  арасында полисубъектілік қарым-қатынас жақсарту үшін, әртүрлі қиындық пен тығырықтардан шығу жолдарын қарастыра келе, өзіңді эмоцияналдық тұрғыда қорғаудың 8 ережесін сақтаған жөн. Олар:     

 Қортып айтқанда мектеп  әкімшілігі мен мұғалімдер арасындағы  тұрақты қарым-қатынас орнауы ол әр педагогтың дара ерекшеліктеріне байланысты.     

 Алдағы уақытта оқу  бағдарламасына психолог-әкімшілік-мұғалімдер-оқушылар-ата-аналар арасындағы полисубъектілік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған іс-шараларды жиі қарастырып, осы мақсатта оқу бағдарламасына сабақтар енгізілсе деп ойлаймын.      

 Қай мемлекеттің де  негізгі тірегі-білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.        

 Дарынды балаларға  білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне  сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.         

 Жас өркеннің бойындағы  табиғат берер ерекше қабілетті,  дарындылықты тани білу, оның  ары қарай дамуына бағыт-бағдар  бере білу ерекше қиын іс. Алайда  әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы.

Баланы заманына қарай  икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі  күннің басты талабы.         

 Дарынды оқушылармен  жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. «Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не?», «Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр:қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?», «Оқушы дарындылығын, оның әлеуетті қабілетін қалай анықтауға болады?», «Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек, қайсысы тиімдірек?», «Неліктен кейбір адамдардың/Паскаль, Моцарт, Гаус, Гете, Архимед, т.с.с./ қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі /Ньютон, Гегель Дарвин,  Менделеев, Декарт, т.с.с./ ересек жаста пайда болады?». Осы сұрақтарға талмай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасай алмақ.        

 Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.        

 Көбіне «Дарынды оқушы- бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінің анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне, түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзғарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін иайқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін есте ұстағандары жөн.      

 Дарынды оқушымен жұмыстың  негізгі мақсаты-олардың шығармашылық  жұмыста өзінің қабілетін іске  асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын  тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.       

 Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Көркемдік қабілеттің барлық адамға тән екені белгілі. «Әрбір бала-болашақ данышпан» деген қағидаға ой жіберсек, ұстаз атаулының жас шәкірттерді дарынды, дарынсыз деп жіктеуінің үлкен қателік екенін сеземіз. Психологтер соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. Оның бірін «туа біткен» данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған екен.       

 Мектеп қабырғасында  кемеңгерлер жақсы да, жаман да  оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты-табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттармен ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет-оқушылардың шығармашылық қабылетін дамыту үшін жан аямай еңбек ету.       

 Шығармашылықтың түрлері  көп. Солардың ішіндегі ерекшесі-сөз өнері саласы. Олай болса, оқушыларға сөз өнерін меңгерту ұстаздардың алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі болуы тиіс.        

 Оқушыларды сөз өнеріне  баулу, үйрету ісі қай жастан басталмақ? Баланың шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі қай кезде көбірек байқалмақ?        

 Психологтердің зерттеуі  әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болмай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет.       

 Мектеп оқушыларын  жас ерекшеліктеріне қарай үш  топқа бөлеміз:жас буын/6-9 жас/, орта буын/10-13 жас/, жоғары буын/14-16 жас/. Мен осы үш топтан жас буынды алып, еңбек етіп келем.              Бұл буындағы оқушылар:

-мазмұндама мінездеме  жазудан гөрі әңгіме, өлең, ертегі жазуға биім болады.

- бұл жастағылар ақыл-ой  қабілеттілігін тек өзің қызықтырған  іске бағыттайды,  ал қызықтырмаған істе қалыпты білік-дағдыларымен шектеледі. Атап айтсақ Ортағаш орта мектебінде шығармашылықпен айналысатын оқушылар баршылық. Олар:Ахметова А, Рымбек А, Жүсіпбекова Ж, Оспанова Б, Жақсылық А.      

 Оқушыларды шығармашылыққа  баулу үшін тағы бір қажеттілік-баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктеріп отырады. Ұстаздың берер психологиялық әсері мыныдай болмақ:

-  « Сенің қолынан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», « Жаз», «Үйрен» деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;

-  оқушының кішкентай жетістігі болсада, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;

-  шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көз қарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту.  

 Шығармашылық оқушыға  шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі  тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Шығарма жаза білген оқушының сұлулық пен әсемдік туралы түсінігі мол болады. Шығармашылық-оқушы үшін сұлулық пен әсемдіктің мектебі.      

 Оқушылардың шығармашылық  қабілетін дамыту өте маңызды,  қиын және көп салалы мәселе. Солардың бірі логикалық тапсырмалар. Логикалық тапсырмалардың дарынды балалармен жұмыс атқару барысында алар орны ерекше. Логикалық тапсырмалар ойлаудың дамуына, ерік пен қойылған мақсатқа жетудегі табандылыққа себі тиетін, өзіндік ой қорытуға қажетті бірден-бір әдіс. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында қолданылады.      

 Логикалық шығармашылық  тапсырмалар біріншіден, оқушы талабын шыңдап, білім дәрежесін көтеру болса, екіншіден, психологиялық жағынан қалыптасып, есте сақтау қабілетінің артуына әсер етеді.     

 Мен өз тәжіриебиемде дарынды балаларды анықтау кезеңінде логикалық тапсырмаларды қолданамын/тест, логикалық сұрақтар, сауалнама, анаграмма/.    

 Көркем шығарманы оқуда,  шығармашылықпен айналысу жұмыс  барысында дарынды балаларды  анықтау үшін бастауыш сыныптан  бастап оқушыларға арнайы жеке  тапсырмалар беріп, пәнге деген психологиялық қызығуын арттыру керек. Ол үшін дарынды оқушыларға қойылатын арнайы талап деңгейінде жұмыстар жүргізілуі тиіс. Атап айтқанда, олар мына талаптар.   

2-4 сыныпта:

-  жазуының әдемі, сауатты болуы;

-  оқығанын, көргенін жүйелі түрде баяндауы;

-  15-20 өлеңді жатқа білуі;

-  табиғат көріністеріне, жыл мезгілдеріне шағын әңгіме жаза білуі.

5-8 сыныпта

-  тереңдетіп оқытытын бағдарлама негізінде оқыту;

-  қосымша оқулықтармен жұмыс істей білуі;

-  шығармашылық жаттығулар жазуы;

-  сөйлемді талдауы түрлерін меңгеруі;

-  еркін тақырыпта шығармалар жазуы.

9-10 сыныпта

-  берілген тақырыпқа сюжетті әңгіме құрай білуі;

-  баяндамалар жазып, рефераттар қорғауы;

-  бағдарламаның тақырыптарға шығарма жазуы;

-  жазушы шығармаларына талдау жасай алуы;

-  тақырыптық кештерде өзіндік көзқарасын білдіріп, ұсыныс-пікірлер айтуы.

Соңғы кезде дарынды балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөліне бастады. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкелетіндігі анық.

Бәрімізге белгілі, бір сыныпта қабілеті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әртүрлі оқушылар отырады. Мүмкіндігінше бір сыныпқа оқушылардың жеке қабілеттеріне, бейімділігі мен ой-орістерінің даму дәрежесіне көңіл бөліп топтаған дұрыс деп есептемеймін.      

 Өкінішке орай дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындағы осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты әрі мақсатты қарастырмаған. Мектепте мұғалімдер мен психологтердің дарынды оқушылармен жұмыс істеу тәжіриеберлері жеткіліксіз.  Дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми - әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжириебиесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер даярлануда.     

 Жалпы қабілеттілікті  дамыту үшін көп жағдайлар керек. Мен олардың бастыларына мыналарды жатқызамын:

-туа біткен қасиетін  дамыту.

- отбасының жағдайы, ата-анасының  қолдауы.

- оқушы мен ұстаз арасындағы  қарым-қатынас.

- ұстаз біліктілігі.

-  мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі

Міне , осы айтылғандар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарынды, талантты оқушылар жетіле түседі, күш-қуатын толық жұмсап,  тыныфмсыз еңбек етеді.  

Қорыта келгенде, қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, оларды өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қатысты жақсарты                  

 ата-ана       мектеп         ұстаз

байланысын жоғары ұстап,  шығармашылықпен жұмыс істеп, оқушының білімге ынтасын арттыру қажет. Ең бастысы, табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік дегім келеді.  

  

 

Дата создания: 29.01.2011 
Дата редактирования: 29.01.2011

 
     


 

Copyright © 2007-2013 UNIPRADE 
Все права защищены

Обратная  связь • Контакты • Пользовательское соглашение


 

 

 

Автор: Кукек Сандигул,Есбосынова А.К

Қарым-қатынас жасай білу -үлкен өнер

Тақырыбы: Қарым-қатынынас жасай білу-үлкен өнер.

Мақсаты: Жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеп, оқушылардың айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға үйрету; сабақ барысында психология саласынан мәлімет беру; өзін-өзі  тануға, мінез-құлқының жақсы жақтарын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Қажетті құралд ар: суреттер,  нақыл сөздер, ақ парақ, доп, карандаш.

Нақыл сөздер:        Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:                                   

 Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек                                                                                       

 Абай Құнанбаев                          

 Мінез-құлық - әркім өзінің кейпін көрсететін айна.  

И.Гете

Адамның мінез-құлқы айналасындағылардың пікірлерімен шарттасып жатады. Осы арқылы адам өзін-өзі бағалай білуге үйренетін болады.

А.В.Петровский

Әдіс-тәсілдер:  сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Барысы:

Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу. Допты бір-біріне лақтырып, бүгінгі көңіл-күйлерін айтады. Мысалы: Сандигул бүгін сізді көргеніме қуаныштымын. Менің көңіл – күйім өте жақсы. Әрбір адам өмірге келген қонақ, өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін  «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса бүгінгі сынып сағатымызда «қарым-қатынас жасай білу-үлкен өнер» деген тақырыпты ашып көрелік.   

 Психолог: "Ағашыңыз қандай болса, мінезіңіз сондай"  Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй - адамның адамның ішкі дүниесінің құрбысы, көңіл-күй  - адамның айнасы. Өз мінезіңізді білудің қарапайым  бір жолы- таза параққа ағаш суретін салу. Оны қалай саласыз өз еркіңіз. Мәселе сіз салған суреттің әдемілігінде емес, оның нені білдіретіндігінде. Сондықтан да салған суретіңізден қысылмай-ақ қойыңыз. Сонымен өзіңіз салған суретіңізді мына суретпен салыстырып көріңіз, қайсысына ұқсайды.

Сынып жет: Кейде отбасында,жүрген ортамызда, көпшілік орындарда түсініспеушілік, кикілжің, ерегіс жағдайлармен бетпе-бет кездесіп қаламыз. Кикілжіңнің неден шығатынын, кикілжіңді болдырмау, одан шығу жолдары бар ма, сол тұрғыда жұмысымызды жалғастырайық.. Ситуациялық сұрақ қою арқылы балалардың жауабын тыңдау.

·        Достар арасындағы кикілжің, оның шешілу жолын көрсетіңіз.

·        Ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік және одан шығудың тиімді жолдарын көрсетіңіз.

·        Мұғалім мен бала арасындағы келіспеушілік.

·        Кімдермен жиі кикілжіңге келеміз?

·        Кикілжіңнің шығу себебі неде?

·        Өзіңіз қалай шешер едіңіз?

Адамдармен  қарым-қатынас жасағанда шын көңілмен ниет таныту керек. Қарым – қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты.

Психолог: (Д.Дефо) Робинзон Крузо туралы үзіндіден оқу.

Қысқша романнан және авторы туралы мәлімет беру.  

Ағылшын жазушысы, публицист  Даниэль Дефо (1660-1731) 1660 ж. Лондонда дүниеге  келеді. Оның ата-бабаларының фамилиясы  Фо болған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Дефо Диссентер колледжін бітірді. Ол кәсіпкер шарап сатушы болып, Франция, Италия, Испания және Португалия елдерінде болды.         

 Дефо өз заманының  саяси өмірі, экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, діни фанатизмді әшкереледі.         

 Дефоның тұңғыш романы  «Робинзон Крузо» оны дүние  жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды.

«Робинзон Крузо» романы          

1719 ж. Лондонның әдеби  өмірінде бір ғажап оқиға болды: дүкендерге Даниель Дефоның «Робинзонның өмірі және таңғажайып хикаялары» атты романы түсті. Кітаптың құны ер адамның костюмі немесе жылқының жарты бағасымен бірдей болса да, оны тез арада сатып алды. Сол кезден үш ғасыр өтсе де, Робинзонның тарихы әлі күнге дейін оқырмандарды қызықтырады. Ал Робинзонның таңғажайып тарихының реальдық деректі негізі бар екенін көп адамдар біле бермейді.         

 Даниэль Дефоның ең  жақсы романының жазылуына себеп  болған шотландық моряк Александр  Селькирктің өмірінде болған оқиға.         

 Жастайынан теңізді  сүюші Александр Селькирк қарақшылардың  кемелерінде матрос болып жүрген. 1704 ж. қазан айында Селькирк  капитанмен ұрысып, Мас-а-Тьерра  аралында қалады. Сол аралда Селькирк 4 жыл 4 ай тұруға мәжбүр болады. Дефоның кейіпкері аралда 28 жыл өмір сүрді. 

Оқушылар мәтінді оқиды іштерінен. Содан кейін сұрақтарға жауап береді.

·        Шығарманы тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?

·        Кейіпкердің сағынышының сыры неде?

·        Ол неліктен адамдар қауымына талпынды деп ойлайсыңдар?

·        Оған қалай көмектесесіңдер?

·        Оған қалай көмектесер едіңдер?

Сынып жет: Ойын. "Біздің ұқсастығымыз"

Шарты: Оқушылар музыка қосылған кезде кез-келген бағытта қозғалыста болады. Музыка өшкен кезде, бір сан айтылады. Оқушылар сол сан бойынша бір-бірімен құшақтасып тұрып қалу  керек. Мұғалім оларға сұрақ қояды. "Сендердің  ұқсастықтарың неде?"

Психолог: "Теректің асқақтығы" Өсиет әңгімесін айтып береді, ой түйіндейді.   

 Ортаға 7-адам шығып,  берілген сұрақтарға сай әр-түрлі көңіл-күйді белгілейді.    

 Ситуация:

·        Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні

·        Ренжіп тұрған адамның бет-әлпет кескіні

·        Қайғылы адамның бет-әлпеті

·        Таңданған кейіп көрсету.

·        Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті

·        Ашуланып тұрған адамның бет-әлпеті

·        Қуанып тұрған адамның бет-әлпеті

·        Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол еш уақытта жамандық ойламайды. Бұл ізгілікті қарым-қатынастың бірден-бір жолы.

Қорытындылау:

Психолог:  Ұлы Абай атамыздың сөзімен аяқтап, сыйластық өлеңің оқу.  "Адам өміріндегі  тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы"  

 

Сыйластық

Ш.Мұхамеджанов                     

 Жүрген соң бірге қатар күнде осылай,                     

 Мен сені көріп кеттім бір досымдай,                     

 Сыйладың сен де  мені,                     

 Мен де сені                     

 Келеді көңілдерге  кір қосылмай.  

                     

 Екеуміз бірге тойлап  ғұрпын жастық,                     

 Тамаша талай сырдың  құлпын аштық,                     

 Жүздерден әр тайғанша,                     

 Қартайғанша,                     

 Қадірін кетірмесін бұл сыйластық.  

  

Көңіл қойып оқығаныңыз үшін алғыс білдіремін!  

  

 

Үлестірмелі текшелері.  

 

Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні  

 

Ренжіп тұрған адамның бет-әлпет кескіні  

 

Қайғылы адамның бет-әлпеті  

 

Таңданған кейіп көрсету.  

 

Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті  

 

Ашуланып тұрған адамның бет-әлпеті  

 

Қуанып тұрған адамның бет-әлпеті  

 

Жайбарақат тұрған адамның бет -әлпет кескіні


 

 

 

 

Ағашыңыз қандай болса, мінезіңіз  де  сондай

1. Тез қозу энергия,  жан - жақтылық сіздің өміріңіздің бір белгісі. Сіз көңілсіз, арманшылсыз. Сіздің тез қозатындығыңыз, қатты энтузиазміңіз кейде өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Сондықтан да әрекет етпес бұрын ойланып алыңыз.

2. Өте сезімшіл адамсыз,  сіз әрдайым да жүрегіңіздің  әмірімен әрекет еткіңіз келеді. Өз мәселелеріңізді өзіңіз шешкіңіз келеді. Сондықтан да ылғи өз- өзіңізді бақытсыз сезініп, алаңдап жүресіз. Сондықтан таңдау мәселесінде ақылға жүгініңіз. 

3. Сіз өзіңіздің адамгершілігіңізге  қатты мән бересіз, атаққұмардасыз. Бірақ бұл жаман емес. Өйткені, сіздің үлкен мақсаттарыңыз негізделген. Және жетістіктерге жету үшін айналаңызға зардап жасағыңыз келмейді. 

4. Сіз салмақты, байсалды  адамсыз. Содан да шешім қабылдарда  әділ болғыңыз келеді. Алайда  өз ойыңызды сөзбен жеткізер  кезде өз идеяңызды қорқынышсыз  сезінгеніңіз дұрыс.  

5. Сізді айналаңыз өз- өзіне сезімді және сенгіш адам деп қабылдайды. Сіз басқалардан қолдау күтесіз. Бірақ, бұні білдірткіңіз келмейді. Сол үшін айналаңызға басқаларда шаруасы жоқ адам болып көрінуге тырысасыз. Жақын жолдастарыңызға сен біліңіз.

6. Сіз өмірді сүйесіз.  Сіздің іс- әрекетіңізді алдын- ала жоспарлау мүмкін емес. Ойыңызға не келсе соны айтасыз. Бұл мінездің өзіңізге ұқсамайтын жұмбақ, әсершіл адамдар арасында өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдыратынын ескеріңіз. Сондықтан да тәртіпке бағынып, өз сөзіңізге мән беріңіз.

7. Сіз толысқан тұлғасыз. Сіз жас болғаныңызбен өте  тәртіпті, жауапты,  өз- өзіне және айналасындағыларға сынмен қарайтын адамсыз. Сіздің жолдастарыңыз бен туысқандарыңыз сізге нұсқағысы келмейді. Бірақ, бұл сіздің өз- өзіңізге деген сенімділігіңізге сызат түсірмейді.

8. Сізге керектінің бәрі жаныңызда. Дипломат, сіз адамдарды қабылдай білесіз, оларға қолдау да көрсетесіз. Сіз үшін өмір дегеніңіз мәңгілік көктем. Қарапайым болғанды қалайсыз, және басқалардың сіздің өміріңізге араласқанын қаламайсыз. Өзіңіздің нәзік қалпыңызды сақтай біліңіз. Байсалды және сенімді әрекет етіңіз. Жоқ деп айтуға дағдыланыңыз.  

9. Сіз бейбітшілік және табанды адамсыз. Сіздің өз жолыңыз бар. Жан- жағыңызға сыр шашқанды ұнатпайсыз. Мақсатыңызға тіке тартасыз. Сіз туралы жаныңыздағылар эгоист, адамдарға билік жүргізуге, таптап өтуге құмар деп ойлайды. Сондықтан да шамалы болса да жұмсаруға тырысыңыз.

10. Қорғау- сіз үшін кілт сөзі. Сіз үшін ең бастысы бақытты ошақ. Өз махаббатыңызды білдіре алатын махаббат отаны. Сіздің нәзік сезіміңіздің қайтарымына өзіңізді қорғап жүргенді қалайсыз. Соншалықты тәуелді болмауға тырысыңыз. Өз қанатыңызбен ұшуды үйреніңіз.

Робинзон Крузо

(үзінді)

Менің аралға келіп тұра бастағаныма жиырма үш жыл толып, жиырма төртінші жылға аяқ баксты. Жалғыздықтан құтылу үшін, уақытты тез өткізу үшін өзіме аз да болса көңіл көтерерліктей жағдай да туғызып бақтым. Оқушының өзіне белгілі, бірінші  ермегім-тотыны сөйлету, тотым аузына келгенін анық сөйлейтін болды, тыңдауға өте қызық.. Ол менімен бірге жиырма алты жыл өмір сүрді. Мұнан кейін оның қанша өмір сүретінін білмеймін. Маған ұқсап, тотымен сөйлесуді тағдыр жұмыр басты пендеге бермесін. Егер мен сықылды бақытсыздыққа ұшыраған бейшара адам жақсы түсінеді. Өзіммен бірге келген төбетім аралда өзіммен бірге он алты жыл өмір сүрді: ақыры қартайып өлді. Ал енді мысықтарымның көбейіп өскенін орманға жіберіп, өзіме ұнаған екі-үшеуін алып қалып, үй ішімнің белгілі бір мүшесіндей көрдім. Бұдан басқа асыранды екі-үш ешкім болды, маған үйренгендігі сондай, шақырсам шөпті, жемді қолымнан жеуші еді.

Осында өткен уақыттың тұрмысыма  қандай ауыр әсер еткенін айтып жеткізе алатын емеспін. Тыныш ұйқы болмады, түн сайын түрлі жаман түстер көріп, жатқан жерімен ұшып түрегелетін болдым. Күндіз де тыныш тауып тұра алғаным жоқ.

Мамыр айының орта кезі, жаңылмасын он алтысы болу керек. Қатты дауыл тұрып, ертеден кешке дейін теңіз  шайқалып, толқын тулады да жатты, сол  күні –түнімен соқты. Мен ол уақытта өзімнің ауыр халімді ойлап, терең қиялға шомып, ауыр күрсініп отырған едім. Бір кезде  атылған зеңбіректің  дауысы естілді, дауысы теңіз жақтан шыққандай болды.  

Ойда жоқ жерде зеңбірек дауысы естілгесін не қыларымды білмей сасқалақтап қалдым. Мылтық дауысы естілгесімен-ақ басыма неше түрлі ой келді.  Бір минут кідіріп тұрғаным жоқ, басқышты қойдым да, көзді ашып-жұмғанша өрмелеп төбенің басына шықтым. Зеңбірек дауысы тағы атылды. Зеңбіректің дауысы баяғы біздің кеменің апатқа ұшыраған жақтан шығып жатыр, байқауымша сол маңнан қашық емес.

Әрине, бұл дыбыс- кеменің апатқа ұшырауының белгісі. Бір кеме қазаға ұшыраған, ол кемеге таяу бір кеме болу керек, сол кемені бұл жәрдемге шақырады, бәрін біліп отырмын. Зеңбірек даусын естіп, толқыған көңіл аласұрып, не қыларын білмеді, мүмкін олар мені құтқарар деген ой түсті. Осыны ойладым да уақыт өткізіп тұрмай, дереу қолыма түскен құрғақ ағаштарды үйіп, от жақтым. Егер кеме екені рас болса, отты көру керек. Сірә, көрген болу керек, оттың жалыны шаршып, аспанға шыққанда, зеңбірек үсті-үстіне атылды. Отты сөндіргем жоқ, таң ағарғанша жаға бердім. Таң әбден атып жарық болған кезде аралдың күн шығыс бетінде кеменің желкені екенін немесе арт жағы екенін білмеймін, қараңдап бір нәрсе көрінеді.

Қолыма мылтығымды алдым да, баяғы  өзімді алыс алып кететін жағындағы  биік жартасқа қарай жүгіре бердім. Жаңылмаппын әлгі көргенім кеме екен. Кемені көрген кездегі пайда болған сезімімді суреттеп жеткізуге тілім жетпейді. Кеме екенін анық айырған уақытта аузым күбірлеп, ерінім жыбырлап сөйлей бастадым: "Әй, ең болмаса екі-үш адам, тым болмаса біреуі тірі қалып, маған келіп, қасыма жолдас болар еді, тірі адаммен тілдесер едім". Пәлен жыл бойы жалғыз тұрғанымда, адам баласының қоғамына ынтық болдым емес пе, бірақ өзімнің жалғыздық хәлімнің ауырылған нақ сол күндегідей сезінгенім жоқ. Құмартқан нәрістенің құпия тетігі болады, ол тетік көзге түсетін немесе көзге түспейтін бір заттың күшімен қозғалады, сол құмартқан нәрсеңді көруге жанталасып ынтық болсаң, ал ол талабың жүзеге аспаса, күйіп-пісіп жарылып кете жаздайсың.    

 Ең болмаса кемеде бір адам аман қалса игі еді- деген менің тілегім нақ сондай болды. "Е, солай болса игі еді! ең болмаса біреуі тірі қалса игі еді", - деген сөздер аузымнан күбірлеп қайта-қайта шыға берді. Әбден ынты зар болып, зарыққаным ғой әлгі сөздерді айтқанда, денем дірілдеп, жұдырығымды түйіп, тісімді қайта-қайта қайрай бердім. Егер сол кезде менің алақанымда жұмсақтау зат болса, езіліп мылжа –мылжа болар еді, тістене тістене жағым қарысып қалған екен, артымнан аузымды ашудың өзі үлкен күшке түсті.   

 Ғылым иесі адамдар ондай  көрністің себебін өздері аша жатар, мен тек кемені көрген кездегі өз басымда болған хәлімді ғана айтып отырмын, мен көріністің шыққан жерін, ата тегін түсіндіріп отырғам жоқ, дегенмен адам баласымен кездессем, арманым болмас еді деген ынтызарлық тілектің салдарынан болғандығына дау жоқ қой деп ойлаймын...



Информация о работе Лекция по "Психологии"